Қазақ ұлтының және Қазақ мемлекетінің құрылуы мен нығаюы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлтының және Қазақ
мемлекетінің құрылуы мен нығаюы
(XV—XVIII ғасырдың I жартысы)

1) "Қазақ" сөзінің хатқа түсу тарихы

Қазақ халқының қалыптасуы қазақ мемлекетінің қүрылып нығаю тарихына
кіріспес бұрын "қазақ" сөзінің шығу төркініне біраз тоқталып өткеніміз жөн
болар деп есептейміз.
Қазақ этнонимінің шығу тарихы әлі күнге дейін зерт-теушілер арасында
талас тудырып келеді. Бүл термин деректемелерде алғашында әлеуметтік
мағынада қол-данылып, академик В. В. Бартольдтың айтуынша "қазақ" сөзінің
төркіні: "өз мемлекетінен, тайпасынан, руынан бөлініп, ғажайып оқиғалы өмір
жолын қууга мәжбүр болган адамдарды" білдірген.
Мемлекет дегеніміз — жария өкіметтін, пайда болуы мен оның іс-
әрекетінің нэтижесі ретінде қалыптасқан қоғам өмірін үйымдастырудың
формасы. Мемлекеттің негізгі белгілері:
1) мемлекет билік жүргізетін белгілі бір жер аумағының болуы;
2) мемлекеттік көлемде белгілі бір ұлттың, ¥лттық мемлекеттіц
қалыптасу процесініц аяқталуы;
3) басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы, бұл
жүйеде зорлық аппаратының — армия, полиция, сот тағы басқа айрықша
түрлерінің болуы;
4) қоғамдык, қарым-қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы;
5) хандық мемлекеттің ерекшелігі, ол қоғамдағы жоғарғы өкімет
билігіне (суверендік құқыққа) ие болуы. Мемлекеттік жоғарғы өкімет билігіне
(суверендік құқыққа) ие болуы. Мемлекеттік жоғарғы өкімет билігінің күші
сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық үйымдар-ды қамтиды. Хан өзін
тудырған экономикалық қүрылысты сақтап қалуға және нығайтуға тырысады.
Казақ мемлекеті шамамен 1465—1466 жылдары қүрылды. Көшіп барған Жәнібек пен
Керей басқарған саяси топты білдіру үшін қолданылды. Ол алғашқыда "өзбек-
қазақтар", кейін "қазақтар" деп аталған. XV ғасырда "езбектер" және
"қазақтар" деген терминнің этникалық мәні болған жоқ, тек Шығыс Дешті
Қыпшақтағы түркі тайпаларының саяси тобын ғана білдірді. XVI ғасырдың
басында Ибн Руз-бехан Исфаһани: "Өзбектерге үш халық немесе тайпа жатады...
Олардың біреуі — Шайбани әулеті, екінші халық — қайратымен және ер
жүректігімен дүние жүзіне даңқы жайылған қазақтар және үшінші халық — Хаджи-
Тархан (Астрахань) патшасы болып отырған маңғыттар. Осы үш халықтың хандары
бір-бірімен дұшпан және біріне бірі озбырлық жасап отырады"1 деп жазды.
"Қазақ ССР тари-хы": "Қазақ" этнонимінің шығуы туралы мәселеге ғылымда әлі
дәл, тоқ етер жауап жоқ"2 деп тұжырымдады. Мұндай проблема тек қазақ
қауымының басында емес, көршілес өзбекте, орыста да бар. XVIII—XIX
ғасырлардағы орыс тарихы "русь" этнонимінің мәнін анықтау жолындағы
ізденістерге толы. Әр саққа жүгірткен ала-құла алшақ пікірлер де аз
болмаған. Осындай бір қызу пікір таласының тұсында орыстың үлы ғалымы М. В.
Ломоносовтың қиянатқа шыдамай кетіп, қыруар жұмысын жинап қойып тарихпен
шұғылданғаны бар. "Неге бұлай істедің?" деген әріптестерінің сауалына:
"Ұлттық сананы қалыптастыруда тарихтың атқаратын міндетін өзге бірде-бір
ғылым атқара алмайды"3 деп жауап қайтарған. Бұл орайдағы айтыс бүгінгі
күнге дейін басылған жоқ, оқта-текте болса да әлі сөз болып қалып жүр.
Ендеше, "қазақ" атауы туралы қазақ есіміне байланысты жер-су аттары
республикамыздан тыс топырақтарда: Әзірбайжан, Украина, Дон — Днепр
аралықтарында жиі ұшырасады. Бір кезде қазақ аталған шеркештер қазір
өздерінің ежелгі есімдерін ұмыттты. Орыс қауымының құрамындағы казактар да
этникалық оқшаулықтан айырыла бастады. Бұл күнде "қазақ" этнониміне жалғыз
ғана мұрагер қазақ халқы болып отыр.
Қазақтың аты баяғыда хатқа түскен ежелгі халық екені жөнінде X—XI ғасырда
емір сүрген тәжік ақыны Фирдоусидің1 "Шаһнаме" дастаны — бізге бұлтартпас
дерек ретінде нақты хабар жеткізген еңбек.
"Шаһнама" мәліметін зерттеп, шындыққа әлемнің көзін ашқан ғалым А. Вамбери.
Ол 1885 жылы "Түркі халықтарының этнологиясы мен этнографиясы" атты неміс
тілінде зерттеу жазып, қазақ есімі IX—X ғасырларда болғанын әдеби, тарихи
деректермен дәлелдеп берді. Онда былай делінген: "Қазақ, қазақ хандығы
деген ел Көк теңіздің (Арал теңізі) солтүстігін мекендеп отырған күшті әрі
көп санды жұрт екендігі айтылады. Қазақтар Тұранның қастасы Иранды
қорқытпақ болады".
В. В. Вельяминов-Зернов жинаған мәліметтерде "1356 жылы қазақтар
Мауереннаһрға шабуыл жасады" деген дерек бар3. Осы автордың айтуынша:
"Мұсылман әлемінде" деген газеттің 1911 жылғы шілденің 22-сіндегі 14
санында 1397 жылы Қырымнан Литваға ауып барған татарлар өздерін қазақпыз
дегені туралы мәлімет келтіріледі4.
1185 жылы бір оқиға туралы Лаврентев жылнамасында мынадай дерек бар: "Они
же половцы казаше рекуще — Пойдете по свою братью, аль мы идем по свою
братью к вам"5. Осыған орай Н. М. Карамзин арқылы жеткен мына бір мәліметті
де ойда ұстаған жөн. Оңтүстік орыс даласына монғолдар келгенге дейін
"торктер мен берендейлер өздерін черкеспіз, қазақпыз"1 деп атаған. Бұл
черкеспіз, қазақпыз дегендер кейбір тарихшылар пайымдағандай, бір ұғым
емес, керісінше, қазақ, черкес тайпаларының бұрыннан бірге өмір сүріп келе
жатқанын білдіретін егіз-қатар ұғым. Монғол шапқыншылығына дейін-ақ торк
пен берендейлер елдерін қазақ деп, 1185 жылы қыпшақтар қазақша сейлеген
болса, ендеше монғол шапқыншылығьша дейін-ақ қыпшақтар өздерін қазақ
қауымына қоса бастаған. Қазақ атауы әуелі қыпшақтарға, сонан соң біртіндеп
сол төңіректегі түркі тайпаларына жайылған да, XIV ғасырда Қырым, Азов,
Қазан шеңберіндегі қалың жұрт қазақ атана бастаған. Қазақтар туралы арнайы
қалам тарткан әсіресе — XVI ғасырдың авторы Ибн Рузбехан Исфаһани2 еді.
Шамамен алғанда XIV ғасырдың 50—60-жылдары Ақ Орданы мекендеген тайпалар
дәстүрлі "қыпшақтар" деген атының орнына "өзбектер" деп жиі атала бастады.
Ибн Рузбехан Ис-фаһани өзбектерге үш халықты, анығын айтқанда, саяси
бағдарына қарай бөлінген тайпалардың үш тобын жатқызды: "олардың біріншісі
"шайбандықтар" деп аталады, бұл қыпшақ тайпаларының немесе оның
бөлімшелерінің Мұхаммед Шайбаниге бағынған бір тармағы, екіншісі "қазақ"
деп аталды, Бұл Еділден Сырдарияға дейінгі ұлан-байтақ далада көшіп-қонып
жүрген алғашқы қазақ хаңдарының қол астындағылар, үшіншісі "маңғыт" деп
аталды, бұл топ Ноғай ордасының бір бөлігін қамтиды. Қазақ хандығының
құрылуымен байланысты жинақтаушы этникалық саяси ұғым өзгерді. Қалыптасқан
халықты деректемелерде "өзбек-қазақ", кейін "қазақ" деп атай бастады. Өзбек
ұғымы Мұхаммед Шайбанидің бастауымен Орта Азия жер аумағына ауысқан
тайпалар бірлестігінің этнониміне айналды"'
XVI ғасырдың авторы Мұхаммед Хайдар Дулатидің түжырымы аталмыш жайларды
тағы да анықтай түсетін сияқты. Ол өзінің 1541—1542 жылдары аяқтаған "Тарих-
ир-Рашиди" атты еңбегінде былай деген: "Сөйтіп, Керей мен Жәнібек өзінің
қабырғалы қалың елінен ірге айырып, қашып-пысып, біраз уақыт қаңғырып,
тентіреп жүрді, оларды қазақ деп атады, ақыры сол атқа мұрагер болды".
Ал Шараф-ад-Дин Әли Иезди Дешті Қыпшақты әскери түрде күзетіп отырған
қауымды "Уала-иш-Шатур қазақ"4 деп атаған. Қазақ аты аталып, олардың түрмыс-
тіршілік қарекетін баяндаған шығармалар осы тұста аз емес. Ал жоғарыдағы
деректерден байқайтынымыз — "қазақ" атауының этноним ретінде дүниеге келе
бастауының басы ашықтығы. "Қазақ ССР тарихы": "Қазақ этнонимінің шығуы
туралы мәселеге ғылымда әлі дәл, тоқ етер жауап жоқ" деп күйзелгенімен,
қазақ этнонимінің пайда болуын осы тұстардан (X—XII ғасырлардан) іздеген
сыңай аңғартады.
"Қазақ" сөзінің, қазақ ұлтының Қазақ хандығы құрылғаннан көп бұрын белгілі
болғанын көреміз. Қазақ аты көне дәуірде-ақ алыс-жақын іргелес жұрттарға
танымал болғаны акиқат. Қазақ хандығы өз есімін аспаннан алған жоқ,
солардан алды, ол туралы деректемелердегі фактілер де жетерлік. 1240 жылы
хатталған монғолдың "Сырлы қазынасында" халқымыздың есімі "касаг" болып
жазылған.

Қарақорымдағы монғол жылнамашылары байырғы түбірді бұрмаламай дүрыс
сақтап жазған. Осы кезеңнің екінші бір күмән туғызбайтын елеулі деректемесі
— "Араб-қыпшақ сөздігі". Ол 1245 жылы жасалған. Міне, осы сөздікте "қазақ"
атауына кең түрде жан-жақты түсінік берілген. Ал 1223 жылғы монғолдармен
болған Қалқа соғысын баяндайтын тұсында былай дейді: "Кавказды асып келіп,
оңтүстік Ресейге соқтыққан Шығыс басқыншылары бұдан бұрын қазақты шапты"'.
Бүл деректер қазақ бұрын болмаған, түркілер мен монғолдардың арасынан
шыққан, өткен-кеткені жоқ, балаң халық деген құлаққа әбден сіңісті ұғымды
өзгертеді және көне заманнан қалыптасқан халық екенімізге дәлел болады.
Орта ғасырда қазақ аты хатқа түскен әрідегі дерек деп VIII ғасырдың аяғы IX
ғасырдың басындағы грек монахы Епифанийдің хабарын айтуға болады. Ол ұзақ
жазбаған, Кавказда "касогдиание" деген халық бар деп қысқа ғана қайырған.
Ескерте кететін бір жайт: касогдиание (Епифаний), кашак (Масуди, Нестор),
касог (орыс жылнамалары) — әр ұлттың тіл ерекшелігіне қарай әр түрлі
жазылған бір сөз —"қазақ" сөзі. Осы пікірді В.В. Радловта қолдайды.
Түрколог А. Н. Бернштам қазақ атауы X ғасырда рулық-этникалық мағына
білдірді деп тұжырымдады2.
В. Ф. Шахматов, М. Ақынжанов, С. В. Юшковтар өз еңбектерінде жоғарыдағы
пікірлерді қуаттады. Әлкей Марғұлан 70-жылдары "Таңбалы тас жазулары"3 атты
мақала жариялап, сөз етіп отырған тақырыбымызға қатысты ойларын ортаға
салган. В. Ф. Минорскийдің зерттеуінше қазақтар селжук дәуірінде (IX ғ.)
шыға бастаған. Ту баста "қазақ" сезін араб жазушылары бүзып жазып, "кесеп",
"касал" деп отырған. Бүл сөзді дұрыс жазған — IX ғасыр жазушысы Ибн Адпам-
әл-Куфи. Онда: "қазақ" язылмыш" деген. Сөйтіп IX ғасырда-ақ қазақ
атауы көптеген тарихшылардың аузына іліккені анық болды. Сонымен
ғалымдардың еңбектерін жинақтай келіп, қазақтар әу бастан-ақ Дешті Қыпшақ
Дон, Еділ-Жайық, Қырым, Кавказ терістігі, Сырдария, Амудария бойларын
жайлаған деген ғылыми тұжырымға тоқтаған5. Ә. Марғұланның
мәлімдеуінше қазақтар Орта Азиядағы қос өзеннің бойына орналасқан.
Зерттеушілердің басым көпшілігі қазақтардың кір жуып, кіндік кескен жері
осы топырақ дегенге сайып отыр. Ал қазакты "кедей, жалаңаш, баспанасыз,
отанынан безген" деп айту Египет мамлюктерінің 1245 жылы жасаған араб-
кыпшак сөздігінен басталған сияқты. Сөздік Алтын Орда мен Мысыр
мамлюктерінің Хулагидтік Иранға қарсы одақ жасаған кезінде дипломатиялық
қажеттіктен дүниеге келгені белгілі. Ал бұл тұста терістік Кавказдың
қазақтары Алтын Ордаға бағынбай, қиян-кескі қарсылық көрсетіп жатты. Сол
саяси жағдайдың сөздікке салқыны тиюі де ғажап емес. Сонымен бірге бұл
кезде "қазақ" сөзінің әу бастағы мағынасы сөздікті жасауға қатысқан
қыпшақтар тұрмақ, қазақтардың өз арасында да көмескіленіп, ұмытыла бастаса
керек. Сөздікте қазақ атауына берілген түсініктің әр түрлілігі, тіпті кейде
қарамай-қайшы болуының да себебі содан деп білген жөн. Дегенмен, сөздікті
құрастырушылар аталмыш жұрттың бір кезде елін тастап, босып келгенінен
хабардар болса керек. Сол себепті де осы ұғым әжептәуір көрініс тапқан. Ал
"қазақ" сөзінің "сақшы, әскер, жазалаушы отряд" дейтін мағыналары Алтын
Орда тұсында пайда болғаны талассыз. Осы дәуірге арналған орыс жазбаларында
"қазақ" сезі жиі ұшырасады да, ол әрбір ханның не бектің жауынгер жасағы
ретінде реттеледі. (Карамзин, Фишер, Вильяминов-Зернов). Бұл деректер
қазақтардың Алтын Орда әскери қызметіне тартылғанын айғақтайды. Шараф-ад-
Дин Иезди: Дешті қыпшақты әскери түрде күзетіп отырған елді "Уала-иш-
Шатур қазақ" деп атаған1. Сайыпқыран (Ақсақ Темір) Алтын Ордаға жорық
жасағанда оның "алдынан орда тағын қорғап тұрған Шатур қазақ Уала шықты.
Олар сайыпқыранның тегеурініне шыдап тұра алмады. Шатур қазақ елін
түгелімен қиратып, мал-мүлкін тартып алды" деп жазады ол. Ендігі бір қызығы
осы жазбалардың көне ауыз әдебиет үлгілерінде жоғалмай сақталуы. Ақсақ
Темірдің ең қатты жауласқан адамы Тоқтамыс екені белгілі. Сол Тоқтамыс
Ақсак Темір келіп елін шауып кеткеннен кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Өзбек ұлтының қалыптасуы және Өзбек мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XV-XVIII ғасырдың I жартысы)
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Қазақ хандығының тарихы
Түркі халықатырының түп тамыры
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Кавказдағы түркі халықтары
«Түркі» этносы және этнонимі
Мемлекеттік идеология және ұлттық рух
Пәндер