ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖОСПАР
ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ
ЖОСПАР
1. Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында 2
2. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру 8
1. Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында
Жаңа экономикалық саясатты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру
өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды, 1927
жылғы қазанның 1-іне қарай Қазақ КСР-інде кооперация шаруа қожалықтарының
23,1%-ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның
312-сі ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түкпірлерінде 140
факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде
101 коммунада, 77 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ-
дарда) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті. Қызыл отаулар
сауатсыздықты жоюды, кедейлер арасында ағарту жұмысын жүргізу, оларды
кооперативтерге тартуды ұйымдастыру орталығына айналды.
Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны 1926 жылы
1913 жылғы 29,9 млн. деңгейінен асып түсті, ал 1929 жылы оның саны 40,5 млн-
ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп,
орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың
мәдениеті артты.
Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына
келген Ф. И. Голощекин ауылды кеңестендіру ұранымен ауылда тап күресін
шиеленістіру бағытын таңдап алды. Сол арқылы Қазақстанда жаңа революция
жүргізу үшін идеялық-саяси негіз жасалды. Наразы болған ұлттық жетекшілер
(Т. Рысқұлов және басқалар) БК(б)П Орталық Комитетінің қарамағына шақырып
алынды, ал басқалары (С. Сәдуақасов, С. Сейфуллин, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев)
ұлтшыл деп айыпталды. Бұрынғы ұлттық зиялылардың шағын тобы да қуғынға
ұшыратылды. Оларға құрметпен қарау Алашорданың кеңеске қарсы бағытын
мақұлдау, кеңестік ұлт саясатын бұрмалау.
Факторийлер — көшпелі халықтың ең қарапайым және оңай кооперативтік
бірлестіктері. Олар сауда-шаруашылық операцияларын жүргізді, мал
шаруашылығы өнімдерін дайындаумен айналысып, кедейлердін шаруашылықтарына
несие беріп отырды деп түсіндірілді. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу
науқаны ауылдағы жағдайды бұрынғысынан да ушықтыра түсті. 1926 жылдың
көктеміне қарай ауыл еңбекшілері бұрын байлардың иелігінде болып келген 1,3
млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жер алды.
Кең көлемдегі индустрияландыру бағдарламасы оның жоғары қарқынмен
жүргізілген жағдайында азық-түлік қорлары, ең алдымен астық дақылдары
проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы Сталин мен оның төңірегіндегілер
қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін
қалыптастыруға кірісті. Ал оның бер жағында колхоз құрылысын, мемлекеттік
шаруашылықтарды, совхоздарды құру мен қалыптастыру, азық-түлік проблемасын
шешу уақытты, ірі көлемде қаржы жұмсауды, сондай-ақ шаруалар бұқарасын
моральдық және психологиялық жағынан әзірлеуді қажет етті.
Бірақ Сталин бастаған коммунистер партиясы тағы да сынақтан еткен
әміршіл-әкімшіл күштеу әдісін қолданды.
Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын ұжымдастыру
бағытына көшіру басталды.
1928 жылғы қаңтар-ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты.
Омбы округтік комитетінде 1928 жылғы ақпанның 3-інде болған мәжіліске
Сібірдің бірқатар округтік комитеттерінің хатшыларымен бірге Қазақстанның
кейбір губком хатшылары қатысты. Онда астық дайындау барысында төтенше
шаралар қолдануға рұқсат етілді.
Ф. Голощекин қоныстар мен ауылдарға 4800 уәкіл жіберді. Астық дайындау
барысында 31 мыңдай шаруа жазаланды. 1928 жылғы қазанның 1-інен 1929 жылғы
желтоқсанның 1-не дейін 277 шаруа атылды. Жаңа экономикалық саясат
жылдарында орын алған азаматтық татулық ахуалы бұзылды. Шаруа қожалықтарына
ауылшаруашылық өнімінің артылып қалған бөлігіне өз қалауынша билік етуге
кепілді құқық берген жаңа экономикалық саясаттың негізгі приципінен бас
тартыла бастады.
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің
1928 жылғы тамыздың 27-сіндегі Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай
феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы декреті қысым жасауды
күшейтуге нысаналы нұсқау берді, онда бай шаруашылықтарын кәмпескелеуге,
иелері мен отбасы мүшелерін өздерінің мекендейтін аудандарынан жер аударуға
рұқсат берілді, өйткені олар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен
ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деп саналды.
Адай округін, бұрынғы Жетісу және Сырдария губернияларының мақтау
ететін аудандарын қоспағанда, кәмпескелеу республиканың барлық аудандарында
жүргізілді. Ең ірі 657 жартылай феодал бай жер аударылды. Олардан 145 мың
мал (ірі қараға шаққанда) алынып, ауылшаруашылық құралдары 877 колхозға,
24491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді.
Бірқатар жерлерде ауылдың дәулетті топтары кәмпескенің қысымын
бәсеңдете алды (малды орташаларға, кедейлерге бөліп берді, көршілес
республикаларға айдап әкетті, бір бөлігін базарға апарып сатып жіберді және
т. т.). Сонымен бірге жартылай феодал байларды кәмпескелеу заңды бұзу
арқылы жүзеге асырылды. Екінің бірінде орташалар байларға жатқызылды,
кәмпескелеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы
шаруашылықтары әдейі біріктірілді.
Әдетте, уәкілдер кедейлерді үрейлендіріп, қорқытып, сол арқылы олардың
байларды көрсетуіне күштеп мәжбүр етті. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің
байларды кәмпескелеу жөніндегі Орталық Комиссиясының өкілі 1. Құрамысов
Ақтөбе округінен былай деп жеделхат соққан: қазір Қосмағамбетов Құлжанды
кәмпескелеуден босатылатын болып шештік, оның орнына мүмкіндігінше бүгін
тікелей байланыс арқылы басқа біреуді береміз. Әлгі Қосмағамбетов деген
әдеттегі атқамінер орташа (едәуір белсенді және қырсық адам) болып
шықты...
Басқа бір жеделхатында ол былай деп хабарлаған: Бименалин К. (Шалқар
ауданы) ақпар бойынша онда 412 мал бар, бірақ тағы 192 малы бар екені
анықталды... Ол қамауға алынды. Мұның үстіне ол дағдылы хайуан екен. Ондай
содырды, ортағасырлық хайуан сияқты жанды уыстан шығарып жіберу біздің
тарапымыздан кешірімсіз қате болар еді, оны титықтату керек.
Партократтың сезімі, субъективтік көзқарасы осылайша үстем болып,
мыңдаған адамдардың тағдыры тәлкекке түсті Ф. Голощекиннің командасында
болған I.Құрамысов және басқа партократтар титықтатып құртудың мейірімсіз
бағытының нағыз шеберлері еді. Астық дайындау, егістік және шабыңдық
жерлерді қайта бөлу, жартылай феодал байлардың малын кәмпескелеу жөніндегі
науқанның барысында әміршіл-әкімшіл әрекеттер рухында іс-қимыл жасайтын,
тіпті конституциялық нормалар шеңберінен асып түсетін жалған белсенді
кадрлар қалыптасты.
Ірі қараға шаққанда көшпелі аудандарда 400-ден астам, отырықшы
аудандарда 150-ден астам малы бар байларды кәмпескелеу көзделген еді
80—100%-ке дейін анықтады. Колхоздар құру проценті орыс-украин халқы
басым жерлерде ғана емес, сонымен қатар қазақ халқы басым болған Тереңкөл
(Павлодар округі), Келес, Жуалы (Сырдария округі) сияқты жерде де жоғары
болды.
Директивада ұжымдастырылатын басқа аудандарда кулактарды тап ретінде
жою жөніндегі операция ұжымдастырудың өсу шамасына қарай, шамамен алғанда
80% қамтып жүргізілетін болады деп белгілеңді
Ұжымдастыру және отырықшыландыру қарқынын арттыруға осылайша нұсқау
берілді. Революциялық асығып-аптығу және тоталитарлық саяси келте ойлау
кеселіне шалдыққан революциялық утопизм тағы да үстем болып шықты.
Қатаң әкімшілдік жағдайында байлар мен болыстар шабармандарының,
әскери коммунизм кезеңі белсенділерінің тәсілдері мен әдістерін қару еткен
жалған белсенділердің мерсйі үстем болды. Іс мынаған дейін жетті:
қыстыгүні,1932 жылдың ақпанында, Шу ауданында аумағы 150 шақырым жерден
жүздеген шаруашылықтар жиналып, 400 киіз үй қала үлгісіндегі қоныс болып
тігілді. Жалған белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған үш жылдың орнына
үш күн ішінде аяқтап, мал өсіруші шаруашылықтарды сол жерде колхозға жаза
бастады. Сөйтіп Абыралы ауданында барлық шаруашылықтардың бірден 70%-і,
Жымпиты ауданында — 60, ал Жәнібек ауданында 95% -і ұжымдастырылды органдар
шамадан тыс асығып-аптығудан сақтандырған сияқты болды, алайда бұл жөнінен
орын алған көптеген оқиғалар көбінесе революциялық құштарлықтың
кемшіліктері немесе тәжірибесіздік деп қана есептелді және ең әрі кеткенде
тәртіптік жаза ғана қолданылды, ал бұған керісінше жағдайлар оңшыл
оппортунизм көріністері немесе тіпті зиянкестік ретінде жазаланды.
Колхоз майданынан келген күн сайын өзгеріп отырған хабарларды газеттер
жазып үлгірмей жатты. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2%-
і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3-інде 56,4%-і, ал 1931 жылдың
қазан айына қарай 65%-тейі ұжымдастырылды.
Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы
ауылшаруашылық өнімін дайындауға әскери коммунизм кезіндегі төтенше іс-
қимыл сипаты берілді. 1931 — 1932 жылдары Шұбартау ауданында барлық малдың
80%-і мемлекетке етке өткізілді, 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың
малға салғырт салынды. Мәселен, торғайлық асыра сілтеушілер: Асыра сілтеу
болмасын — аша тұяқ қалмасын! деп ұран тастап, онда млн-ға жететін малдың
не бары 98 мыңы қалды. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы
әуел бастан-ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру,
былайша айтқанда, тәрбиелеу мақсатымен тұрып жатқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz