Ермұқан Бекмахановтың өмірбаяны
Ермұқан Бекмахановтың өмірбаяны
Е.Бекмаханов 1915 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге
келген, 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институттың
тарих факультетін бітірген. Одан елге оралып, Алматыдағы Ғылыми-зерттеу
педагогика институтында ғылыми қызметкер, содан соң директор болып қызмет
атқарған. Соғыс жылдарында республика Халық Ағарту Комиссариатында басқарма
бастығы болды, сонымен қатар Алматының жоғары оқу орындарында сабақ берді.
1946-1947 жылдары ол Қазақ КСР Ғылым академиясының жаңадан құрылған
Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми істер
жөніндегі орынбасары болды, ал 1947 жылдан өмірінің соңына дейін (6 мамыр,
1966ж,). 50-жылдарда буржуазияшыл ұлтшыл, антисоветчик аталып айдауда
болғанын ескермегенде, Қазақ мемлекеттік университетінің өзі негізін
қалаған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.
Бекмаханов пен оның басты кітабы
Жақында тарихшы ғалымдар машинкаға басылған көлемі 552 беттік
қолжазбаға тап болды. Орыс тіліндегі осы қолжазба Стенограмма дискуссии по
книге Бекмаханова. Казахстан в 20-40-годы XIX века деп аталып, пікірталас
болған уақыты 14-19 июля 1948г. гор. Алма-Ата деп көрсетіліпті.
Осы оқиғаның қайнаған ортасында болған, сол кезде көзі тірі куәгерлер
бұл мәселе туралы әңгіме қозғауға құлықсыз болған көрінеді.
Ал мына қолжазба Ерекеңнің жеке басы мен оның негізгі кітабының
тағдырына тікелей қатысы бар көптеген мәліметтерге толы екен. Олар, бір
жағынан, осы кітапқа байланысты Е. Бекмахановқа аса ауыр саяси айыптар
тағуда ерекше белсенділік көрсеткен саяси қырағы айғайшылар жөнінде мәлімет
берсе, екінші жағынан, Ерекеңнің осы кітабына әділ баға беріп, оның авторын
саяси айыптардан қорғап қалуға атсалысқан тарихи шындыққа адал жекелеген
тарихшы ғалымдар туралы мәліметтерге толы екен. Ал бұл қолжазба өткен
ғасырдың 40-жылдарының ортасынан 50-жылдардың бірінші жартысына дейін
созылған КСРО-да тоталитарлық билік жүйесі жүзеге асырған саяси қуғын-
сүргіннің үшінші толқыны тарихынан мол хабар берерлік дерек көз болып
шықты.
Осы стенограмма табылғаннан көп бұрын (1966 ж.) Е.Бекмаханов дүниеден
озған болатын. 1956 жылы Е.Бекмахановтың өз басы саяси тұрғыдан ақталып,
шығармашылық және ұстаздық қызметке қайта оралғанымен, оның Кенесары
Қасымұлы басқарған көтеріліске арналған зерттеулері, ең алдымен оның айтулы
ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстан атты монографиясы ақталған жоқ
еді, ол кітапханалардың жасырын қоймалары мен жекелеген адамдардың қолында
сақталды. Өйткені ол кезде Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліске таптық
және коммунистік идеология тұрғысынан берілген теріс баға күшінде болды.
Басқа сөзбен айтқанда, Ерекеңнің өз басының тұтқындалу мерзімінен оның
кітабының тұтқындалу мерзімі әлдеқайда ұзақ болды.
Ерекеңнің басты кітабын ақтау және оны 1948 жылдың шілдесінде бес күн
қатарынан талқылаған пікірталастың стенограммасын жариялау еліміз
тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мүмкін болды.
1992 жылы Қазақ университеті баспасы Е. Бекмахановтың Казахстан в
20-40-годы XIX века монографиясын оның сенімді шәкірті, бұл күндері
арамызда жоқ Ә.С.Тәкеновтің дайындауымен бірінші басылымынан 45 жылдан
кейін қайтадан жариялады...
Ал стенограмма 2000 жылы Дискуссия по книге Бекмаханова Е.Б.
Казахстан в 20-40-годы ХІХ века Стенограмма. Июль 1948 года деген
тақырыппен шықты. Оған бес күн пікірталасқа қатынасып, сөйлеп үлгерген 20
адамның жөне сөз сөйлеуге үлгермеген тағы да үш кісінің сөз мәтіндері
енгізілді. Стенограмманы жариялаушылар пікірталасқа қатынасушылардың
сөйлеген сөздерін ешбір өзгеріссіз және ешбір қысқартусыз берді. Басылым
соңында пікірталасқа қатынасқан 23 адам жөнінде қысқаша мәліметтер
жарияланды (олардың туған жылдары, білім деңгейі, қызмет орны туралы).
Жұмыстың басты мақсаты Кеңес зиялыларына қарсы бағытталып, XX ғасырдың
40-жылдарының екінші жартысынан 50-жылдардың ортасына дейін елде орын алған
саяси қуғын-сүргіннің үшінші толқынының тарихын Е.Бекмаханов тағдыры
мысалында көрсету болып табылады. Жұмыс Е.Бекмахановтың ХІХ ғасырдың 20-40-
жылдарындагы Қазақстан монографиясы жөнінде жоғарыда айтылған пікірталас
стенограммасына және соған байланысты басқа да құжаттарға негізделген.
Е.Бекмахановтың және оның монографиясын жазалаудың өзіндік тарихы бар.
Мұны Вопросы истории журналының (Москвада шығып тұрған) 1988 жылғы 11-
санында жариялаған академик А.Панкратованың хаттары дәлелдейді.
Соғыстың бастапқы кезеңінде Алматыда КСРО Ғылым академиясы Тарих
институтының бір топ ғалымдары, олардың қатарында КСРО Ғылым академиясының
мүше-корреспонденті (1951 жылдан академик) А.М.Панкратова болғаны белгілі.
Осы ғалымдардың Панкратова бастаған бір тобы Қазақ ССР тарихын шығаруға
қатысты. Қазақстан тарихын көне заманнан сол кезге дейін қарастырған бұл
кітап 1943 жылы жарық көрді. Анна Михайловна осы басылымның автарларының
және редакторларының бірі болды.
Енбек жарыққа шығысымен сталиндік сыйлық алуға ұсынылды. Бірақ бұл
сыйлық берілмей қалды. Сыйлықтың берілмеуін А.М.Панкратова КСРО Ғылым
академиясының мүше-корреспонденті А.И.Яковлевтің теріс пікір жазуына жөне
сондай-ақ өзіне Москвадағы кейбір атақты тарихшы ғалымдардың қырын
қарауының салдарынан деп түсіндіреді.
Ол БК(б)П Орталық Комитетіне хат жазып, КСРО тарихы мәселелерін кең
ауқымда талқылау үшін елдің жетекші тарихшыларының кеңесін шақыруды талап
етті. А.М.Панкратованың табандылығының арқасында бұл кеңес 1944 жылғы жазда
өткен болатын.
КСРО-ның көрнекті тарихшылары қатынасқан осы кеңесті БКП(б) Орталық
Комитетінің хатшысы А.С.Щербаков жүргізіп, оның кейбір мәжілістеріне А.А.
Жданов пен Г.М.Маленков сынды Орталық Комитет басшылары қатысты.
Бұл мәжілістің барысында кеңестік тарих ғылымының өзекті мәселелерімен
қатар оның шақырылуына түрткі болған Қазақ ССР тарихы жөнінде де ішінара
әр түрлі пікірлер айтылды. Бірқатар ғалымдар: А.М.Панкратова, Б.Д.Греков,
И.С.Державин және басқалары Қазақ ССР тарихын одақтас республиканың
тарихын зерттеудегі алғашқы және сәтті ұмтылыс деп бағалады.
Сын-ескертпелер де айтылмай қалған жоқ. Ұлт аймақтарының Ресейге
қосылуына орай Аз нұқсан келтіру (Меньшее зло) және Біртұтас тасқын
(Единый поток) теориялары жөнінде қилы-қилы пікірлер білдірілді.
Кеңеске қатысушылардың кейбіреулері (мәселен А.И.Яковлев, СК.Бушуев)
Қазақ ССР тарихын орысқа қарсы жазылған кітап деп бағалады, онда Ресейге
қарсы ұлттық көтерілістер дәріптелген деді. Мәселен, Кенесары Қасымовтың
басшылығымен болған көтеріліс туралы 14-тарау жөнінде осындай үзілді-
кесілді сындар айтылды. Ал бұл тараудың авторы Ермұхан Бекмаханов болатын.
Сталиннің қоғамдық өмірдің барлық салаларында, оның ішінде рухани
салада да нұсқауларын белсенді түрде жүргізіп отырған Жданов, Маленков,
Щербаков сияқты басшылардың кеңеске қатысуы жағдайында айтылған бұл айыптау
сол кезде 28 жастағы К.Бекмахановтың одан кейінгі кезеңдегі өміріне теріс
ықпалы мен кесірін тигізбей қойған жоқ.
Дегенмен, өмір ағысы жалғаса берді. 1946 жылы күзде 31 жасар Ермұқан
Бекмаханов, Москвада докторлық диссертациясын қорғады, ал мұның қолжазбасы
1947 жылы Алматыда XIX ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстан деген атпен
орыс тілінде жеке-монография түрінде жарық көрді.
Е.Бекмахановтың кітабының шығуы Қазақстан Компартиясы "Орталық
Комитетінің Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының
жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы деген қаулысымен (1947ж.
қаңтар) тұспа-тұс келді. Бұл қаулы казақ халқының 1917 жылғы Қазан
революциясына дейінгі, әсіресе, XIX ғасырдағы рухани мұрасын ғылыми
зерттеуге тыйым салу болды. Біз бәрібір ұлттық мәдениеттен тек қана оның
демократиялық және социалистік элементтерін аламыз және мұны сөз жоқ,
буржуазиялық ұлтшылдыққа пайдаланамыз деген лениндік қағиданы бүркемелеген
бұл қаулы өткен заманның ауызша және жазбаша мұрасын ғылыми тұрғыдан
байыптауға ұмтылысты саяси қателіктер және ұлтшылдық сипаттағы бұрмалаулар
деп жариялады.
Осыған іле-шала әр түрлі дүрмекшілер мен даурықпашылар қазақ
интеллигенциясы қатарынан ұлтшылдар мен байшылдарды іздеу науқанын
бастап кетті. Тіпті, Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаев сынды ірі тұлғаларға
тіл тигізушілер мен топырақ шашушылар да табылмай қалған жоқ.
Қазақ КСР Ғылым академиясының мекемелерінде, жалпы зиялы қауым
арасында күдіктілік пен үрей орын алды. Турасын айтқанда, 1937 жылдың
синдромы қайталанып, қоғамда соған ұқсас саяси хал-ахуал пайда болды.
Асыра сілтеу, бұрмалау мен күдікшілдік қайтадан бел алған осындай
тұста жарық көрген Ерекеңнің монографиясына пікір айтушылардың кейбіреулері
әуел бастан-ақ оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс тарихын ақтау
тұрғысынан көрсеткен деп бағалап, оның авторынг буржуазиялық ұлтшыл
идеологияны дәріптеуші деп саяси кінәға ұшыратты.
Осындай жағдайда Москвада КСРО Ғылым академиясының Тарих институтында
1948 жылы 28 ақпан күні Е.Бекмахановтың монографиясына арналған алғашқы
пікірталас болды. Ол КСРО Ғылым академиясының тарих және философия
бөлімшесінің академик-хатшысы Б.Н. Грековтың басшылығымен өтті. Оған Кеңес
Одағының белгілі тарихшы ғалымдары Н.М.Дружинин, С.В.Бахрушин, М.П.Вяткин,
А.П.Кучкин, С.В.Юшков және басқалары қатысты. Осы талқылауда Алматыдан
арнайы келген тарих ғылымының кандидаты Х.Айдарова ұзақ сөз сөйледі.
Мәжілісте тарих ғылымының кандидаттары Т.Шойынбаев пен М.Ақынжановтың
талқыланып отырған кітап жөніндегі жазбаша пікірлері оқылды.
Х.Айдарованың сөзі мен Т.Шойынбев пен Л.Ақынжановтың жазбаша пікірінде
Кенесары Қасымұлы баскарған көтеріліс феодалдық-монархиялық мәнге ие
болды, ал Е.Бекмаханов болса ұлт-азаттық қозғалыс деп бағалап, үлкен саяси
қателікке барды делінді.
М.П. Вяткин Кенесары басқарған қозғалыстың негізінде шаруалардың жер
үшін күресі жүріп жатыр деген дұрыс тезисті ашып көрсетуге Бекмахановтың
көп еңбек тындырғанын жоғары бағалады.
Талдауды қорыта келіп, академик В.Д.Греков кеңес тарихшылары қандай
мәселені зерттемесін, тек қана шындықты жазуы міндетті, қандай қоғамдық
құбылысты болсын, оның ішінде ұлт-азаттық қозғалыс тарихын суреттегенде
де, бірыңғай әсіреқызыл бояу жағуға да немесе біртұтас қара бояумен
бейнелеуге де болмайтындығын айта келіп, Қазақстан тарихшыларын ынтымаққа,
бірлесіп шығармашылық еңбек етуге шақырды.
Алайда, Қазақстан жағдайында үлкен ғалымның бұл тілегі бірден жүзеге
аспады. Кітап пен оның төңірегіндегі даңғаза айқай-шу басылмады. Осының
нәтижесінде 1948 жылғы шілдеде Қазақ КСР Ғылым академиясында
Е.Бекмахановтың кітабына байланысты бес күнге созылған пікірталас
ұйымдастырылды. Пікірталас Академияның Тарих, археология және этнография
институтында өткізілді. Ол Ғылым академиясының сол кездегі Қоғамдық
ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы Н.Т. Сауранбаевтың төрағалығымен
өтті.
1948 жылғы алғашқы мәжіліс ашылған 14 шілдеде Н.Сауранбаев былай деді:
Бүгінгі мәжіліс Бекмаханов жолдастың XIX ғасырдың 20-40-жылдарындағы
Қазақстан атты кітабын талқылауға арналады ... Сіздерден талқылаудың
ғылыми тұрғыдан өтуін сұраймын. Сіздердің кітапқа байланысты сөздеріңіз
ғылыми пікір алысуға сай болуы қажет.... Алайда, Н.Сауранбаевтың бұл
өтінішін пікірталасқа қатысушылардың көпшілігі, өкінішке орай, қажет деп
санамады...
Қысқаша мәлімдесек, пікірталасқа қатынасушылар талқыға түскен кітап
пен оның авторы жөнінде үш түрлі пікір айтып, үш түрлі қорытынды жасады.
Тарих ғылымының кандидаты Т.Шойынбаев, экономика ғылымының кандидаты
С.Толыбеков, А.С.Пушкин атындағы республикалық кітапхана директорының
орынбасары В.Ф.Жизиевский, тарих ғылымының кандидаттары Х.Айдарова,
А.Нұрқанов, Б.Сүлейменов, т.б. кейбір кісілер талқылап отырған кітаптың
тұғырнамалық тұжырымдарына "үзілді-кесілді қарсы шығып, өз ойларын былай
деп түйді. Бекмахановтың кітабы мазмұны жөнінен негізсіз, буржуазияшыл-
ұлтшыл сарындағы идеясыз еңбек. Сондықтан да оны дереу пайдаланудан шығарып
тастау қажет- деп атойлады Шойынбаев; ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарындағы
Қазақстан атты еңбек ғылыми жағынан шатасқан, идеялық жағынан зиянды -
деп соқты Толыбеков; Кітапқа Шойынбаев пен Толыбеков жолдастар берген баға
әбден дұрыс, ал оны Москвада қолдаған жолдастар Бекмахановтың ұлтшылдық
ауытқуын заңдастырып отыр - деді Жизиевский; Кітап өзінің мазмұны
тұрғысынан ғылыми дәйексіз, идеясыз, сондықтан да зиянды. Буржуазияшыл және
буржуазияшыл-ұлтшылдықтың шырмауында қалғандықтан, автор осы зиянды еңбекті
жазды - деді Ермұқанның қас жауы Айдарова.
Тарих ғылымдарының кандидаттары И.У.Будовниц, Е.Ділмұхамедов, т.б.
жекелеген шешендер кейбір сын-ескертпелер айтқандарымен, Е. Бекмахановтың
кітабының негізгі концепциялары мен ғылыми қорытындыларын қолдады және оны
асыра мақтады.
Жарыссөзге қатынасқандардың үшінші тобы (А. Нүсіпбеков, Ә.Тұрсынбаев,
Т.Елеуов, Х.Әділгереев, Б.Аспандияров, С.Медведев, Т.Күлтелеев) талқыланып
отырған еңбектің кемшіліктерінен оңды жақтары басым жатыр деген уәжге
келді. Олар Е.Бекмахановтың Кенесары бастаған көтерілістің отаршылдыққа
қарсы мәні туралы, оның негізінде қазақ халқының жер үшін күресі жүріп
жатқандығы жөніндегі, сондықтан да оның (көтерілістің) бүкілхалықтық,
бұқаралық сипатқа ие болғандығы жөніндегі ғылыми қортындыларын қолдады.
Пікірталастың соңында Е.Бекмаханов онда айтылған сындарға байыппен
жауап берді. Ол өз еңбегіндегі басты мәселелерге байланысты ғылыми
қорытындыларын қорғады.
Өзінің соңғы сезін аяқтай келе Ерекең былай деді: Менің үлкен де қиын
іздену жолымда мүлт кеткен сәттерім мен ірілі-ұсақты кемшіліктерім болған
шығар, өйткені мен тарихшы қазақ әріптестерімнің қатарында бірінші рет
тәуекелге бел байлап, қиын да шатасқан мәселелерді зерттедім. Жақсы ма,
жаман ба, қалайда мен осы жолмен жүріп өттім. Бүгінгі аяқталып отырған
талқылау менің кітабым жөнінде соңғы үкімді шығара қоймас деп ойлаймын.
Ерекең өз кітабы жөнінде шығарылуы мүмкін үкім туралы айтқанда
өзінің осы басты еңбегінің әділетті, нағыз ғылыми бағасын алатындығына
сенімді екендігін білдірген еді.
Алайда, өмірде олай болмады.
Кітап пен оның авторы жайындағы айтыс пен тартыс осымен аяқталмады.
Кітапты сынаудан гөрі оның авторына саяси айыптар тағу күннен-күнге күшейе
түсті.
Буржуазияшыл-ұлтшылдықты насихаттады деп айдар тағылған Е.
Бекмахановтың көңіл-күйі 1947-1950 жылдарда өте ауыр болды, күн өткен сайын
оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. 1950 жылы 26 желтоқсанда
Правда газетінде Шойынбаев, Айдарова, Якунин жариялаған Қазақстан тарихы
мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық деген мақалада кітап пен
оның авторы тағы да қатты сынға алынды.
Правдадағы мақалаға Е.Бекмахановты ресми түрде тікелей саяси
айыптаудың басы болды. 1951 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Коммунистік
(большевиктер) партиясының Орталық Комитеті осы мақалаға байланысты қаулы
алып, оны дұрыс деп бағалап, Е. Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшылдық
көзқарастарын айыптады.
Сол жылғы 16-17 қазан күндері өткен Қазақстан Коммунистік партиясы
Орталық Комитетінің Пленумында оның бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов
Республиканың партия ұйымдарындағы идеологиялық жұмыстың жайы және оны
жақсарту шаралары туралы баяндама жасады. Бұл баяндамаға жоғарыда айтылған
Правда газетінде жарияланған мақала желі-жүйе болып тартылды. Правда
газеті, - деді Ж.Шаяхметов өз баяндамасында, - осы мақаланы жариялау арқылы
Е. Бекмахановтың ұлтшылдық концепциясын әшкерелеуде Республика партия
ұйымына көмектесті.
Е.Бекмаханов университеттегі жұмысынан қуылып, 1951 жылы партия
қатарынан шығарылды. Ол аз ғана уақыт (бір тоқсан) Алматы облысы, Нарынқол
ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы,
Шу ауданындағы Новотройцк селосындағы мектепке мұғалім болып орналасты. Осы
жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте Е.Бекмаханов тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу
жұмыстары жүргізіліп 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша айыптау
қорытындысы дайын болды.
Оған антисоветтік қызметі үшін деген айып тағылып, мына жәйттер баса
көрсетілді: КСРО-да орнаған саяси құрылысқа қарсы ниетте болған Бекмаханов
Ермұқанның өзінің ғылыми қызметкер болғам жағдайын пайдаланып, 1942-1952
жылдары антисоветтік жұмыс жүргізгендігі анықталды. ... Ол Қазақстанның
Россияға қосылуының маңызын буржуазияшыл ұлтшылдық тұрғыдан түсіндірді.
Өзінің ұлтшылдық концепциясын негіздеуде Бекмаханов реакцияшыл ақындардың
және совет халқының қас жаулары -алашордашылдардың еңбектерін пайдаланды.
Осымен бірге өзінің таныстарының арасында антисоветтік үгіт жүргізді.
Жоғарыда келтірілген айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні
Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі алқасының үкімімен
Е.Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы
лагерінің біріне айдалды.
Ерекеңнің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздары
нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері: Анна Михайловна Панкратова сияқты
қайырымды да қамқор адамдардың тікелей: көмек, жәрдемінің аркасында
қанқұйлы Берия атылғаннан кейін Е.Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954
жылы 16 ақпанда оның қылмысты ісі жойылып, өзі ақталып шықты.
Ақталып шыққан соң бірер жыл Е.Бекмахановтың жағдайы аса ауыр болды.
Алайда, қайсар талант кездескен қиыншылықтарды жеңе білді. Ол өзі
тұтқындалғанға дейін бастап қойған Қазақстанның Россияға қосылуы атты
еңбегін аяқтап, оны 1957 жылы Москвадағы Наука баспасынан 30 баспа табақ
көлемінде жариялады.
Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын
қайтадан алды. Оған унинерситеттегі өзі 1947 жылы ұйымдастырған кафедрасы
қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент
мүшесі болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында Ерекең өте өнімді еңбек
етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ ЕСР
тарихының оқулығын шығарды. Ұлағатты ұстаз талантты жастардың ғылым
жолындағы тұсауын кесіп, олардың кемелденіп, өсуіне қамқорлық жасады.
Тағылымды Мұхтар Әуезов
(1897-1961 жж.)
Ұлы жазушы, данышпан ойшыл, ғұлама ғалым, асыл азамат Мұхтар
Омарханұлы Әуезовтің бүгінгі мерейтойы — тәуелсіз еліміздің рухани
өміріндегі айтулы оқиға. Рас, әйгілі отандасымыз құрмет пен ыстық ықыластан
ешқашан кенде болып көрген емес. Көзі тірісінде көп ұлтты әлемдік
мемлекеттің ең жоғары сыйлықтарының иегері болды. Дүниежүзі классиктері
санатынан мәңгілік орын тепті, Әдебиет аясының әйгілі сарапшылары оның
дүбірлі даңқына дүркірей қол соқты.
Дүниеге қазақ перзенті болып туып, адамзат перзенті болып аттанған М.
Әуезов тағдыры — талай ақиқатқа қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі.
Заманамен бірге тебіреніп, мәңгілікпен үндесе білудің айқын өнегесі.
Ол талай жер теңселтіп, ел сенделткен әлеуметтік сілкіністердің,
қиялды қысыратып, сананы тоқыратқан түбегейлі өзгерістердің, жаппай
теңдікке ұмтылып, елдікке құлшынған рухани буырқаныстар кезеңі болып тарих
қойнауына аттан жиырмасыншы ғасырмен жарық дүниеге бірге келіп, ол кешкен
ғаламаттар мен тауқыметтерді де табандылықпен бастан кешіріп дүниеден өтті.
Оның көкірегіндегі шалқар шабытты да сол бір ұлы дүмпулер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz