Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары. Ұлы Жiбек жолы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары. Ұлы Жiбек жолы

VI-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өстi. Олар сауда мен қолөнердiң, дiн мен мәдениеттiң тiрегiне айналды. Батыс Түркiстан жерiнде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтердi. Олардың көтерiлуi таптық қоғамның шығуының айқын көрiнiсi едi.

Орта ғасырда Қазақстан өзiнiң қалалары арқылы әлемдiк қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерiмен Жiбек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстiгiнде басты және iрi қалалардың бiрi - Исфиджаб (қазiргi Сайрам) болды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. "Исфиджаб iрi қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзетi) мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесi жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешiт бар. Оның төрт қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы, Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар".

VI-ХII ғасырларда тiкелей сауда орталығы ретiнде мәлiм болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлерi өндiрiлiп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темiр әкетiлiп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденiп, көркейген кенттердiң бiрi болған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттелiп осы уақытқа дейiн сыры ашылған жоқ. Бiрақ оның қандай рөлi болғаны туралы жазба деректер аз емес.

Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан iрi қалаларының бiрi - Отырар. Араб-парсы деректемелерiнде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабан) деп те аталған. IХ ғасырдың бас кезiнде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерiнiң бастығын өлтiрдi және Қарлұқ жабғуының ұлдарын қолға түсiрдi деп хабарлайды деректемелер. VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрiнде IХ-Х ғасырларға дейiн сақталған.

Археология және архивтiк материалдар бойынша VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушiсi өзiн теңдесi жоқ "Отырарбендi патшасы" деп атаған. Қала аймағында болған бiрнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бiрi - Кедер IХ-Х ғасырларда оазистiң астаналық орталық дәрежесiне дейiн көтерiлген, мұның өзi саяси жағдайдың өзгеруiне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты едi. Отырар өмiрi Х-ХII ғасырлардан кейiн де жалғасып, оның орта Сырдария өңiрiнiң экономикасы мен мәдениетiне ықпалы күштi болған. Отырар көлемi жағынан ең өскен қала екен.

Қазақстанға белгiлi болған орта ғасырлық қалалардың бiрi - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшiсi Земарх Килликискийдiң Батыс түрiк қағаны Дизабұлға берген есебiнде Тараздың да аты аталған. Шамамен 630 жылы қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңберi 8-9 лиге (4-4, 5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.

VII ғасырда Тараз "Ұлы Жiбек жолындағы" iрi мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезiнде түрiк, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерiнiң басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнiнде тарихи мағлұматтар бар.

Х-ХII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кiрпiштен көпшiлiк үшiн салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибiнiң күмбезi көтерiлген. Ол жақсы күйдiрiлген кiрпiшпен қаланып безендiрiлген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазiр қалпына келтiрiлдi. Тараз жерiндегi ортағасырлық сәулет өнерiнiң тағы бiр ескерткiшi - Қарахан күмбезi. Өкiнiшке қарай, қираған күмбез ХХ ғасырдың басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып, сәндi өрнектерi өшiп кеткен. Бiзге дейiн жеткенi тек оның суретi ғана.

Тараз Жетiсудың саяси, экономикалық және мәдени өмiрiнiң iрi орталығы болған. Оның төңiрегiндегi Талас, Асса сияқты өзендердiң бойында Төменгi Барысхан, Хамукет, Жiкiл, Адахкет, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бiр-бiрiне тiзбектелiп жалғасып жатты. Сондай-ақ, Iле өзенiнiң алқабында Қойлық, Талхиз, Екi-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан.

ХI ғасырда Ясы (Түркiстан) қаласы Шауғар округiнiң орталығы саналған. Мұнда ХII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезi салынып, қала дiни орталыққа айналады.

Сырдариядағы iрi қала - Сығанақ. Қазақстанның солтүстiгi мен солтүстiк-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол ХII ғасырда қыпшақ бiрлестiгiнiң орталығы болды. Қазiр Сығнақтың орнында Сунақ-ата жұрты бар.

Х-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бiрқатар қалалар - Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас, Баршылылықкент, т. б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемi ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы - шахристаннан рабадқа ауысқан.

Қазақстан жерiндегi халықтардың экономикалық өмiрiнде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сiбiр, Шығыс Түркiстанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейдi. VI-Х ғасырлардағы халықаралық саудада "Ұлы Жiбек жолының" зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан (Ташкент) Газгирдке, одан Исфиджабқа жеттi, одан әрi керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бiрнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар болған. "Жiбек жолы" Тараздан терiстiкке қимақтарға қарай Адахкет, Дех-Нуджикент қалаларын басып өттi.

Тараздан "Жiбек жолымен" Төменгi Барысханға, Құланға (Луговое қаласы), одан әрi Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бiрнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркiстанға барып жетедi екен.

Исфиджаб қаласынан солтүстiкке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терiстiк бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын, одан кейiн Орталық Қазақстан далаларын басып өтiп, Кеңгiр, Жездi, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертiс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтiн болған.

Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан. Өзендерге көпiрлер салынған. Қалаларда сауда орны, iрi базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар, көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т. б. шығарылып, Қытайдан жiбек, фарфор, керамика әкелiнетiн. Шеттен әкелiнген бұйымдар - меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.

Қалалардың өсiп өркендеуi, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнiмдерiне сұранымды арттырған. Мұның өзi егiншiлiк пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егiншiлiк көбiнесе суармалы негiзде дамыды.

Егiн шаруашылығы елдiң Оңтүстiгiнде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендерi алқабында, Жетiсуда, Iле өзенi бойында бiршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егiншiлiкпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдiң барлық жерлерiнде егiншiлiк кәсiптерi мал шаруашылығымен ұштасып жатты.

IХ-ХII ғасырларда Отырар өңiрi суармалы егiншiлiктiң орталығы болды. Мұнда егiстiк көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзенiндегi су қоймасы арқылы жүргiзiлiп, оның бiр саласы Отырар қаласына келдi, екiншi саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйiк қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңiректегi рабадтарды сумен қамтамасыз етiп, сонымен бiрге қаланың солтүстiгiндегi алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткенттi, Аркөктi, Аққорған және Үзкенттi сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жердi суландыру үшiн Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерiнiң суы пайдаланылған.

Жер кетпен тәрiздi темiр шоттар және темiр, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен /омаш/ өңделiп, егiн ору темiр орақпен жүргiзiлген. Дәндi ұнтақтау үшiн тас диiрмендер қолданылған. Қолдан суару негiзiнде Жетiсу тұрғындары астық өсiрiп, жүзiм шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын ектi. Таудың төменгi етектерiнде Талғар, Есiк, Қаскелең, Үлкен және Кiшi Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсi өзендерiнiң орта және төменгi ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенiнен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған.

Қазақстан жерiнде халықтар өздерiнiң даму дәрежесiне қарай қолөнер кәсiбiмен де шұғылданды. Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының бiртiндеп ыдырауына әкеп соқты. Құмыра жасаушылардың, шыны үрлеушiлердiң, зергершiлердiң, қару-жарақ жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың iстеген заттарына халықтың сұранымы күштi болды. Саз балшық бұйымдар өндiрiсi ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың бауырындағы қалаларда керамиканы өркендетудiң қалыптасқан түрлерi сақталған. Сырдарияның төменгi бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, т. б. ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлi қызыл, жасыл, сары, қоңыр түстi бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезiнде арыстанды бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсiмдiк ою-өрнегiмен әшекейленген құмыра табылды.

Отырар өркениеті

Қазiр ғылым тарапынан қолдау таба баcтаған Отырар өркениетiн Отырар мен оньң өзiнен кем түсе қоймайтын ipгeлестерi - Көкмардан, Кедер (Құйрық төбе), Оқсыз, Қаракеншек, Шiлiк (Бұзық), олардьщ тiкелей ықпалында болған Иасы (Tүpкicтaн), Сауран, Сығанақ, Шорнақ, Қарнақ, Хұзақ (Созақ), Баба Ата, Құмкент, Сүткент, Қараспан, Хұрлық (Шымкент) сияқты ортағасырлық қоныстар қалыптастырған. Мұны бiз Отырар - Қаратау мәдениетi дегенге жататын Көкмардан, Күйкiмардан, Қыркескен қазбаларынан табылған заттардан әcipece балшықтан күйдiрiлген, тастан қашалған, металдан соғылғaн бұйымдардан, еңбек құралдарынан aңғаpaмыз. Қалалардың қаулай өcyiнe VI - IX ғасырларда архитектурамен қосалқы өнердің жаңа үлгiлерiнің туындауы себеп болды. Бертiн келе, Х-ХI ғасырлар құрылыста күйдiрiлген кiрпiш, гипс, алебастр кeңiнeн қолданылып, глазунь бояуымен және ою-өрнекпен үйдi безендiру кең өpic алды.

Отырар - XVIII ғасырдан астам өмip сүрген ұлы қала, бүгiнде өзiнiң үйiндiсiнiң ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған.

Отырардың берiк қамалы, айнала қазылған сулы ор үстiндегi аспалы көпiрлермен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар арқылы жұрт мұқият орналастырылған көшелермен қаланың орталық алаңына шығады екен. Ақша соғатын орынның, қолөнершiлер тұрагының, су құбырының, нәжiс жүйесiнің болуы мұндaғы қала тiршiлiгiнiң астаналық сипатта болғанын көрсетедi. Отырармен аттас көгалды алқаптың қалаға тipкece жатқан бөлiгiнiң өзiнде оннан астам үлкендi-кiшiлi қалалар болған. Fажайып суландыру жүйесi бар қала егicтігінің өзi әлденеше шақырымға созылып жатқан. "Отырардағы баспананың негiзгi ұясы, - деп жазған археологтар К Ақышев, К Байпақов, Л. Ерзакович, - дәлiздi немесе қоймалы бөлме, сол сияқты көп бөлмелi тiркеспелер отырықшы қазақтардың үйлерiне ұқcac".

Сыр бойының отырықшы және жартылай отырықшы халқының бiрiнде өздерi тұрып, екiншiciнде қонақ күтeтiн ортасы дәлiзбен ажырасатын eкi бөлмелi "Қоржын үйi" (мұны қоржын icпeттi болғандықтан осылай атаған), оның өн бойына түнек (қойма) салатыны археологтар пiкiрiн растайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
Жібек жолы
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
Орта ғасырдағы қала мен дала
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстанның қалалары
Ұлы жібек жолы жайында
Қытай империясының көне астанасы Чаньаннан шыққан алғашқы көпестердің жолдары
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СІЛЕМІ
Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz