1867-1868 жылдардағы реформаны жүргізудің әскери-саяси себептері және оған дайындық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1867-1868 жылдардағы реформаны жүргізудің әскери-саяси себептері және оған
дайындық 3
1891 жылғы реформа 6
Реформа қалай әзірленді? 12
Қорытынды 14
Пайдаланған әдебиеттер 16

Кіріспе

Қазақстан және Орта Азияның оған жапсарлас жатқан облыстары
біржола жаулап алынғаннан кейін Ресей империясының үкіметтін топтарына
ұлттық шет аймақтарда басқару жүйесі туралы мәселе өткір қойылды. Әсіресе
бұл проблема халқының этникалық құрамы ала-құла, әлеуметтік және
экономикалық даму деңгейі әр түрлі Орталық Азия мен Қзақстан үшін ерекше
күрделі болды.
Бұл реформалар Ресейде басыбайлылық құқығының жойылуымен және
бірқатар буржуазиялық реформалардың қабылдануымен тұстас келді.
Капиталистік қатынастардың ұлттық аймақтарға таралуы да осы кезден
басталды. Ресейде капиталистік құбылыстардың дамуы кең өріс ала бастады.
ХІХ ғасырдың орта шенінде іске асырылатын сот, земство, халық ағарту
және басқа да өзгерістер Ресейдің құрамындағы шығыстағы ұлттық аймақтарға
шикізат қоры және оның көзі ретінде сақтау саясаты Қазақстандағы да
қамтыды.
Негізінде екі генерал-губернаторлыққа бағындырылған қазақ елін билеп-
төстеуді өзгерту ісі патша үкіметінің отаршылдық саясатының бір құрамды
бөлігі еді. 1822 жылғы Сібір қазақтарының,1824 жылғы Орынбор қазақтарының
жарғылары жаңа капиталистік қарым-қатынастарға, өрістей бастаған өлкенің
шаруашылық даму талабына қайшы келді.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін
статс-хатшы И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Бүкіл қазақ даласын екі
облысқа - орталығы Торғай өңірінде болатын – Батыс және орталығы
Сергипольде немесе Қарқарылыда ұйымдастыру, сондай-ақ Шығыс облыстарға бөлу
көзделді. Комиссия ұсынысы орынбор генерал-губернаторы А.П.Безакқа
тапсырылды.

1867-1868 жылдардағы реформаны жүргізудің әскери-саяси себептері және оған
дайындық

Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның Қазақ өлкесі жөніндегі
саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Патша өкіметінің мақсатына отаршыл
империяның тарапынан көп күш қолданылмай қол жеткізілді. Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанды қосып алып, патша өкіметі әскери-отаршылдық
әрекеттерімен ортаазиялық алғы шепке шығып, аймақтағы ағылшындардың ықпалын
ығыстырып шығарды. Қолайлы халықаралық жағдайды пайдаланған Ресей империясы
өзінің алысты көздейтін негізіне бөліп ал да, билей бер принципі алынған
саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып және қазақтардың өз мемлекеттігін
қалпына келтіруге ұмтылысын аяусыз жаныштап, Қазақстанда отаршылдық режим
орнатты. Ресейдің Орталық Азиядағы және шектес аудандардағы жағдайы
нығайды. Патша әскерлерінің Оңтүстік Қазақстандағы қантөгісті ұрыстары,
М.Черняев пен М.Веревкин отрядтарнының іс-қимылы кең-байтақ қазақ жерін
Ресейге қосып алуды аяқтады. Шымкент қаласының шабуыл жасап алынуы дулат
руы және басқа да кейбір рулар қазақтарының едәуір бөлігін Ресей билігін
тануға мәжбүр етті. Шымкенттің алынуымен Орынбор және Батыс Сібір генерал-
губернаторлықтарының шекарасын жалғыстуруға қол жеткізілді. Патша
өкіметінің Қазақстанның Оңтүстігіндегі және Орталық Азиядағы жалпы саяси
жағдайды өз пайдасына өзгерту жөніндегі әскери-әкімшілік әрекетерінің
зардаптарын Шыңжандағы Ресей консулы Н.Петровский дұрыс анықтап берді.
Орыстардың Қоқан хандығын жаулап алуы,- деп атап өтті дипломат,-істің
жайын едәуір өзгертті. Әлсіз хандардың орнына Ресей мемлекеттінің күшті
билігі келді, ол көшпелілерді өз қаруының жеңімпаздығымен қорқытып, оларды
өзіне біржола бағындырып алды, оларға тәртіп орнатып, олардың өздерін
ерікті, тәуелсіз деп санау мүмкіндігінен біржола айырды...
Кең-байтақ Қазақстанды аумағына орналыстырылған әскер бөлімдерімен
шектелмей, жаңадан жаулап алынған иеліктерде отаршылдық билікті нығайтуға
ниеттенген Ресей оңтүстік-шығыс Қазақстанды қосымша жаңа әскери бөлімдерді,
көбінесе Сібір шебер казак әскерлері құрамының бөлімдерді, көбінесе Сібір
шебі казак әскерлері құрамының бөлімдерін әкелді.
Орасан үлкен елді басқаруда бүкіл Қазақстанды бойынша қалыптасқан
әкімшілік –саяси және заңдық жүйенің болмауы жағдайына байырғы халықты
бағынышты ұстауда армияға сүйену Солтүстік Кавказды біржола бағындыру
кезінде өзінің артықшылығын көрсетккен, сынақтан өткен құрал болды. біз
күшті болсақ, қазақтар бізге бағынады. Бірақ біздің даладағы билігіміз сәл
әлсіреген жағдайда, керісінше ... болады- қазақтар жөніндегі қатаң
саясатты белсене жақтаушылардың бірі Орынбор генерал-губернаторы
А.О.Дюгамель Ресейдің Қазақстанда күшті әскери қатысуының дұрыстығын
осылайша негізделдеді.
Өлкені жергілікті мекендеушілердің бағындырылған көпшілігіне империялық
құрылымның билігін сөзсіз енгізу жөніндегі барған сайын нығая түскен
идеология шенеуніктер мен әскерилер қатарында ғана емес, сонымен қатар
келімсек азшылықтың жергілікті халық көпшілігінен артықшылығын белсене
насихаттаған дінбасыларынан да қолдау тапты. 1864 жылы Шымкентті шабылуымен
алу кезінде қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіш ашу кезінде, ескерткішке
қасиетті су бүрку кезінде священник Александр Тихомиров бүлк етпестен тура
былай деді: ... державалық орыс патшасы- ның даңқы үшін, ат төбеленбей
орыс жауынгерлері жартылай жабайы азиаттарының патшалығы шексіз-шетсіз
даласына келді... Біз жеңдік, оны өзіміздің жаңа отандасымыз еттік, біз
қаруымызбен тізе бүктірген халықтардың талайын қазаірдің өзінде осылай
еттік. Дала өңіріне Ресей билігін одан әрі енгізуді жұмыс істеп тұрған
жергілікті басқару құрылымдарының бай өлкені Ресей экономикасының мүдделері
үшін кеңінен игеру жөніндегі патша өкіметінің жоспарларымен сәйкес келмеуі
қиындата түсті. Метрополияның қауырт дамыған өнеркәсібі барған сайын жаңа
арзан шикізат көздерін, жұмыс күшін қажет етті. Табиғи ресурстары, мал
шаруашылық шикізаты аса бай Қазақстан орыс кәсіпкерлерінің назарын көптен
аударып келген еді. Осы ғажайып және қазыналарға бай бүкіл ел әлі күнге
дейін өзінің тұмса табиғаты құшағында, әлде біреудің келіп оятуын күтіп
жатыр; балта қаршылы, теңге сыңғыры естілмеді, бос жатқан төңіректе шалғы
жалтылы байқалмайды... ал таулардағы байлық қаншама...-сол кездегі
Қазақстанды белгілі зерттеушілердің бірі Ресей өнеркәсіпшілігінің өлкенің
табиғи байлықтарын тездете игеруге шақырып өз пікірін міне осылай білдірген
еді. Ертіс, Есіл, Іле өзендерімен басқа да өзендердің жағасына жақын
жерлерге көптеген казак және басқа да шаруалар қоныстарын салу Қазақстанның
өсімдіктерін және жануарлар дүниесіне орны толмас зиян келтірді
–отарлаушылардың алғашқы легі жергілікті алқаптарды аяусыз талқандап,
тұрғын үйлер мен қора-қопсылар, тіпті қамбалар салу үшін жүз жылдық
алыптарды құлатты. 1867-1868 жылдардағы реформаларды дайындауға қатысып,
Жетісу ол шетінен бұл шетіне дейін аралап өткен А.Гейнс қазақ
қоныстанушыларының бейбастақ әрекеттерінің салдарынан былай деп өкінішпен
баяндаған: Жақын маңдағы ағаш атаулыны түп тамырымен қазып алып, тып-типыл
еткені сондай, адам бұрын орман өсіп тұрған жерге келген кезде бір шыбықты
да көрмейді... Сонымен бірге қазақтар жаңа қоныстар үшін орын таңдаған
кезде қазақтардан жердің тартып алу жағдайларын реттейтін заң нормаларының
болмауы себепті егіншілік үшін ең шұрайлы аудандарды басып алып,
аборигендерді құнарсыз, қуаңшылықты жерлерге ығыстырып шығарып,
жергілікті бастықтарға дән ризашылығын білдіріп отырды.
Қазақ даласын басқаруды жеңілдету үшін отаршылдық әкімшіліктің ықпалы
шенеуніктері ХІХ ғасырдың 60-жылдарының басында Қазақ даласы мен Орал,
Орынбор және Сібір округтері қазақ әскерлерінің аумағы үшін бір жалпы
басқарма белгілеуді, Тобыл, Томск және Енисей губернияларынан азаматтық
Батыс Сібір генерал-губернаторлығын құруды ұсынды. Осы мақсатпен құрамында
барон К.Врангель, Имшеник-Кондратович, П.Солнцев бар ерекше комитет
құрылды. Ерекше комитет Қазақстанда бүкіл Қазақ даласы үшін жалпы басқаруды
енгізу мүмкіндігін зерттеп, 1865 жылдың ақпанында бұл шараны орындау едәуір
шығындарды қажет етеді, әкімшілік және әскери қатынастарда елеулі
қолайсыздықтар туғызады деген сенімге келді.
Қазақстан сияқты орасан кең елде үкімет жергілікті жағдайларды елемей
отыра алмады, оларды елемеу 20-30-жылдарда үкіметке қарсы күшті оппозиция
туғызып, оның зардаптарын ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы ұрпақтың есінен әлі
шыға қоймаған еді. Әлеуметтік-экономикалық өмірде қалыптасқан өзгерістерді
ескере отырып, қазақтардың дәстүрлі, дағдылы заңдарын қолданудың заң
жүзіндегі негіздерін көздеу керек болды. 1865 жылы ІІ Александр патшалық
жеке өкімі арқылы толық құпия кеңесші Гирстің басшылығымен Түркістан
өлкесі мен қазақ даласына жіберілген комссия басқа қырларымен қоса
номадтарда қолданылып келген әдет және заң ілімнің заңдық нормалары туралы
да көп материал жинады. Реформаны дайындау кезінде қалың бұқараның ой-ниеті
ескерілмеді. Ислам канондарына негізделген дәстүрлер мен ғұрыптар
империяның билеуші топтарының саяси және экономикалық мүдделеріне сай
келетін дәрежеде ғана ескерілді. Ш.Уалиханов жергілікті халықтың тұрмыс
жағдайларын жақсартуға, дәстүрлерін сақтауға жәрдесетін батыл реформалар
жүргізуді жақтады. Ұлы ғалым аталып отырған өзгерістер, мысалы, сот
жүйесінде орыс үкіметі үшін де, қазақ халқы үшін де , қазақ халқы үшін де,
қазақ халқы үшін де қиындатылған, ауыр бюрократиялық берекездіктің орнына
бұрынғы әкімшілік құрылыстағы өзгертуге әкеп соғуы ықтимал, округтерде өзін-
өзі басқару негіздерінде неғұрлым ұтымды басқарма құрылатын болады деген
үміт білдірді. Алайда қазақтар өміріне арналған реформаның әзірленуі
барысында аса көрнекті ғұлама ғалымның ой-пікірлері қабылданбай тасталды.
Болашақтағы Уақытша ережені патшалық өкімет орындары М.Сейдалин,
полковник Ш.Уәлиханов, ірі мал иесі М.Шорманов және басқалар сияқты, тұтас
алғанда үкіметтік өзгерістерге адал пиғылдағы жергілікті феодалдық
топтардың көрнекті өкілдерін белсенді түрде тарту жағдайында үкіметтік
шенеуніктердің ұсыныстары негізінде дайындалды.
1867 жылғы 11 шілдеде ІІ Александр патша Сырдария және Жетісу
облыстарын басқарудың уақытша ережесі туралы жобаны, 1868 жылғы 21 қазанда
екінші жоба- Орал, Торғай, Ақмола және облыстарын басқару туралы Уақытша
ережені бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Уақытша ережелердің екі жобасы
да 1869 жылғы мамырдан бастап енгізілетін болып ұйғарылды.
Сонымен қазақ жерлерін ресей құрамына қосып алудың аяқталуы және
империяның оңтүстік-шығыс шектерде орнығуы Қазақстанды басқаруды
номадтардың әлеуметтік-экономикалық өмірінде қалыптасқан жаңа өзгерістерге
сәйкес қайта құру міндетін алға тартты. Кең-байтақ өлкені әкімшілік –саяси
және жағынан басқару жүйесін объективті түрде реформалау әкімшілік-саяси
өкімет орындарының ескі тәртіптері мен капиталистік кәсіпкерлердің кеңейе
дамуының өсіп келе жатқан мүдделері арасындағы сәйкездікті жоюға тиіс
болды. Уақытша ережелер бойынша басқару жобаларын бекіте отырып,
Петербург патша сарайы төңірегіндегілер Қазақстанды империяның өскелең
өнеркәсібі мүдделерін көздеп отарлау мен игеруді тездетуге үміт артты.

1891 жылғы реформа

1869 жылы патша үкіметінің Қазақстанды жаулап алуды аяқталып, дала
өңірін басқару жөнінде 1891жылы Ереже қабылданды. Осыдан кейін Қазақстан
аумағы тікелей орталыққа бағынған бірнеше әкімшілік орталыққа бөлінеді:
1. Құрамына қазіргі Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары кіретін, орталығы
Омбыда орналасқан Дала генерал-губернаторы;
2. Орталығы Ташкентте, құрамына Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарқан,
Закаспий, өңірі қараған Түркістан генерал-губернаторы;
3. Қарамағына қазіргі Орал, Торғай облыстары кірген Орынбор генерал-
губернаторлығы құрылды.
Әкімшілік құруда Бөліп алда билей бер деген римдік принцип
басшылыққа алынды. Қазақ халқы үш генерал-губернаторлық шеңберіде тарыдай
шашаылды. Ішкі Бөкей ордасы, Астрахань губерниясы, Маңғыстау жарты аралы
Кавказ әскери округы құрамына кірді. Аталмыш аймақтарды әскери генерал-
губернаторлар басқарды. Олардың қол астында азаматтық және әскери биліктің
мәселері түгелімен шоғырландырды.
Әкімшілікке бәлу негізінде территориялық принцип алынды. Облыстар
уездерге, уездер учаскелерге, учаскелер болыстарға, ал болыстар әкімшілік
ауылдарға бөлшектенді. Мұндай жүйе Ресейдің орталық губерниялардағы
қалпында қабылданды. Оларда губерния уездерге, уездер стандарға, стандар
болыстарға, ал болыстар селолар мен дереняларға жіктелді. Айырмашылығы сол,
Қзақстанда бұл бөлу қарапайым түрінде жүзеге асырылды.
1891 жылы қабылданған далалық ережеге сай ата қонысымыз патша
өкіметінің меншігі болып жарияланды. Ресейден көшіп келіп қоныстаушыларға
кең жол ашылды. Соның салдарынан қазақ жерінен іздеп келушілер көбейді.
1893-1903 жылдар арасында қазақтардан 4 млн десятинадан астам жер тартып
алынса, 1906-1917 жылдары 17 миллион десятинаға жетті. Қазақ шаруалары
Столыпин реформалары кезінде егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылды.
Жерді күштеп тартып алу барысында қақтығыстар да болды. 1908 жылы 17
шілдесінде Торғай облысында қазақтар мен орыстар арасында қарулы
қақтығыстар болған. Мұның басты себебі жер бөлуде жіберген әділетсіздік
еді. Яғни орыстар мүддесін жоғары қоюдан туған қақтығыс болатын. Сөйтіп,
қазақ шаруаларының жері әуелі соғыспен алынса, одан соң отарлау саясаты
арқылы шектелді. Патша өкіметі енгізген барлық әкімшілік жүйе жергілікті
жерде қазақ қанаушыларының билігін қалыптастыру және бекіту міндетін қойды.
Уездер құрамына болыстар бұрынғыша рулық емес жер жағдайына сай құрылып, 1-
2 мың шаруашылықты біріктірген әкімшілік ауылдарға бөлінді. Болыс басшылары
мен ауыл старшындары үш жылға сайлап қойылатын құрметті және беделді,
адамдар болды. Бұндай билеушілер көбінесе байлардың өкілі еді. Бұл ереже
бойынша орыс билеушілері қол жетпес биікке көтеріліп, олардың үкімін
орындамау қылмыс деп танылды. Қазақтардың орыс тілін білмеуі ескеріліп,
олардың отарлаушылармен арасын
Жалғастыратын тілмаштар өкілін қалыптастыруға тура келді. Отарлаушылардың
мүддесін қорғайтын атқамінерлердің де белсенділігі артты. Ал орыс
тұрғындары үшін үш басқыштан тұратын әскери-казак басқармасы құрылды.
Үкімет тарапынан келімсектерді бұратаналардан бөлек ұстауға үлкен мән
берді. Жалпы, 60-жылдардың соңында жүргізілген Ұлы реформалар Қазақстанды
құқықсыз отар елге айналдырды. Оған қарсы 1869-1870 жылдары Кіші жүзде
көтерілістер болды. Халықтың жаппай Қытай,Хиуа, Бұқараға қарай жөңкіле
көшуі етек жайды. Тіптен бірқатары Батыс Қытайға, Шығыс Бұқараға біржолата
өтіп, қоныс тебуі де орын алды. Патша үкіметі жазалаушы топтар жіберіп,
немесе ақсақалдар мен билерді салып оларды кері қайтаруға тырысты. Әсіресе,
Ембі, Сағыз, өзендері жағасында халық бұқарасының әскерлермен қақтығысын
ұйымдастырғаннан кейін қорқыныш кірді. Өз жағына ірі ру тайпалары тарту
арқылы көтерілісшілер қатарын ыдыратты. Соған қарамастан, Маңғыстау
облысындағы адайлар ұзақ қарсыласты. Олар полковник Руковтың отрядын құртып
жіберді. Көпшілігі Бұқар мен Закаспий жеріне көшіп кетті. Керісінше көшіп
келген келімсектер саны 1896 жылы 99 мың 399-дан 1900жылы 160 мыңға жетті.
132село орнына 200 село пайда болды. Әсіресе, Семей, Торғай, Орал
облыстарына қисапсыз көп келді. 1891жылғы Еділ бойы халқының күшті
ашаршылыққа ұшырауы, Сібір теміржолын салу Қазақстанға көшіп келуішілер
санын көбейтті.
ХІХ ғасырдың 80-жылдарына қарай Ресейде крепостник помещиктер мен
буржуазиялық топтар арасында Қазақстанды отар ретінде игеру әдістері
жайындағы қайшылықтар неғұрлым айқын көріне бастады, атап айтқанда:
Біріншілері жерді басып алу туралы ғана ойласа, өнеркәсіп және сауда
капиталистерінің өкілдері Қазақстанды біржола аграрлық-шикізат базасына,
сауда және өсімқорлық операциялары бойынша капиталы аса тиімді орналастыру
орнына айналдыруға, мүдделі болды. Мүдделілердің мұндай қайшылығы 70-жылдың
өзінде-ақ Түркістанды басқару туралы ережелердің жобаларын сәтсіздікке
ұшыратқан болатын. Бірақ, бұл қайшылықтар 80-жылға қарай, сірә, бәсеңдемей,
қайта еселене түсті.
Сөйтіп, 1881 жылғы жобада және сенатор Гирстің Түркістанға ревизиясынан
кейін 1883 жылы Гирстің жобасы жасалып, ол жоба 1884 жылы Игнатьевтің
комиссиясына қарауға берілді . Игнатьевтің төрағалық еткен комиссияда
Түркістан өлкесін басқаруды қайта ұйымдастырудың сол кезде барлық жобаларын
пысықтау және қалыптастыру үшін қудаланған болатын. Игнатьевтің басшылық
еткен комиссия өзінің жеке жобасын жасап, оны заң тәртібімен бекітуге
дейін әзірлей бастады. Талқылау барысында жобадағы қайшылықтарды жою
жөнінде едәуір тынымсыз жұмыс жүргізді. Гирс пен Игнатьев жобадағы
аймақтықтардың әлбетте сапалық айырмашылығы болмады, олардың айырмашылығы
негізінен алғанда отаршылдық саясаттың тиімділігін күшейтудің әдістемесі
және тәсілдері бойынша ғана болатын Игнатьевтің комиссиясы өзінің Түркістан
өлкесін басқару туралы ереженің жобасын қарау жөніндегі әрекетін 1884
жылдың 31 мамырда бітірді. Сол кезден бастап Әділет минитрлігі мен
мемлекеттік кеңестен бастап, жоғарғы мекемелерде екі жыл әуре-сараңға
түскеннен кейін жоба, ақырында 1886 жылғы 12 маусымда заң тәртібімен
бекітілді.
1867жылғы Уақытша ережені 1886 жылғы Ережемен салыстыру самодержавиенің
өлкені Орталық Ресеймен бірте-бірте біріктіруге бағытталған саясатының
басты принциптері сақталып қалғанын дәлелдейді.
Отырықшы және көшпелі халықтың жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне
елеулі өзгерістер жасалған жоқ.Болыс басқарушылары мен ауыл старшындарын
сайлау негізі және олардың 1867 жылғы Уақытша ережеге тән құзіреті үшін
сақтап қалды.
1886 жылғы ережені 1867 жылғы Уақытша ережемен салыстыру басқарудың
көп орталықтандырылғанын, Түркістан өлкесін басқару орталық Ресейді басқару
жүйесіне біртіндеп жақындалғаннын дәлелдейді.
ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесін басқару ең алдымен 1886 жылғы 12
маусымдағы Ережемен, сондай-ақ оған кейіннен енгізілген толықтырулармен
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік - құқықтық жағдайы
Отарлық басқару ережелері негізінде рухани өмірге көрсетілген қысым
Қазақстанда жүргізілген реформалар
ХІХ ғасырдағы Түркістан қаласы
Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы
ХІХ ғ. 60-90 жж. Қазақстанға жаңа әкімшілік-саяси басқару жүйесінің еңгізілуі
Түркістан аймағындағы орыс әкімшілігінің құрылуы және оның орнығуы
Хандық билік пен сот жүйесіндегі өзгерістер
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық статусы
Пәндер