Сот және сот процесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Билер1

Сот және сот процесі2

Сот және сот процесі реформалардан кейін5

Қорытынды7

Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейінгілерден айырмашылығы - хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өздінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті - құқық, әскери және идеологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды. Алайда, олар Шыңғыс ұрпақтарына жатпайтын еді. Төңірегіне беделді билерді топтастырған Тәуке «билер кеңесінің» қолдауына сүйене отырып, хан билігіне ашық түрде қарсы шығушы Шыңғыс ұрпақтарына қарсы күрес жүргізді. Билер кеңесі халықтың айтуынша Тәуке ханға дейін, аңызға айналған Майқы би заманында-ақ белгілі болған. Билер мәжілісі ерекше жағдайларда, аса маңызды мәселелерді шешуге ғана шақырылған. Билер кеңесінің қызметін ретке келтіруде Тәуке бірқатар шаралар қабылдады. Ол билер съезінің өтетін жері мен уақытын белгіледі. Ханның маңызды билік жүйесі болып табылатын билер кеңесі әрдайым Тәуке ханның белгілі бір ордасында: Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласының маңындағы Мартөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілген.

Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.

Билер кеңесінің шешімі міндетті түрде жүзеге асырылды. Оның бірде-бір шешімін немесе үкімін келесі билер кеңесінің мәжілісіне дейін ешкім де өзгерте алмайтын еді .

Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге таратуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билерінің қатысуымен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырды. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардң даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруге, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.

Үш жүздің басын құраудағы саяси оқиғада билер кеңесі үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар Тәуке хан өзінің билігі мен саясатында «би-батырлар тірегінң кеңейтуге тырысты. Кеңеске барлық рулардың қатардағы билері мен әскербасылары және батырлары көптеп шақырыла бастады.

Билердің мүддесін көздей отырып, Тәуке өз билігін нығайтты. Мұның барлығы қазақ тайпалары мен көшпелілер арасында жоғарғы билікті күшейтуге мүмкіндік берді. Сонымен, қазақ қоғамын ішкі саяси қайта құрулар хандық өкімет билігін орталықтандыруға тырысқан әрекет болды.

Билер

Қазақ қоғамында ерекше роль атқарған топ билер. Би қоғамдағы аса маңызды лауазым иесі, беделді адам болды. "Би" бұрынғы "бек" атауының өзгерген түрі деген пікір бар.

Би ежелден келе жатқан лауазым егесі әрі атау деуге болады. "Би" сөзі билік айту дегеннен шыққаны көрініп тұр. Билік айту екі жақ дауласқанда болады. Сондай "би" сөзі билік құру, басқаларға өкімін жүргізу дегенді де білдіреді. Ноғай ордасында мемлекет басшысын "Би" деп атаған. Қазақ билері қарасүйектен шыққан аса беделді қоғамдағы биліктің үлкен белігін үстап тұрған әлеуметтік топ.

Билердің билігі жан-жақты болған. Біріншіден, ол атына сай билік құрушы, әкімшілік құқығы бар лауазым иесі. Бұл тұрғыда билер рулар мен тайпаларды немесе белгілі бір өңірді билеуші адам.

Екіншіден, билер даладағы сот процессуалдық істерді жүргізіп, үкім, шешім шығарушы немесе тергеу ісі мен сот ісін жүргізуші. Олар қазақтардың әдет-ғұрып құқығының ғана емес, шариғаттың да білгірі. Себебі қазақ қоғамында адат пен шариғат бір-біріне сіңісіп кеткендіктен шариғатты білмей билердің көп істерді жүргізуі мүмкін емес еді.

Үшіншіден, билер соғыс жағдайында әскер басы, дипломатиялық, елшілік қызметтер де атқарды. Билердің бәрі де асқан зерек, шешен, ақындылығымен ерекшеленетін. Әкімшілік қызмет, сот қызметі және әскери қызметтерді қатар аткарған билер де көп болған. Мәселен қазақ тарихында ерекше үлкен орын алған Төле би Әлібекұлы, Қазыбек би Келдібекұлы, Әйтеке би Байбекұлы осындай қасиеттерімен ерекшеленген билер.

Ірі билердің хандарға ықпалы да ерекше болған. Мәселен аты аталған билермен Тәуке, Болат, Семеке, Әбілмәмбет, Жолбарыс және Абылай хандар есептесіп әрі кеңесіп жұмыс істеген.

Билер ұлт бірлігінің ұйытқысы, халықтың бетке тұтар қаймағы болды. Билердің сөздері, іс-әрекеті, шешімдері қоғам ішіндегі тәлім-тәрбие, үгіт-насихат жұмысының да ұйытқысы болды. Кейбір билердің билігі мен беделінің үлкендігі сонша олар сұлтандармен санаспады, хандардың өзі олармен есептесті.

Билер сонымен қатар феодалдар табының өкілі ретінде ірі мал иелері болып қарамағында атқосшы төлеңгіттер мен малшы-жалшылар ұстады.

Билерді кім тағайындайды деген мәселеде әртүрлі пікір бар. "Билер көне заманнан қазақ руларының ішінен шыққан ру ақсакалдары және тайпа көсемдері, біртіндеп бұл сословие мұрагерлік аристократияға айналды".

Сот және сот процесі

Қазақ қоғамында адат бойынша сот билігін хан, сұлтандар және билер жүргізді. Хан мен сұлтандардың қарауында аса маңызды қылмыстық және азаматтық істер жатты. Олардың қатарында барымта, руаралық, ауыларалық даулар, жер дауы, сұлтандар мен билік басындағылардың өлімі, сұлтандар арасындағы даулар болды. Аса маңызды істер билердің араласуымен жүрді және қалың көпшілік алдыңда етті.

Сот билігінің негізгі бөлігі билер қолында болды. Г. Д. Андренің айтуынша "Ордадағы сот және сот шешімдерін орындауды талап етуші барлық жұмыстарды халықтық құқықтың негізгі орындаушылары ретінде билер жүргізеді". Зерттеуші Г. Д'Андренің XIX ғасырдың ортасындағы бұл пікірі бойынша билер ешкімге бағынбайды, тек өзінің арының алдында жауапты. Билер адат нормаларының білгірі болды. Би сондай-ақ қазидің (шариғат жолымен іс жүргізуші) жұмысын да атқарды.

Қазақ хандығы дәуірінде билерді ешкім сайламаған және тағайындамаған. Билер өз білімі және тәжірибесі арқасында мойындалып, оларға билік сұрап халықтың өзі келетін.

Би өзіне келген істі қарауға міндетті болды, қарамай тастауға құқығы болмады. Биді таңдау талапкердің қолында болды.

Адат бойынша бидің қарауынан бас тарту құқығы да болды. Бидің беделін түсіретін мұндай оқиғаға нақты дәлел болмаса бас тартушыға үлкен айып салумен аяқталатын.

Сотқа би жан-жақты дайындалатын. Талапкер мен жауапкер бидің алдына қамшыларын тастап, істі қарауға келісім беріп отырады. Қамшы тастаудың үлкен процессуалдық маңызы болды. Одан кейін екі жақта биден бас тарта алмайтын. Сотқа кері әсер етіп, кесір жасау жауапкершілікке тартылуға жатты.

Сот ашық түрде екі жақты, куәлерді тыңдау арқылы жүрді. Сотқа келмей қалған жақтың өкілін бидің зорлап алдыруға құқығы болды.

Сотқа куәлер тартылды. Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің кезіне шөп салғандығын дәлелдеу үшін 4 куә, қалған істерге 2 куә қажет болды. Куәлер бидің алдында ант беруі тиіс болды. Әйелдер, 15-ке толмағандар, шариғаттан хабары жоқтар, бұрын айыпты, ақыл-есі кемдер, қылмысты болғандар куә бола алмаған.

Куәлері болмаған күрделі істерде ант беру институты қолданылған. Антты талапкер мен жауапкер емес, олар үшін олардың беделді әрі белгілі туыстары берді. Егер айыпталушы үшін ешкім ант бермесе, ол жауапты ретінде жазаға тартылған.

Билер сотының шешімі ауызша түрде көпшіліктің алдында жарияланатын. Сот талқылауы екі жақты "ала жіпті үзу" деген дәстүрмен аяқталатын. Кім шешімді бұзса осы ала жіптей кесілсін деген болды оның мәні. Онан соң айып талапкерге алынып беріледі. Талапкер ол айыпқа кірген мал-мүліктерді түгел таратып жіберіп отырған. Бірақ оны туыстарына таратуға болмайтын.

Айыптың оннан бір бөлігі билігі үшін, еңбекақысы үшін биге берілді. Бидің шешімі өте сирек қайта қаралатын. Себебі басқа соттар оның шешімін бұзбауға тырысатын және талапкерді бидің шешіміне күмән келтіргені үшін дүреге салатын.

Билер сотының шешімін орындау рубасыларға, старшындарға, талапкерге және оның туыстарына жүктелді. Сот шешімі тез арада орындалуға тиіс болды. Соттың шешімін орындамау жаңа жауапкершілік тудырды. Қазақ мемлекетінде атқарушы биліктің мықты болмауына және дамымауына байланысты билер шешімінің орындалмай қалатын кездері де ұшырасатын. Оның үстіне сот шешіміне де наразылықтар болатын. Осындай жағдайларда барымтаға жол берілді.

Сот және сот процесі реформалардан кейін

Сот кұқығы саласында негізгі бағыт қазақтардың билер сотын шектеу, патша өкіметінің заңдарын тереңдеп ендіру. Сот билігі патша өкіметінің әкімшілік аппаратының жазалау бөлігі болды. Осы бағытта ол күшейе түсті.

Билер соты да патша өкіметінің еркін, бай феодалдардың еркін қорғауға қызмет етті.

Жаңа Ережелер бойынша билер соты "халық соты" деп аталды. Билер қызметке үш жыл мерзімге сайланатын болды. Болыстық сайлауда болыстармен бірге билер де сайланды. Билер де әскери губернатордың бекітілуіне жатты. Әр болыста ауылдардың санына қарай 4-8 би болды. Әр ауылда бір биден артық болмады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ АДАМДЫ ҰСТАП БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Android мобильдік платформасындағы Сот кабинеті мобильдік қосымшасы
Дәлелдеу процесінің жалпы сипаттамасы
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері
Қылмыстық процестегі дәлелдеу процесі және оның сатылары
Сот практикасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Қылмыстық процестің сатылары мен нысандары
Өлу диагнозын қою
Өлім және өлікті сот-медицина тұрғысынан зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz