Қазақстан қайта құру жылында



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Қазақстан қайта құру жылдарында 3
Қайта құру кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық ахуалы 6
Қазақстан Республикасының әлеуметтік және мәдени дамуының кейбір мәселелері
8
Қолданған әдебиет 10

Кіріспе

Қазақ халқының тарихы сонау көне дәуірден басталады. Қазақстан
жерінде X-XII ғасырларда ортағасырлық Отырар, Тараз, Сығанақ, Сұран т.б.,
көптеген қалалар туындап, мәдениет, ғылым және өнер орталықтары болды. Сол
ғасырлардағы өзіне тән сәулеткерлік ескерткіштер – Қожа ахмет Яссауи,
Бабаджи хатун, Айша бибі, Алаша хан п.б. ғимаратар келесі ұрпақтар үшін-
тарихи куәгерлер.
Мұның өзі сол заманның экономикасы мен мәденитінің едәуір
дамығандығының белгісі.
Нарықтық экономикаға көшу-ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік
тәжірибе көрсетіп отырғанымыздай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық
жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік – экономикалық шаралар
соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудан
құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр.
Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында әлемдік
тәжірибе ескере отырып, экономикалық дербес дамудың Жолдарын қарастыру
міндеттері тұр.
Қазақстан Республикасының ұлан-ғайыр жері, оның еркше бой қазыналары,
табиғи-экономикалық қолайлы жағдайлары бар.
Қазақстанның осыншама байлыққа ие болуыоның экономикасының
дербестігінің негізі болып табылады.
Экономиканы қайта құру бағдарламасындағы және оларды іс жүзіне
асыраудағы тиімсіздіктер білмеушіліктен ғана емес, адамдардың отан
шаруашылығының шын мәнін, ерекшеліктерін, кездесетін қайшылықтырды болжай
алмайтындықтарынан болып отыр.

Қазақстан қайта құру жылдарында

КОКП Орталық Комитеті сәуір (1985ж) пленумының, КОКП- ның ХХVII
съездерінің шешімдерін нақтылау және өмірде жүзеге асыру оңайға түскен жоқ.
Үлкен кадрларды қайта орналастыруда баспасөз бен теледидардың сынауға
бағытталған жұмыстары да айтарлықтай нәтиже бере қойған жоқ. Әдеттегідей
әміршіл- әкімшіл жүйенің арнасында ойлай отырып, көптеген партия
қызметкерлері мен шаруашылық қайраткерлері бұрынғы уақыттарындағыдай
директивалар және нұсқаулардың көмегімен қоғамды басқаруға болады деп
есептеді. Осылайша ойлаудың айқын көріністерінің бірі еліміздегі
маскүнемдік пен еңбексіз табыстарға қарсы күрес науқандарының қанат жаюы
болды. Осындай науқандар кезінде көзделген ізгі мақсаттар оны жүзеге асыру
әдістерінің қисынсыздығынан абыройсыздыққа ұшырады.
Партиялық комитеттердің нұсқаулары бойынша бүтіндей жүзімдік
шабындықтары оталды, селолар, совхоздар мен аудандар өздерін негізсізден
негізсіз ішімдіксіз аймақтар деп жариялап, өзара социалистік жарыс
ұйымдастыра жаздады. Кафелер жабылып, ресторандар өзгертіліп жатты.
Адамдардың жеке өміріне қол сұғу үйреншікті құбылысқа айналды. Өкімет
орындарының шалағай шаралары самогон қайнатудың күшеюіне, нашақорлықтың
өсуіне әкеліп соқтырып, ұрлық- қарлық, тұрмыстық маскүнемдік арта түсті,
көлеңкелі экономика нығайып, маскүнемдік неғұрлым жасырын және неғұрлым
қауіпті сипат алды.
КОКП Орталық Комитетінің қаңтар (1987 ж) пленумында Қайта құру және
партияның кадр саясаты туралы мәселе талқыланған кезде дағдарыстың негізін
түсінуге әрекет жасалды. Осы пленумда партия мен бүкіл қоғам қызметінің
басты мақсаты қайта құру деп жарияланды. Өзіне дейінгі кезеңдегі
бұрмалауларға қатыстылығын КОКП Орталық Комитеті ашықтан- ашық
мойындағанымен, пленум дағдарыстың себептерін көрсете алмады. Жеделдету
бағыты сияқты, қайта құру да жаппай өзгерістердің символына айнала бастады.
Оған қайсыбір, ерекше концептуальдық мән беру, қоғамның дамуына деген
социализм көбірек болсын, демократия көбірек болсын, серпімділік пен
өнерпаздық көп болсын, тәртіп пен заңдылық көп болсын, ғылымдылық көп
болсын, патриотизм мол болсын және т.б. сияқты механикалық
көзқарастардың салтанат құруына әкеліп соқтырды.
Басқару ісін түбірлі қайта құру проблемаларына арналған КОКП Орталық
Комитетінің маусым (1987 ж) пленумы шешімдерінің сыңаржақтылығы, сонымен
қатар пленум шешімдері ыңғайында қабылданған мемлекеттік кәсіпорындар
туралы заңдар соның нәтижесі. Оның үстіне еліміздің халық шаруашылығындағы
жағдай барынша ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын
көптеген тауарлар жоғала бастады, онсыз да көп емес азық-түлік түрлері
нашарлады. Адамдардың бұрынғы күйі жаппай наразылықпен ауыса бастады.
Осындай күрделі жағдайда Қазан төңкерісінің 70 жылдығы мерекеленді.
Мерекелік мәжілісте М. С. Горбачев баяндама жасап, сөз сөйледі. Баяндамада
тарихтың көптеген беттері, оның ақтандақтары жаңа тұрғыдан қаралды. Ұзақ
жылғы үнсіздіктен кейін сталинизм қылмысты құбылыс деп бағаланды.
Қайта құрудың барысына, жүргізіліп жатқан реформалардың баяулығына
деген арта түскен наразылық КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының
мүшелігіне кандидат, Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.
Н. Ельциннің КОКП Орталық комитетінің қазан (1987 ж) пленумында сөйлеген
сөзінен көрінді.
Алайда біркелкі ойлауға үйреніп қалған КОКП Орталық Комитетінің
мүшелері, негізінен дщұрыс Б. Н. Ельциннің сөзін қайта құрудың ту сыртынан
тиген соққы деп қабылдады. Пленумның стенограммасы бұрынғы жылдардағыдай
құпияландырылды. Кеңес адамдары үшін ақпарат көзі радио үндері, сонымен
қатар ұзынқұлақ қауесеттері болды. Коммунистер мен партияда жоқтардың
табандылықпен талап етуінен кейін Б. Н. Ельциннің сөзі толық көлемде 1988
жылдың көктемінде ғана жарық көрді. Кез келген басшының, егер ол таңдап
алынған бағыттың дұрыстығы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңтану мамандығы бойынша нәтижелері туралы
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Қазақ тілі оқу пәні
“Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесін талдау
Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени құрылыс
Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Тарих сабағында білім берудің негізгі құралы оқулықты пайдалану
Білім беруді бағалау тарихы
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Негізгі құралдар
Пәндер