Қазақстан ауылы мен селосы жаңа экономикалық саясат жылдарында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан ауылы мен селосы жаңа экономикалық саясат жылдарында

Советтік қоғамтану ғылымьГТТЗП — жаңа экономикалық саясат лсезеңін ұзақ
жылдар бойы социализм идеалдарынан уақытша шегіку кезеңі ретінде,
тактикалық сипаттағы міндеттердентутан амал-айла ретінде түсіндіріп кедді.
Жаңа экономикалық саясат түтас алғанда Социалистік тандау идеясы бағытын
сақтай отырса да, ол бірақ реформизмнің өзгеше бір моделі, қоғам дамуының
әкімшілік-Ьмхршілдік жүйесі жауьш тасгаған баяндырақ жолы болатын.
Азамат соғысы аяқталысымен әскери-коммунистік шаралар жаңа әг: ттік-
экономикалық және саяси емір болмысымен бітіспес қайшылықтарға тап бодды.
Революциялық романтикамен бүдан былайда зуестене берудің, коммунистік
өндіріске және оның өнімдерін бөлуге тікелей өту мүмкіндіктеріне сенудің а&
шаруашылықты бүлдіріп, қирататын тенденцияны қатты күшейтп. Бүкіл елдің
халық шаруашылығы, оның ішінде Қазақстанның эко-номикасы да, олардың
ойранды кесапатын басынан өткерді.
Қатты дағдарыс екпіні Республиканың ауыл шаруашылығынан айқын
байқалады. Мысалы, егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. деседен (ор. — десятина)
1922 ж. 1,6 млн. десеге дейін қысқарды. Егіннің шығымдылығы сол 1914 ж. әр
деседен түсетін 38,7 пүттан 1921 ж. ІЙ,7 пүтқа дейін азайды. Осы кезенде
астықтың жалпы өнімі 3 есе-ден аса кеміп кетті1.
Малшаруашылығының саласы да ауыр халғе үшырады. 1914 жыл-Даи 1922
жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-га, жылқы Ит 2 млн-ға, уақ
мал (қой, ешкі) 6,5 млн-дай, түйе — 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы
жыддарда барша мал түрі 10,8 млн ^басқа кемиді2.
Ауыл шаруашылыгында болған апатгың аяғы сүмдық аштыққа рпарып соғады.
Әр жерден түскен ақпарға қарағанда, 1921—1922 *ж, Орынбор гүбернәсінде 445
м. адам, Қостанай гүбернәсінде — ■225 м., Орадда — 400 мың, Ақтөбеде — 360
мың., Бөкей гүбернәсінде Ёг Ш) мың адам аштық азабын тартты. I Кейінірек
анықталған мәліметтерге қарағанда, республикада 2,3 Мың адам ашыққан.

; Аштықтан және окымен ере келген аурулардан, сол сияқты Иыртпалық
жайлаған аудандардан үдере көшу халық саньга күрт Вмітгі. 1914 ж. өлке
жерінде 4.811.662 адам түрса, 1922 ж. 3.795.963 РДам қалды3. !;
Мсмлекеттік күштеу саясаты ауыл мен село наразылығын

күщейте түсті. Кейбір кезде өкімет қолданған әкімшілік әяек-шәлегінен
шаруалар айылын да жимады, тіпті қарулы қарсылық көрсеттГ. 1920 ж. Семей
облысында бүліншілік бұрқ етті, овған өкіметтің азық-түліктік өктемділігіне
төзбеген орташалар мен дәулетті топтардың едәуір бөлегі қатысты. Сол жылы
мұндай толқу Батыс Қазақстанға да тарады, онда Қызыл Армияның бүрынғы ди-
визия командирі А. Сапожковтың басшылық етуімен кең келемді шаруалар
қозғалысы қанат жайды. 1921 ж. ақпан-наурызында өлкенің Ақмола, Петропавл,
Көкшетау т.б. ояздарда шиеленіс қор-далана бастады.
Қазақстанда орың алған хал-ахуал күллі елді қамтыған эконо-микалық және
саяси дағдарыстың жалпы сыңайын танытқандай еді. Барлық жердегі сияқты,
мүнда да шаруашылық саясатының мүлде жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын
көрінді, онынгнегізгі арқауы — тауарсыздық утопиядан — қиялдан ақылға
қонымды эко-номикалық қатынасқа яғни базарлық, тауарлық-ақшалай қатынасқа
өту идеясы еді.
РК (б) П X съезі (1921 ж. наурыз) шаруашылық мүддееі іеке қосудың
пәрменді жүйесін жасау жолында шешуші шара қолдан-ды. Тап осы съезде азық-
түлік салымынан азық-түлік саяығына көшу туралы шешім қабылданды. Бірақ бұл
шара жаңа экономика-лық саясат шеңберінде жүзеге асырылып жатқан реформалар
кешенін түгел қамти алмады. Салық саясатында шаруашылық саласындағы
белсенділікке жаңа серпін берген аса мәнді өзгерістермен бірге, қаржыда,
кредитте, ақша шаруасында, аренда-да, еңбек заңында, жер ісін реттеуде және
әлеуметтік-экономика-лық қатынастың басқа да бірқатар фрагменттерінде
пәрменді қам-харекеттер жасалды.
Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған
аса маңызды шаралар көп ұзамай. ауыд шаруашылыгының жай-күйін жақсартуға
игі әсерін тигізді.
1925 ж. егіннің көлемі 3 млн. гектарға жақындады. Оралг-Ақмола, Семей
гүбернәларының бірқатар дәстүрлі астықты аудандарында егін түсімі 1913 ж.
деңгейіне жетеді. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналады, бұл 1914 ж. сәл ғана
кем еді. Мал шаруашылығы саласы да дағдарыс бұғауынан босанды. 1925 ж. мал
саны, 1922 ж. салыстырғанда, екі есе өсті.
Сауда-саттық өркені де кең жайылады. 1926 ж. Қазақстан тер-риториясында
128 жәрмеңке жұмыс істеді. Жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20 млн. сомға
жетеді. Ойыл, Қуандық, Қарқара, Коянды, Темір, Көкшетау, Атбасардағы сияқты
жыл сайын еткізілетін жәрмеңкелер даңқы шартарапқа кең жайылып кеткен едь^-
Республика хадақ шаруашылығында анық көріне бастаған өсу нышаны
дағдарыстаылығудьің белгісі ғана емел^ГбХырау мен құлау тенденциясының
уақы^г^ч^ен^адьм-^гағьТмды-жарқын қам-харе-кетке орын
бере^ахіаін+яньп^қуәсі еді. Мұндағы ең басты нәрсе шаруашщшк^рындары нарық
экотОммқасының өлшем-мөлшеріне шыға бастағандығы болатын.
Өлке экономикасының көпукладты сипаты анық~Ва^қа=да бас тайды. Жэне
меншіктің эралуан түрлерінің қатар өмір сүре бас

Қазақстандағы үжымдаетыру

20-шы жылдары жаңа экономикалық саясат үзақ уақытқа бағытталған саяси
стратегия есебінде қабылданады. Елді индустри-яландыру, шаруаларды
кооперацияландыру, халықтың материал-дық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін
көтеру сияқты үлкен пробле-малар осы саясат шеңберінде шешіледі деп
саналды.
Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым кушімен емес, эко-номикалық
тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жузеге аса-тын эволюциялық
процесс ретінде қаралады. Кооперация, басқа да шаруашылық ұйымдардың
баламалы әдістерімен бәсекелі күрес барысында айрықша көзге тускен
экономикалық артықшылықтарға шешуші ыңталандыру рөлін тапсыратын.
Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу тікелей тәркілеуге жол
бермейтін, ейткені ол іс жүзінде дербес қожайындарды эк-спроприациялау —
еркінен тыс мал-мүлкінен айыру болып табыла-ды. Н. Бухарин* Н. Рыков, М.
Томский бастаған Жаңа экономика-лық саясаттың жақтаушылары, бұл мәселе
жөнінде экономикалық және хұқтық реттеу механизмі бәрінен де пәрменді болуы
мүмкін деп есептеді. Жаңа экономикалық саясаттың алғаШқы жылдары-ның
тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектел берді.
Кооперация индустрияландыру ісімен өзара байланыста қарал-ды. Қоғамға
реформа жасаудың жаңа экономикалық саясаттың моделіндегі принципті 5ір
жөйт, индустрияландыру да, коопера-ция да өзіндік мәні бар мақсат деп
қаралып қана қоймай, халықтың материаддық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін
арттыруға жеткізетін фактор ретінде қаралады, мұның өзі социалистіктің
басты критериі деп түсінілді.
Алайда 20-шы жылдардың аяқ кезінде жаңа экономикалық ой-лау шеңберінде
қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгереді. Бас-ты приоритет — ең зәру
көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар
салынды. Индустрияландыру қам-қарекетш қамтамасыз ететін қорды жинауды
шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу
көзделген болатын. Бірақ бүл мемлекет өндіріс құралын тотальді түрде
озбырлықпен ауыздықтап алған кезде ғана жүзеге асар еді, мұны шаруалардың
аса қуатты қарсылығын тудырған астық дайын-■даудың күшпен жүргізілген әдісі
айқын көрсетті. Ал, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау
арқЫлы яғни ұжымдас-тыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды, мұның өзі
өнімС өндірушілерді ендіріс қүралынан да, өндірістің өзі мен өнімді бөлуден
де толық шеттету деген сөз еді.
Шын мәнінде өнеркәсіп өндірісін жүмсак (қоғамның жанын барынша
қинамай) модернизациялау идеясы индустрияландыруды мейлінше қарқындата
еткізу бағытымен ауыстырылды. Экономи-калық спонтанды процесс ретінде,
жүргізілетін ..қооперациялау ісі

мемлекет бағыттап отыратын күшпен үжымдастыру шарасына ор-нын берді.
Ал, бүл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тума-ды, тек
индустрияландыру процесш қамтамасыз ету мақсатын ғана көздеді.
Сөйтіп 20—30 жж. жаңа экономикалық саясатты дамыту линияш түйықталып
тасталды. Үзақ ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық-саяси өмірде
тек күштеу шарасының рухы үстемдік етгі.
Ауыл шаруашылығына бүл қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың
ең басты шарты — әміршіл-әкімдік террорға сүйенген экономикалық емес
жарлықтар, шаруалар қауымын кооперация-лау идеясын жаманатты қылып қоймай,
оның пайдалы потенциа-лын да қүртып жібереді. Үлы бетбүрыс селолық
қүрылымдарды қатыгез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туа-тын
проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.
Қазақстан үжымдастыруды негізінен 1933 ж. көктемінде (көшпелі және
жартылай көшпелі аудандардан басқасы) аяқтауға тиісті аймақтық топқа
жатқызылады. Республикалық партия, совет орын-дарында осынау тым қысқа
мерзімнің өзі қайткен күнде де секіріп өтілуге тиіс кедергі ретінде
қабылданды.
Мүның аяғы дереу қоғам ағзасының процент қуалаушылык дертіне шалдығып,
жазылмайтын бір бәлеге апарып үрындырды. Аудандар мен округтер жеңіске
жеткені жайлы бір-бірімен жарьн ка түссін келіп, газеттер колхоз
майданынан күн сайын түсіп, өзп.; і I жататын хабарларды басып үлгіре
алмайтын болды.
Егер 1928 ж. Қазақстанда барша шаруашылықтың 20 проаен ғана
үжымдастырылса, 1930 ж.1 сәуіріне дейін — 50,5 проценті. ал 1931 ж.
қазанында — 65 процентіне жуығы үжымдастырылды. 1931 ж. күзі басталар кезде
республикада бүкіл үйлерді 70-тен 100 процен-тке дейін үжымдасу ісімен
қамтыған 78 аудан (небәрі 122) болды.
Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықты бүзу әуел бас-тан-ақ барлық
жерде жалпыға бірдей ортақ сипат алды.
•Үжымдастырудың төтенше сипаты осынау шара бай-кулакты қүртудың
мемлекеттік бағытын жүзеге асыру кең жайылған жерде жойқын күшпен көрінді.
Жергілікті орындарға жеткізілгеи нүсқауларда жойылуға тиісті бай-кулактар
шаңырақтары күллі шаруашылықтың жалпы санының 3—5 процентінен аспауы керек
деген жәйт айрықша ескертілді. Бірақ қанша айтқанмен, әміршіл-әкімдік
жүйе емес пе, жоғарыдан түсірілген жарлық ешбір ойла-нып-толғанусыз-ақ,
қолма-қол екпінді қарқынмен жүзеге асырыла I бастады. Сол себепті де
тәркіге салынғандар саны кез келген жер-де ең жоғарғы көрсеткішке
жеткізеді.
Қазақстандағы бай-кулакты тәркілеу мөлшерін тап басып, дәл айту қиын,
бірақ әйтеуір тек 1930—1931 жж. республикадан тыс I жерге бай-кулак деп
жер аударылып жіберілген шаруалар сани I 6.765 адамға жетті. Ондаған мың
шаруа жайы түрған округтен рес- I публика ішіндегі басқа жерге жөнелтілді.
Сонымен бірге Қазақстан I территориясы елдің басқа аудандарынан жіберілген
ондаған мыц I шаруа үшін ауып келетін жері болып белгіленді. Республикап
46.091 отбасы яғни 180.015 адам ауып келіп қоныстанды.

Қазақстанның 1921-1940 жж. индустриялық дамуы

Өнеркәсіп пен транспорттың қалпына келтірілуі. Бірінші дүние жүзілік
және азамат соғыстарының қиратып-тонаушылық зардаптарын шеккен Қазақстанның
мешеу қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсіп дамыған аудандарына
қарағанда одан да ауыр жағдайда еді. Соғыстан әсіресе өнеркәсіп пен
транспорт ерекше зардап шекті. 1920 ж. ірі енеркәеіптің жалтш төяімі 1913
ж. салыстырғанда екі есе азайды, ал өндіріс қүралдарын өндіру 4,5 есе,
мұнай шығару 4 есе қысқарды, мыс ж#е жартылай металл рудаларын щығару, мыс
қорыту тоқталды, квптеген кеніштер мен көмір шахталарын су басып кетті
немесе электр станциялары талқандалғандықтан, жабдықтары бүлінгенд^ктен
және т.б. жұмыс істемей түрды. Транспорт, әсіресе теміржоЛ транспорты
кұйреу қалінде еді, паровоздардың тең жартысы, вагондардың 90 проц. күрделі
жөндеуді қажет етті, жұздеген коңірлер қирап жатаы, жол шаруашылығы бәрінен
де көп зардап шект\і, тозғандарын айырбас-тау үшін рельстер мен хипалдар
және т.б. жіртпеді.
Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортындагы елдің жаңа эко--*©мнсая*қ-
еаясатзд жөшу (ЖЭС) жағдайыида гбасгалған қадяына келтіру жұмыстары
шаруашылықтың бутіндей күйреу жағдайынан ғана емес, сонымен бірге көп мал
қырылған 1920—1921 жж. жүттың, сондай-ақ республиканы ашаршылыққа үшыратқан
1921 ж. егіннің шықпай қалу салдарынан да күшті қиыншылықтарға кездесті.
1920—1921 жж. тек жеке кәсіпорындар ғана қалпына келтірілді, жаллы
алғанда &үл проЦесс 1922 ж. екінші жартысында ғана ойдағьтдайврістетілді.
1923 ж. республиканың хальтқ шаруашылығын қалпына келтіруде бетбүрыс жыл
^олды. Бірінші кезекте ауылша-руашылық шикізаттарын өндейтін кәсіпорыңдар
қалпына келтірідді, бүған 1922 ж. егін шаруашылығының жақсы болуы
кәмектесті. Қос-танай, Орал, Семей губернелерінде, Павлодарда және т.б.
жерлерде ірі диірмендер жұмыс істей бастады. Солтүстік Қазақстанда май
заводтары қалпына келтірілді, жаңадан 20 май заводы салынды. Тамақ
©неркәсібінің басқа салаларында да белгілі табыстарға қол жетті, мәселен,
1923 ж. тамызда Елек және Коряков тұз кәсіпшіліктері қалпына келтірілді,
олар үлкен күрделі қаржыны талап етпеді.
Республиканың оңтұстігінде^мақта тазалау завсдтарының, тері илейтін,
жұн жуатын және жеңіл өнеркәсіптің басқа кәсі-порындарының жұмысы шабан
болса да жолға қойыла бастады. Петропавлда 1923 ж. қалпына келтірілген киіз
байпақ, тон, тері илейтін және шойын құятын заводтар біртұтас кәсіпорын —
өнеркәсіп комбинатына біріктірілді. Алматыда, Шымкентте, Талғарда тері
илейтін заводтар қайтадан жұмыс істей бастады.
Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіруде кейбір қадамдар
жасалды. Мұнай өнеркәсібі неғұрлым жедел қалпына келтірілді: Ембі мен
Доссор кәсіпшіліктері 1925 ж. өзінде-ақ өнімділігі 1913 ж. дәрежесінен
артты. Өндірісті техникалық қайта құру ісі ойдағыдай жүргізілді, мұнай
шығару^үшін терең насостар қолданылды, кәсіпшіліктерді электрлендіру
өрістетідді, жабдықтау жаңғыртылды, ^арлау жұмыстарының геофизикалық тәсілі
қолда нылды. Полиграфиялық өнеркәсібі де ойдағыдай жұмыс істеп соғысқа
дейінгі дәрежеге шапшаң жетті, осының арқасында қазак және орыс тілдерінде
газеттер шығару кеңейтілді.

Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі

Азамат соғысынан бейбіт өмірге көшу аса күрделі халықаралық және ішкі
жағдайда жасалды.
Азамат соғысынан кейінгі қиыншылықтар қазақстанның едәуір бөлігін
қамтыған 20-жж. ағаршылықтың, 1921 ж. астық салығын жүргізуге наразы
шаруалардың Кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтерілісі салдарынан онан сайын
шиеленіске түсті.
Кеңеске қарсы қозғалысқа қазақтардың және көшіп келген шаруалардыің
белгілі бөлігі тартылды. Козғалысқа негұрлым тән ұрандар:" коммунистерсіз
Кеңестер үшін, Ерікті еңбек және ерікті сауда үшін болды.
Кеңеске қарсы қарулы отрядтардың қимылы жаңа экономика-лық саясатты
жүргізуге, жер-жердегі партия үйымдарыныңкеңес және шаруашылық
органдарының қызметіне кедергі жасады. Қала-лардың, ауылдар мен
деревнелердің еңбекке жарамды көптеген адамдары кеңеске қарсы қарулы
көтерціістердііэасу үшін айрықша отрядтардың (ЧОН) қатарына тартылды..
РК(б)П Семей губкомы-ның органы Коммунист журналында атап керсетілгендей,
1921—1922 жж.,. Бұхтарма уезінде партия және кеңес жүмысы ба-рынша ауыр
және қауіпті болды. Мұнда тек жорық және жауынгерлік жағдайға үйренген
жүйкесі темірдей мықты адамдар ғана жұмыс істей алдьь Кем дегенде бір жарым
жыл кеңес қызметкерлері мекемеге қарумен келіг^ түнде винтовкамен және
толық даяр күйінде үйықтады17. \
Азық-түлік салғыртын тоқтатқаннанкейінғана1921 ж: ақирына —1922 ж.
басына қарай кеңеске қарсы қарулы көтеріліс бірте-бірте тоқтады.
1921 ж. қаңтар-ақпанда Қазақ АКСР 6509 ауылдық, селолық, поселкелік
және 933 болыстық Кеңестерінің сайлауы болып өтті. Республиканың партия
ұйымдары мен Кеңестері сайлау науқанын еңбекшілер қалың бұқарасының
қоғамдық-саяси белсенділігін көтеру үшін пайдаланды.
Өлкенің қоғамдық-саяси өмірінде Қазақстан облыстық бірінші партия
конференциясы (1921 ж. маусым) көрнекті орын алды. Ол экономиканың аса
маңызды мәселесімен бірге қоғамдық-саяси өмірдің мына проблемаларын
талқылады: ұлт мәселесі, партия жэне кеңес құрылысының кезектегі міндеттері
және басқалар.
1921 ж. қазанда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық екінші съезі
ауылдағы кеңес қүрылысын екпінді міндет деп белгіледі.
Съезд бекіткен сайлау.тәртібі туралы жаңа ережеде қазақ халқы
тұрмысының ерекшеліктері есепке алынды. Мәселен, халықтың си-рек
қоныстануына, көшпелі тұрмыс халхына байланысты оньщ едәуір бөлігінде
еңбекшілердің Кеңестерге жіберетін өкіадерінің саны арттырылды: енді
кеңестер кемінде 150 адам тұранлн ауыл-дарда құрьыатын, 50 тұрғыннан бір
депутат сайланатын болды (бұган дейін Кеңестер ауылдарда кемінде 300
түрғыны бар жағдайда қүры-лып, 100 адамнан бір депутат сайланатын).
20 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде шаруалардың бұқаралық
ұйымдары: қосшылар (кедей, жарлы) одағы, шаруалар-дың бүқаралық өзара көмек
комитеттері (шарком) және оған біріккен ауылшаруашылық және орман
жүмысшыларының одағы (жүмжерорман) маңызды орын алды. Бүл үйымдардың бәрі,
ең ал-дымен қосшылар одағы бір жағынан Кеңес өкіметі мен Коммунистік
партияның, екінші жағынан миллиондаған шаруалар%қарасының арасындағы
байланыстырушы буын болып табылды^ЛКаңа эконо-микалық саясатқа көшу
жағдайында олар азамггг^соғысы жыл-дарындагы әскери коммунизм саясатының
қыспағынан кейін да-мократияны өрістетудің куэсі болды жоне адамның
жасампаздық мүмкіндігін арттыру негізінде қалың еңбекшътср -буқарасын жаңа
езіліп келген түпкілікті халықтың санасында патша үкшетшен көрген қорлығы
әлі үмытылмаған, патша үкіметі жазалаушылары-ның үлтазаттық қозғалысын
аямай қаталдықпен басу барысында салған жарасы әлі жазылмаған еді. 20-жж.
басында аграрлық ре-форма жүзеге асырыла бастаған кезде елкеде үлтаралық
қатынас-тың шиеленісуіне итермелейтін табиғи әлеуметтік-психологиялық ақуал
бар еді. Мүны есепке алмайынша 20 жж. басындағы Казақстандағы аграрлық
реформаны жүргізу барысындағы үлтара-льн^йканжалдарды түсінуге және
түсіндіруге болмайды. Казақстанның 20-жж қоғамдық-саяси өмірінің қайғылы
ерекшелігі мынада болды: осы кезден бастап сталинизмнің идео-логиялық
аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға, бул зердеңің иелері үлттық
интеллигенцияның көрнекті өкілдерж қыруға бағытталган кең көлемді шаралар
жүргізе бастады. Кеңестік Шығыстың халықтары, Еділ бойының халықтары
ішінара жүздеген жылдар бойы араб алфавитін пайдаланып келгені мәлім. 20-
жж. аяғында ол жоғарының бүйрығы бойынша латын алфавитіне, ал 1940 ж.
кириллицага көшірілді. Осының салдарынан бір үрпақтың өмірінде қазақтар
ғасырлар бойы үлттық мәдениеттің інжу-маржан-дары жасалып келген кітаптар,
газет-журналдар, ғылыми еңбектер, бағалы тарихи материалдар жинақталған
жазуынан айырылды.
Тоталитарлық жүйенің нығая түсуімен байланысты бірте-бірте Алаш
партиясьша қатысқандарды, сондай-ақ өлкедегі әлеуметтік-экономикапық қайта
қүрылыстардың қарқыны мен әдістері тура-лы моселеде өзінің көзқарасы бар
және шаруашылық-саяси, кадр мәселесінде республиканың егемен қүқықтарын
өрескел бүзып, түпкілікті халықтың ерекшеліктерімен және мүдделерімен санас-
пайтын орталық саясатының дүрыстығына күмәнін айтқан респуб-лика басшы
қызметкерлерін саяси қудалау күшейе түсті.
БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына 1925 ж. қыркүйекте
жіберілген Ф. И. Голощекиннің келуімен байла-нысты республикаға қысым жасау
саясаты күшейіп, бүл ерекше қатаң сипат алды. Осы өкімет билігінің барлық
демократиялык институттарын алмастырып біткен партия органдары енді ездері
қүрған жүйенің түтқынына айналды. Ф. И. Голощекин елкелік комитетінің
қүрамына жоне секретары болып кооптация аркылы сайланды.
20-жж. екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі күрт
озгерді. 1925 ж. желтоқсанда өткен олкелік партия комитетінін V
конференциясының Ауылды кеңестендіру туралы шешімі тап күресінің шүғыл
шиеленісуіне түрткі болды. Республикада КіШ1 Казан төңкерісін еткізу үшін
идеологиялық негіз жасалды, Щл күшпен үжымдастыру және 1937—1938 жж. жаппай
жазалау дэуірінде қазақ халқын қүлақ есітпеген қайғы-қасіретке үшыраттьь
Үлттар мен ултшыл-уклонистер туралы айқай-шуды үшықтыруғ және жергілікті
кадрларды қудалауға Н. И. Ежов аз үлес қоска жоқ. Ол Марий обкомынан
БК(б)П Семей губкомының секретар қызметіне жіберілді, ал мүнан кейін
өлкелік партия комитеті уиы дастыру-нүсқаушылық белімінің меңгерушісі болып
тағайындалД -
Осымен бірге Казақстанды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери коммунизм
Шығыс Қазақстан облысының топонимінің қалыптасуы табиғи және тарихи жағдайы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КАРТАСЫН ҚҰРАСТЫРУДА ГЕОАҚПАРАТ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ
Моңғол тіліндегі атаулар
Солтүстік Қазақстанның өңірі ұжымдыстыру жылдарында
Алматы облысы Райымбек ауданы жерлерін есепке алу және бағалау
Халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын зерттеу
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту туралы
Есіл алабы өзендерінің ең жоғары ағындысын бағалау
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жарма ауданының тарихы
Пәндер