ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨШПЕЛІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨШПЕЛІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қазақстан жері ежелден үй жануарларының таралған аймақтардың бірі болып табылады. Мал шаруашылығына байланысты алынған мәліметтер сонау неолит дәуіріне жатады. Бұл мәліметтерді археологиялық ескерткіштерден көруге болады .

Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы мен дамуына қатысты барлық жағдайлар бар. Бұған жайылымдық жерлер мен су көздері жеткілікті географиялық ортаның тікелей қатысы бар. Евразияның кіндігінде орналасқан аймақтың климаты қатал континентальды болып табылады. Алайда бұл аймақта негізгі төрт климаттық зонаны: орманды-дала, далалы, шөлейтті және биік таулы жерлерді анық көруге болады .

Орманды-дала климаты шағын ормандары бар Солтүстік Қазақстанға, далалық климат 50 паралелден жоғары көпшілік аудандарға, шөлейтті далалық климат аймақтың оңтүстік бөлігіне, ал биік таулы климат Оңтүстік Алтайдың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақ пен Тянь-Шаннің солтүстік беткейіне тән болып келеді. Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік бөлігінде қыс әртүрлі жағдайда өтеді. 48-50 градустік солтүстік алқап өтпелі зона болып табылады. Осы жердің солтүстігіне қарай жерлерде қыс бес айға созылады. Жердің бетін қалың қар басып, боран жиі соғып тұрады. Ауаның температурасы 40-50 градусқа дейін төмендейді.

Ал оңүстіктің қысы небары екі айға созылады. Қар жер бетінде ұзақ уақыт жатпайды, қысты күннің өзінде қар аралас жаңбыр жауып тұрады. Көктем ерте түседі. Қазақстанның көп бөлігінде жаз ыстық болып келеді. Оңтүстікте ауаның температурасы + 46 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын аз түседі.

Қазақстанның өсімдік әлемі бай. Жалпы саны - 5000-нан аса өсімдік түрі кездеседі. Олар біркелкі таралмаған. Өсімдіктер аз өсетін құмды, тақырлы, тасты таулар көп жерді алып жатыр. Орманды алқаптар Қазақстан жерінің 5/1 бөлегін алып жатыр. Ірі өзен аңғарларында терек, бұталар өссе, құмды жерлерде сексеуіл, ал қиыр солтүстікте - қарағай мен қайың, Алтай, Жоңғар және Іле Алатауы бөктерінде әртүрлі ағаш түрлері, соның ішінде қылқан жапырақты ағаштар өседі. Қазақстан жерінің 60 пайызын алып жатқан далалы және құмды жерлерде көптеген шөп түрлері, соның ішінде жусанның әр түрі жиі кездеседі .

Табиғи-климаттық зоналарға сәйкес маусымдық жайылымдар жүйесі қалыптасқан. Солтүстіктегі орманды-дала және оңтүстік-шығыстағы таулы жерлерде жауын-шашын көп жауғандықтан, мұндағы жайылымдар көбіне жазды күні, ал шығыс пен орталық аймақтағы жайылымдар қысты күндері пайдаланылды.

Географтар Қазақстан жерін төрт ландшафты зонаға бөледі. Олар:

1) Орманды-далалы зона .

2) Далалы зона .

3) Жартылай Шөлейтті зона .

4) Шөлейтті зона .

Соңғы үш ландшафты зоналардағы биік таулы аудандар биік немесе таулы ландшафты зонаға жатады.

Ландшафты зоналарға сәйкес негізгі маусымдық жайылымдар орналасқан. Барлық жайылымдық жерлер маусымдық: қыстауға, көктеуге, жайлауға және күздеуге бөлінген. Отырықшы, жартылай көшпелі және көшпелі қазақтардың белгілі бір қыстық тұрақтары, көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдары болды . Қыстаулары белгілі бір ортақ болды. XIX ғ. аяғындағы материалдарға сүйенсек, зерттелген 584040 қазақ шаруашылығының, қыста пайдаланатын жері 63317944 десятинаны құрап барлық жер көлемінің 31, 6 пайызын құраған. Көктемгі және күзгі жайылымдар - 57400550 десятина, қысқы жайылымдар - 913267 десятина, жазғы жайылым - 37960736 десятин, яғни 19, 7 пайызды құраған. Барлық жайылымдық жерлердің жиынтығы - 192141880 десятинаны құраған. Єрбір ландшафты зонада қысқы және күзгі жайылымдар болған. Бұл жерде аймақты мекендеген тұрғындар саны үлкен рөл атқарған.

Жазғы жайлаулардың жайы тіптен өзгеше болды. Жайлаулардың көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай азая берді. Жайылымның жетіспеуіне байланысты көптеген шаруашылықтар өз уездері мен облыстары жерінен тыс солтүстіктегі жайылымдарға қоныс аударды. Тау бөктерінде орналасқан Жетісу, Шымкент және Єулие-ата уездерінің қазақтары жазды күндері биік таулардағы жайылымдарға малдарын жайды. Жазғы жайылымдарға мұқтаждық Атырау, Манғыстау, Қазалы және Перовск уездері қазақтарына тән болды. Осындай себептерге байланысты бұл аймақтың қазақтары жазды күндері солтүстіктегі алыс жайылымдарға барып қоныстанды.

Бөкей Ордасы, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Омбы, Павлодар, Семей, Өскемен мен Зайсан уездерінде, сондай-ақЛепсі, Қапал, Жаркент пен Верный уездерінде жазғы жайылымдар өз уездері жерінде орналасты.

Жетісу және солтүстік аудандарда орналасқан қазақтар жыл бойы өз уездері аумағында отырғандықтан киіз үйлерімен қатар қыстауларда тұрақты тұрғын үйлері, мал қоралары, егін егетін және шабындық жерлері болды.

Қатты қыс жылдары солтүстік аймақтың қазақтары кезінде қазақтардан тартып алынған жерлерде орналасқан орыс қоныстанушыларынан жайылымдық жерлерді жалға алып отырды. Бұл аймақтарға Жайық бойы, Ертіс бойындағы 10 верстық алқап, сондай-ақ, Орынбор, Тобыл, Том губернияларындағы аудандар жатты.

Деректерге сүйенсек, Темір, Ырғыз, Торғай, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы уездері жерлерінде жаздық жайылымдар солтүстік бөліктерінде (далалық зона), ал қыстық жайылымдар оңтүстік (шөлейтті) зонада орналасты. Сол себепті бұл аймақты мекендеуші қазақтар өз уездері аумағында көшіп-қонып жүрді. Ал, қатты қыс жылдары ірі байлар малдарын Маңғыстау, Қазалы мен Перовск уездері аймақтарында қыстатып шықты.

Барлық уездердің қыстайтын жерлерінде жас малдар мен арық-тұрық малдарға арналған күзетілетін ыңғайлы жер бөліктері болды. Солтүстікте қысты күндері жылқы табындарын ұстайтын, қыстаулардан алыс орналасқан жайылымдар болды. Ол үшін тұтастай ауыл немесе жекелеген байлар жылқы табындарынан - қосқа біріктірді. Қоста 300-500 ден 1000 жылқыға дейін ұсталып, оларды жалдамалы жылқышылар көктемге дейін бақты. Оңтүстік уездерде қысқы жайылымдарға жылқымен қатар қойлар мен түйелерді де айдап апарды.

Қысқы жайылымдарға өзен, көлдердің жағасындағы қамысты алқаптар, тау бөктерлері, кішігірім таулардың оңтүстік беткейлері, орманды жерлер немесе құмның ішіндегі жерлер таңдап алынды. Көктеу қыстауларға жақын жерлерде орналасты. Күздеулерге көктемгі жайылымдық жерлер немесе қыстауларға жақын маңдағы жайылымдар таңдап алынды .

Жазғы жайылымдар өте мұқият таңдап алынды. Жайлау салқын ауасымен, шөптің қалыңдығымен, ауыз су мен мал суғаратын судың жеткілікті болуымен, шыбын-шіркеудің жоқтығымен ерекшеленді. Сондықтан да жайлаулар негізінен Сары-Арқа далалары мен таулы аймақтарда орналасты . Алайда шөлді және шөлейтті жерлерде орналасқанқазақтардың барлығы бірдей жайлауға бара алмады. Кедей-кепшіктер мен кедейленген шаруашылықтар жазғы жайлауға баратын көліктің жетіспеуінен қыстауларда қалып қоятын болған. Мұндай шаруашылықтар барлық шаруашылықтың 60 пайызын құрады. Маңғыстау өлкесінде халықтың жартысы жазды күндері қыстауда қалып қойса, Перовск уезінің мұндай тұрғындар 57, 1 пайызды құраған. Осындай малы аз, кедейленген қазақтар барлық уездерде кездесті.

Жайлауда бірнеше туысқан ауылдар бір жерге жиналды. Алайда шөбі шүйгін жайылымдық жерлермен су көздері негізінен малы көп байлардың иелігінде болды.

Қазақстан жерінің кеңдігі табиғи-климаттық жағдайы мен өсімдік әлемнің әртүрлілігі, этникалық территориясының қалыптасуы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы жағдайындағы халықтың орналасу сипаты, кей жағдайларда саяси факторлар монғол шапқыншылығы, жонғар шапқыншылығы қазақтардың дәстүрлі көшіп-қону жолдарының қалыптасуы мен маусымдық жайылымдарды пайдалануына әсер етті. Негізгі көшу түрлері - меридиандық, радиалдық, вертикальдық, кейде ауқымдық болды. Мыңдаған жылдар барысында бұл көшу түрлері еш өзгеріссіз қала берді.

Көшу жолдарының ара қашықтығы мал иелерінің жағдайына байланысты болды. Байлар алыс қашықтықтарға қоныс аударса, кедей-кепшіктер жақын қашықтықтарда көшіп-қонып жүрді. Сол себептермен солтүстік уездердің қазақтарының кедейленген бөлігі отырықшылыққа жақын жағдайда өмір сүрді. Өйткені, олардың көшу ара-қашықтығы 50-70 шақырымды құрады. Сонымен бірге солтүстік уездерде көшу бағыттары меридиандық сипаттан гөрі, радиалдық, вертикальдық көшу түрі басым болды.

Лбищенкі, Гурьев, Темір, Торғай және Ырғыз уездері жартылай шөлейтті аймақта орналасқандықтан, жаздық жайлаулар жетіспеді. Осыған байланысты бұл жақтың қазақтары жазды күндері Жайық бойына, Ақтөбе мен Қостанай уездері аумағына жайлауға шықты. Мұндай көшу жолдары 400 шақырым қашықтықтан асып түсті.

Маңғыстау, Қазалы мен Перовск уездерінде (шөлді зона) жазғы жайылымдық жерлер тіптен аз болды. Маңғыстау, ‡стірт пен Қызылқұмды мекен еткен шаруашылықтар Темір, Ырғызбен Торғай уездерін басып өтіп, Ақтөбе мен Қостанай уездері аймағына 1000-даған шақырым жерді артқа қалдырып жайлауға көшіп барды. Алайда көптеген шаруашылықтар Ембі, Ырғызбен Торғай маңында қалып қоюғамәжбүр болды. Ал кедей жатақтар өздерінің уездері мен болыстықтары жерінде қалып қойып отырды .

Ақмола, Атбасар, Қарқаралы уездерінде көшу жолдары тек меридиальді түрде болды. Жазғы жайлаулар негізінен солтүстік аудандарда орналасты. Сол себептен барлық шаруашылықтар өз уездері аумағында көшіп-қонып жүрді. Бұл уездердегі көшу жолдарының өз ерекшеліктері болды. Қарқаралы уезінде оның ұзындығы 10-нан 220 шақырымға дейін созылса, ал Ақмола және Атбасар уездерінің солтүстік бөліктерінде 200-ден 500 шақырымға дейін созылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау
Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыру және оның ауыр зардаптары
Аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты
Ауыл шаруашылығындағы меншікке қатысты мемлекеттендіруге көшу және оның қайғылы зардаптары
Мал шарушалығының қалыптасуы
Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Қазақстан аумағындағы алғашқы көшпелілер және тайпалық одақтардың құрылуы
ҚР – сы жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz