1986 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

1986 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ

Халық шаруашылығындағы тоқырау кұбылыстары әміршіл-әкімшіл жүйенін жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы жіберген кемшіліктері мен қарама-қайшылықтарының салдары еді.

Халық шаруашылығының салалық құрылымдары да кеселді қалыпқа түсе бастады. Орта машина жасау министрлігі, Қорғаныс министрлігі дейтіңдер республика аумағының нағыз қожалары болып алды. Әр түрлі жоспарлар жасау, жаңа кен орындарын игеру кезіңде, іс жүзіңде республика мүдделері есепке алынбады. Ведомстволардың қанжығасына түскен миллиардтаған табыстардан республикаға оның титімдей бөлігі ғана бөлініп, ал жергілікті тұрғыңдарға ештеңе тимеді. Барлық қаржының көпшілігі өндіруші салаларға жіберілді, халыққа қажетті тауарлардың 60 процентке жуығы республикадан тыс жерлерден тасымалданды. Мүншалықты "бұрмаланған, отарлық құрылымды экономикасы" бар ел әлемде сирек еді. Идеологиялық тоталитаризм және ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың "қалдықты" принципі адамдардың рухани дүниесінің дамуына кеселді әсер етті. Ғылымдар, оның ішіңде қоғамдық ғылымдар, тарих та ресми саясаттың елгезек "қызметшілеріне" айналып, ал мәдениет болса ұлттық тамырларынан қол үзіп, сұрқай тартып, өңінен айырыла бастады. 1954 жыл мен 1986 жылдар аралығыңда 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды.

Қазақ тілінің жағдайы төзгісіз халге жетті. Ол қоғамдық орындарда қызмет етуден қалып, тек тұрмыстық тілге айналды. Тілдің өзіндік өрісі де тарыла түсті, өйткені оны жастардың көпшілігі ұмыта бастағаны былай тұрсын, тіпті оларда ана тіліне деген менсінбеушілік пайда болды. Ұлттық мәдениет пен тілден аластаудың осыңдай ұзақ процесі мәңгүрттердің елеулі тобын дүниеге келтірді. Осындай факторлардың салдарынан қазак ұлтының көніл-күйі ауырлай берді. Көптеген адамдар елде жарияланған қоғамдық-саяси өмірді кайта құру бағытына үміт артты. 1986 жылдың ақпан-наурызында Қазақстан Коммунистік партиясының XVI съезі болып өтті. Алайда бұл съезд де республиканы қаусатқан әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептеріне терең талдау жасай алмай, тек жекелеген кемшіліктерді сынаумен шектелді. Бұрынғы жылдардағы сияқты сөзуарлық байқалып, көрсеткіштер сын көзімен бағаланбады. Республиканың басшылығында ұзақ жылдар бойы отырған дарынды адам Д. А. Қонаевтың өзі де, бүкіл КОКП сияқты, әміршіл-әкімшіл жүйенің өкілі ғана болып қалды. Оған республиканың егемендігі сөз жүзінде ғана жарияланған жағдайда жұмыс істеуге тура келді.

Анағұрлым маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға директива ретінде жіберіліп отырды. Қандай да болмасын жоғарғы жақпен келіспеушілік немесе қарсылық "партиялық тәртіпті бұзу" немесе "ұлтшылдық" деп бағаланып, іле-шала қатаң жазаланды.

Басқасын былай койғанда, әміршіл-әкімшіл жүйе "көсемдерге" табынушылық пен иланушылықты Мәскеуде ғана емес, республикалар мен облыстарда да жүргізіп отырды. Қазақстанда Д. А. Қонаевтың төңірегіндегілері ішінде қызмет бабын дүниекоңыздық мақсатта пайдаланған адамдар аз болмады. Қазақстан басшыларының көз алдында Арал құрғап, қазақ тілінің қолданылу аясы тарыла түсті, Семей және баска полигондарда үздіксіз жарылыстар жүргізіліп, әкімшіл жүйенің мәңгілік сыңарлары: парақорлық, тамыр-таныстық, маскүнемдік пен халықтың әлеуметтік немқұрайдылығы кең етек алды.

1979 жылғы Ақмоладағы жаппай толқу елеусіз калып, тіпті көпшіліктен жасырылды.

Біз коммунистік деп атап жүрген идеялармен тәрбиеленген адамдар үшін, 1985 жылғы тарихи сәуір бетбұрысы оңайға түскен жоқ. Қазакстандағы қайта Кұру процестері еліміздің басқа аймақтары сияқты көптеген қиындықтар мен кедергілерге соқтықты.

Д. А. Қонаевтың тағдыры ескі алаңдағы Кремльде шешілді. 1986 жылғы желтоқсанның 16-сы күні таңертеңгілікте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумды КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г. П. Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана - ұйымдастыру мәселесі тұрды. Пленум бар болғаны 18 минутқа созылды. Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселелердің бірі осыншалықты қысқа мерзімде шешілді. Д. А. Қонаевтың орнына Г. П. Разумовскийдің ұсынысы бойынша бұған дейін КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс адам Г. В. Колбин тағайындалды. Орталықтың мұндай волюнтаризмімен Қазақстан бірінші рет кездесіп отырған жоқ еді. Желтоқсанның 17-сі күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталып, кейінірек ол республиканың басқа да қалаларына тарады. Г. В. Колбиннің республиканың жоғары басшылығына тағайындалуы толқу үшін сылтау ғана еді. Наразылықка жылдар бойы қорланған себептер түрткі болды. Хаықты ашындырған Орталықтың дәстүрлі өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаган демократияльщ принциптер арасындаеы қарама-қайшылықтар еді.

1986 жылғы желтоқсаңдағы қазақ жастарының бой көрсетуі ұлтшылдық сипатта емес және өзінің бастапқы кезеңіңде құқыққа қарсы сипатта да болған жоқ.

Орталық Комитет пленумының шешіміне алғаш қарсы шыққан Алматы қаласының студент жастары мен жұмысшы топтары еді.

Шеру бейбіт және саяси сипатта болды, онда басқа халықтарға қарсы атой салушылық, мемлекеттік құрылысты жоюға деген үндеулер болған жоқ. Әміршілдікке дағдыланған республика басшылары әу баста-ақ жастармен тең құқылы келісімге бармады және олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалап, олар бұған Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, сан жағынан демонстранттардан әлдеқайда көп күштермен орталық алаңды қоршап алумен жауап берді.

КОКП Орталық Комитетіне оқиғаларды бұрмалап түсіндірген жедел хабар жіберілді. Республика басшылығының үсті-үстіне сұраған өтініштерінен кейін, КСРО Ішкі істер министрі А. В. Власов еліміздің әр түрлі аймақтарынан Алматыға Ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдап, заңды бұзушылыққа жол берді. Демонстрацияны тарату кезінде сойылдар, кіші саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатын машиналар пайдаланылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1990 жылғы қыркүйектің 24-індегі қаулысында бейбіт және сан жағынан аз наразылық демонстрацияның жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуі - республика басшыларының саяси дәрменсіздігінен, қиын жағдайдан бейбіт жолмен шыға алмағандығынан және шыққысы келмегендігінен, олардың сана мен ізгілік ниетке емес, күшке арқа сүйегеңдігінен деп атап көрсетілді.

Өкімет орындарының жағдайды болжай алмауы қасіретті салдарларға әкеліп соғып, демонстранттар тарапынан да, қоғамдық тәртіпті сақтаушылар тарапынан да адамдардың қазаға ұшырауына жол берілді.

Демонстранттарды тарату кезінде партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді. Уақытша ұстау бөлмелері мен арнайы бөлімдерге, тергеу бөлімдеріне жеткізіліп, қаланың сыртына әкетілген адамдардың санының өзі 8, 5 мыңнан асты. Оқиғаға қатысқандарға қарсы қылмысты істер қозғау, сот-тергеу жұмыстары кезінде көптеген дөрекі заңсыздықтарға орын берілді. Тергеу, әдеттегідей асығыс, ойдан шығарылған және айыптаушылық пейілде жүргізілді.

Мысалы, айыпталған 99 адамның 46-сы біршама уақыттан кейін ақталды. Жоғарғы оқу орындары мен кәсіпорындарда кудалау жүргізілді. Қысқа мерзімнің ішінде желтоқсан оқиғаларына қатынасқаны үшін 787 адам комсомол қатарынан шығарылды, 1138 адам комсомолдық сөгіс алып, 271 адам оқу орындарынан қуылды, жүздеген адамдар жұмыс орнынан кетуге мәжбүр болды. 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары жайлы" қаулы қабылдай отырып, 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларын "қазақ ұлтшылдығының көрінісі" деп бағалады. Төрешіл, коммунистік аппарат тағы да өзін ақтап шығып, кезекті "кінәліні" тапты. Тәртіп қорғау күштері, құқық қорғау, тергеу, сот органдары, прокуратура, бұқаралық насихат құралдары тарапынан жасалған осыншалықты дөрекі арсыздық, заңды бұзушылық, шындығына келсек, саяси басшылықтағы шағын топтардың жүгенсіз монополиялық билігінің, қатаң орталықтанған әміршіл-әкімшіл жүйенің бар айла-амалы мен күшін сарқа пайдаланып, барынша толық жұмыс істегендігінің нәтижесінде мүмкін болды. Мына бір мысал оны жақсы сипаттайды. Көпшіліктің табандылықпен талап етуінен кейін КОКП Орталық Комитетінің қаулысындағы қазақ ұлтшылдығы деген кінәлау қате деп мойындалды.

Демократия мен жариялылық нығая түскен сайын республикада желтоқсан оқиғаларына өзіндік мораторий жарияланды. Көптеген кінәсіз адамдар бұл кезде түрмелерде жатты, заңды саналған КОКП Орталық Комитетінің қаулысы әлі күшінде еді, ал жасалған заңсыздықтарға жауапты адамдар өздерінің орындарында шәниіп отырды.

Үнсіздіктің тас қабырғасына қозғау салған КСРО халық депутаты, дарынды ақын М. Шахановтың КСРО халық депутаттарының I съезіне сөйлеген сөзі болды. Әділдік салтанат құруы үшін одан кейін де көп уақыт өтті.

Гүлнар Есенқұлова

«МЕН ДЕ БОЛДЫМ ЖЕЛТОҚСАН ҚҰЙЫНЫНДА…»

18 желтоқсан біз үшін әдеттегідей оқу күні болатын. Лекция оқу корпусының 7-қабатында болып жатқан. Кенет көше жақтан айқай-шу естілді. Терезеден үлкен жиынды көрдік. Олар бізді өздеріне шақырды. Үзіліс кезінде ешнәрсеге түсінбеген біз бірінші қабатқа түстік. Алдымыздан сол кездегі деканымыз Момынов шығып, еш нәрсе де болып жатпағанын айтып, кері қайтарды. Лекция қайта жалғасып, сағат 1-лер кезінде біттік. Көшеге шықтық, құмырсқаша құжынап жататын автобустар сап тиылған. Көшеде адамдар алаңға қарай ағылып барады. Кейбіреулері «алаңға жүріңдер, жиналыс болып жатыр» деп айқайлайды. Жаяулап Фурманов көшесіне келгенімізде, алаң лық толы халық екен. Тіптен, аяқ алып жүруге болмайды. Бірен-саран қыз-жігіттер мінбеге шығып, сөйлеп жатыр, олардың сөзін ести алмадық. Біз келгенде алаң тып-тыныш еді. Бір кезде милиция мен әскери киім киген кісілер қаптап кетті. Түстері суық. Әне-міне дегенше алаңды қоршап алды. Менің қасымда Сәуле Сатыбалдиева деген құрбы қызым бар еді.

Біз қаннен-қаперсіз едік. Ол кезде жұрттың бәрі де жайбарақат болатын. Кенет бір милиция қызметкері шеткері тұрған жас қызды білегінен шап беріп ұстап алды да, алаңға қарай сүйрей жөнелді. Сол жерде тұрған бір жігіт арашаға түсті. Милиционерлер жабылып, екеуін де соққыға жықты да асфальтпен дырылдатып сүйрей бара жатты. Тып-тыныш тұрған халық сеңдей соғылып, үргін-сүргін болды да кетті. Не болып, не қойғанын білмей қалдық. Осылай абдырап тұрғанымызда бір милиционер Сәулені де сүйрей жөнеліпті.

- Гүлнәр, құтқар мені! - деп еңіреп барады екен. Бір таңқалғаным, маған ешкім тиіспеді. Жолдас қызымды қимай, соңынан ере бердім. Алда не күтіп тұрғанын қайдан білейін, бар ойым құрбымды құтқарып қалу еді. Айналамда не болып жатқаны түсініксіз. Сәуленің шырқырағаны сай-сүйегімнен өтеді. Басым айналып бара жатқан сияқты. Не керек, есімді милиция машинасының ішінде жидым. Темір тордан жан-жағымда не болып жатқанын көру мүмкін емес. Байқасам, машинада 5 қыз 1 жігіт екенбіз. Сәуле тордан шығуға әрекеттеніп еді, аямай ұрып тастады. Мен де оңбай таяқ жедім. Әуелі солдаттың аяғымен тіземнен теуіп, ішімнен ұрғанда құлап бар жатқанымды білемін…

- Сен қазақ емессің бе, қарындастарың ғой… Неге аямайсың! - деп қасымыздағы жігіттің ышқына айғалаған сөзі құлағымда.

Машина жүріп келеді. Бір-бірімізді сүйемелдеп ес жидық. Қыздар: «Аты-жөнімізді жазып, көшеге тастай берейік. Біреу-міреу ала қалса, іздестірер» - деп, шуласып тордың саңылауынан қағазды шиыршықтап жол үстіне тастай бердік.

Қас қарая бергенде біз мінген машина үлкен бір қақпалы үйдің жанына келіп тоқтады. Мұнда жан-жағын сыммен торлап тастаған екі қора бар екен. Оның біріне жігіттерді, ал екіншісіне қыздарды қойша қамап тастапты. Бізге бұл жерден орын болмады. Камералар лық толы екен…

Бірде кезекті сұраудан Сәуле ебіл-дебіл болып жылап келеді. Не болғанын сұрадым. Ол жылап тұрып, бір ересек милиция қызметкері тергеу үстінде оған «Сен маған көн. Сонда сені құтқарамын. Әйтпесе - атыласың!» - деп алып қалуға әрекет жасапты. Сәуле еш көнбепті. Бізді келесі бір бөлмеге алып келді. Бұл жер де ұсталғандарға лық толы екен. Ішінде ересектері де бар. Терген жатыр екен. тергеуден келгендер қиналып келеді. Азаптанғанын сезіп, шулап жылаймыз. Бұл жердегілердің көбісі алаңнан жарақат алғандар. Жараларын ауырсынған қыздардың ыңырсығаны жан түршігерлік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
Қайта құру кезеңіндегі Республиканың қоғамдық-саяси өмірі
Желтоқсан көтерілісі. Көтеріліс хронологиясы
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты. Желтоқсан оқиғасы
Қазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікірінде
Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі
Тәуелсіздік жолындағы күрес
Желтоқсан көтерілісінің құрбандары
Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер
Дақпырт пен шындық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz