Қарағанды қаласы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды қаласы

Орталық Қазақстан облысының орталығы, Петропавл - Шу темір жолының бойындағы ірі станция, әуе, автомобиль қатынасының маңызды торабы. Халқы, экономикалық және мәдени маңызы жөнінен Қазақстанның Алматыдан кейінгі екінші, алып жатқан жерінің көлемі (57 839 га) жағынан ең үлкен қаласы. Сарыарқаның орта тұсында орналасқан. Климаты тым континенттік, қысы суық, ұзақ, қары жұқа, боранды; жазы ыстық, құрғақ, аңызақ желді. Қаңтардың орташа температурасы-15° С, шілде де 20° С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 282 мм, ол негізінен жазда жауады. Жазда тартылып қалатын Бұқпа өзені Қарағанды арқылы ағып өтеді. Қаланы сумен Нұра өзені, жер асты суы және Ертіс - Қарағанды каналы (1973 ж. жетті) қамтамасыз етеді. Халқы 1939 ж. 155 мың, 1959 ж. 383 мың, 1970 ж. 522 мың, 1973 ж. 551, 8 мыңға жетті. Қарағанды қалалық 5 ауданға бөлінеді. Іргесі Қарағанды тас көмір бассейні орталығындағы шахтерлер поселкесінің негізінде қаланды. Кеңес өкіметі жылдарында салынып, қанат жайып өркендеген жаңа қалалар қатарына жатқанымен, Қарағандының 150 жылдан асатын тарихы бар. 1833 ж. қазақ жігіті Аппақ Байжанов, қараған көп өскендіктен «Қарағанды» аталып кеткен өңірдегі суыр інінің жанынан, жылтыр қара тас табады. Кейін оның тас көмір екендігі анықталады да, бұл алаптың иесі Өтепов деген бай, қазіргі Қарағанды атырабын Никон Ушаков деген орыс кәсіпкеріне 250 сомға сатады. Қарағанды 1932 ж. қалаға айналды, 1936 ж облыс орталығы болды.

Кеңес өкіметі жылдары Қарағандыда түрлі өнеркәсіп салалары кеңінен дамып, ол ірі өнеркәсіп орталығына айналды. Қарағандыда 1971 жылдың басында 73 мыңға тарта жұмыскері бар 99 кәсіпорын болды. Олардың жалпы өнімі 797, 7 млн. сомнан астам (1967 ж. 1 шілдедегі бағамен) . Қала өнеркәсібінің өнімдері барлық одақтас республикаларға, көптеген шетелдерге шығарылады. Ң. өнеркәсібінің басты саласы-тас көмір өндіру. Көмір өнеркәсібі қала өнеркәсібінің жалпы өнімінің 40%-ін береді. Қарағанды шахталары Орал мен Қазақстанның кара және түсті металлургиясын тас көмірмен қамтамасыз етеді. Мұнда 1972 ж. 12 шахта, 1 байыту фабрикасы жұмыс істеді. Қарағанды шахталары 1931 жылдан 1940 жылға дейін көмір өндіруді 21 есе көбейтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағанды шахтерлерінің алдына аса күрделі міндет қойылды. Донбасстың уақытша жау қолында қалуына байланысты соның орнын толтыру қажет болды. Қарағанды кеншілерінің және Донбасстан уақытша эвакуациямен келген жұмысшылардың еңбегінің арқасында Қарағанды атырабында 4 жыл ішінде 23 жаңа шахта салынды. Көмір өндіру 1945 ж. 11, 2 млн. м-ға жетіп, 1940 жылмен салыстырғанда 2 еседей ұлғайды. 1970 ж. қала шахталарында 19, 2 млн. тн. көмір өндірілді. Машина жасау зауыттары, шахта, санитарлық-техникалық жабдықтар мен металконструкцияларын шығарады. Қарағандыда жеңіл және тамақ өнеркәсібі де дамыған. Трикотаж, тігін, шұлық, аяқ киім, мата тоқу, галантерея, спорттық бұйымдар, пима басу ф-ка-лары, 2 киім тігу бірлестігі, 2 мебель ф-касы бар. Тамақ, кәсіпорындарынан ұн, ет комбинаттары, республикаға әйгілі ірі кондитер ф-касы (жылына 36 мың т 220 турлі өнім шығарады, оның 4-уі мемл. сапа белгісіне ие болған), сүт, шарап, ликер-арақ, коньяк құю, сыра з-дтары, бірнеше наубайхана бар. Темір-бетон бұйымдары мен конструкцияларын, қабырғалық материалдар мен құрылыстық бөлшектер, бейрудалық құрылыс материалдары, кірпіш т. б. шығаратын з-дтар, ағаш өңдеу, пластмассалық бұйымдар комбинаттары жүмыс істейді.

Ң. Ескі (19 ғ-дың 2-жартысы) және Жаңа (Майқұдық, Үлкен Михайловка, Федоровка т. б. ) қала болып екіге бөлінеді. Жалпы қаланың архит. кіндігі - Үлкен Бұқпа өзенінің екі жағалауына орналасқан бақ-паркті Жаңа қала (бас жоспары 1934-35 ж. бекітілді, арх. А. И. Кузнецов, А. Н. Корноухов; 1971 ж. жаңа бас жоспары қабылданды) . Негізгі магистральдары - Совет, Ленин, Нұркен Әбдіров атынд. проспектілер, Бейбітшілік бульвары. Ғимараттардың дені осы көшелердің бойына шоғырланған. Олар:

Советтер үйі (1938, арх. А. М. Генин), травматологиялық аурухана (1948) мен Шахтерлердің мәдениет сарайы (1952, екеуі де арх. И. И. Бренердің жобасы бойынша), почта және телеграф үйі (1953, арх. А. К. Белавина), Спорт сарайы (1957) және обком үйі (1958, екеуінің де арх. А. М. Мексельдің жобасы бойынша), обл. драма театры (1962), Пионерлер сарайы (1967), «Турист» мейманханасы (1972) . Қ. - ірі ғылми және мәдени орталық. Қалада Орт. Қазақстан экономикасының өркендеу проблемаларымен айналысатын 17 ғыл. -зерт. және жобалау ин-ты (бастылары - Қаз. ССР ҒА хим. -металлургия ин-ты, көмір ғыл. -зерт. ин-ты, көмір қазатын машиналарды жобалау ин-ты) бар. Жоғары білімді мамандар даярлайтын ун-тте, политех., медицина, физкультура және кооперация ин-ттарында, Алматы халық ш. ин-тының филиалында, жоғары милиция мектебінде 15 мыңдай студент оқиды (1972) . Қаланың ғылми мекемелерінде және жоғары оқу орындарында 1972 ж. 26 ғылым докторы, 50 ғылым кандидаты, 3 мыңнан астам ғылми қызметкерлер жұмыс істеді. Тау-кен, энергоқұрылыс (кешкі), сауда-кулинариялық, индустриялық, педагогтық, физкультура техникумдарында, медицина, мәдени-ағарту, муз. училищелерінде 4, 8 мың студент, жалпы білім беретін 103 мектепте 90 мың оқушы оқыды (1972) . 1930 ж. Қ-да 2 дәрігер, 10 төсектік аурухана болса, 1972 ж. ересектер мен балалардың 14 ауруханасы, 31 емхана, әйелдер босанатын 4 үй, 9 әйелдер консультациясы, 4 балалар санаторийі болды. Оларда 1451 дәрігер, 5 мыңға жуық орта мед. мамандар жұмыс істеді. Қарағандыда қазақ және орыс драма театрлары, филармония, халық творчествосының обл. үйі, телевизия орталығы, өлке тану музейі, 12 кинотеатр, 21 кино қондырғы, 29 клуб, 314 кітапхана бар (1972) . «Орталық Казахстан», «Индустриальная Караганда» газеттері шығады.

Қарағанды металлургия комбинаты Қазақстандағы ірі металлургия өнеркәс. орны. Комбинат Қарағандының солтүстік-батысында Теміртау қ-сына орналасқан. Ң. м. к. 1970 ж. Қарағанды металлургия з-ды негізінде құрылып, мұның құрамына қазаң металлургия з-ды, Атасу, Оңт. Топар руда басңармалары мен Алексеев доломит карьері енді. Қазақ металлургия з-ды Ұлы Отан соғысы (1941- 45) жылдары салынып, 1 мартен пешінен тұңғыш болат 1944 ж. алынды. 1956-58 ж. реконструкцияланған үш мартен пештерінің әрқайсысының жылдық қуаты 35 мың т-дан 60 мың т-ға артты. 1962 ж. қуаты 90 мың т-лық 4-мартен пеші іске қосылды. Заводта мартен пештері мен прокат стандары жұмыс істейді. Прокат цех-тарыпда «400», «280», «950» сияқты үш стан өнім береді. «400»-стан 1945 ж. 68, 5 мың т өнім берсе, оның 1973 ж. енім көлемі төрт есе артты. «280»-стан 42 мың т орнына 126 мың т, «950»-стан 15 мың т орнына - 30 мың т прокат өндіретін болды. «Қазақстан Магниткасы» деп аталатын Қарағанды металлургия зауыты 1960 ж. іске қосылды. Заводта барлығы 65 цех пен бөлімдер бар. Оның 45 цехы - негізгі өнім беретіндер. Заводта домна, мартен пештері, конвертор «1050», қысым, прокат, агломерат, химия т. б. цехтары жұмыс істейді. Өткен 13 жылда «Қазақстан магниткасы» құрамына жыл сайын жоғарғы техника дәрежесіндегі коне пен агломерат өндіретін, шойын қорытып, болат балқытатын және прокат шығаратын агрегаттар іске қосылып отырды. 8-бесжылдықта 2 кокс батареясы, көмір байыту ф-касы, болат балқытуға арналған 250 т-лық оттек конверторлар комплексі, жоғары қуатты прокат стандары, «1700» ыстың және «1700» салқын прокат агрегаттары өыдіріске қосылды. 9-бес-жылдыңтың алғашқы (1971-73) жылдары 3-домна пеші, 3-оттек конверторы және де қосалқы объектілер іске қосылды. 1974 ж. июньде жылдық қуаты 4400 мың тонналық 2-агломерат ф-касы, 25 декабрьде қуаты 1800 мың т-лық 4-домна пеші өндіріске қосылды. Комбинаттың 4-домнасы көлемі мен қуаты бойынша Отанымызда айрықша орын алмақ. Оның тек пайдалы көл. 3200 мъ, тәулігіне 5 мың т шойын қорытылады, ал қорытылған металл тәулігіне 18-20 рет алынатын болады. Комбинатта болат екі түрлі өндірістік әдіспен (мартен пештерінде және оттек конверторында) балқытылады. 1971 ж. комбинатта 2528 мың т шойын, 3116 мың т болат, 2670 мың т прокат өндірілді. Ң. м. к. кокс, пено-кокс, аммоний сульфаты, толукол, бензол, нафталин т. б. кокс-химия өнімдерін өндіреді. Соңғы 10 жылда кокс-химия өнімі 70% -артты. Комбинаттың өнімдері елімізде 95 қала мен өндіріс орталықтарына және 12 шет мемлекеттерге (ГДР, Чехословакия, Англия, Түркия, Үндістан т. б. ) шығарылады.

ҚАРАҒАНДЫ ДРАМА ТЕАТРЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем қалаларына саяхат
Оңтүстік Балқаш маңы
Жезқазған қаласы
Қазақстандағы туризм саласы
Қарағанды облысының тарихы
Қазақстан моноқалаларының орналасу ерекшелігі және дамуы
Әскери оқу орындары
Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы
Қарағанды облысы бойынша әдебиеттерді зерттеу
Қазақстанның экономикалық аудандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz