Қазақстандағы Моңғол шапқыншылығы


Қазақстандағы Моңғол шапқыншылығы
Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында болды.
Кіші ұлы Төлей, Шыңғысханның негізгі жұртын - Моңғолияның өзін мұраланды.
Сонымен Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының
құрамына: үлкен (далалық) бөлігі - Жошы ұлысының,
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан - Шағатай
ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі - Үгедей
ұлысының құрамына кірді.
1227 жылы Шыңғысхан өлді. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының ұлы Батый (Бату) басқаратын болды.
Батый әскері моңғол шоғырларына еріксіз енгізілген, әртектес тайпалардың жауынгерлерінен құралды. Ондағы басқару қызметтерінің бәрінде моңғол феодалдары болды.
Батыйдың самсаған әскері 1236 жылы Камадағы Булғарияны, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жылдары орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Орыс халқы моңғол басқыншыларына ерлікпен қарсылық көрсетті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде МОҢҒОЛ әскерлерімен кескілескен ұрыстар болды. Орыстың шағын ғана қаласы Козельск тұрғындары жеті апта бойы моңғолдарға жан аямай қарсылық көрсетті. Осы ұрыстарда мыңдаған моңғол қырылды. Бірақ сан жағынан әлдақайда көп моңғолдар қаланы басып алып, ены жерменжексен етті.
1235 жылдың басында моңғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып моңғолдар Переяславль қаласын, онан кейін Чернигов жеріндегі Глух қаласын алды. 1239 жылғы қазан айында олар Чернигов қаласын қоршауға алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Батый әскерлері Киевті қоршады. Киев халқы ұзақ уақыт қаланың сыртында, тіпті моңғолдар қала ішіне басып кіргеннен кейін де қарсылығын тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік қырғынға ұшырады.
Аса бай мәдениет еекерткіштері бар ертеден келе жатқан орыс қаласы тағылықпен талқандалды.
Орыс халқының моңғолдардың күшін әлсіреткен, оларға қарсы жүргізген ерлік күресінің нәтижесінде ғана Батыс Еуропа моңғол шапқыншылығынан аман қалды.
Батыйдың тау суындай екпінді жорығы барысында моңғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Батый иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Орыс князьдықтары да Батыйға тәуелді бодан болды. Осындай аса зор ұлы мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталады. Алғашында Алтын Орда Моңғолия империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал XIII ғасырдың 60-жылдарынан кейін ол дербес хандық болып бөлінді.
Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ булғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түрік тілдес Қыпшақ, Қаңлы, Найман, Қоңырат, Керей т. б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы -Еділ бойы (қазіргі Саратовтан Астраханьға дейін), астанасы - Берке еарайы (немесе Сарай әл Жадид), негізге әскери-феодалдық күші - қыпшақ тайпалары болды.
Алтын Орда өзін билеген хандары - Батый 1241- 1256 жж:, Берке 1257-1266 жж., Мөңке Темір - Темір - 1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле Бука- 1287-1291 жж., Токтамыс - 1291-1312 жж., Өзбек - 1312-1342 ж. Жәнібек-1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый Моңғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты.
Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған әскери феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада - ұғландар, түмен басы, мың басы, жүз басы, он басы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерге билеуші таптың өз адамдары - ұғландар, әмірлер, даруғабектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері - бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, муфти, дуан, тамғашы, тартынақшылар отырды.
Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін губернаторлар даруғашылар (даруғабектер), басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскердің күшімен алым-салық жинау еді. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды. Көшпелі халық - қыпшақ, моңғол-татар жартылай патриархалдық, жартылай феодалдық қатынаста өмір сүрсе, отырықшы аймақтарда - Булғар, Хорезм, Еділ жағасы, Солтүстік Кавказ, Қырым т. б. жерлерде феодалдық қатынастар үстемдік етті. (Шаруалардың жағдайы мейлінше ауыр болды. Олар екі жақты қанауға түсті: алым-салықты ханға да, жергілікті ірі алпауыттарға да төледі.
Феодалдық қатынастар дамыған сайын Алтын Орданы билеушілер арасында талас күшейіп, феодалдардың өзара күресі мемлекетті жегідей жеді. Мұның үстіне жаулап алынған тәуелді халықтардаң күресі етек алды.
Моңғол езгісіндегі тайпалар мен халықтар құлдық бұғауынан құтылуға тырысты. 1238 жылы Бұхарада қолөнерші Махмуд Тараби бастаған көтеріліс болды. Көтерілісшілер қаланы басып алғанмен моңғол әскерлері көтерілісті аса қаталдықпен басып жаныштады.
Бұхарада болған көтеріліс моңғолдарға қарсы азаттық күресінің өрістеуіне мықты ықпал жасады. Қыпшақтар, половсылар, чуваштар, мордвалар, марилер және басқалары бас көтерді. 1240-1241 жылдары, сондай-ақ 1270 жылы Кама булғарлары моңғолдарға қарсы көтерілістер жасады. Мұның өзі Алтын Орданы әлсірете берді. 1259 жылы Новгородта, 1262 жылы Ростовта, Суздальда, Ярославльде болған көтерілістен Алтын Орданың іргесі шайқалды.
1377 жылы Москваның ұлы князы Дмитрий мен Суздаль - Нижегород князінің әскер шоғырлары Қазанға жорық жасады. Рязань князьдығына шабуыл жасаған татарларды 1378 жылы орыстар Вожа өзенінің бойында (Оканың оң саласы) талқандап шықты.
1380 жылы Алтын Орда ханы Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты. Орыс князьдықтарының біріккен күштері Непрядва (Донның оң сағасы) өзенінің жағасында, Куликово даласы деп аталатын жерде 1380 жылы 8 қыркүйекте Мамай әскерін жеңді. Бұл ұрыстың моңғол езгісіндегі халықтардың азаттық күресінде зор тарихи маңызы болды. Ол Алтын Орданың құлауын тездетті.
Оның үстіне XIV ғасырдың аяқ шенінде, яғни 1391 және 1399 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпестей етіп екі рет күйрете сокқы берді. Осыдан соң ол бірте-бірте ыдырай бастады. XV ғасырдың басында Тоқтамыс ханмен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XV ғасырдың бірінші жартысында онан булғарлар, Қазан мен Қырым бөлініп шықты. 1480 жылы орыс князьдықтары моңғолдардан толық тәуелсіздік алды. Сол шамада Қазан, Қырым, Астрахань (Ноғай), Қазақ Сібір хандықтары құрылды.
Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыс Алтын Орданың мемлекет ретінде әбден құлдырап, біржолата құлауын аәкелді.
Моңғол шапқыншылығы кезінде моңғолдардың жаңа жерлерге қоныс аударғандары болды. Қазақстан жеріне, әсіресе, оның батыс және солтүстік аудандарына олардың шамалы бір бөлегі келді. Моңғолдардың негізгі көпшілігі отанында - Моңғолияда тұрды. Олар біраз уақыттан кейін жергілікті түрік тілдес халыққа түгел сіңісіп кетті.
Моңғолдар жаулап алған елдерін арнайы тағайындалған уәкіл, әкімдер - даруғашылар мен тамғашылар арқылы басқарды. Басқа елдердегі сияқты моңғолдар бұл жерлерде де басқарудың бұрынғы жүйесін өзгерткен жоқ Жергілікті басқару қызмет орындарының көпшілігінде бұрынғыша жергілікті феодалдар болды, бірақ оларды моңғол чиновниктері қадағалап отырды. Өз артыщиылықтары мен үстемдігін сақтау үшін түріктің феодал шонжарлары моңғолдарға ынтаеымен қызмет етті.
Жергілікті тайпалардың феодалдары мен моңғолдың әскери феодалдық шонжарларының арасындағы бұл одақ барған сайын күшейе түсті. Моңғол шонжарлары жергілікті феодалдармен туыскандасып кетті, бұл жағдай жаулап алушылардың жергілікті халыққа сіщсіп кетуіне де себепші болды. Келекеле моңғол шонжарлары жергілікті тілдерде сөйлей бастады. Сұлтандар (төрелер) сияқты феодалдық ақсүйектер өздерін Шыңғысханның тұқымымыз, «ақсүйекпіз» деп есептеді, сөйтіп, өзін бұқара халықтан бөлектей түсті. Ежелгі дәстүр бойынша тек Шыңғысхан ұрпағы «алтын ру» өкілі ғана хан бола алатын еді. Шыңғыс әулетінен тараған сұлтандар Алтын Орда құлап, жаңа мемлекеттер құрылғаннан кейін де халыққа билік жүргізу құқығын сақтап отырды.
Қазақстан жерінде моңғолдар Шыңғысханның құқық нормаларын - «ясыларын» ендірді, мұнда феодал-шонжарлардың артықшылықтары белгіленді. Ол бойынша жергілікті халық соғыс жорықтарына қатысу үшін әрбір он үйден (түтіннен) бір жауынгер беруге міндетті еді.
Бүкіл халықтан хан әулетіне сыбаға тиісті деп есептелді және оларға ауыр алымдар мен міндеттемелер түсіп отырды. Көшпелі мал өсірушілер көпчур (ұшыр) деп аталатын салық төлеуге тиісті еді, оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды - әрбір он тугар егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж (жер салығы) алынды.
Зерттеушілер жер-жерден жаппай алынған, моңғолдар белгілеген салықтың кемінде жиырма түрін атап көрсетеді. Салық жинау құқығы сатып алынатын болды. Бұл құқық сатып алушылар салықты аяусыз жинап, оны белгіленген мөлшермен көбейтіп, артылғанын өз пайдасына сіңірді. Көпестер баж салығын төледі. Салық жинаушылардың қарамағына арнаулы әскерлер тобы беріліп отырды.
Моңғол феодалдары салық төлеуді және басқа міндеттемелерді орындауды халықтан өте қатал талап етіп отырған. Салықты көтере жинау жүйесінің ауыртпалығы негізінен еңбекшілерге түсті.
Моңғолдардың өздері салықтың қалай жиналып жатқанына онша назар салып қарамады. Моңғол шонжарларына керегі салықты уақытымен алу. Өздерінің қойған көтере жинаушыларынан олар неғұрлым көп алса, көтере жинаушылардың халыққа ауыртпашылығы соншама күшейе түсті. Оның үстіне көтере жинаушылардың өздері де салықтар мен алымдардың өсе түсуіне құштартын. Өйткені, жиналған қаражаттың бір бөлегі солардың қолында қалып қоятын.
Шыңғыс тұқымдары жергілікті феодал-шонжарлардың көптеген өкілдеріне халықтан табыс түсіру және халықты әр түрлі жұмыстарға жегу құқығын беретін жарлықтар шығарып отырды. Халыққа лау және әскерді орналастыру міндеттемелері ауыр тиді. Елші чиновниктер, бай-көпестер, хан әулетінің мүшелері Қазақстан жерінен өткен кезде әзір үй, азық-түлік, мал жемін, ат және басқаларды талап етті. Моңғол әскерлері қалаларда тұрды, олар және моңғол әскер шоғырларының бастықтары халық есебінен жабдықталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz