Ғасыр шайқасы - аңырақай
ЖОСПАР
Ғасыр шайқасы – аңырақай 2
1. Қайғылы да қасіретті кезең 2
2. Итішпес Алакөл қайда? 3
3. Аңырақай туралы не білеміз? 4
4. Аңырақай шайқасындағы жекпе-жек. 6
5. Ғасыр шайқасы – Аңырақай. 10
Қорытынды 10
Ғасыр шайқасы – аңырақай
1. Қайғылы да қасіретті кезең
"Ақтабан шұбырынды" оқиғасы туралы кезінде Мәшһүр Жүсіп, Мұқамбетжан
Тынышпаев қалам тартып, деректер негізінде еңбектер жазғаны мәлім. Одан
кейінгі ірі тарихи оқиға Ордабасындағы үш жүздің бас қосқан құрылтайы. Отан
тарихында ел бірлігін баянды еткен бұл жиын туралы да ғалымдар ізденіс
жасап бірсыдырғы зерттеулер жүргізді.
"Ақтабан шұбырындыдан" кейін босқын халықты Жиделі Байсын жерінен Шу
асып, Арқаға жеткізген Шақшақұлы Жәнібек еді. Үш жүз қосынының қолбасшысы
Қанжығалы Бөгенбай ұран тастап, Ұлытауда бас қосып, сарбаздарға темір
қаздырып, Дархан ұстаның басшылығымен біздің жыл санауымыздан бұрын қалған
балқыту пештерін қалпына келтіріп, темір балқытып, болат қорытады.
Ордабасындағы шешім бойынша 1727 (1728) жылы көктемде Ұлытаудан
басталып ағатын Бұланты (ертеде бұлан аулаған) және Білеуті (қайрақ тас)
өзендерінің арасынан созылған Қарасиыр жазығында үш жүздің қолы қалмақ
әскерін ойсырата жеңді. Алғашқы "Қалмаққырылған" атанған төбе осы айқас
даласында. Әубәкір Диваев "Көк кесене" атты еңбегіде Орта жүз қанға батып,
қасіретке кездескен жылдары Кіші жүздің батыры Тайлақ, оның жиені, Ұлы
жүздің батыры Саңрық үш жыл аттан түспей, егескен жаумен атысып, Бұланты
шайқасында ерліктерімен көзге түскенін атап көрсеткен. Атақты Қожаберген
жырау олардың құралайды көзінен ататын мерген екендігін "Елім-ай"
дастанында жырлаған. Бұланты айқасы Ұлы Отан соғысының тарихында түбегейлі
бетбұрысты бастап берді. "Ақтабан шұбырындыға" ұшырап пұшайман болған қазақ
халқы тұтасып, бірігіп қарсы тұрса жоңғарларды жеңуге болатынына, туған
жерін қайтара алатынына көзі жетті.
М. Тынышпаевтың айтуынша, Аңырақай шайқасы 1730 жылдың көктеміне дейін
болған. Аңырақай шайқасы туралы кезінде ел арасындағы аңыздарды Ә.Диваев
жинаған. Ол аңыздың бірінде (Дулат арасындағы) Сырдарияның Шыршыққа құйылар
тұсынан өтіп, Қазығұрттың батысынан Келес-Бадам жотасы арқылы Ұлы жүздің
қолы, олардан терісірек Орта жүз қолы, Қаратаудың батыс беткейінен Кіші жүз
қолы Iле бойына құлаған.
М.Тынышпаев осы аңызға сүйеніп, жергілікті топонимиканың көмегімен ұлы
шайқастың панорамасын жасауға тырысқан.
Әбілхайыр хан аты бұл маңда екі рет кездеседі. Бірі Балқаштың
оңтүстігінде, екінші рет Подгорное, Ақыртөбе станцияларының түбінде
Әбілхайыр сайы бар. Осыған сүйеніп, ғалым М.Тынышпаев ұрыс аясының шеңберін
Балқаш, Әбілхайыр тауы, Хантау, Аңырақай тауы, Подгорное, Әбілхайыр сайы,
Ордабасы көлемінде қарайды. Көз алдыңызға радиусы 150-200 км болатын соғыс
даласы келеді. Біздің заманымызға жеткен аңыздың бірінде 1730 - "ит жылының
көктемінде Арғанатыға (Ұлытау) жинал" деген ұран жеткен. Көктемде үш жүзден
40 мың қол жиналған. Одан бұрын Ордабасыда басқолбасшы болып хан тұқымынан
Әбілхайыр атанғаны, қарадан баһадүр Қанжығалы Бөгенбай сайланғаны мәлім.
Ұрыс даласына қазақ әскері алдын ала орналасқанға ұқсайды. Балхаш көлінің
оңтүстігінде Әбілхайыр тауы атанған жотада Кіші жүз қолы орналасты деп
болжамдауға болады. Әбілқайыр ханның қолы қазақ қосынының жартысынан астамы
еді.
2. Итішпес Алакөл қайда?
Аңырақай шайқасы өткен жер туралы деректер жинаған Әубәкір Диваев пен
Мұқаметжан Тынышпаев. Олар негізінен аңыз жинаған. Ал М.Тынышпаев 20-шы
жылдардың аяғында бұл өлкені Түрксибті салу барысында өте мұқият зерттеген.
Ұлы тарихшының асқан дәлдікпен Аңырақай Балқаш көлінің оңтүстік шығысында
120 шақырым (верст) деп көрсетуі сондықтан.
Осыған қарамай өзін осы проблеманы зерттеуші деп санайтын журналист
Бақтияр Әбілдәұлы "Итішпестің Алакөлі Балқаштың оңтүстігінде 120 шақырым
жерде деген байламға тоқталу керек" деп, Аңырақай тауының түбіндегі
көктемде толып, жазда солып қалатын бір Сорқұдық деген алақандай сортаң
жерді атайды. Сөйтіп, ол М.Тынышпаевты "түзетіп", оның айтқан байламын
аяғынан төңкіреп, басымен қояды.
Бақтияр Әбілдәұлы бұл тезисті дәлелдеу үшін қулыққа салады, сан
ғасырлық әдебиетті күәлікке тартады. "Зерттеушіні" тыңдап көрейік: "172930
жылдары қазіргі Балқаштың іргесіндегі Алакөл өз алдына көл болмаған. Бұған
М.Х. Дулаттың "Тарихи Рашиди" атты кітабының Ташкентте 1996 жылы
жарияланған нұсқасының 461-ші бетінде Көкше теңіздің, яғни Балқаштың суы
тұщы болғандықтан бетіне мұз қатып, жұрт оның үстінен екі күн, екі түн ары-
бері өтіп жататындығы жазылғандығы суы ащы қазіргі Алакөлдің жоқ екендігіне
ескерту сияқты. Суы тұщы Балқаштың мұндағыға дейін солай болып келгендігін
академик Л.С. Берг 1903 жылы зерттеу барысында "оно до недавного времени
было пресным" деген қорытындысында көрсетеді. Мұны "Тарихи Рашиди"
кітабынан 663-ші беттегі түсіндірмеден оқуға болады. Сондықтан қазір
Балқаштан қолсозым жердегі суы ащы Алакөлді Итішпес деп айту шындыққа үш
қайнаса да сорпасы қосылмайтын нәрсе.
Сондай-ақ бұған Шоқан Уәлиханов "Қазақ тарихының Геродоты" деп
бағалаған А.И.Левшиннің 1832 жылы жариялаған "Описание киргиз-казацьих или
киргиз-кайсацких орд и степей" деген кітабына қосымша картада да қазіргі
Балқашқа іргелес Алакөлдің түспегендігіне көз жеткізуге болады. А.И. Левшин
Балқаш өзенін суреттеген бетте Сасық яки Алақтыкөл және Алакөл туралы бұрын
олар бірге болғандығын атап көрсетеді. 1757 жылы жоңғар қалмақтарын қырып
салған Қытай императоры Цянь-Лун және европалық миссионерлер жасаған
карталарда Балқаштың тұтас бір көл болғандығын А.И. Левшин анықтап жазған.
Бұл жөнінде оның Алматының "Санат" баспасынан 1997 жылы шыққан кітабынан
және оған қосымша картадан анық байқауға болады"[1].
Б. Әбілдәұлының қатесі неде?
Біріншіден, Балқаш көлінің даму динамикасын М.Х. Дулати зерттеді деп
кім айтыпты?
Екіншіден, Балқаш көлінің суы негізінен тұщы, сөз тек оның оңтүстік-
шығысындағы шығанағы туралы болып отыр.
Үшіншіден, Левшин, одан қалды Л.С. Берг Итішпес Алакөл мәселесін жеке
қараған ғалымдар емес, олар өз алдына мұндай проблеманы қоймаған.
Төртіншіден, Балқаш көлінің конфигурациясы, оның болмысы ғасырлар бойы
өзгеріп, құбылып тұрған.
Картографиялық материал бойынша Алакөл Балқаштың суы көп жылдары
шығанақ, ал аз жылдары бөлініп қалған көл болатынын анық байқатады. Мысалы,
Брокгауз, Ефронның "Энциклопедиялық сөздігіндегі "Карта Туркестана и части
русских владений в Средней Азии" деген картада Балхаш көлінің қасында
Алакөл жеке берілген. ХХ ғ. басында Жетісу өлкесін зерттеген (П.П. Румянцев
басқарған) экспедиция материалдарының IV томында (Верный үйезі) өзінің
зерттеу қорытындысында Балқаш көлінің оңтүстік шығысында Алакөл деген
шығанағы бары айтылып қана қоймай, картасы да берілген. "Вода в Алакуле
горько-соленое,..а в верстах в 15-20 от берега вода уже пресная или почти
пресная"[2].
Шығанақтың маңы толған ақтаңдақ сорлар, сондай сордың бірі -
Қашқарбайтұз, онда тұз өндірген, Әулиеата, Пішпек, Верный үйездеріне онан
шығарған тұзды керуенмен тасыған. Кітапта түйелерге тұз артып апара жатқан
сауда керуенінің суреті де бар. П.П. Румянцев экспедициясы Алакөл шығанағы
қандай екенін ашып көрсеткен: "На урочищах Батпакин и Аиргизен, - говорится
в нем, - берега Алакуля открытые, только кое-где у самой воды растет и на
отмелях, частью покрытых водой. Таковы же берега и видимых островов.
Западнее названных урочищ берега каменистая, здесь же камни попадаются
только изредка. Восточнее – берега неизмененные, заросли камыша (вернее,
тростника) становятся гуще и выше, а ближе к Топару, протоку Или,
начинаются сплошная прибалхашская "джунгли". Уровень воды в Алакуль очень
изменчив, что хорошо видно по линии прибоя"[3].
Переселен басқармасы жүргізген бұл зерттеуде Алакөлде көптеген аралдар
барын, ал олардың бедері (рельефі) Балқаштың оңтүстігіне шектес адырлы
төбелерге ұқсастығын айта келіп, кезінде сол құрғап қалған жерлерде
Балхаштың түбі болған деген болжам айтқан.
3. Аңырақай туралы не білеміз?
Егер Итішпес Алакөл туралы пікір таласы болса, ұрыс даласының Аңырақай
тауы маңында болғаны даусыз.
"Аңырақай-Айтау жүйесіне кіретін Шу-Iле су айырығының орталық
бөлігіндегі тау массиві. Ұзындығы – 75 км, ені – 5 км, биіктігі – 1060 м.
Аңырақай шөлейт далалы, қоңыр топырақты, жусан, бетеге, селеу, қараған,
тобылғы өсетін, мал жайылымына ыңғайлы кең алқап.."[4].
Аңырақай тауының батысында Құлжабасы (Бозжорғажол) жоталары аралығында
Қараой жазығы жатыр. Жазықты Аңырақайдан Сарыбастау, Қаражарық, Даланқара
жоталары бөліп тұр. Аңырақайдың Iле бетінде Қопалысай, Қаракемерсай,
Айналымсай, Сарыбұлақсайлары ылдилап, Бестамақ жолына қосылады. Ақсүйекке
қарай Жусан даланы бөктерлеп, созылған плато-жазық Құланжетпес қойнауына
жетпей Алакөлге, Балқаштың қалың сорына тіреледі. Ұрыс даласы осы
Аңырақайдың батыс жағында болғанға ұқсайды. Шу-Iле су айырығына жататын
Аңырақайдың Хантау беті - шығысы Жетісу өңірін зерттеген арнайы экспедиция
атап көрсеткендей, негізінен ұсақ қойтастарға, одан қалды жер бетіне шығып
жатқан құйма тастарға (сланецтерге) толы. Балқаштан Хантауға тартылған қан
арық жатыр. Ол аңыз бойынша Жошы хан аң аулау кезінде құлан теуіп өлгеннен
кейін Шыңғыстың әмірімен қазылған. Аңырақай соғысынан 177 жыл өткеніннің
өзінде тереңдігі 1 м 20 см, көлдеңі екі метрге жуық, ордың екі бетіне де
шөп өскен, қасына келгенше көрінбейді. Ендеше қазақ батырларының ұрыс
даласы қылып, Аңырақайдың Iле беті Ақсүйек сайына дейін көлбеген дала
жазығын таңдап алды деп толық айтуға болады.
Сөз жоқ, Аңырақай тауы деген ұғым кең, шайқас оның оңында да, солында
да болуы мүмкін. Бірақ, бір еске алар жай Аңырақай тауының Iле бетінің
бірнеше қолайлы жақтары бар: Аңырақай тауының Iле беті құлама, шатқалдары
қойнау сайларға ұласады. Оған әскер ұстау мүмкіндігі мол. Аңырақай тауының
Iле беті сыңғырлап аққан бұлақтарға толы тау етегінде Сарыбұлақ өзені
ағады. Қазақ қосынында 100 мың ат болды деп жорамалдасақ, оларды Iле бойы,
Жусан дала, тау қойнауларында бағуға мүмкіншілік мол. Сонымен ұрыс Қараой,
шығысы Қанарық, батысы Iле, оңтүстік шығысы Итішпес Алакөл-Ақсүйек. Қазақ
қосынының оперативтік кеңістігі мол, жаудың арты Итішпес Алакөл, оңы мен
солы ор мен сор.
Ақсүйек сайының Балқаш жағындағы қыраттың Әбілхайыр тауы аталуы тегін
емес. Ақсүйек сайын қуалай жауды тықсырып, оның ту сыртынан - қапталдан
алып, Итішпес Алакөлге шегінуге мәжбүр етерлік басқолбасшының қосымша
қосыны орналасуы әбден ықтимал.
Аңырақай тауының төбесінде үлкен кратер бар. Зерттеуші, Аңырақай
тауында балалық шағы өткен Қасқабай Мұқанұлының айтуы бойынша оған бес отар
қой сияды екен. Ол болса қазақ қосыны үшін пайдаланатын тағы бір мүмкіндік.
Хантау – Аңырақай – Әбілхайыр тауы ұрыс даласының үш биік нүктелері.
Қазақ қосынының ставкалары біріншіден, ұрыс даласына шолу жасауға жеңіл,
екіншіден, ұрыс майданын үйлестіруге орайлы қарауылтөбелердің байланысына
ыңғайлы. Бір сөзбен айтсақ: Аңырақай даласы қазақ-қалмақ айқасында қазақ
қосынына географиялық факторды барынша пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл
болса Әбілхайыр ханның, қанжығалы Бөгенбайдың ұлы қолбасшылар екендігін
көрсетеді.
Жер аты неге Аңырақай деп аталды?
Бұған ел арасында екі түрлі түсінік бар. Бірі – жаудың сағы сынып,
бағы тайып, жеңілгені сонша ұрыс алаңын аңырап басына көтерген. Екіншісі -
Қапшағай тауын жарып, ен далаға құлап аққан сарқырама Аңырақай ағысы
аталады екен. Ал шындығына келсек екі таудың ортасында созылып жатқан
жазықта жылдың өтпелі кезеңдерінде (күзде, қыста) аңырап өкпек жел еседі.
Қазақ сахарасында бірнеше Аңырақ, Аңырақайлар болуы содан болса керек.
Қалай болғанда да Аңырақай даласы Аңырақай тауы мен Iленің ортасын алып,
Итішпес Алакөлге көсілген Жусандала жазығына ұласады.
Кейбір басылымдарда Аңырақ қалмақ батыры, соның есімімен жер аталады-
мыс деп көрсетіледі.
Қазақ-қалмақ соғысы Аңырақай түбінде қазақ жеңісімен аяқталды. Ендеше
қазақ неге ол жер атын жаудың атымен атауы керек? Жауын дәріптеп, не оны
жоқтап, жауына жер атауын беретін халқымыз сондай сорлы ма еді? Егер дәл
осындай салт болса, орыстар "Бородиноны" "Наполеон" деп неге атамады? Ұлы
Отан соғысынан кейін Сталинград - "Гитлероград" аталуы мүмкін бе? Жаудың
атымен аталған жерлер болуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz