Парсы патшасы І Дарийдің Бехистундік жазуы


Ежелгі Жаңа жылдың алдында, көктемде, 595 және 594 жылдардың аралығында мидиялық патша Киаксар скиф көсемдерін мерекелік тойға шақырды. Барлық сақтықтарын жоғалтып, қонақтар асыра ішіп, ұйықтап қалғанда, мидиялықтар оларды тас-талқан етті. Бұл оқиға туралы "Географиясында" Страбон былай деп жазады: "Бекіл халықтық мейрам кезінде тенде парсы қолбасшылары сақ көсемдеріне шабуыл жасап, оларды жойып жіберді. Осы жазықтықта жартастардың біріне топырақ үйіп, парсылар жартасты төбе түріне ұқсатты, содан кейін қабырғасын тұрғызды және Ананте мен онымен ортақ мехрабы бар құдайларға - Оман мен Анадат парсы тәңірлеріне ғибадатхана салды, жыл сайынғы қасиетті Сахеи мейрамын белгіледі және оны қазір де өткізіп тұрады". Страбон.
О. Сүлейменовтың "Жазудың тілі" кітабында "Бехистундік жазуды" жаңаша оқуы "Скунха сак" дегеннің "Скун хасак" екенін бізге анықтауға мүмкіндік береді, бар-жоғы бұл екі сөзді басқаша буынға бөлуге тура келді, бұл іздестірулерде шығыс жазушыларына сүйенген А. И. Левшин өз еңбегінде айтқандарына біз де келеміз . . . Ия, этноним ретінде "қасақ, қазақ, казах" сөзі біздің дәуірімізге дейін де жүрген, өйткені парсы патшасы Дарий І-дің "Бехистундік жазбалары" б. д. дейінгі 6 ғасыр деп белгіленеді.
Солтүстік көшпенділері - ғұндар туралы айта отырып, шамамен сол кездері ертедегі қытай тарихшылары оларды "хасак" деп атайды. Осы ертедегі қытай жылнамалары көшпенділердің ежелден жазуының барлығы туралы куәліктерді аз қалдырған жоқ. Н. Я. Бичурин (о. Иакинф) өзінің "Ежелгі уақыттардан Орта Азияда өмір сүрген халықтар туралы деректер жинағында" бірнеше жерде:"Мемлекет адамдары бейнеленген күміс тиыны бар, пергаминде көлденең жолдармен хат жазады", - делінген. (Бичурин Н. Я. ) . Және сонда, басқа бетінде: "Түрік жазбалары Ху халқының жазбаларын еске түсіреді", - дейді. (Бичурин Н. Я. ) . Бұл жазбалардың бәрі Ғұндар (хундар) империясы тарап, ал оны құраған тайпалар мен рулар 2-5 ғасырларда Алтайға қоныс аударған аралық уақыт кезеңіне жатады.
Әдетте, жазу оған деген шаруашылық қажеттілігі білінген жерде пайда болады. Мысалы, ассириялық және вавилондық саз тізімдіктерде негізінен белгілі бір тауардың бар-жоқтығы, құмыралар саны және басқалары туралы немесе борыш және басқа жазбалар бар. Ертедегі түріктер бұл жөнінен сонылық таныта алмаған, "жазба" деп аталатын ағаш тақталарға адамдардың, жылқылардың, салықтардың және малдың саны туралыжазбаларды пышақпен оятын. Бірақ жазу тек ғұндарда ғана емес, сонымен бірге скифтерде де болған. Мысалы, византиялық тарихшы Менандр түріктік елші, соғдылық Маниах "скиф жазбаларымен" жазылған қағанның жолдауын жеткізді деп әңгімелейді.
Қазақстан тарихы ғылымы - дүние жүзі халықтары тарихының бір саласы (қ. Тарих) . Өз бастауларын алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі жартастар мен үңгірлерде салынған суреттерден, кейінгі құл иеленушілік қоғам тұсындағы тасқа жазылған сына жазулардан алады (қ. Есік обасы) . Авестада, Ахемен әулеті тұсындағы парсы деректерінде (“Бехистун жазуы”, т. б. ), Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың (“Тарих”), т. б. антик. авторлар еңбектерінде қазақ жерін мекендеген ежелгі сақтар, турлар, дайлар, исседондар, т. б. тайпалар жөнінде, олардың Ассириямен, Мидиямен, Иранмен байланыстары және Кир, І-Дарий, А. Македонский әскерлерімен соғыстары жайында аса құнды жазба деректер бар. Б. з. б. 2 ғ-дағы Қытай деректері (елшілерден, саудагерлерден, миссионерлерден алынған) Қазақстан тарихын зерттеуде үлкен рөл атқарды. Әсіресе, Сыма Цянның (б. з. б. 145 - 86) “Тарихи жазбалар” еңбегі аса құнды. Онда ғұндардың, үйсіндер мен қаңлылардың тұрмыс-тіршілігі, саяси құрылымдары және Батысқа қоныс аударуы жөнінде көптеген мәліметтер берілген. Осы кезде басталған (б. з. б. 2 ғ. ) Қытайдан Орт. Азия арқылы Жерорта т. елдеріне жеткізетін Ұлы Жібек жолының гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік құрған тұсқа (618 - 907) сай келеді. Бұл тұстағы Қытай тарихшылары жазған жылнамаларда түркі қағандықтары, олардың тұрмыс жағдайы, әскери күш қуаты мен жүргізген соғыстары, түргештер, қарлұқтар, т. б. ұлыстар мен тайпалық одақтар туралы деректер көп. Қытай деректері көбіне сыңаржақты жазылғандығына қарамастан, Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуде аса құнды деп бағаланады. 6 - 8 ғ-ларда тасқа басылған көне түркі жазба ескерткіштері (қ. Орхон жазба ескерткіштері, Талас жазба ескерткіштері, т. б. ) жазылды. Бұл жазбалар ежелгі түркі қоғамындағы әлеум. және мәдени процестерді жат жерлік тарихшыларға қарағанда дәл береді. Оларда түркі қағандықтары (Күлтегін, Білге қаған, т. б. ), түргештер, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар, ұйғырлар, қырғыздар, басмылдар, т. б. жөнінде нақты мәліметтер көп. Ежелгі түркі ескерткіштері, сондай-ақ, сол кезеңдегі Қазақстанның тарихи географиясын анықтауда да шешуші рөл атқарады.
Ислам дінінің таралуы мен Араб халифатының күшеюі нәтижесінде 9 - 14 ғ-ларда араб саяхатшылары мен ғалымдары Қазақстан мен Орт. Азияны мекендеген түркі ұлыстары жөнінде толып жатқан жазба деректерін қалдырды. Атап айтқанда, ат-Табари (9 ғ. ) Жетісу мен Оңт. Қазақстан, Тамим ибн Бахр (9 ғ. ) Ертіс аңғарындағы қимақтар, ибн Хордадбех (9 ғ. ) Жібек жолы бойындағы қалалар мен қоныстар жөнінде құнды деректер береді. 10 ғ-да өмір сүрген әл-Якуди, ибн әл-Факих, әл-Истахри, ибн Хаукал, ибн Фадлан, т. б. еңбектерінде Қазақстанның тарихы мен географиясына қатысты мол деректер кездеседі. 13 - 14 ғ. араб ғалымдары Якут, ибн әл-Асир, ибн Баттута, ибн Халдун, т. б. қарахан әулеті, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар, хорезмдіктер, қарақытайлар, Дешті Қыпшақ, Шыңғыс ханның жорықтары, Алтын Орда, т. б. ұлыстар мен тайпалар, олардың саяси-экон. жағдайы жөнінде жазды. 13 - 14 ғ. А. Жуайни, Ж. Қарши, Рашид ад-Дин, т. б. авторлардың және Батыс Еуропалық саяхатшылар П. Карпини, В. Рубрук, М. Полоның шығармалары 12 - 13 ғ-лардағы түркі-моңғол ұлыстары мен тайпалары тарихы бойынша мейлінше елеулі еңбек болып табылады. Оларда Қазақстанды мекендеген ұлыстардың этн. құрамы мен саяси тарихы, Орда Ежен ұлысы тарихы, Жошы ұрпақтарының генеалогиясы, Шағатай ұлысында болған қырқысулар, Сыр бойы қалаларының қиратылуы жайлы, т. б. деректер беріледі.
Үйсiндер туралы алғашқы деректер б. з. б. 2 ғасырдың аяқ шенiнде белгiлi бола бастайды. Хань император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас iздеп, "Батыс өлкесiне" б. з. б. 138 ж. Чжан Цзянь бастаған елшiлiк жiбергенде ол Жетiсуда болып, үйсiндер жөнiндегi алғашқы хабарды әкеледi. Чжан Цзяннiң хабарына қарағанда, үйсiндердiң саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.
Б. з. б. 73-ші жылға дейiн үйсiндердiң жерi үш бөлiкке: сол /шығыс/ бөлiкке, оң /батыс/ бөлiкке және ғұньмоның өзiне қарайтын орталық бөлiкке бөлiнген, бiрақ олардың бәрi ғұньмоға тәуелдi болды. Үйсiндердiң тарихы кiшi ғұньмолар мен ұлы ғұньмолардың үстемдiк үшiн өзара болған күрестерiмен тығыз байланысты. Үйсiндер көршiлес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань империясы және ғұн тайпалары үйсiндермен одақ болып, Хань мен ғұн әмiршiлерiнiң қыздарын үйсiн ғұньмоларына әйелдiкке берiп отырған.
Қытайдың Хань дәуiрiндегi әулеттiк жазбаларда үйсiндердiң саяси тарихын баяндап жазу, шамамен алғанда, бiздiң заманымыздың III ғасырына дейiн жеткiзiлген. Бiздiң заманымыздың 437 жылы үйсiндер Хань ордасына елшiлер жiбердi деген хабар бар. Академик В. В. Бартольд - "Очерк истории Семиречья" деген кiтабында және қазақ халқының ауыз әдебиетi тарихында үйсiндердiң негiзiн құраушылардың бiрi - Дулат атты тайпаның болғанын айтады.
Жазба деректерге қарағанда, Қарлұқ туралы алғашқы деректер "Суй әулетi тарихында" 581-618 жылдары кездеседi. Онда Қарлұқтар өздерiнiң басты руының атымен Ақтағ /Алтай/ баурайларында мекендеген бұлақ /було/ деп аталған.
Қарлұқ тайпалары VIII-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейiнгi кең байтақ жерлердiң бәрiн де қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдiң арасын, Ыстықкөлдiң айналасын, Iле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнiң бауырайларын мекендедi. Қарлұқ тайпаларының бiрi IХ ғасырдың бас кезiнде Отырар /Фараб/ қаласы маңына барып қоныстанған. Қарлұқтар Талас бойында да тұрды.
Қарлұқтардың құрамына үш iрi ру бiрлестiктерi - Моула, Чжисы және Ташли кiрдi. Бiрiншi тайпаның аты Моула - бұлақ деп аталған. Басқа бiр тобы Чжисы-шiгіл деп аталды. Әмудариядан бастап Қытайға дейiнгi түрiктердiң бәрiн шiгiлдер деп атаған. Олардың бiразы Таласқа жақын жерде Шiгiл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы - Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың бiраз тобы Х ғасырда Iле аңғарында, Ыстықкөл мен балқаш көлдерiнiң арасында көшiп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерiн "жабғу" деп атаған. Олардың астанасы - Қойлық қаласы.
Қарлұқтардың бiр тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алған, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екiншi бiр бөлiгi - Ферғанаға өзiнiң үстемдiгiн жүргiзiп отырған. Қарлұқтар көбiнесе ұйғырлармен және қырғыздармен соғысып тұрды. Олар батыста Мәуеренахрдың араб жаулаушыларымен жан аямай күреседi. IХ ғасырдың бас кезiнде қарлұқтар арабтарға қарсы бағытталған әртүрлi қимыл-әрекеттердi белсене қолдайды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан /қазiргi Луговой стансасы/ қаласына жетедi. 812 жылы арабтар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңедi. Олардың жабғысы қимақ елiне қашып кетуге мәжбүр болған.
Бiздiң заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" деп аталатын еңбегiнде және басқада қол жазбаларда бiздiң заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенiнде Орта Азия мен Қазақстан жерiнде сақ деп аталатын бiрнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Бұл одақ массагеттер, каспийшiлер, есседондар, кейiнiректе аландар, сарматтардан тұрған . Персия патшасы I Дарийдiң Накширустамдағы /Персополға жақын/ тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа: сақ-хаумаваргаларға /хаома сусынын дайындайтын сақтар/, Сақ-тиграхаудаларға /төбесi шошақ бас киiмдерi бар сақтар/, Сақ-парадараяндарға /теңiздiң арғы бетiндегi сақтар/ бөлiнедi делiнген. Бiрiншi топтағы сақтар Ферғана жерiнде мекендесе, екiншiлерi Сырдарияның орта аймағы және Жетiсу жерiн жайлап, үшiншiлерi - еуропалық скифтер немесе Арал теңiзi және Сырдарияның арғы бетіне орналасқан.
Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тiк тұратын төбесi шошақ тығыз киiзден iстелiнген бөрiк және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.
Киіз үй - көшпелілер мәдениетінің ғажайып туындысы. Бүкiл әлем оны сәулет өнерінің теңдесі жоқ үздік үлгісі деп мойындағаны қашан. Ол туралы сонау ықылым замандардан бастап, көне тарих бастауында тұрған әйгілі Геродот, медицинаның атасы Гиппократ тамсана жазған. Киіз үй отбасы тұрағы ретінде ғана пайдаланылмаған. Ол көшпелілер үшін қоғамдық-әлеуметтік мәні бар орын рөлін де атқарған. Аумағы ат шаптырым көп қанатты хан ордалары да болған. Киіз үй - көшпелілер өмірінің ең бір жиынтық образы. Қасиетті қара шаңырақ бейнесі біздің төл мәдениетіміздің, далалық табиғатымыз бен салт-дәстүрлеріміздің өнердегі көрінісі.
Персия мемлекетiнiң патшасы Кир - Мидия патшасы Крезбен б. з. б. 558-529 жж. соғысқан кезде - сақтармен одақ жасасып, олардан әжептеуiр көмек алған. Кейiн Кир сақтар мен массагеттердi өзiне бағындыруды ұйғарады. Сөйтiп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейiн Кирдiң әскерлерi сақтардың жерiне басып кiредi. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетiне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетедi. Кирдiң әскерлерi өздерiнiң жеңiсiн тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлерi тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдiң өзiн де өлтiредi. Осыған байланысты Геродот жазбаларында мынадай аңыз бар: Парсыларды жеңгеннен кейiн Сақтардың әйел патшасы Томирис: "Сен қанға құмартып едiң, ендi шөлiң қансын" деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдiң басын салдырады.
Сақтардың мал шаруашылығының негiзгi бағыты қой өсіру едi. Оның етi мен сүтi ғана емес, сонымен бiрге киiз басу, арқан есу үшiн жүнi де iске асты. Б. з. б. I мың жылдықтың орта шенiндегi грек авторы Харил Сақ тайпаларын қойшылар тайпасы деп атаған. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөл атқарады. өйткенi ол мiнсе - көлiк, жесе - тамақ, iшсе - сүтi сусын қымыз.
Сақтардың заманында жылжымалы арба да болған. Гиппократ скифтердiң тұрмысын суреттей келiп, былай деп көрсетедi: "Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты. Басқа бiр алты доңғалақты арбалар киiзбен жабылатын үйге ұқсас екi және үш қабат киiз жабылған арбалар жасалып, олар жаңбыр мен желден пана болды… бұл арбаларда балаларымен әйелдер отырып, ал ерлер қашанда ат үстiнде жүретiн". Оңтүстiк Қазақстан жерiндегi /Сырдария аңғары, Арыс, Келес т. б. өзендер бойы/ сақ тайпалары егiншiлiкпен де айналысқан. Олар тары, арпа, бидай еккен. Кейбiр жерлерде /Сырдария/ суармалы егiн шаруашылығы дамыған.
Мөде ғұндарды күштi державаға айналдыру үшiн әскери реформалар жүргiздi. Мөденiң басшылығымен ғұндар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсiндерге шабуыл жасап, оларды өзiне қаратты. Мөде батыста Юечжей тайпаларына жорық жасап оны бағындырды. Б. з. б. 200-ші жылдары ғұндар Ордосты қаратып алды. Ал б. з. б. 200 жылы қытай Хань әулетiнiң негiзiн қалаушы Лю Баньмен соғысып оны жеңдi. Ұлы Қытай қорғаны салуының бiр себебi осы ғұндардың шабуылынан қорғану амалы еді. Қытайдың "Жылнама" атты байырғы кiтабында айтылатын "тұрағы жоқ, үйi жоқ ғұндар бәле болды ғой" деп келетiн жолдар ғұндардың Қытай елiне қатты қауiп төндiргенiн көрсетедi. Б. з. б. 188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры "тыныштық және туыстық" жайлы шартқа қол қойды. Мөде қытай ханшасын өзiне әйелдiкке алды, ал Хань империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға тиiстi болды. Соғыстың нәтижесiнде Забайкальеден Тибетке және шығыс Түркiстаннан Хуанхэ өзенiнiң орта бойына дейiн созылып жатқан жердiң бәрi ғұндардың қол астына көштi. "Ғұн державасы" орасан зор үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жерi де бартын. Мұның өзi олардың арасындағы берiк бiрлiктiң болмауымен байланысты едi. Осыдан келiп б. з. б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды.
Парсы патшасы І Дарийдің Бехистундік жазуы
Скиф жеріне жорығы кезінде парсы патшасы І Дарий әрбір есте қалар елді мекендерде немесе оның қөзқарасынша есте қалдыру қажет болған оқиғалар өткен жерлерде өзінің болғандығын білдіретін "із" қалдырып отырған. Мысалы, Дарий әскерлері қалқымалы көпір салған Понт (Ќара теңіз) арқылы өтетін қылтада парсылар патшасы жағалауда ақ тастан екі стела қоюға және Дарий патшаны, оның скифтерге жасаған ұлы жорықтарын және әскерлерін мадақтайтын біріне ассирииялық, екіншісіне грек жазуымен оюлауды бұйырады. .
Жазуларда ол жетекшілік еткен барлық тайпалардың аттары тізіледі: ал ол жеңген халықтарының бәрін жорыққа бастап отырған. Осы жазуларға сай парсылардың армиясында атты әскерімен, теңіз флотынсыз 700 мың адам болған, ал жиналған кемелері алты жүз. Осы стелаларды қалаға алып кетіп, кейінірек византиялықтар оларды Артемида Ортосийдің мехрап бөлмесінде пайдаланды, ал ассириялық жазумен (сына жазу) бір тас Византиядағы Дионистің храмының қасында қалдырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz