ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
1. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ

Неолит және қола дәуірлерінен бастау алатын ұлттық қолданбалы өнер
қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі көп қырлы жарқын құбылыс болып
табылады. Заттық ортаны әсемдік тұрғыдан қайта өзгертумен байланысатын
шығармашылық құбылыстың бұл түрі тарихи, көркемдік, философиялық мазмұнының
тереңдігімен және ауқымдылығымен сипатталады әрі ұлттық діліміздің мәнін
білдіреді.
Қазақтың қолданбалы өнер туындылары өзінің әдемілігімен,
ерекшелігімен шетелдік жиһанкездерді, географияшыларды, өнертанушыларды
ежелден-ақ қызықтырған. Ол туралы орыс тарихшылары А.И.Левшин, Г.Н.Потанин
жазған. Шоқан Уәлихановтың еңбектерінің де маңызы зор.
Қазақтың қолданбалы өнер туындыларының өзіндік ерекшелігін көшпелі,
жартылай көшпелі және отырықшы өмір салты айқындайды. Барлық заттар
сынбайтын (тері, жүн, сүйек, ағаш және металл) материалдардан, алмалы-
салмалы әрі тасымалдауға ыңғайлы етіп жасалған .
Қазақтар табиғи ортамен тікелей байланыста өмір сүре отырып, үйдің
көркемік үйлесімділігі мен дәрттілік әсеріне ерекше көңіл бөлген. Ою-
өрнектің алуан түрлі бояуы және ырғақ байлығы қазақ қыздарының әрлендіру
шеберлігімен және киіз үйдегі ала-көлеңкелі тылсыммен ұштаса отырып
ғажайып сәнді түзіліс құраған .
Үйдің интерьерінен жаратылысты көркемдеп бейнелеуге ұмтылыс
байқалады. Күмбезден салбырай түскен түрлі-түсті шашақтар жұлдыздарды
мезгесе, жолақ белдеулердегі ою-өрнектер шексіз қозғалыс пен жұлдызды
аспандағы Құс жолын елестетеді. Қабырғадағы кестелі кілемдер гүлді даланың
хош иісін үйге әкеліп тұрғандай әсер береді.
Тоқыма ісімен әйелдер шұғылданса, металл, ағаш, тері сүйек өңдеу
еркектердің үлесінде болған . Түрлі мәнге ие болатын түс пен ою-өрнек,
заттарды қолданбалы өнер туындысына айналдыратын негізгі көркемдік құрал
болған.
Бейнелеу шығармашылығының жетекші түрі болып табылатын ою-өрнек
өнерінде өсімдік, жан-жануар, космогониялық, геометриялық, тұрмыстық,
эпиграфтық желістер кеңінен пайдаланылған. Орта ғасырларда табиғи
бояғыштар, кейінірек, көбіне анилинді бояғыштар қолданыла бастаған.
Қолданбалы шығармашылықтың кең тараған түрі - киіз басу. Тұрмыста
киізді қолдануда қазақтар айрықша шеберлік танытқан. Тығыз басылған ақ,
қоңыр түсті киізбен үйдің сыртын қаптаған және жерге төсеген. Кілем, түрлі
тысқаптар мен үй жићаздарын салатын қаптардан бастап, ғибадат кілемшелері,
төсеніш, еркектердің сыртқы және бас киімдеріне дейін киізден жасалған.
Материал ретінде күзде қырқылған қой жүні пайдаланылған.
Жасалған жері мен техникалық нюанстарына байланысты киіз бұйымдары
белгілі бір көркемдік ерекшелікке ие болған.Текемет деп аталған үлкен
кілемдер ою-өрнек басылып жасалғандықтан жұмсақ колоритті болып келеді.
Заттың нәзік түсті реңге бай болуы композициялық шешім мен өрнек
жібінің қалыңдығының әр түрлілігіне байланысты болады. Солтүстік, Орталық
және Шығыс Қазақстанның текеметтеріне негізінен қарсылас ақ-қара түстер тән
болса, Оңтүстік облыстардың кілемдері әдемі, ашық бояулармен қызықтырады.
Батыс Қазақстанның бұйымдары бәсең полихромды күңгірт реңді болып, түркімен
киіздеріне ұқсайды.
Дайын киізден әшекейлеп жасалған сырмақ деп аталатын кілемдердің
сипаттамасы өзгеше . Сырмақ Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда кең
тараған. Олардың бірі ақ-қара түстердің кестеленуімен және ою-өрнектердің
экспрессиясымен сипатталса, енді бірі самаладай полихромиясымен
ерекшеленеді. Әшекейлеу, әдемі кестелеу немесе барқыт, шұға, сәтен, бау
жапсырмалаумен қиюласа жүргізілген аралас техникалы кілемдер ерекше әсем
көрінеді. Ою-өрнек текеметтегі сияқты фриз тәріздес немесе орталық алаңы
мен жиегі өрнектеліп жасалады .
Шәй рәсіміне арналып ашық түсті жіптермен жиі сырмалған қошқыл киіз
дастарқандардың өзіндік ерекшелігі бар. Жұмсақ киіз бен терең батырылған ою-
өрнектің беті біркелкі болмағандықтан бояулар жылтылдап тұрғандай әсер
қалдырады.
Үй жићаздарын салатын қоржындар мен тысқаптарды дайындағанда өрнекті
сырмалау, әшекейлеу, жапсырмалау сияқты техникалық әдістер қолданылады;
шашақпен, қылшашақпен, қылмен, айшықты өрумен жиектеу олардың қосымша
элементтері болып табылады. Сәндік бұйымдардың басым көпшілігіқабырғаларға
ілініп, киіз үйге ерекше әдемілік пен жайлылық береді.
Тұтастай алғанда халық нанымына сәйкес киіз бұйымдардың ою-өрнегінде
әлемдік жазымыш, бұтақты бұғы мүйізі, қиық, үшбұрыш, күн, тау шыңы сияқты
желістер басым болып келгенімен, көбінесе өмірлік белсенділік, байлық пен
ырыс нышаны - "қошқар мүйіз" бейнесі жиі кездеседі.
Оңтүстік, Батыс Қазақстанда тоқымашылық кең дамыған. Ол үшін көктемде
қырқылған түйе мен қой жүні пайдаланылған. Тік және көлденең станок арқылы
киімге арналған шұға, түксіз палас (алаша), түкті кілем, тысқаптар мен
қоржындар, киіз үй күмбезін безендіру үшін ұзын жолақтар тоқыған.
Композициялық ерекшеліктеріне байланысты тоқудың алты түрі бар. Ою-
өрнекте де киіздегі сияқты тақырыптар басым: қошқар мүйіз, қиық, үшбұрыш,
басқа да көптеген геометриялық элементтер, қосымша түстер және жұлдыздар
желісі. Киіз-кілемдердің ою-өрнегі нәзік түрде болса, тоқыма бұйымдарының
өрнегі әдетте, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының өрнектерының өзге ұлт өрнектерінен ерекшелігі
Қазақтың зергерлік өнері
Қазiргi кезеңде материалдық мәдениет және тұрмыс ескерткiштерiн сақтау және насихаттау
ҚАЗАҚ - МОҢҒОЛ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ СӘНДІК- ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫҢДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
Зергерлік өнер - кәсіптік өнер
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Қару - жарақ шеберлігінің негізгі материалдары мен техникасы
Фетр матасынан жасалған бұйымдардың пайдасы
Мозаикалық мата бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері
Гобелен тоқу әдістері
Пәндер