Қазақ тілі мен жазба мәдениеті
Толықтыру керек
Жоспар
Кіріспе 1
2. Қазақ тілі мен жазба мәдениеті 5
3. Қазақтың ауыз әдебиеті, жыраулары, шешендік сөз өнері 9
5. Қазақ халқының ғылыми даналығы 18
6. Қазақ халқының материалдық мәдениеті 22
ҚОРЫТЫНДЫ 24
Кіріспе
Еуразияның шетсіз де шексіз ұлы даласын ертеден мекен етіп мал өсіріп,
жан бағып жүрген түркі тектес көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалық топқа
жіктеліп, қазақтың халық болып қалыптасуы нәтижесінде XV ғасырдың орта
шенінде қазақ хандығы құрылды. Мұның өзі теңдесі жоқ оқиға болды. Ол
шашырап жүрген қазақ тайпаларының ертеден аңсап армандаған бір орталыққа
бірігіп, егеменді ел болу тілегін іске асырды. Олардың этникалық жер
аумағын бүтіндеп, ежелгі қазақ жерінің алғашқы шекараларын белгілеуге
мүмкіндік туғызды.
Қазақ хандығының шаңырағын көтерген Ақ орданың акырғы ханы Барақтың
балалары Керей мен Жәнібек хан болды. Олар асқан ақылды, салихалы саясат
жүргізіп, хандықтың алғашқы туын тіккен Жетісу, Шу, Талас алқаптарындағы
қазақтардың басын қосып олардың ел болып еңсемізді көтерсек деген тілегін
іске асыруга белсене кірісті. Елдің ірі феодалдарын өз төңірегіне
топтастырып, олардың арасындағы алауыздықты басып, бірлікке, ынтымаққа
ұйытты. Толассыз жүріп жатқан қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық
қырқыстар үдеп, халқын күйзеліске ұшыратқан көрші елдердегі қазақтарды өз
қол астына тартты. Осындай жағдайда XV ғасырдың 50-70 жылдарында Дешті
Қыпшақ жерінен қазақ хандығына екі жүз мың үй көшіп келді. Мұның өзі
хандықтың атақ-абыройын аспандатып, қадір-қасиетін арттырды. Сонымен бірге
оның қол астындағы халықтың өріс-қонысын, жер, су жағдайын кеңіте түсуді
келелі мшдеттердің бірі ретінде алга тартты.
Бұл тұста көп елдерде ішкі кажеттіктің сыртқы олжамен толықтырылуы
айып саналмайтын. Қазақ хандары көршілес Моголстан, Дешті-қыпшақ
жерлеріндегі ел, жер, билік үшін жүргізіліп жаткан бітіспес күрестің
ұрымтал тұстарын шебер пайдаланып олардың есебінен хандықтың жер аумағын
барған сайын кеңіте түсті. Олар отырықшылығы - егіншілігі қалыптаскан, қол
өнері мен саудасы дамыған Сыр бойындағы қалаларды қол астына қаратуға
орасан зор күш-жігер жұмсады. Бұл қалалармен қарым-қатынас жасауға көшпелі
халықтар мүдделі болды. Өйткені, олар өнеркәсіптік тауарларды, күнделікті
тұрмысқа қажетті бұйымдарды қалалардан алатын. Көшпелілермен тығыз байланыс
жасауға қалалықтар да құштар еді. Олар қолөнер өнімдерін өткізіп жүн, тері,
сондай-ақ ет, сүт сияқты мал өнімдерін алу, сауда тауарларын өткізіп пайда
табу үшін көшпелі халықпен алыс, беріс, барыс, келісті үзбей олармен үнемі
қатынап жүргенді қалады. Сөйтіп, XVI ғасырдың бас кезінде Сыр бойындағы
көптеген қалалар қазақ хандығына қарады.
Бұл тұста хандықтың иелігі Әз Жәнібек ханның баласы Қасым ханның
қолында болатын. Қазақтың халық болып бүтінделуіне үлкен еңбек сіңірген
Қасым хан ежелгі қазақ жерінің негізгі аумақтарын өз қол астына қаратып,
қазақ елінің орасан зор жер аумағын қалыптастырды. Бұл кезде оның шекарасы
оңтүстікте Сырдария алқабын, Түркістан аймагындағы, Сырдың бойындағы ірі-
ірі қалаларды басып өтті. Шығыс пен оңтүстікте оған Жетісу өңіріндегі Шу,
Талас, Қаратал, Іле сияқты ағысты өзендер, айдынды алқаптар, Солтүстік және
Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі, Балқаш көлінен Қарқаралы тауының
сілемдеріне дейінгі жерлер қарады. Батыс және солтүстікте Жайық өзенінің
алқабы, ондағы Жайықтың Каспийге құятын жеріндегі, Сарайшық қаласы, Қасым
ханның қол астында болды. Осындай орасан зор жерді қоныс еткен жалпы саны
бір миллиондай халықты басқару Қасым секілді ақыл даналығы асқан,
тәжірибелі саясатшы, көреген басшының ғана қолынан келді. Ол тек қазақ
жеріне емес, әлем елдеріне аса ақылды мемлекет қайраткері ретінде танылды.
Қазақ халқының маңдайына біткен, көреген де көсем, даналығымен көзге
түскен хандары Керей мен Жәнібек олардың ел билеген дәстүрін мұра еткен
Қасым хан өздерінің шебер саясатшы екенін таяудағы, тіпті алыстагы елдермен
елшілік катынас, келіссөздерде анық көрсетті. Орта Азия хандарымен Еділ
бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығы, орыс мемлекетімен сауда-саттық,
достық-тату қарым-қатынас орнатып, әр тұста елдің ішкі-сырткы жағдайындағы
өзгерістерге байланысты үйлесімді, икемді, көреген саясат жүргізіп отырды.
Соның аркасында қазақ халқының хандығының атақ-даңқы Еуропа елдеріне
кеңінен тарап кетті. Австрия елшісі Зигмунд Герверштеин Мәскеу істері
жөніндегі жазбалар деген еңбегінде Қасым хандығы, оның қол астындағы қазақ
халқы туралы сүйсіне жазып, оларды жоғары бағалаған.
Қазақ хандығының орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ болып келсе, ол
кейін Түркістанға ауысып, ХVІ-ХVІІІ ғасырларда екі жүз жыл бойы елдің
астанасы Түркістан қаласы болды. Осындағы Ақ сарай хан сарайы қызметін
атқарып, елдің аса маңызды мәселелері сонда шешілді. 1523 жылы Қасым хан
қайтыс болғаннан кейін хан тағына Мамыш, Тайыр, Бұйдаш, Ахмет, Тогым сияқты
Қасымның туыстары бір-екі жылдан отырып шықты. Бірақ олар хандықтың саяси-
әлеуметтік өмірінде елеулі із қалдырған жоқ. 1532 жылы қазақ хандығының
тағына Ақназар отырды. 42 жыл бойы елге билік жүргізген ол түркі тектес ру-
тайпалардың басын қосып ноғай ордасын, қырғыз ағайындарды қол астына алды.
Орта Азиядағы елдермен достық қарым-қатынас орнатып, біртектес халықтардың
аралас-құралас, тату-тәтті өмір сүруіне қол жеткізді. Ақназардың тұсында
дәуірлеп, барған сайын күшейіп келе жатқан қазақ хандығын көре Тәшкенттің
әміршісі Баба сұлтан Ақназарды жансыздары арқылы у беріп өлтірді.
Ақназардан кейін екі жылдай хан болған Шығай баласы Тәуекелді саяси
істерге араластырып, ел билеуге үйретіп өз орнына отырғызды. Тарихта
татымды істерімен қазақ хандығын нығайтып, оның іргесін кеңіткен Тәуекел
хан жорықта жүріп жарақат алып содан қаза тапты да, хандықтың билігі оның
інісі Есімнің қолына көшті. Ол 30 жылдай тақта отырып қазақ халқының
тағдырындағы аса бір ауыр кезеңдерде лайықты ел басшысы бола білді. Оның
тұсында шығыста Қытай, батыста Ресейдің айдап салуымен Жоңғарлардың қазақ
хандығын жойып жібермекші болған жүз жылдық жорығы басталды. Осындай сын
сәттерде арнайы дайындық жасап, ауыр қолмен келіп тиіскен жоңғарлардың
жойқын шабуылына қазақ халқының қайраты мен қаһармандығын қарсы қоя білген
Есім хан болатын. 1645 жылы ол қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәңгір
отырды. Салқам Жәңгір атанып, елге ерлігімен кеңінен танылған адам еді
ол. 1644 жылғы көктемде қалмақтың 50 мың қолы қазақ жеріне баса көктеп,
кеулей еніп келе жатқанын естіген ол тез жиналып 600 жанкешті сарбаздарымен
жауды Жоңғар тауының бір шатқалында тосады. Бейқам келе жатқан әскерге
тұтқиылдан тиіскен қазақ сарбаздары ұрыстың алғашқы бірнеше сағаты ішінде
жаудың 10 мың жасағын қырып жібереді. Бірақ қазақтар аз еді. Оны білген жау
әскері аз қолды жайпап кетпек болып жанұшыра ұмтылғанда дер кезінде хабар
алып Жәңгірге көмекке жеткен Алшын Жалаңтөс батырдың жиырма мың жасағы
жаудың ту сыртынан ұрысқа кіреді. Бұл шайқаста күйреп соққы жеген жоңғарлар
ұзақ уақыт есін жия алмайды. Ерлігі аңыз болып кеткен, жау десе хандығына
қарамай жанын шүберекке түйіп алдымен аттанатын Жәңгір 1652 жылы
жоңғарлармен болған бір шайқаста қаза табады.
Ел билігі енді Тәуке ханға тиді. Көсемдіктің қыры мең сырын жастай
үйренген ол елдің береке-бірлігіне тірек болатын шараларды іске асыруға
белсене кірісті. Елдің ішкі, сыртқы жағдайларын жақсарту, қазақ хандығының
мәртебесін көтеру жолындағы оның жаңашылдық әрекеттері жемісті де келісті
болды. ХV-ХVІІ ғасырлардағы осы айтылған хандардың тұсында қазақтың
шаруашылығы, экономикасы, сүру дағдылары ғана емес сонымен бірге оның
рухани кескін-келбеті, жұрт таныған мәдениеті қалыптасты. Қасым хан тұсында
Қасым салған қасқа жол деген атпен халықтың бұрыннан келе жатқан әдет-
ғұрпының ережелері негізінде билік - заң үрдістері, елдік жөн-жоралғылары,
салт-дәстүрі бір ізге түсті. Есім салған ескі жол деген атпен бүгінгі
ұрпаққа жеткен жөн-жоралғы, тәртіп-талғам, киіз-туырлықтар арасындағы қарым-
қатынаста кездесетін мал-мүлікке, іс-әрекетке байланысты дау-шарлардың
шешімдері жетілдірілді. Тәуке ханның Жеті жарғысы қазақ халқының мәдени-
рухани салт-дәстүр қалыптарының төл-тумалығын одан әрі шыңдай түсуге қызмет
етті. Тәуке ханға кеңесші, ақылшы болған Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты
қарадан шыққан қасиетті билер демократиялық дәстүрлерді қалыптастыруға
елеулі еңбек сіңірді. Осы тұста сөз өнерінің қадір-қасиеті артты. Халық сөз
өнеріндегі тапкырлық пен ұтымдылықты, білгірлікті бағалайтын болды. Халық
арасынан небір жезтаңдай жыраулар шықты. Өнерпаздық өріс алды. Сөйтіп,
қазақ халқының мәдениеті, рухани тірлігі өзіндік сипаты келбетімен
тұлғалана түсті.
2. Қазақ тілі мен жазба мәдениеті
Қалыптасқан бірыңғай ұлттық тілдің, жазба дәстүрдің болуы халықтың
мәдениетінің өркениеттің дамуындағы алғы шарттардың бірі. Тіл әрбір
халықтың ерте кездерден бергі өніп-өсуінің дамуының, бүкіл болмысының
құдіретті көрінісі. Тілдегі әрбір сөздің аржағында сол халықтың тіршілік-
тынысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, басынан өткен қилы-қилы
заманның белгісі, тарихы тұрады. Демек, оны халық болмысының айнасы деуге
әбден болады. Тілсіз мәдениет жоқ. Тіл кез келген халықтың бүгінгі
болмысын, арманын, алдағысын, кешегісін, келешегін бейнелейді. Сондықтан
оның қалыптасуы ұзак уақытты, бірнеше ғасырларды, тіпті мың жылдықтарды
алып жатады. Қазақ тілі де солай дамыды. Ол Еуразия құрылығының керіліп
жатқан кен даласын мекендеген қыпшақ, каңлы, үйсін, арғын, алшын, керей,
дулат, қоңырат, найман сияқты тегі бір, түбі туыс ру тайпалардың тілдері
арқылы қалыптасып, уақыт сынына төтеп берді. Оның електен өтіп, алтынша
сұрыпталып сындарлы сапаға ие болуында қыпшақ тілінің айрықша ролі зор. Осы
тілде жазылған ежелгі қазақ жерін жайлаған халыққа, тайпаларға түсінікті
жазба мәдениеттің бір нұсқасы XIV ғасырда жарық көрген Кодекс Куманикус
атты еңбек болды. Бұл кітапқа қыпшақ тілінің әлемдік латын, парсы
тілдерімен баламалы сөздігінің берілуі қыпшақ тілінің дүниежүзілік сипатқа
ие болып әлемге танылуының бір белгісі еді. Бұл тілде қазақтың жазба
мәдениетінің қарымды дамығанын дәлелдейтін мысалдар көп. Солардын бірі көне
қыпшақ тілінде жазылған Жамих ат-Тауарих деп аталатын шығарма. Ол қазақ
халқының негізін құраған Қазақстан мен Орта Азияда өмір сүрген қарахандар
әулеті мен оғыз-қыпшақ тайпаларының ХІ-ХҮІ ғасырлардағы тарихын баяндайтын
кесек туынды. Онда қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, коңырат, алшын
тары басқа тайпалардың шежірелері жүйелі түрде айтылады. Сонымен бірге бұл
еңбекте қазақ жеріндегі оқиғалар, осы жерді қоныс еткен елдердің
шаруашылығы, мәдениеті, қазақ хандарының шежіресі, хан төңірегіндегілер мен
қарашалар, батырлар мен баска да тұлғалар туралы көп мағлұматтар берілген.
Оның жазған Сыр бойындағы Жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қосынұлы (1530-
1605 жж.) қазақ хандығынын Орда-сарайында жүріп ханның ақылшысы және
тәрбиешісі болған кісі. 1588 жылы Ертіс өзенінің бойында қаршығасына құс
алдырып аң аулап жүрген жасөспірім ханзада Ораз-Мұхаммедті орыс воеводасы
Даниил Чулков деген алдап қонаққа шақырып апарып, қонақтықта отырғанда
тұтқындап Мәскеуге жібергенде, оның қасында Қадыргали болады. Оларды орыс
патшасы құрметпен қарсылайды. Ораз Мұхаммедті патша әуелі әскери қызметке
қалдырып, кейін Рязань қаласының түбіндегі Касимово патшалығына патша
қылғанда, оның қасында Қадырғали бірге болады. Жоғарыда айтылған еңбекті ол
сонда Ханзаданың ақылшысы қызметін атқарып жүргенде жазады. Өзінің ана
тілімен бірге арап, парсы тілдерін жақсы білген Қадырғали шығыстың,
классикалық әдебиетін, мәдениетін, әлеуметтік ғылымдарын терең зерттеп
игерген тұлғалы ғұлама ғалым адам болған.
Касимовода 20 жыл патшалық құрып, қапыда қаза тапқан Ораз Мұхаммедпен
оның жанында болған Қадырғалидың тағдыры, қазақ пен орыс мемлекетінің
арасындағы, қарым-қатынас, саясат мәселелері қазақ жазушысы Мұхтар
Мағауиннің Аласапыран атты романында көркем тілмен шебер баяндалған.
XVI ғасырдың 40-жылдарында жазылған Тарихи-и-Рашиди деп аталатын
туынды да қазақ хандығының тарихын баяндауға арналған. Екі дәптерден немесе
бөлімнен тұратын бұл еңбектің алғашқы бөлімінде Шагатай әулетінің тарихы
баяндалса, екінші бөлімінде ХУ-ХҮІ ғасырлардағы Орта Азия, Индия,
Ауғанстандағы шығыс Түркістандары тарихи оқиғалар сөз болады. Онда Оңтүстік
және Шығыс Қазақстан жеріндегі қоғамдық-әлеуметтік жағдай, шаруашылықтың
жәйі, егіншілік кәсібі, қала мәдениеті, Жетісуда қазақ хандығынын қалай
құрылғаны, қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының қарым-қатынасының қалай
дамығаны туралы мол деректер берілген. Бұл еңбектің авторы араб, парсы
тілдерін өз тіліндей жетік білген жан жакты білімді ғұлама-ғалым, тарихшы,
және жазушы Мұхаммед Хайдар Дулати. (1499-1551 жж.)- Ол қазақтың дулат
тайпасынан шыққан, сол елдің әміршісі болған әмір Болатшының жетінші
ұрпағы.
Өтеміс қажы деген кісі жазып қазақ жерінде дүниеге келген Шыңғыснама
атты еңбек те қазақтың жазба мәдениетінің жарқын үлгісі болып табылады.
Қыпшақ даласына ұзақ уақыт билік жүргізген Жошы әулетінің тарихы арқылы
Оңтүстік және Батыс Қазақстан жеріндегі тайпалардың тұрмыс-тіршілігіне
байланысты бұл қолжазбада мол тарихи деректер берілген. Бұл қолжазбалар
өмірге келген тұста қазақ жылнамаларының, қазақ шежірелерінің жазба
нұсқалары да жарық көрген. Қазақ хандары дәстүр бойынша ата-бабаларының
шежірелерін жаздырып ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп келген. Мұндай шежіре
түзеу көптеген ру тайпалардың зерделі адамдарына да тән болған.
Қазақ халқының рухани өмірінде айқын із қалдырған тарихи жазба
ескерткіштердің бірі Қазақ хандарының рәсімдері деген қолжазба. Ыстамбул
қаласындағы Сүлеймен кануни кітапханасының қорында сақтаулы тұрған бұл
қолжазбада Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның Ескі жолы, Тәуке ханның
Жеті жарғысы сияқты заңдар мен тұрмыс тіршілік ережелері топтастырылған.
Қазақтың жазба мәдениеті туралы сөз еткенде қазақтардың ірі ру
тайпаларының ертеден келе жатқан өзіндік тілдері және жазба мәдениеті
болғанын айту керек. Мәселен, Едіге, Ерсайын жырларын қагазға түсірген
алшындар болса, Ер көкше, Қабанбай батыр, Базар батыр, Көркебай
батыр дастандары керей тілінде, Махаббат-нама, Алпамыс коңыраттар
тілінде, Талас ескерткіштері дулат тілінде, тағы бір деректер бойынша
үйсін диалектісінде жазылып жетті. Бірақ, осы тілдердің сөздеріне ұқсастық,
ортақтық, өзара түсініктілік басым болған. Осыдан келіп қазақтың бірыңғай
ұлттық жалпыхалықтық, бүгінгі Мемлекеттік мәртебе алып отырған тілі
қалыптасты. Ислам дінін қабылдағаннан кейін қазақ. халқының жазба мәдениеті
араб әліппесімен байланысты болды. ХҮІ-ХҮП ғасырларда қазақ хандығының
астанасы Түркістанда, басқа шаһарлар мен кенттерде араб жазуы кеңінен
қолданылды. Оны таратуға қазақ жеріндегі қалаларда жұмыс істеп тұрған
медресе, мектеп, мешіттер елеулі еңбек сіңірді. Оларда 28 әріптен тұратын
араб әліппесін игерген шәкірттер иман шартты (наным шарттарын) одан соң
әптиекті, сонан соң барып Құранды оқып үйрететін. Олардың сөздері араб
тілінде болғандықтан көп жағдайда шәкірттер бұл кітаптарды жаттап алатын.
Дегенмен діни оку орындарының шәкірттері арасынан араб, парсы тілдерін
игеріп, ол тілдерде еңбектер жазып, ғылым мен мәдениетті дамытуға елеулі
үлес қосқандар да аз болған жоқ. Олар онымен де шектеліп калмай араб
тілінде шыққан ертегі, қисса, дастандарды халқының рухани игілігіне
айналдырып қазақ тілінде сөйлетті. Араб елінің Мың бір түн ертегісін,
ислам дінін, оның қағидалары мен ұғым-нанымдарын насихаттайтын Сал-сал,
Зархум, Сейтбаттал сияқты қиссаларды қазақтар арасына алдымен таратқан
араб тілін оқытатын жергілікті медресе, мектептердің түлектері болды.
Сайып келгенде XV ғасырдың орта шенінде қазақ хандығының құрылуы тек
кана қазақ халқын қалыптастырып қойған жоқ, сонымен бірге оның құрамына
енген ру тайпалардың ертеден келе жатқан рухани игілігін бойына сіңірген
ұлттық мәдениетінің қалыптасуына да қажетті жағдай жасап қалтқы болды.
3. Қазақтың ауыз әдебиеті, жыраулары, шешендік сөз өнері
Ауыз әдебиеті халқымыздың төлтума мәдениетінің маңызды саласы,
құрамдас бөлігі болып табылады. Адамдардың арман аңсарынан туып, өзінің
үздік үлгілерімен бағалы нұсқаларын ғасырлар бойы ауыздан ауызға таратып
келе жатқан қазақ халқының ауыз әдебиеті тәрбиелік мәні зор, мазмұны терең,
көркем де құнарлы қазына. Одан әлем халықтарының ауыз әдебиетіндегі
саналуан жанрлардың қай-қайсысын да кездестіруге болады. Таңғажайып аңыз-
ертегілер, қисса, дастандар, толғау-жырлар, қара өлең, өлеңнің баска да
небір түрлері қазақтың ауыз әдебиетінің сарқылмас қайнары, бұлағы іспеттес.
Қазақ сырлы сөздің, өлең, жырдың қадірін жақсы білген халық. Мұхтар
Әуезов былай дейді: ...Өлеңмен айтқан билік, жырмен айтқан өсиет,
тақпақпен айтқан дау бір кезде татуды араз, жақынды жат қылуға жараса, бір
кезде іріген елді біріктіріп, ірікшінің шіріген сөзін саф қылуға жараған.
Хан, қара, би, төре, аламаншыл батыр, жетекшіл қарашы, бәрі де айырмасыз
сырлы сөздің қадірін білімге ұстарып зейіні ашылған Еуропеецтен кем
білмеген.
Қазақтың ауыз әдебиеті белгілі бір кезеңнің өмірдегі суреттерін,
оқиғаларын, халқының басынан өткен жағдайларын көркемсөздің әртүрлі
жанрында баяндап бере білген. Оның маңызды салаларының бірі - батырлар
жыры. Қазақтан шыққан қорқу, сескенуді білмейтін тұлғалы батырлардың
жеңісті жорықтарын жыр ететін ноғайлы дәуірінде қалған қисса жырлар сияқты
дастандар халқымызда өте көп және олар соншалықты тартымды қызықты өрнекті
болып келеді. Мұхтар Әуезов: Қазақ әдебиетінің өрнектілігіне толық
дәлелдер батырлар өлеңінде бар. Қазақ батырлары бөрі бір қалыпқа соққандай
барған жерін қырып келіп, жойып келіп үнемі жолы болып отырды. Хазірет ұлы
Сейтбатталша батыр емес. Бұларда қазақ мінезі толық бар деуге болады. Қазақ
батырларындағы негізгі мақсат: алдымен ұлтшыл болу, одан әрі діншіл болу -
дейді.
Мұқаң атап көрсеткендей батырлар жырындағы шепті жарып, шеңбер бұзған
еңселі ерлердің басты қасиеті еліне жеріне деген сүйіспеншілік, отаншылдық.
Бұл қасиеттер Едіге, Алпамыс, Ертаргын, Қобыланды, Қамбар, Ер Қосай,
Төрехан, Ер Сайын, Телағыс, Шора сияқты ежелгі қазақ даласында атақ-даңқы
ауыздан ауызға тарап ерлігі жұртты тәнті еткен батырлардың бәріне тән.
Қайыспас қаһарман батырлардың бөлекше бітім-тұлғасы, айбынды қайрат жігері,
өр мінезі, ерлігі кейде олардың өз аузынан шыққан мынадай айшықты сөздермен
сипатталады:
Атадан кесек туған аюмын
Кескілеспей басылман.
Кілегей қара бұлытпын
Кенет жаулап ашылман
Түтедей сүйегім қалғанша
Дұшпаным саған бас ұрман
Балуансултпан батырхан
Қыларың болса қылып қал
Кундердің күні болғанда
Бас кесермін жасырман.
Бұл сияқты өр мінез, бет-жүзіне қарамай қасқайып тұрып айтатын сөздер,
майдан даласындағы мыңды жалғыз жайпаған ерен ерлік халқының рухын көтеріп,
жастарын жаудан тайсалмайтын жанкешті ерлікке, батылдыққа, батырлыққа
үндеген. Мұндай ерлік дастандарының қатарына Қырымнан шыққан қырық батыр
атты жырды да жатқызуға болады. Ежелгі қазақ жеріне қараған Қырым
түбегіндегі қырыққа тарта батырдың ерлігін жыр ететін қырғыздың Манасы
тектес ұзақ жырды Маңғыстаудан шыққан Мұрын жырау (1862-1954 жж.) айлап
айтқанда тыңдаушысын жалықтырмайтын болған. Ол сияқты бұл жырларды жатқа
айтатын жыршылар қазақ даласында көп кездеседі екен.
Қазақ ауыз әдебиетінің бай да құнарлы салаларының бірі - ғашықтық
дастандары. Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз Жібек, Айман-Шолпан сияқты
лирикалық ғашықтық жырлар, әйел бейнесін жырлайтын, әйел болғанда Құртқа,
Гүлбаршын, Қаракөз, Қарлыға, Назым, Ақжүніс, Қарашаш секілді бірі ақылымен,
бірі көркімен, енді бірі өжеттік ерлігімен ел есінде өшпес із қалдырған
әйелдерді жыр ететін дастандар қазақ жерінде толып жатыр. Сондай-ақ қазақ
арасында шығыс әдебиетінен келген ғашықтық, эпикалық сипаттағы әңгіме,
өлең, поэма, дастан, қиссалар, мәселен Сал-сал, Зарқұм, Сейтбаттал
Сейфүлмәлік, Бозжігіт сияқты шығармалардың қазақ хиссалары деген атпен
әйгілі болған Бақтиярдың қырық бұтағы, Тотынама, Қырық уәзір т.б.
секілді бір желіге тізілген қазақ халқының ауызша шығармашылдығымен,
ақындығының жемісі болып табылатын нұсқалардың қазақ жерінде аз
кездеспейтінін айту керек. Халық өмірінің әртүрлі жақтарын - қоғам
болмысын, халықтың арман-аңсарын, талап-талпынысың көрсететін қазақтың
ертегілері, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-тіршілікке, хаюанаттарға
байланысты ертегілер, күлдіргі әңгімелер болып бөлінеді. Олардың
кейбіреулері тәңірі, мұсылман діндерінің наным-сенімдерімен ұштасып
солардын тікелей әсерімен өмірге келген. Қазақ арасына көп тараған
Күламерген, Алтын сақа, Қарамерген, Аламан мен Жоламан, Тазша
т.б. ертегілерде олардың басты тұлға-кейіпкерлері ақылды, өнегелі, үлгілі,
күші бойына симайтын балуан, аса сезімтал, алыстан білетін көреген көсем,
сөзге тапқыр шешен болып келеді. Әдетте хайуанаттар туралы ертегілерде үй
малдары, жылқы, түйе, кой, ешкі - адамның айнымас адал досы, ал қасқыр,
жолбарыс, аю, түлкі, жылан – адамның қауіп төндіруші қас жауы болып
суреттеледі.
Ертегілердің Аяз би, Жиренше, Алдар көсе сияқты жағымды кейіпкерлері
қайырымсыз қатал хандарды, дүниеқоңыз байларды, әділетсіз билерді өлтіре
мінеп шенейді.
Әйелдердің ақылдылығын, тапқырлығын, еріне, жұбайына адалдығын
дәріптейтін, олардың елдің, халықтың сүйеніші, сүйініші болғанын көрсететін
ертегілер де бар. Сонымен бірге ертегілердің балалар мен жасөспірімдерге
арналған үлгілері де халқымызда көп кездеседі. Қаңбақ шал, Мыстан
кемпір, Алтын сақа, Бозінген, Өлген қазан, Алтын сандық, Қырық
өтірік, Алтын балта т.б. ертегілер жасөспірімдердің ой-өрісін кеңітіп,
ақыл санасын түсінігін ұштайтын ғажайып туындылар.
Ауыз әдебиетінің халық даналығы өмірге келтірген кең тараған бір
саласы тұрмыс-салт жырлары. Оның өзі бірнеше арнадан тұрады. Олар қара
өлең, қайым өлең, туған ел туралы өлең, төрт түлік мал туралы өлең, ата
өлең, тойбастар, бесік жыры, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсыма, жоқтау,
жарапазан, бәдік, бақсы сарыны, шариғат өлең болып жіктеледі.
Әдебиеттанушылар осылардың әрқайсысының табиғатын, тарихын зерттеп, олардың
қалай пайда болғаны, қандай жағдайда, қалай айтылатыны жөнінде терең де
толымды пікірлер айтқан. Солардың бірі көрнекті мәдениет қайраткері Ақселеу
Сейдімбеков қазақтың қара өлеңі туралы Мың бір маржан атты кітап шығарып,
онда бұл жанрды ғылыми тұрғыдан терең зерделеген. Қара өлең, - дейді ол -
өзінің айтып тұрганындай, мейлінше бұқарашыл, көптің өнері. Қотан шетіндегі
қойшы да құрық сүйреткен жылқышы да, бойжеткен қыз бен түбіт мұртты бозбала
да, өмірдің ащы-тұщысын көрген көне көз қартпен ақ шашты ана да, қысқасы
көшпелі қоғамдағы әлеуметтік топтардың қай-қайсысы да өзі басына лайык
арман-аңсарын, шер-шеменін бір ауыз қара өлеңмен әнге қосып айта беретін
болған. Қара өлең айту - бап та талғамайды, айрықша әнші күйшілікті де
қажет етпейді. Оңаша жүріп шер тарқатуға да, алқалы топтың ортасында өзіңді
таныстыруға да, ойын-тойда астарлы сезімге дәнекер болуға да қара өлең
оңқай асықтай оңтайлы жанр. Бұл сипаттамаға бірдеме қосу қиын. Тек қана
бір екі ауыз қара өлеңді келтірсек артық болмас.
Екінің бірі жомарт тасқан жерде
Күніңе ер жарайды сасқан жерде
Жаманға жазатайым күнің түссе,
Қабысып қалады екен аспан жерге
Ойласам өмір деген шолақ екен,
Адамдар бір біріне қонақ екен
Жайнаған қызғалдақтай қызық өмір
Қар жаумай, қазан ұрмай солады екен - деп келеді қазақтың қара өлеңі.
Ал қайым өлең - қыз бен жігіттің бір-бір ауыз өлеңмен жауаптасу түрінде
орындалады. Бұлардың қай түрі де той, думан, салтанатты жиын, отырыстарда
айтылады. Осындай күні бүрын, алдын ала дайындалып өлең шығару жетілдірген
қыз бозбала шай өлен, жер-су өлеңі, ет өлең, қоштасу өлеңі т.б.
суырып салып айта беретін болған.
Тұрмыс салт жырларының ертеден келе жатқаң түрлеріне аңшылыққа, малға,
хайуанаттарға, егіншілік-диқаншылыққа байланысты шығып тараған өлеңдерді
жатқызуға болады. Балалар жасөспірімдер өлеңдері де халық даналығының
құнарлы бір саласы. Олар ертеде бала өсіріп бала тәрбиелеудің мықты құралы
болған. Үйлену, қыз ұзату, келін түсіру, нәресте көру, сәбиді бесікке салу,
жас шығару; сүндетке отырғызу рәсімдеріне байланысты айтылып жұртқа кеңінен
тарап кеткен жыр, өлеңдер де қазақ халқында баршылық.
Халықтың ауыз әдебиетінің қойнауынан шыққан мәдениетке қатысты айтыс
жанры өлең өнерімен ақындық. шабыт-шалымының қызықты көрінісі болып
табылады. Мұндағы айтысқа түскен адамдар шапшаңдық, ұшқырлық, ұтымдылық,
шеберлік көрсету арқылы қарсыласынан басым түсу үшін жан салысады. Мұндай
айтыстар жас сәби өмірге келген шілдеханадан бастап дүбірлі ұлы тойлардың
бәрінде өткізілетін болып ертеден дәстүрге айналған.
Ауыз әдебиетінің абыройын тасытып атын аспанға шығарған ақын жыршылар
ХҮ-ХҮІІ ғасырларда аз болмаған. Солардың ішінен суырылып шыққан Доспамбет,
Шалкиіз, Жиембет, Маргаска жырауларды атауға болады.
Доспамбет ноғайлы елінің батыс беттегі қонысы болған Азаулы атанған
қазіргі Азов теңізіне Дон (ноғайлылар Тең деп атаған) өзенінің құйылысар
жерінде туған. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz