1991 жылғы тамыз төңкерісі туралы


1991 жылғы тамыз төңкерісі
Қазақстан соңғы кезге дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстанда өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады. Тәуелсіздік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзiнде орталыққа қарсы оппозицияға айналды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.
1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.
Алайда, бұл талаптар негізінде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында 1991 жылы 19 тамызда Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов, т. б. қатынасқан мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты. Украина мен Белоруссия өздерінің тәуелсіздігін жариялады. Ал Қазақстанның атынан Н. Ә. Назарбаев КСРО Жоғары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ енді федерация түрінде болуы мүмкін емес, тек конфедеративтік шарт негізінде болуы керек деп ашық айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкін деп көрсетті. Республикалардың бұл ұсынысы 1991 жылғы 19 тамыздан кейінгі оқиғаның артынша тәжірибе жүзінде іске асырыла бастады, бұрынғы бірыңғай одақтың орнына тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалыптасты. Олар көптеген саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздері шешетін болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша әскери, сыртқы және т. б. аса маңызды халықаралық мәселелерді бірігіп шешу міндеті ғана қалды. Тамыз уақиғасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы, оның құрамдас бөлігі Қазақстан Компартиясы (1991 ж. қыркүйек) тарихи аренадан кетті.
Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі - олар таза ұлттық сипат ала бастады. Сумгаиттегі, Таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын анықтады. Кеңестік кезеңде қабылданған мәлімдемелер, тұжырнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбына терең түсінбеді, оның теориялық базасы жасалмады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретiнде Қазақстанда болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.
Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша - 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы қүжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген республикалар Одағының ыдырады. Ыдырау қалай болды?
1991 жылғы 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында /Беловеж кездесуі/ кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, Орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, бұқара халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген барлық мемлекеттердің, жаңа достық Одағын - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын /ТМД/ құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді - деп көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz