. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері
sЖОСПАР
1. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері 1
2. Республика экономикасын майдан мүддесіне бағындыру. Халықтың тылдағы
ерен ерлігі 6
1. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды
бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді
біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес
халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды
талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп,
азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Осы тұста өткен жиындарда олар Отан
алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның
қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық
әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен
қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек
білдірді.
Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,
Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды.
Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов
тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде 238, 310, 314, 387 және
391-атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір
дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде не бары республикада 12
атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер
бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс
саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек
қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан
тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Қарулы
күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар
қатысты. Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың
трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберді.
Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау
ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан
астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери
оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған
қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-
қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен
Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар
соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс
жүргізді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған
қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, К.
Иманқүлов, Е. Качанов, т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін
көрсетті. Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизан қозғалысына
қатысты.
Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы
шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын
негізгі өзекті жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды.
Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ұлан атқыштар полкі жау
шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. Б.
Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді. Қысқа мерзім
ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын
талқандады. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге
оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.
Дубосеково разъезі түбінде 28-панфиловшы жауынгерлер жаудың 50
танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың
жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: "Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер
жер жоқ, артымызда Мәскеу!"- деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28
жауынгер - орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар - 4 сағат бойы өршелене
жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар
қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды
өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы
бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т.
Тоқтаров, Р. Аманкелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды.
1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді. Мәскеу
түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған басқа
да әскери құрамалар қатысты.
Гитлершіл басқыншылардың Мәскеу түбінде талқандалуы жау әскерлерінің
рухын түсірді. Гитлердің қауырт соғыс жоспары біржолата күйреп, неміс-
фашист армиясының жеңілмейтіндігі жөніндегі аңыз адыра қалды.
Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезең болды. Бұл
сұрапыл шайқасқа қатысқан құрамалардың арасында Қазақстанда жасақталған 38-
атқыштар дивизиясы бар еді. Ол әр кезде 62-армия қолбасшысы В. И. Чуйков,
57-армия қолбасшысы Ф. И. Толбухин, сондай-ақ Сталинград үшін болған
шайқастың негізгі ауыртпалығын көтерген 64-армияның қолбасшысы М. С.
Шумилов құрамында соғысты.
Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен
қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жан қиярлықпен
соғысты. Ленинград қоршауындағы әскери бөлімдерде қызмет еткен
жауынгерлердің арасында Д. Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке
бекітілген аэростат командирі С. Жылқышиевтің есімдері мақтанышпен аталып
жүрді. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала
ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес даңққа бөледі. Ол 19
жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан қорғап, соңғы адамы
қалғанша соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау
солдаттары әскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды. Тістерін сындырып,
құлағын кесті. Осындай азапта жау офицерінің бетіне түкіріп, қайсарлық пен
қаһармандық үлгісін көрсеткен А. Ахметовты қанішерлер үстіне жанармай құйып
өртеп жіберді. Батыр жігіт жау алдында сес бермей, өмірден өтті. Елге оның
ерлігі туралы хабар майдангер жазушы Павел Кузнецовтың очерктері арқылы
жетті.
Қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түскен Қарсыбай Сыпатаев,
капитан Н. Гастеллоның ерлігін қайталаған ұшқыш Нүркен Әбдіров, жаудың
пулеметтен оқ шашып тұрған дзотының аузын өз кеудесімен жапқан Ленинград
қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды.
Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын,
Молдавияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің
құрамында Шығыс Еуропа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуге ат
салысты. Қазақстандық жауынгерлер Берлинді алуға қатысты. Лейтенант
Рақымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстаг
қабырғасына қызыл жалау тікті.
Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық емес
мәліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық қүрамалары мен отрядтарында
- 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан.
Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар
мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына
қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г. Ахмедьяров, Ғ. Омаров, В. Шаруда, Қ.
Қайсенов, Ә. Шәріпов, Ә. Жанкелдин, Ж. Саин, т. б. есімдері бүгінде зор
құрметке ие болып отыр.
Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638
қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге
жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы
қазақ. Солардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман қыздары
- Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Кеңес Одағының Батыры атағы
ұшқыштар Т. Бигелдинов, Л. И. Беда, И. Ф. Павлов, С. Д. Луганскийге екі
реттен берілді. 110 қазақстандықтар Даңқ орденінің үш дәрежесіне ие болды.
Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене
қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай
Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.

ерен ерлігі
Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне
елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың
алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне
бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары
жүргізілді.
Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада
2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге
келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық
көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті.
Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы
255 мың жұмысшыға дейін жетті. Олар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz