Қимақ және қыпшық хандықтары
Қимақ және қыпшық хандықтары
VII ғасырда қыпшақ пен қимақ тайпалары Ертіс бойын жайлаған. Бір
ескертіп айтатын жәйт, қимақтар мен қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін
айтылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер бойынша бұлар екі
халық, бірақ түркі тілді туыс тайпалар болған. VII ғасырдың орта кезіндегі
қимақтардың көршілері – Ертіс бойындағы Қарлұқтар және Енесей бойындағы
Қырғыздар еді. IХ ғасырдың бас кезінде қимақтардың кейбір топтары Жетісу
жеріне өтіп, тоғыз оғыздарға көрші болды. Кейінірек қимақтардың біразы
оғыздармен бірге Орал аймағына, Арал және Каспий маңындағы далаларға
орналасты. 766 және 840 жылдары қимақтар Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл
ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздардың
теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тайпадан: еймур, имек,
қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан тұратын қимақ федерациясы
құрылды. Ал Х ғасыр басында қимақ мемлекетінің құрамында 12 тайпа болған.
Орталығы – Хақан қаласы. Қимақтардың ең үлкен басқарушысы хакан деп
аталған. Қимақтар өздерінің хақанымен бірге Орта Ертіс өңірінде тұрған.
Олардың 16 қаласы болыпты. Олардың бастылары Хақан, Қарантия, Дамурия,
Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді
қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ
қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда
болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында
әлеуметтік теңсіздікті орын алғанын байқаймыз. Қимақтар қол өнермен, аң
аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде
тұрған, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналған. Сөйтіп, қимақтардың
жерінде феодалдық қатынастар орныға бастайды.
ІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХІ ғасырда қимақ-қыпшақ тайпалар
одағының негізінде ертедегі феодалдық мемлекет қалыптасты. Қаған елді
көптеген басқарушылары арқылы билеген. Соңғылары салық жинаумен айналысқан.
Қимақтар мен қыпшақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын
пайдаланып, қамыс қаламмен жазған.
Қимақтар мен қыпшақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын
пір тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сыйынған. Қимақтар мен қыпшақтар
күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Өлгендерді өртеп жерлеген.
Ертіс өзенін қасиет тұтып, өзен-адамның тәңірі деген. Тас сымбат қойып,
оған табыну салты кеңінен тараған.
Х ғасырда ондаған тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ
мемлекетін әлсіретті. Сондықтан қыпшақ өзінің қоныстанған жерлерін тастап,
Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік
өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз
далаларына көшіп баруға мәжбүр етті.Оғыз жерін басып алғаннан кейін,
қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты. Қыпшақтар мекендеген жерлерді
Дешті қыпшақ, яғни қыпшақ даласы деп те атады.
ХІ ғасырда қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне
бағындырды. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін
қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетті.
ХІ ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан Еділден
батысқа қарай жылжыды, сөйтіп Шығыс Еуропа елдерімен, орыстармен,
Византиямен, Венгриямен шектесті. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық
қоғамдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың
қимақ тайпалық одағында болуы – VII ғасырдың екінші жартысы - VII ғасырдың
соңына дейін. Екінші кезең: VIIІ ғасырдың аяғы – ХІ ғасыр басы. Бұл кезде
қыпшақтар Алтай және Ертістің Орал таулары және Еділге дейін қоныс тепті.
Қыпшақ тайпалық одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары
кірді. ХІ ғасырдан ХІІІ ғасырдың басына дейін қыпшақтардың дамуының үшінші
кезеңі жүрді. Бұл кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті.
Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз тағы
басқа тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік
тілді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz