Қасымның хандыққа көтерілуі


Қасымның хандыққа көтерілуі. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы қазақтардың этникалық территориясының едәуір бөлегін қамтып, ұлғая түсті; Орта Азиямен, Поволжьемен, Сібірмен сауда және дипломатиялық байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен достық қатынастар қалыптасты,
Өз тұсында «жерді біріктіру» процесі жедел жүзеге асырылған неғұрлым көрнекті Қазақ, хандарының бірі Жәнібек ханның ұлы Қасым болды. Мұхаммед Хайдармырза «Керейханнан кейінгі жерде хандық құру оның ұлы Мұрындық ханның үлесіне тиді» - деп атап көрсете келіп, бастапқы кезде Қасым сұлтан әкесінің жолын қуып, барлық істе Мұрындық ханға бағынып, соның алдында бас иді деп жазды. Бірақ XVI ғасырдың алғашқы он жылының өзінде-ақ, Мұрындық (1480-1511) бас хан болып тұрған кезде де, замандастарының айтуына қарағанда жігерлі әскербасы болған Қасым сұлтан Керейхан мен Жәнібек ханның толып жатқан ұлдарының ішінен оза шықты. «Бұл кезде (1509- 1510 жылдары) Мұрындық хан бола тұрса да, - деп атап көрсетеді Мұхаммед Хайдар, - хандықты билеу және бүкіл билік Қасымның қолында болды». Мұрындық пен Қасымның арасында билік үшін шиеленіскен күрес жүріп, ол XVІ ғасырдың екінші онжылдығының бас кезінде сұлтанның жеңісімен және беделден жұрдай болған ханның қуылуымен аяқталды. Мұрындық Дешті Қыпшақтан кетті де, Самарқандқа барып, сонда жат жерде өлді. 1511 жылдан былай Қасым толық өктемдік жүргізген хан болды. Осы кезден бастап жоғарғы хандық билік ұзақ уақыт бойы Жәнібек ханның ұрпақтарына ауысты.
“Қасым ханның қасқа жолы”
Бірнеше мың жыл бойы Евразия көшпелілерінің жуан ортасында алаш туының астында болған қазақ руларының өз бетімен мемлекет құрған уақыты ХV ғасырдың ортасы. Керей және Жәнібек хандардың кезінде мемлекеттік идеяның өміршеңдігі үшін күрескен қазақ рулары Жәнібек баласы Қасым хан кезінде мемлекетті нығайту, заң ережелерін бір қалыпқа келтіру, ішкі және сыртқы саяси ахуалға заңдарды ыңғайлау мәселесіне кіріскенге ұқсайды.
Қазақ шежіресінде бұл кезең “Әз Жәнібектің тоғыз ұлы болыпты. Оның бірі - Қасым хан. Бұл тақты Сарайшықтан көшіріп Ұлытауға орнатыпты. Қазақты қатарға қосып кеткен осы Қасым хан. Қазақ ортасында “Қасым ханның қасқа жолы” делінетін сөз үлгі, қасиет болып қалды” (45, б. 7) - деп суреттеледі.
“Қасым ханның қасқа жолы” туралы қазақтың ауыз екі әңгімелерінде аздаған мәліметтер кездесіп қалады. Академик Ә. Марғұлан “Қасым ханның қасқа жолы” заңдарын орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстарында қолданылған “Ярғу” заңынан алынған, қазақша “Жарғы” деген ұғым береді деп есептеді. Бұл ұғымның түпкі мәні жару, нәрсенің салмаған бір жағына аудармай, дәл, әділ айтудан шыққан: “Дауды әділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап “қара қылды қақ жарған” деп мақтаған. Өзінің мазмұны бойынша, бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери-демократия арнасына барып тіреледі. ХҮ ғ. соңында - ХҮІ ғ. басында Бұқардың ишан-қазылары қазақ өлкесіне діни үгіт таратып, “ежелгі Жарғы заңын қалдырыңдар. Ол көкке табынған дінсіздіктің ісі, оның орнына шариғат қағидасына ауысыңдар. Ант бергенде “көк соқсын” деп айтпаңдар, “құран соқсын” деп, құранды бастарыңа көтеріңдер” - деп үгіттейді. Бірақ, халық бұқарасы оған селқос қарап, көп заман шариғат қағидасына ойыса қоймады. Уақыттың көбін мал бағумен өткізген халық бұқарасы шариғат қағидаларын өте қиын деп ойлады” (56, б. 541-542) .
Ә. Марғұланның айтуы бойынша саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде қалың қазақтың, оның басшылары от ауызды, орақ тілді, елге сыйлы билердің, ықпалымен Қасым хан ерте заманнан бері көшпелілер мойындап келген “Жарғы” заңын күшейтті. Осындай себепке байланысты “халық Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы - “Жарғыны” жанадан көтергенін қатты ұнатып оны “Қасым ханның қасқа жолы” деп атап кетті”.
Қасым хан заманында қазақ елі хан ордасын Евразия көшпелілерінің ежелгі саяси-этникалық орталығы Ұлытауға көшіріп, Алаша хан атын қайта жаңғыртты. Қазақ елінің ұлттық идеясының мықты іргетасы, қазақ қауымына біріккен сан алуан тайпалардың басын құрап отырған ортақ тамыр Алаша ханға арнап Ұлытауда Қасым хан биік күмбез орнатты. Олай болса “Қасым ханның қасқа жолы” тек құқықтық көзқарастардың жинағы ғана емес, ол ең алдымен қазақтың ел болу үшін, жұрт болу үшін күрес жолы.
Қазақтың басын құрап, өз бетімен ел қылып, найзамен шекарасын сызып кеткен Қасым ханнан қазасынан кейін хан билігі ұзақ уақытқа созылған дағдарысқа түсті. Осындай қысылтаяң кезде мемлекет билігін түзеу міндеті Шығай ханның ұлы, Тәуекел ханның інісі Есім хан иығына түсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz