ҚАЗАҚ ТЕРМИНІ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТЕРМИНІ ТУРАЛЫ
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уақыт бойы қазақ терминінің шығуын
түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылған
көзқарастар ауқымы өте кең, мейлінше иланымды ғылыми болжамдардан қиыннан
қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. Алайда, казақ сөзін
түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алған жоқ.,
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ
халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою
едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде
қазақ терминіне әйтеуір бір қатысы бар жарияланымдар пайда болды. Бірен-
сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кездерде
айтылған кезқарастарға негізделген.
Қазақ атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің
едәуір белігі тайпа атауына терминологиялық сәйкестікті іздестіру жолына
түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұл әдістемелік тәсіл, зерттеушілік
практиканың көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық
дәрежесі туралы неғұрлым айқын тұжырымдар жасау үшін әлі де көп
жеткіліксіз. Қазақ сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағынан
едәуір алыс жерлерден тапқаны аз кездеспейді. Бүл орайда олардың этникалық
байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипаттағы жүйелі
сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді.
Тарихнамада қабылданған ұқсастыру жөнінде мынадай негізгі болжамдар бар.
Н. М. Карамзин мен А. Вамберидің ізімен зерттеушілер көбінесе Византия
императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдың орта шені) Кавказдын,
солтүстік-батысында жатқан Казахия елі деп айтқан мәліметтерін келтіреді.
Айтылуының үндестігі негізінде авторлар Казахия терминінде казақ этнонимі
көрініс тапқан деп санайды. Сөйтіп осы негізде қазақ халқы X ғасырдан
бастап белгілі болган деген тұжырым жасалады. Казахия деп оқудың
дұрыстығына қатысты біз түзету жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада
(грекше) екінші сөзде дзета (з) емес, қайта сигма (с) берілген. Демек
елдің атауы Касахия деп оқылуға тиіс. Константин Багрянородныйдын хабарын
түсіндіре келіп, В. Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын әбден
айқын көрсеткен . Казахия және қазақ халқы атауын ұқсастыру тарихшылардың
қосымша материалдар, атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша
деректемелерінен алынған материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті. Мәселен,
араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ.) Китаб ат-танбих ва-ль-
ишраф деген шығармасында Кубань өзені ауданындағы кавказ халықтары мен
тайпаларынын, атаулары арасында кашак этникалық қауымы — әл-касакия74 атап
өтіледі. Көрнекті неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі терминнің бір
ғана этнос-касогтардың атауын беретіндігін көрсетгі75. Кім жазғаны белгісіз
парсы тілді Худуд әл-алам деген географиялық еңбектің (X ғ.) аландар
өлкесі туралы хабарлары да қарастырылып отырған тақырып аясына жатады, онда
Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг қаласы, әдебиетте жазылып
жүргеніндей, этникалық қауым емес, нақ қала туралы деректер келтіріледі.
Касогтар туралы орыс жылнамаларында да айтылады. Повесть временных лет
шығармасында Кубань өзенінің оңтүстігінде орыс княздары Святослав (965 ж.)
пен Мстис-лавтың (1022 ж.) касогтармен жүргізген соғыстары туралы ақпарат
бар . Касог термині бірінші рет VIII ғасырдың аяғы - IX ғасырдың басында
монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия,
касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғасырлардағы белгілі бір шағын
кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері
болып табылады деген тұжырым шығады. Кавказтанушылар касогтарды (ертедегі
грузин ескерткіштерінде кашаг түрінде белгілі) Кіші Азияның хет-то-несит
дәуіріндегі каскакашка этнонимімен көптен бері жақындастырып жүр. Осыдан
касогтардың қазақтарға қосылысы туралы көзқарас қаншалықты ақталған және
дәлелденген деген заңды сұрақ туады. Қазақ этнонимінің касог, касахия
(казахия?) атауымен байланысы туралы пікір -мейлінше декларативтік
сипаттағы пікір, олардың арасында ешқандай тарихи сәйкестік болмаса да, ол
пікір сөздердің үндестігінен туындайтын болжамға негізделген. Касогтар
автохтондық кавказ тілдерінің біреуінде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының
ерекше кіші тобына кірген. Тілі, шыққан тегі, тұрмыс жағдайы және дене
тұрпатының ерекшеліктері жағынан олардың қазақтардан және олардың түркі
тілдес ата-бабаларынан айырмашылығы күшті. Касогтардың этникалық бөліну
процестері және соларға байланысты Кавказдан орта ғасырлар дәуірінде
Қазақстан аумағына көшуі байқалған жоқ. Касогтардың көршілері Балқанға
барып қоныс теуіп, оған қазіргі Болгария атағын берген ертедегі түркі
тілдес бұлғарлардың тарихи аренада атқарғаны сияқты рөл оларға берілмеді.
Сондықтан касогтардың қазақтармен байланысы туралы пікір ешқандай сын
көтермейді. Әдебиетте қазақ сөзін араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи айтады-
мыс деген (3. В. Тоганға сілтеме жасайтын көзқарас та бар. Біз денқойып
отырған термин Арран мен Дағыстанда хазарларға қарсы соғыс жүргізген араб
қолбасшысы Марванға арналған Китаб әл- футух тарихи шығармасында (IX
ғасырдың аяғы - X ғасырдың басы) айтылады. Еңбектің түпнұсқасында былай деп
жазылған: 736 жылы Марван Касак (қазақ емес. — Ред.) деп аталатын жерде
қыстап шықты, Кура өзенінен өтіп, Шаки қаласына беттеді78. Контекстен әл-
Куфидің туындысында қазақ термині болмағаны, бірақ Үлкен Кавказдың таулы
ауданында, Азербайжанның батысында орналасқан Касак деген жердің аталатыны
көрінеді. Касак және қазақ терминдерін VIII ғасырдағы хронологиялық
проблемаларға байланысты ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен алшақ жатқан
тарихи, географиялық және шаруашылық-мәдени өлшемдер кешені бойынша да
салғастыруға болмайды.
Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды көрсете
кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың хасаг-терген деген сөз
тіркесінен шығарады. Қасиетті жылнамада (XIII ғ.) айтылатын бұл қоссөзді
ұғым арбаны білдірген79. Иранист А. А. Семенов қолдаған бұл көзқарастың еш
дәлелі жоқ80. Оның иланымды болмайтын себебі - синхрондық тұрғыдан алғанда
да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да хасаг-терген термині
Қазақстанды мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде
көрініс таппаған81.
Енисейден табылған VIII ғасырдағы ертедегі түрік ескерткішінен В. В. Радлов
қазғақым оғлым (менің асырап алған ұлдарым)82 деген тіркесті оқыған,
Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар қазғақ және қазақ
терминдері мәндерінің жақындығы негізінде В. П. Юдин бұл сөздерді
салыстыруға болады деген. Зерттеушінің пікірінше, қазғақым ұғымындағы ғ
дыбысының VII—VIII ғасырларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден
мүмкін, ал кейініректе түсіп қалып, бұл сөздің қазақ түріне ие болуы
ықтимал. Ол қазғақ түріндегі қазақ терминін кейіннен этникалық мағынаға
ие болған саяси мәні жағынан алып қараған83 Бұл көзқарас түркі тілдерінің
тарихи фонетикасының заңдылықтарымен үйлеспейтіндігі себепті ол бұдан кейін
мамандар тобынан қолдау таппады.
Сонымен бірге нарративтік деректемелердің басқа материалдары негізіңде
Қазақстан аумағы шегінде шоғырланған бірнеше салыстырулар жасалды. Олардың
бірі үш қарлұқ тайпасының хасактар (хаски) деп оқылуы жөнінде И.
Маркварт84 айтқан пікір болып табылады, зерттеушілер соңғыларын қазақтармен
салыстырды. Бірқатар авторлар қазіргі кезде де осы көзқарасты ұстанғанымен,
оны дәлелденген деп санауға болмайды. Тоғыз қарлұқ тайпасының атауларын
XIII ғасырдағы парсы тілдес әдебиетші АуфидіңДжавами әл-хикаят ва лавами
ар-риваят антологиясының көрінеу бұрмаланған мәтіні бойынша Маркварт
ұсынғандай оқу алдын ала, сындарлы емес сипатта болды. Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанда мекендеген қарлұқ конфедерациясы туралы қарастырылып отырған
мәліметтер IX—X ғасырларға жатады. Неғұрлым ертеректегі жазбаша
ескерткіштерден, атап айтқанда, әл-Марвазидің арабша географиялық еңбегінен
алынған материаддарға В. Минорскийдің текстологиялық және салыстырмалы-
тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық құрамы жөніндегі контекстің
оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бүл ретте, хасактардың орнына
баскиль деген негізделген коньюнктура енгізілді85.
Араб саяхатшысы Әбу Дулафтың шығармасында қазлақ түрінде қазақ
этнонимі айтылады деген пікірді көрінеу негізсіз деп санау керек. Әбу Дулаф
X ғасырдың орта шенінде Қазақстан аумағы арқылы батысынан шығысына қарай
Қытайға жол жүріп өткен. Түркі тайпаларына арналған Рисалада баяндалған
саяхат туралы естеліктерін орыс тіліне Н. Н. Пантусов аударды. Аударма
мәтінінде хазлақ86 деген этникалық атау айтылған, ол исламдық қазлақ
үшін прототипке айналып, сонан соң бейнебір қазақ түрін алған. Сонымен
бірге Н. Н. Пантусовтың харлұқ деудің орнына хазлақ сөзін дұрыс
оқымағанын көрсете кету қажет, қарлұқ атауының жазылуы орта ғасырлардағы
араб әдебиетінде солай берілген. Сол арқылы қарлұқтар мен қазақтар арасына
тендік белгісі қойылған, бұл біліктілік емес;
Фирдоусидің (935—1020) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнология ғылымының тарихы
Ақпараттың қасиеттері
Ақпарат туралы түсінік
Химия тілі және оның маңызы
АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Екілік сандар алфавиті
Ислам мәдениетінің қалыптасуы
Информатиканың тарихы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы ақпарат
Жеке монографиялық зерттеу әдісі
Пәндер