Бастауыш сыныптар бойынша оқушылардың жобаға қатысу үлесі


№202 мектеп-гимназияда 2020 - 2021 оқу жылында атқарылған іс-шаралар есебі
Халықаралық Бакалавриат үздіксіз әрі сапалы білім алу мен шетелдің беделді жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін ерекше білім беру жүйесімен әлемге әйгілі. Халықаралық Бакалавриаттың тағы да бір абзал тұсы - тәлім мен тәрбиенің толассыз жалғасуы және мақсатты оқыту мазмұнымен астасып жатуында. Халықаралық Бакалавриат оқушылары күрделі сұрақтар қоюға, сын тұрғысынан ойлауға, зерттеу дағдыларын дамытуға үйренеді, қоғамдық жұмыстардың белсенді қатысушысы болады.
Халықаралық стандарттарға сай білім беру сапасын жетілдіру мен оптимизациялау мақсатында мектеп ұжымы авторизация алу үшін төмендегі жұмыс кезеңдерін жүзеге асырды:
- 2018 жылдың 29 наурызында Астана қаласындағы 73 мектеп-лицей қызығушы мектеп үлгісі жіберілді(school interested form) .
- 2018 жылдың 29 наурызында «кандидат-мектеп» мәртебесін алуға өтініш берді;
- 2018 жылдың 26-28 сәуірінде алғашқы кіріспе семинардан өтіп келдік;
- 2018 жылдың 1 маусымнан мектепке «кандидат-мектеп» мәртебесі беріледі; қажетті нормативті құжаттар жасалуда.
Мектеп-лицейде бизнес инкубатор жұмысын бастау үшін алғашқы кездесу өткізілді. Бизнес инкубатор оқушылардың инновациялық жобаларын құру және дамыту үшін инфрақұрылымдық алаң болып табылады. Инкубатордың аумағында тұрақты болашаққа білім беру қызметі өтеді. Бизнес, жобалардың тұсаукесері, т. б. . жұмыстар жүзеге асырылады. Біз шығармашылық ойлауы бар балаларды асыға күтеміз, жаңа идеялар пайда болатынына сенім білдіреміз!
2020-2021 оқу жылына арналған мектеп-гимназия тақырыбы: «Сындарлы оқыту теориясы арқылы оқу-тәрбие үрдісі қызметін нәтижеге бағыттау»
Әдістемелік жұмыстың тақырыбы: «Сындарлы оқыту теориясының негізінде оқушыларға жаңаша деңгейде сапалы білім беру»
Мақсаты: Сындарлы оқыту теориясының негізінде зияткерлі тұлғадан рефлексиялы тұлғаға көшуіне жағдай жасау.
Міндеттері:
- Сындарлы оқыту теориясын тиімді пайдалану;
- Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету;
- Оқушылардың белсенді әрекеттерін, бірлескен жұптық және топтық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
Оқу үдерісіне жаңартылған білім мазмұны мен инновацияларды енгізу барысында туындайтын мәселелерді шешу үшін дәстүрлі тәсілдемелер жеткізіліксіз.
ДББҰ тәжірибесін мектеп-лицейімізде қолданысқа енгізу мақсатында:
► білім мазмұнын жаңарту, білім беру ортасын басқару және өзгерту бойынша білім беру ұйымының қызметін жетілдіруге бағытталған бірлескен шаралар әзірлеу мақсатында ДББҰ мен №73 мектеп-лицей арасында бірлескен қызмет туралы Шарт бекітілді;
► ДББҰ мен білім беру басқармасының білім мазмұнын жаңарту бойынша 2017-2018
жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.
САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
КАДРЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Мұғалімдердің сапалық құрамының көрсеткіштері жылдан-жылға жақсарып келеді. Магистр дәрежесіне ие педагог қызметкерлер қатарының бірте-бірте артуы байқалуда.
Кесте. Педагог қызметкерлерінің сапалық құрамы.
Академиялық 2015
дәрежесі
Жас шамасы бойынша құрамы:
► 25 жасқа дейін - 11 (12, 6%) ;
► 25-34жас - 27 (31%) ;
► 35-44 жас - 19 (21, 8%) ;
►45-54жас - 27 (31%) ;
►55-64 және одан жоғары - 7 (8%) . Педагогикалық жұмыс өтілі:
► жұмыс өтілінсіз - 11 (12, 6%),
► 9 жылға дейін - 20 (22, 9%),
► 9 жылдан 14 жылға дейін - 9 (10, 3%),
► 14 жылдан 17 жылға дейін - 5 (5, 7%),
► 17 жылдан 20 жылға дейін - 8 (9, 2%),
► 20 жыл және одан жоғары - 34 (39%) .
Талдауға сәйкес мектеп-лицейде жас мамандар (жұмыс өтілі 10 жылға дейін - 36, 7%) мен тәжірибелі педагогтардың (жұмыс өтілі 11 жыл және одан жоғары - 63, 3%) арасында үлкен айырмашылық байқалады. Мұғалімдердің 12, 6%-ы өздерінің педагогикалық қызметін 119 мектеп- лицейден бастады.
Жыныстық құрамы:
► Ер адамдар - 19 адам (21, 8%) ;
► Әйел адамдар - 68 адам (78, 2%) .
Кадрлар құрамындағы жыныстық құрылымның басым бөлігін әйел адамдар құрайды.
Ұсыныс: Магистр дәрежесіндегі педагог кадрлар санын арттыру.
ЖӘНЕ АКТ ҚҰЗЫРЕТТІГІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ
АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛУ ДЕҢГЕЙІ
Тұлғаны көпұлтты мемлекеттің азаматы ретінде қалыптастыруда ағылшын тілін білудің маңызы зор.
2017 жылы мектеп-лицейде педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына педагог қызметкердің деңгейлес және сатылас
өсуіне міндетті компонент болып табылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар енгізілді.
* Кәсіби даму нәтижесінде деңгейі 5 және одан жоғары балл болатын IELTS сертификаты бар мұғалімдер саны артты.
2017 жылы педагог қызметкерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру нысаналы топтар бойынша жүзеге асырылды. Осылайша, есепті жылдың нәтижелері бойынша ағылшын тілін:
► IELTS 5. 5/С2/TOEFL IBT 65-71 және одан жоғары деңгейде:
1, 14% (1 адам) биология пәнінің мұғалімі Закбек А;
► IELTS 5. 5/B2/TOEFL IBT 65-71 және одан жоғары деңгейде:
7% (6 адам) ағылшын тілі және биология пәнінің мұғалімдері;
► 3. 0/А2/TOEFL IBT 30-34 және одан жоғары деңгейде:
1, 14% (1 адам) информатика пәнінің мұғалімдері;
1, 14% (1 адам) биология пәнінің мұғалімдері;
1, 14% (1 адам) физика пәнінің мұғалімдері;
1, 14% (1 адам) математика пәнінің мұғалімдері;
Ұсыныс: жаратылыстану ғылымдары пәндері бойынша ағылшын тілін В2 деңгейінде меңгерген мұғалімдер санын арттыру.
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІ
2017 жылы 24 педагог АКТ-құзыреттік деңгейін көтеру курсынан өтті, олардың ішінде:
► 6 адам (6, 8%) - математика пәні мұғалімі;
► 1 адам (1, 14%) - физика пәні мұғалімі;
► 1 адам (1, 14%) - химия пәні мұғалімі;
► 2 адам (2, 29%) - биология пәні мұғалімі;
► 1 адам (1, 14%) - география пәні мұғалімі;
► 3 адам (3, 4%) - орыс тілі пәні мұғалімі;
► 4 адам (4, 59%) - ағылшын пәні мұғалімі;
► 1 адам (1, 14%) - технология пәні мұғалімі;
► 4 адам (4, 59%) - қазақ тілі пәні мұғалімі;
► 1 адам (1, 14%) - тарих пәні мұғалімі;
Мұғалімнің АКТ-құзыреттіктері нәтижелерін салыстырмалы талдау 2017 жыл нәтижелері бойынша 27, 3%ға дейін өскенін көрсетті.
Кемшіліктер: Күнделікті сабақта bilimland. kz білім беру порталын қолданатын мұғалімдер санының төмен болуы.
Ұсыныс: Күнделікті сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланатын пән мұғалімдері санын арттыру.
2017 жылы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру:
► 1 адам ІІ деңгейлік курс:
► 19 адам үшін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курс ;
► 1 адам менеджмент бойынша курс ;
► 53 адам үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған семинарлармен қамтамасыз етілді :
- «Сабақты тиімді ұйымдастыру» 31 адам
- «Жаңартылған білім беру мазмұны» 40 адам
- «Критериалды бағалау» 40 адам
- Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 32 адам
- Кітапхана жұмысын ұйымдастыру 10 адам
- «Тапсырмалар дайындау және эксперт жасау» бойынша 7 адам.
► 7 адам «Қиын жеткіншектермен жұмыс қағидалары» Пермь
► 20 адам «PBL жобалау технологиясы» бойынша курс, Ustaz орталығы;
► 8 адам «Plikers» бағдарламасы бойынша оқыту курсы. Тусенов Мади.
Біліктілікті арттырудың негізгі бағыттары:
Пәндік, кәсіби дағдыларды және құзыреттерді дамыту
Бұл бағыт мектеп-лицейдің әрбір педагогының кәсіби дамуының дербес бағытын құруға мүмкіндік береді. Бұл оқушының басты қабілеті - білім алуды үйренуді толық қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында педагогтардың ақпарат ағынын дұрыс пайдалану, түрлі педагогикалық жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдау, пәндік білім деңгейін тұрақты арттыру қабілеті мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқытуды тиімді ұйымдастыруға, оқу үдерісіне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге қажетті кәсіби және жеке тұлғалық құзыреттілік пен көшбасшылықты дамыту
Осы бағыт аясында білім беру үдерісіне барлық деңгейлерде және субъектілік топтарда кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге жәрдемдесетін заманауи теориялар мен тәжірибелер зерттелді.
Мұғалімдердің тілдік құзыреттіктерін дамыту және бақылау
Мұғалімдердің кәсіби маңызды тілдік құзыреттіктерін дамыту пәндерді оқудағы шет тілінің функциональдық рөлі бойынша сараланған. Тілді негізгі деңгейде білу шетелдік педагогтармен қатынасу, шетелдік дереккөздерді зерттеу мүмкіндігін береді. Оқытуды ағылшын тілінде жүзеге асыратын педагогтар тілді ілгері деңгейде үйренеді.
АКТ-құзыреттіктерін дамыту және бақылау, сонымен қатар білім беру үдерісінде жаңа технологиялық құралдарды қолдану
АКТ-құзыреттіктерін дамыту қазіргі заманғы мұғалімнің кәсіби қабілеттері мен дағдыларын дамытудағы міндетті компонент болып табылады.
Жыл сайын педагог қызметкерлер еліміздің білім беру ұйымдарында біліктілігін көтереді.
ПШО тренерлері педагог қызметкерлерге қолдау көрсетті:
► 6 оқу семинары өткізілді;
► 24 сабаққа қатысып, оларды қадағалау жүргізілді;
► 53 педагогқа жоспарлау, сабақтарды қадағалау, оқу мақсаттары және белсенді оқыту әдістері бойынша кеңестер берілді.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ
2017 жылы аттестациялауға мектеп-лицейден 20 педагог қызметкері мен оларға теңестірілген тұлғалары өтініш берді, осы оқу жылында қала мектептерінен өтініш берген 3 мұғалім қосылды. Мектеп-лицейден аттестатциядан өтетін 2 мұғалім басқа қалаға ауысып кетті. Аттестатталушы педагогтер ішінде:
► 6 адам жоғарыны растауға;
► 5 адам жоғары санатқа;
► 2 адам бірінші санатқа;
► 2 адам ІІ санатты растауға;
► 5 адам ІІ санатқа өтініш берген.
► 1 адам мәлімделген деңгейге тесттен өтпеуіне байланысты жіберілмеді;
Мұғалім оқу жылына өзінің даму бағытын анықтайды, жартыжылдық бойынша өзінің жұмысын талдайды, қажетті жағдайда бағытын түзетеді. Аттестациялау мақсатында да, үздіксіз кәсіптік даму мақсатында да мектепте бағалау кезеңі мұғалім тәжірибесінің жақсаруына көмектеседі.
Биылғы оқу жылында аттестатциядан өтуге 9 мұғалім сұраныс берді.
- Зерттеуші педагог санатына 4 мұғалім;
- Эксперт педагог санатына 2 мұғалім;
- Модератор педагог санатына 3 мұғалім.
Бағалау үлгісін сәтті енгізу мақсатында директорлардың орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілері үшін мектеп бағалауын орындау бойынша тренингтер өткізілді, мектеп бағалауы бойынша әдістемелік ұсыныстар мен сабақ бойынша рефлексивті есепті бағалау құралдары әзірленеді.
Кемшіліктер: Аттестаттаудан өтетін жоғары санатты мұғалімдердің көпшілігінде авторлық бағдарлама, республикалық деңгейде дайындаған жеңімпаз оқушылары болмауы кездеседі.
Қаңтар айының 13-і күні «Шамшырақ» қоғамдастығындағы коуч Закбек Амангүл «Рефлексия тәсілдері және олардың тиімділігін бағалау» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингке 8 жас маман қатысты. Жас мамандар топтарға бөлініп, Рефлексия дегеніміз не?, кері байланыс берудің қандай түрлері бар- деген сұрақтар төңірегінде ой қозғап, бейне роликпен танысты. Топтық жұмыстар барысында оқушыларға әр тапсырма сайын, сабақ соңында сабақты рефлексиялау жолдарын атап, көрсетіп берді. Химия пәні мұғалімі Бағила сабақтарда қалай қолдануға болатынын, мысалдармен түсіндірсе, информатика пәні мұғалімі Аппақ, ағылшын тілі пәні мұғалімі Айдана сабақ жоспарлау барысында және күнделікті сабақта іске асыруды алға тартты.
Ұсыныс: Жас мамандардың сабақтарына қатысу, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын қарау барысында, әдістемелік көмек көрсету.
2018 жылдың қаңтар айының 20-сы күні республикалық «Үздік педагог-2018» сайысының жүлдегері, «ZERDELI» ақыл ой дамыту орталығының басшысы Мәуіт Рысбек «Авторлық бағдарламаның құрастыру технологиясымен таныстыру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинарға мектебімізден 24 пән мұғалімі қатысты. Семинар барысында
- әдістемелік материал дайындау барысындағы бағалау критерийлері;
- оқу-әдістемелік жұмыс құрылымы;
- әдістемелік бағдарлама жасау;
- әзірлеу ережесі;
- Титуль бетін әзірлеу, рецензия, рекомендация жазу туралы айтып өтті.
Ұсыныс: Семинарға қатысушы пән мұғалімдеріне, алдағы уақытта авторлық бағдарламалар дайындауды қолға алу ұсынылды.
Қаңтар айының 24-26 күндері аралығында мектеп ұстаздарына «USTAZ» орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырған «Pbl» жобалау технологиясы бойынша курстарға 25 мұғалім қатыстырылды. Семинарға қатысқан пән мұғалімдері сабақта жобалау технологиясын қалай қолдануға болады? Жобалауды қалай іске асырады?, т. б. сұрақтар төңірегінде сабақтар алды.
Ұсыныс: Алдағы жаз мезгілінде 20 мұғалімді pbl жобалау технологиясы, 3 математика пәні мұғалімі, 7 бастауыш сынып мұғалімін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстармен қамтамасыз етуді жоспарлау.
ЖЕТІСТІКТЕРІ
Алматы қаласында өткен «Білім-болашақ ел жетістігінің іргелі факторы» тақырыбындағы мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде мектеп директоры Қ. А. Байтажиковаға Алғыс хат табысталды.
Астана қаласында өткен қалалық тамыз кеңесінің әдістемелік отырысында математика пәні мұғалімдері Бәзікей Нұрғали мен Қапатұлы Қилымбекке, физика пәні мұғалімі Г. Е. Айтимова Білім басқармасының басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Тамыз айының 28-де өткен қалалық ғылыми-әдістемелік кеңесте тарих пәні мұғалімі Ж. Е. Байтажикованың «Пікірталас негіздері», биология пәні мұғалімі А. Закбектің «Олимпиадалық биология», «Elementary biology», орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л. М. Култаеваның «Трудные случай русской орфографии», физика пәні мұғалімі Б. Мархамед пен Г. Е. Айтимованың «Мектептегі физикалық практикум: бақылау, тәжірибе, модельдеу», Г. Е. Айтимова-ның «Зерттеу негіздері», Б. Тағановтың «Геометриялық шеберхана», Табыс Н және Амзеева Зияштың «Ой дамыту» авторлық бағдарламалары қорғалды.
Қаңтар айының 6-шы жұлдызы күні өткен қалалық ғылыми-әдістемелік кеңесте Шекербекова А «Бағалаудың оңтайлы әдістері» қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, Бекбарова Қ «Кітап оқу-миға жасалған жаттығу» кітап оқуға оқушыларды дағдыландыру әдістерінің жинағы, Орумбаева С және Абраева Б. А. «Личностно-ориентированные уроки русского языка», Аманжолова Б. С. «Әдебиеттік оқу пәнінен 2-сыныптарға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы», Дильмағамбетова Ж. Қ «Әдебиеттік оқу пәнінен сөздік анықтама» 1-4 сыныптарға арналған авторлық бағдарламалары қаралып, мектеп, қала көлеміне тарату ұсынысы қабылданды.
Наурыз айының 29-ы жұлдызында өткен қалалық ғылыми-әдістемелік кеңесте Ұзақбайқызы Г «Туған елге тағзым» жобасы, Бұсұрман Ш және Исмайлова А. Б. «Сауат ашу» 1-сыныпқа арналған қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, Жаниязова З «Дүниетану» 1- сыныпқа арналған қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, Базарбаева А «Математика» 1-сыныпқа арналған қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы қаралып қала көлеміне тарату ұсынылды.
Мамыр айында өткен қалалық «Үздік авторлық бағдарлама» сайысына Бұсұрман Ш, Исмайлова А. Б., Жаниязова З ұсынған әдістемелік құралдар «Астана Дарыны» және психологиялық қолдау орталығынан Бұсұрман Ш жұмысы І дәрежелі, Исмаилова А. Б. жұмысы ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Жалпы авторлық бағдарлама бойынша 18 мұғалім, яғни мұғалімдердің 21%-ы ғана шығармашылықпен айналысып келеді.
Ұсыныс: Элективті курстар бойынша, Халықаралық бакалавриат талабына сай, авторлық бағдарламалар әзірлеу.
Қазан айында «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» ІХ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға мектеп-лицейден 4 мұғалім қатысып, сертификатталды. Қараша айында өткен «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауында математика пәні мұғалімдері Табыс Н және Н. Бәзікейдің «Олимпиадалық математика және Логика» 3-8 сыныптарға арналған бағдарламасы І дәрежелі дипломға ие болды.
Желтоқсан айында өткен қалалық «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені ұйымдастырған «Киелі Атамекенім» атты «Үздік сабақ» байқауында 8 мұғалім ашық сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарын көрсетсе, «Үздік педагог» байқауына 3 мұғалім қатыстырылды. Сайыс нәтижесі бойынша математика пәні мұғалімі Дәуенқан Ардақ ІІ дәрежелі, бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гүлназ ІІІ дәрежелі Дипломмен, 9 мұғалім Грамотамен марапатталды.
Желтоқсан айында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті ұйымдастырған «Рухани жаңғыру: қасиетті туған жер» атты білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында республикалық қашықтықтан өткізілген ғылыми жобалар байқауына мектеп-лицейден қатысқан 6 мұғалім Алғыс хаттармен марапатталды.
«Астана дарыны» ұйымдастырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырған «Адами әлеует елдің инновациялық дамуының басты факторы» қалалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан жас маман А. Ж. Жолдасқалиева ІІ дәрежелі Дипломына ие болды.
«Астана Дарыны» ұйымдастырған қалалық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Н. Шекербекова ІІ дәрежелі Дипломын жеңіп алды.
Фестиваль кәсіби қоғамдастықпен табысты педагогикалық тәжірибесімен бөлісуге дайын, сондай-ақ өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін қалың қоғамға паш еткісі келетін белсенді және шығармашыл мұғалімдерге бағытталған.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізген «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық сайысында директордың оқу жөніндегі орынбасары Л. М. Култаева «Мектеп-оқушыға комфорттық зона» жобасы бойынша І орынды иеленсе, тарих пәні мұғалімі Г. Ұзақбайқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Қ. Бекбарова және А. Н. Шекербекова Грамоталар-мен марапатталды.
«Дарын» орталығы ұйымдастыратын орыс тілі пәні мұғалімдерінің қашықтық олимпиадасына Жумабаева Т. М қатысып ІІ орын, Орумбаева С қала бойынша І-ші, республика бойынша ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталған.
Жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуметтік шығармашылығының дамуына жағдай жасау мақсатында мамыр айының 6-сы күні мектепішілік «Жас маман-2018» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа мектеп-лицейдегі 13 жас маманнан 6 мұғалім ғана қатысты. Сайыс ІІІ кезеңнен тұрады. І кезеңде Өзін-өзі таныстыру «Педагогикалық дебют», 2 тапсырма Панорамалық сабақ немесе «Педагогикалық шеберлік қоймасы», 3 тапсырма Портфолио әзірленді. Сайыс қорытындысы бойынша
- денешынықтыру пәні мұғалімі Тәңірбергенов М - Бас жүлде;
- ағылшын тілі пәні мұғалімі Жүніс Д-І орын;
- Бастауыш сынып мұғалімі Кадрбекова А және химия пәні мұғалімі Нұрхамит Б-ІІ орындарды;
- информатика пәні мұғалімі Есіркеп А және ағылшын тілі пәні мұғалімі Әлімбекова А -ІІІ орындарды иеленді.
Кемшілік: панорамалық сабақ көрсетуде бейне жазба көрсетілді, бірақ мұғалімнің өзінің түсіндіруі (айтылым) болмай түсініксіз болып қалды.
Ұсыныс: Жас мамандардың сайысқа қатысу белсенділігін арттыру.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби тұрғыда өз біліктілігін және шығармашылық потенциалын аша алатын, рухани-адамгершілік қасиеті бар, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген ұстаздарды анықтау мақсатында 3 наурызда мектепішілік «Үздік педагог-2018» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 5 жылдан еңбек өтілі жоғары 9 мұғалім, бұл мұғалімдеріміздің 12%-ы өз өтініштері бойынша қатыстырылды. Сайысқа «Пифагор», «Интеллектум», «Болашақ инженеринг», «Зерделі», «Рототикс», «Арлан» қосымша білім беру орталықтары, мектептің ата-аналар комитеті демеушілік етті. Сайыс қорытындысы бойынша:
- «Бас жүлде» география пәні мұғалімі Альбаттинова Қ;
- 1 орынды бастауыш сынып мұғалімі Бұсұрман Ш;
- 2 орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шекербекова А, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Орумбаева С;
- 3 орынды тарих пәні мұғалімі Бұхарбай М, ағылшын тілі пәні мұғалімі Баймишева С, математика пәні мұғалімі Амзеева Зияш ие болды.
Кемшілік: Өзін-өзі таныстыру кезеңінде мұғалімдерді оқушылардың тарапынан таныстыруға көбірек назар аударылған.
Ұсыныс: Пән мұғалімдерінің педагогикалық ұстанымын ғылыми негіздемеге сүйене отырып ашу.
Желтоқсан айының 8 күні «Критериалды бағалау жүйесінің мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өткізілді. Мақсаты: Сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беру. Семинарғақала мектептерінен 124 мұғалім, білім кабинет меңгерушісіжәне 3 әдіскер келіп қатысты. Семинар барысында 20 мұғалім өз іс-тәжірибесін қала мұғалімдерімен бөлісті. Қала мектептерінен 122 мұғалім келіп қатысты. Семинарға қатысқан қала мұғалімдерінің мониторингі.
Семинар қорытындысы бойынша қала мұғалімдерінің сауалнамаға берген жауаптарының нәтижесі:
Желтоқсан айының 13-ші жұлдызында мектеп-лицейімізге жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Ресей Федерациясынан якуттар келіп, 2 сыныптарда өтіп жатқан математика, орыс тілі сабақтарына қатысып, мектеп-лицейде жүргізіліп жатқан жобалармен, ашық алаңдар жұмысымен таныстырылды.
Қаңтар айында Теміртау қаласының мектеп директорлары, «Мұрагер» мектебінің мұғалімдер ұжымы, Қарағанды қаласының мектептерінің басшылары келіп, мектеп-лицейіміздің тыныс-тіршілігімен танысып, жаңартылған білім беру бағдарламасын сабақтарға қатысу арқылы бақылап, іс-тәжірибе алмасты.
2018 жылдың 16 ақпанында «ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНДЕ ТҰЛҒАНЫҢ МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ» тақырыбында қалалық тәжірибелік-практикалық семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: Жаһандану үдерісінде тұлғаға мектеп жағдайында тәрбие берудің тиімділігін көрсету
Семинар міндеттері:
1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тиімді бағалау жолдарын көрсету,
2. CLIL әдісі, PBL жобалау технологиясы, Plickers бағдарламасы, Quest ойыны арқылы оқыту,
3. Әлеуметтік жобаларды ұйымдастыруда оқушылардың креативті қабілеттерін дамыту.
Семинар барысында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих пәндерінен 6 мұғалім сабақ беріп, сабақ барысында бағалаудың тиімді жолдарын көрсетті. CLIL әдісі бойынша информатика және биология пәндерінен, PBL жобалау технологиясы бойынша қазақ тілі, орыс тілі пәндерінен, Plickers бағдарламасымен жұмысты математика пәні мұғалімі, Quest ойынын сабақта қолдану сабағын тарих және ағылшын тілі мұғалімдері көрсетіп өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ал жобалар, интеллектуалдық ойындар керуені барысында робототехника сабағы, тимбилдинг, интеллектум, физикалық тәжірибелер, STEM, «Balloon Car», «Туған елге тағзым», «Оқуға 100 кітап», «Ұлағат» шаңырағында «Қанатсыз қалай ұшуға болады жұмыстары көрсетілді. Қала мектептерінен 191 пән мұғалімдері, директор, директордың орынбасарлары және Педагогикалық шеберлік орталығынан аға тренер, Білім басқармасынан 1 әдіскер келіп қатысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz