Экологиялық жағдайдың нашарлауы
Экологиялық жағдайдың нашарлауы
Ядролық полигондар. Соғыстан соңғы жылдарда Қазақстан АҚШ пен КСРО
арасындағы әскери-стратегиялық бәсекеде едәуір маңызға ие бола бастады.
1947 жылдың 21 тамызында КСРО мемлекеті арнайы қаулымен атомдық зерттеу
полигонын ашу туралы шешім қабылдады. Таңдау қазақ даласына, оның ішінде
Семей қаласы маңына түсті. Сол жылдың күзінде полигон құрылысы басталып та
кетті.
1953 жылға дейін жарылыстар жергілікті тұрғындардан жасырын
жүргізілді. 1956 жылдан бастап жарылыстың болатыны тұрғындарға бір сағат
бұрын хабарланып отырылды. 1963 ж. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания ядролық қаруды
әуеде, ғарышта және су астында сынауды шектеу жөнінде ортақ келісімге қол
жеткізгеннен кейін жер үсті мен әуедегі ядролық жарылыстар тоқтатылды.
1963—1988 жылдар аралығында, бір жарым жылғы мораторияны есептемегенде,
жерасты жарылыстары үсті-үстіне (жыл сайын 14—18) жүргізіліп келді. ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Семей
полигоны жабылды.
Семей полигонынан бұрын Астрахань облысындағы Капустин Яр салынды.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының 3 млн гектар аумағында Ресейдің
Капустин Яр полигондар жүйесі 55 жыл бойы күрделі әскери сынақтар жүргізіп
келді, ал Азғыр атом полигонында 15 жыл бойы (1966—1979) ядролық жарылыстар
жүргізілді.
Азғыр атом полигоны Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайтын үш
мыңға жуық адам қоныстанған бір кездегі “Балқұдық” совхозының аумағында
орналасты. Жарылыстар тұрғындарды басқа жерге көшірместен, елді мекендердің
ортасында жүргізілді. Полигонда 17 рет жерасты жарылысы болды. Алғашқы
жарылыс 500-дей тұрғыны бар Азғыр ауылынан 1,5 шақырым қашықтықта 160 метр
тереңдікте болған. Жарылыстан соң осы алаңнан 20 тәулік бойы ауаға
көшірілген улы заттар 5,4 млн люциді құраған. Бұдан кейінгі жарылыстарда да
жер астындағы шұңқырлардан екі тәуліктен 11 айға дейін радиактивті
заттардың ауаға шығып тұрғаны тіркелген.
Азғыр атом полигонында жарылыс 1979 ж. тоқтатылды, бірақ ондағы
экономикалық жағдай қалыпқа келген жоқ. Азғырдағы кейбір жарылыс
алаңдарында топырақта цезий 137 (нормадан 220 есе), плутоний 239
(қалыптағыдан 240 есеге дейін артық) екендігін көрсеткен. Осылардың барлығы
адам мен жануарлар организміне үлкен қауіп төндіретіні анық.
Байқоңыр ғарыш айлағы. Байқоңыр ғарыш айлағы планетадағы 19 айлақтың
бірі. Ол Қызылорда және бұрынғы Жезқазған облыстарының көлемді аумағына,
Төретам темір жол станциясынан қашық емес орналасқан. Оның салыну тарихы
соғыстан кейінгі халықаралық жағдайдың ушығып кетуіне байланысты. Кеңес
өкіметі елдің қауіпсіздігін нығайту үшін бірқатар шаралар қолдануға мәжбүр
болды. 1947 ж. 18 қазанда Капустин Ярдағы ұшыру қондырғысынан бірінші
баллистикалық ракета ұшырылды.
1955 ж. 12 ақпанда КСРО үкіметінің қазақстандық Төретам станциясының
маңынан полигон құру туралы жабық шешімі шықты. 1955 ж. маусымда Байқоңыр
кешенінің штаттық ұйымдық құрылымы бекітілді. Оның бастығы болып генерал-
лейтенант А.И.Нестеренко сайланды. Орын таңдауда бірнеше факторлар
ескерілді: 1) жылдың көп мезгілі бұлтсыз, ашық болуы; 2) халық аз
қоныстанған жер болуы; 3) бұл кеңдік Жер айналуының ең жоғарғы жылдамдығына
жататындығы. Ғарыштық аппараттың мәреге шығуын жеңілдететін құрылыс ісі
күрделі климаттық жағдайда жүрді. Қыста ызғырық аяз, жазда қапырық ыстық.
Жерасты коммуникациялар, жылу станциясы, азотты кислород зауыты, үлкен
электр станциясы, т.б. объектілер қысқа мерзімде салынып бітті.
С.П.Королевтің бірінші ракеталық конструкциясы 1957 ж. мамырда іске
қосылды. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан орбитаға дүние
жүзіндегі тұңғыш жасанды жер серігі шығарылды. Бүгінде Байқоңыр — ракеталық-
ғарыштық техниканың ірі өнеркәсіптік, құрастырушылық және ұшыру кешені.
Арал мен Балқаш проблемалары. 1995 жылға дейін Арал теңізі өзінің
байырғы көлемінің төрттен үшінен айырылды. Су деңгейі 19 метрге дейін
төмендеді. Құрғап қалған теңіз табаны 33 мың шаршы километрге дейін жетті.
Арал маңы аймағына қатысты кеңестік шаруашылық жоспарының қателігі
салдарынан мыңдаған тонна тұз бен ауыл шаруашылығы химикаттары ауаға
таралды. Бұл аймақтың кең жазығы мақта мен күріш егуге, одан мол өнім алуға
барынша қолайлы деп табылып, Әму мен Сыр ағысын Шардара су қоймасына бұру
арқылы егістік жер барынша ұлғайтылды. Мұның соңы табиғаттың о бастағы тепе-
теңдігін бұзып, Арал маңы экологиясының нашарлауына әкеліп соқты. Су қойма
суға толғанымен, Арал құрғап қалды. Оның жанындағы мыңдаған гектар жер
шөлге, құмға айналды. Жергілікті тұрғындар ішетін су тапшылығына ұшырады.
Қалған Арал суының тұзы үш есеге артып, балық аулау кәсібі тұйыққа тірелді.
60 мыңнан аса адам өмір сүру көзінен айырылды. Экологиялық жағдайдың
нашарлауы апат аранын ашып, ауру түрлері көбейді.
Теңіздің тартылуымен бірге аймақтың климаты да өзгерді. Бұрын Арал
өзінше климат реттегіш рөлін атқаратын-ды. Оның айдыны Сібірден соққан суық
желді жұмсартып, жаз айларының ыстығын басуға әсер ететін. Су айдынының
айтарлықтай тартылуы салдарынан аймақтағы ауа райы шұғыл континентті болып
кетті. Қысқа жаз құрғақ әрі аптапты, ал қысы суық әрі ұзаққа созылатын
болды. Осы жағдайларға байланысты БҰҰ 1993 жылдан бастап Арал проблемасын
шешудің жолдарын қарастыра бастады. Бірақ бұл тым кеш еді.
Арал теңізі проблемасын шешуге оның маңайында орналасқан
мемлекеттермен қатар дүниежүзілік қауымдастық та атсалысуда. Арал
проблемасының ғаламдық мәні бар. 1994 ж. үш аймақаралық ұйым: Арал теңізі
проблемасы бойынша мемлекетаралық Кеңес, Аралды құтқару халықаралық қоры
және экологиялық комиссия құрылды. Бұл халықаралық ұйымдар Арал аймағы
елдерімен — Қазақстан және Өзбекстанмен бірігіп әрекет етуде.
Балқаш көлінің экологиялық қатерге тап болуы да Кеңес үкіметінің
“жоспарлы экономикасына” тікелей байланысты. Егістік жерлер үшін Іле,
Қаратал, Лепсі өзендерінен мөлшерден артық алынған су мен Қапшағай
суқоймасының дүниеге келуі өз кезегінде Балқаш деңгейінің төмендеуіне
әкеліп соқты. Оның үстіне, Балқаш көлінің күретамыры болып саналатын Іле
өзенінің 70 пайызы Қытай жерінде жатыр. Сол себептен де көл деңгейі 1970
жылға қарағанда 1986 ж. бір жарым метрге тартылып, кейбір тұстарда су
белгісі бұрынғысынан 10—15 шақырымға дейін шегінді. Судың минералдануы өсе
түсуде. Байырғы құнды балықтар түрі азайып, қалғандарының өзі түрлі ауруға
ұшырауда. Бір 1980 жылдың өзінде Балқаштан 10 тонна балық ауланған. Мұнда
құндыз, аққулар, қызғылт қоқиқаз, қаздар мекен еткен.
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы тұрмыстық қоқыстар мен Балқаш мыс
қорыту комбинатының өнеркәсіп қалдықтарына да байланысты. Балқаш бассейні
бірыңғай табиғат, экологиялық және экономикалық жүйе ретінде қорғауды және
тиімді пайдалануды талап етеді. Республика экоресурстар министрлігінің 1996
ж. 22 шілдесіндегі №69 бұйрығымен балық түрлерін сақтау және балық аулауды
реттестіру мақсатындағы Іле-Балқаш бассейні басқармасы құрылды. Аталған
басқарма бірегей көлді экологиялық сақтау жөнінде шаралар кешенін жүзеге
асыруға бағытталған. Ендігі Балқаш тағдыры осы басқарманың қалай жұмыс
істеуіне тікелей байланысты. Балқаш көлі аумағында Алматы, Қарағанды,
Жамбыл сияқты үш бірдей облыс барын, оларда 3 миллионға жуық халық тұрып
жатқанын ескерсек, мұның маңызы арта түспек.
Дағдарыс жағдайларының күшеюі. Қазақстандағы экологиялық проблеманың
осыншалықты асқынуын тек экономиканы басқарудың кемшіліктерінен іздесек,
әбестік болар еді. Мұнда кеңес қоғамындағы саяси тоқыраудың азды-көпті
үлесі бар. Бұл тоқырау 1980 жылдың басында мына төмендегі проблемалар
арқылы көбірек көрініс тапты:
— еңбек тәртібінің босаңси бастауы;
— ведомстволықтың күшеюі;
— көпшілік арасында ішімдіктің бел алуы;
— негізгі проблемаларды шешуде жұртшылық пікір-ұсыныстарының
ескерілмеуі.
Одақ бойынша осы жылдарда кеңестік және шаруашылық органдардың орнын
партия органдары алмастырды. Елде, шын мәнісінде, партия ықпалындағы
жекеменшіктің мемлекеттік формасы қалыптасты. Жекеменшіктің бұл түрі адам
мен оның тағдырына, тұтыну сұранысына қатысты емес еді. Керісінше, ол
жоспарлаудың орталықтандырылған арнайы директивалары арқылы реттеліп
отырды. 1980 жылдың аяғында республикада шығарылған өнімнің ассортименті он
мыңдай ғана атауды құрады. Өндірістің негізгі көрсеткіштері мен оның шет-
шегін анықтау, жинақтау, сақтау, тұтыну барысында жоспарлау органдары
оларды өз дәрежесінде біріктіре, бағындыра алмады. Осы шашырандылық
салдарынан халық тұтынатын бір тауарды кем, екінші біреуін артық шығару
әдеті белең алды. Дүниежүзілік практика мұндай келеңсіздікті жоспарлауды
нақтылау мен оның орындалуын қатаң қадағалау арқылы жойып отыратын. Ал
бізде республика көлемінде белгіленген жоспар үдесінен шыға алмау бір
бесжылдықтан екінші бесжылдыққа ауысып отырды. Мұндай кезде ғылыми-
техникалық жетістіктің озық түрлерін пайдалану мүмкін еместігі өзінен-өзі
түсінікті. Алып өндіріс орындары мұны онсыз да керек етпеді, өйткені жаңа
технологияны іске асыру келесі кезекте өнім өндіруге кеткен шығынның
көрсеткішін кемітуге, не қысқартуға әкеліп соғады. Өнім өндірудегі принцип
— көп жұмсалған ақша тауар құнын қымбаттатады. Демек, өзіндік құн
көрсеткіші өсе түседі. Себебі, кез келген тауар, не өнім оның сапасы мен
қажеттілігіне қарамастан, ең алдымен оның бағасына тәуелді.
1985 жылдың сәуірінен бастап КОКП, қоғамның жетекші күші есебінде
“Қайта құру” бағытын қолға алды. “Қайта құру” КСРО-ның қоғамдық-саяси және
экономикалық өмірін түбегейлі өзгертуге тиіс болатын. Нәтижеде
жариялылыққа, сөз бостандығына, орталық пен одақтық республикалардың өзара
қарым-қатынасын қайта қарауға, коммунистік партияның айтарлықтай сынға
ұшырауына, саяси плюрализмге, ең соңында көппартиялық жүйеге жол ашып
берді. КОКП Кеңес Одағының қозғаушы және бағыттаушы күші беделінен
айырылды. Коммунистік партияның банкротқа ұшырауы алдымен оның қоғамды
экономикалық тығырықтан алып шыға алмауынан көрінді.
1991 жылдың қыркүйегінде өткен кезектен тыс съезінде ҚКП Социалистік
партия болып аталды. Партияның қатардағы мүшелері өздерінің қалауымен қайта
тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің қалған бір бөлігі съезд өткеннен соң ҚКП-
ны қайта құру үшін бас біріктірді. 1994 жылдың ақпанында ҚКП ҚР Әділет
министрлігінде арнайы тіркеуден өтті.
Қазақстан коммунистік партиясының тарихы оның іс-әрекеті мен қызметіне
баға беруде тек ақ пен қара жағын ғана назарда ұстағаны болмаса, кеңес
дәуірінде өз дәрежесінде зерттелген жоқ. Іс жүзінде партия тарихы
мәселесінің бірқатар сүбелі проблемалары қозғаусыз қалып отырды. Қайта құру
кезеңінде (1985—1991) ұжымдастыру, ұлт мәселесі проблемалары көптеген
еңбектерде жарық көріп, біздің еліміздің шынайы өткеніне көз жеткізуге
деген қызығушылық байқалды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда партия
қызметі елдің экономикалық және қоғам-саяси қызметі негізінде зерттеле
бастады.
Жоспар
Кіріспе 2
Негізгі бөлім 5
1 Нарық жағдайында экологияның экономикалық құқықтық мазмұны әр түрлі
нысандары. 5
2 Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық маңызы. 10
3 Қазақстан Республикасында проблемалардың даму жағдайы және одан сақтану
шаралары. 11
Қорытынды 22
Пайдаланған әдебиеттер 23
Кіріспе
Бүгінде Жер атты халқы планетаны мекендеген адамзат баласының алдында
оның болашағын айқындап, шешуші екі проблема тұр. Оның бірі - ядролық соғыс
қаупі болса, екіншісі күннен - күнге шиеленісіп келе жатқан экологиялық
қатер дейміз. Бұл екеуі де әлде бір құдырет күшінің әсерінен емес, адам
баласының өз санасының әсерінен емес, адам баласының өз санасының өмірімен
дүниеге келгенін материалистік тұрғыда ойлайтындардың кез-келгені түсінеді.
Түсінеді де, өз қолымен жасағанын өз мойнымен көтеру түн ұйқысын төрт бөліп
дөңбекшиді, төніп келген төтенше қатерден шығудың жолдарын іздеп шарқ
ұрады. Осы бір жан ұшырған, жанталасқан адамды ертегіде айтылатын қырық
бірінші құпия есікті ашып алып, енді соны жаба алмай әлектенген байғұспен
ғана салыстыруға болар еді. Бүгінгі экологиялық тепе-теңдік жолындағы
жаппай дамудың түп-тамырын, табиғат тазалығы жолында көпшілік қозғалысының
себеп-салдарын, міне, осы төңіректен іздестіру керек шығар.
Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға
үдемелі көбіне бүлдірушілік сипатта эсер етуде. Адамның табиғатқа әсері
мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ,
топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат
ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас
зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәнінде қауіп төндіріп отыр:
іс жүзінде тез өpic алып бара жатқан дағдарыстың жағдайларды тез кез-келген
аймақтардан көруге болады.
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған -
тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде
жоспарлуға, қағазды қайта өңдеуге және көкөністерді тек органикалық
тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы
іс-әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында
көбіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей,
табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үкімімен бізге
берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кешеуілдетуге
тырысуымыз керек.
Қазіргідей жаппай жаңару мен жаңғыру кезінде болып жатқан революциялық
өзгерістерді әркімнің әрқалай қабылдауы заңды. Жан тыныштығын күтпеген,
кешкісімен күн кешкен бейкүнә жандардың жаппай қозғалыс, экологиялық
дүмпу секілді бойында қаны мен жаны бар сөздерді ә, дегеннен тосырқап,
тосау қабылдауы да мүмкін. Оның үстіне адам психологиясы мұндайда тәттіні
көп жеген баладай тез тойып, өз әрекетінен өзі жеріп шыға келетіні тағы
бар. Ендеше экологиялық қозғалыс төңірегінде болып жатқан әр алуан талас-
тартыс пен экология насихатының бүгіні мен болашағы кімді болса да салғырт
қалдырмаса керек.
Негізгі бөлім

нысандары
Қозғалыс табиғатты қорғау жөнінен әлемдік ауқымда қаралатын, кейінге
қалдыруға болмайтын және жоғары имандылықты талап ететін мәселе болып
табылады. Адам мен табиғаттың қарым — қатынасы экологиялық-экономикалық
қатынас ретінде қарала бастады.
Біздің республикамыздың территориясы көлемі жағынан әлемде алтыншы
орынға ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің Қазақстан қойнауынан 99-
ы табылды, 70-інің қоры зерттелді, өндірісте 60-тан пайдаланылуда.
Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі
— түсті металлургия; мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан - магний
өндірісі, қара металлургия: сапалы қара металлургия өндірісі дамыған. Осы
өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық
тіршілік дүниесіне әсерін тигізеді.
Климатологтардың пікірі бойынша, республика территориясында климаттық
антропогендік өзгерістері бар екендігі дәлелденген. Өлім деңгейі бұрынғы
КСРО елдерімен салыстырғанда екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан әлемде
ең арттағылардың қатарында.
Экология ең негізгі саяси проблемаларға айналды. Қазақстан экологиялық
жағдайының мұншама қайғылы болуының ең басты себептерінің бірі өнеркәсіп
орындары мен ведомстволарға табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық
жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды
түпкілікті өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны
болуы керек. Табиғатты пайдаланудағы бейбастықты тек қана экономикалық
жағынан мүдделі субъект тоқтата алады.
Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі ғылыми-
техникалық прогресс.
Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы қажет? Экологиялық тұрғыдан
қарағанда, табиғатты пайдалану технологиясын табиғатпен бірлесе қызмет
технологиясына көшу бағыты дұрыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz