ҚАЗАҚТАРДЫҢ МАЛ СУҒАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚТАРДЫҢ МАЛ СУҒАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында шаруашылықты сумен қамтамасыз ету -
кезек күттірмейтін мәселелердің қатарында саналды. Қыстаулар өзен аңғарлары
мен қалың қамыс қоршаған көлдердің, сондай-ақ тау бөктерлерінде орын тепті.
Мұндай жерлерде малды қысты күні қорекпен қамтамасыз етумен қатар суға
тапшылықты оңай шешуге мүмкіндік туатын. Көктемде қар суы мен жауын-
шашыннан жиналған табиғи су қоймалары малды сумен қамтамасыз етуге жағдай
жасады .

Қазақстанның солтүстігінде өзен, көл, бұлақтар мен батпақты жерлер көп
кездеседі . Бұл аймақта жер асты суларының жер бетіне жақын орналасуы
құдықтардың кең таралуына жағдай жасады. Орманды алқаптарда құдықтардың
қабырғасына қайың бөренелерді "құлыптап" орналастыратын болған. Жекелеген
аймақтарда құдықтардың қабырғасы таспен қаланып жасалатын болған . Су жер
бетіне жақын орналасқан таяз құдықтарды кең етіп қазылатын болған. Мұндай
құдықтарда су көп жиналып, олардан суды теріден жасалған қауғамен батырып
алатын болған . Солтүстік аймақтарда терең құдықтар да кездесетін. Бұл
құдықтардан су орысқоныстанушыларына еліктеп жасалған "тырна" жүйесі
бойынша алынатын .

Шөлді және шөлейтті жерлерде жазды күні малды суғару үшін құдықтар
қазылады. ¤йткені мұндай аймақтарда тұщы судың сирек кездесуі, көктемгі
жиналған судың тез кебуі, өзен суларының құмға сіңіп жоқ болуы - құдық
қазуға итермеледі. Мұндай құдықтардың тереңдігі - 10-нан 100 м-ге дейін
жетті. Қазақтар тереңдікке байланысты "құлаш", "қадам", "арқан бойы" сияқты
өлшемдер қолданды.

Бетпақдалада тереңдігі - 15 құлаш, Қызылқұмда - 30-40 қадам, ал
Маңғыстау мен Үстіртте - 40-100 қадам құдықтар кездесіп отырды. Мұндай
шыңырау құдықтардан суды жердің бетіне шығарып, малды суғару көп қиындықтар
туғызды. Тереңдігі 7-8 метр құдықтан суды түйе, жылқы мен өгіздің күшімен
шығарды. Ол үшін бір жастағы өгіздің тұтас терісінен мес (долы) дайындалып,
оған түйенің немесе жылқының терісінен жасалған арқан байланды.

Осыдан кейін құдықтың үстіне бел ағаш орнатылды. Арқанның бір шеті
түйеге байланып, құдықтың ішінде суға толтырылған мес (долы) сыртқа
шығарылды. Бұл жұмысқа екі адам мен бір мал тартылды.

Шөлді және шөлейтті жерлерде қатарорналасқан қос құдықтар кездесті.
Мұндай құдықтардың ара қашықтығы, олардың тереңдігіне сәйкес келді. Мұндай
құдықтардан су шығаруға аз күш жұмсалып, неғұрлым көп мал суғаруға
мүмкіндік жасалды. Ол үшін екі құдықтағы местер (долы) бір малға байланды.
Бір адам малды екі құдықтың ортасында алып жүрді. Жұмыс барысында бір
құдықтан су шығарылғанда, екінші құдыққа мес түсіріліп отырды. Ал су
толтырылған месті екі құдықтың қасында екі адам тұрып астауға құйып отырды.

Мұндай құдықтар мал көшетін бағытта әрбір 20-30 шақырым қашықтықта
орналасты. Жайылымдағы құдықтар сол ауылдың, рудың немесе құдықты қазған
адамдардың меншігі болды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суландыру жүйелері
ҚР – сы жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы
Картоп дақылының агротехнологиясы
Ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде
Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны
Ақтөбе -- Батыс Қазақстандағы қала
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Көне заманғы егіншілік жүйесі
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
Табиғи климаттық жағдайы_Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны
Пәндер