ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
КІРІСПЕ 2
I. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ 5
1.1 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері 5
1.2 Ислам және оның қазақтардың менталитетіне әсері 8
II. ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН 11
2.1 Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы 11
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 15

КІРІСПЕ

Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны
бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні
Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса
бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол
феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық
үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан
шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра
алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан
болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді
жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман
дінін, ата - баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән
бермеді. Академик Бартольд В.В.: XIII ғасырдың басында мұсылман Хорезм
билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен
соғысуына тура келді, — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ
тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін
қабылдамаған сияқты. Рузбаханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI
ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы
ғазауат соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб
миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-
баба аруағына, тәңіріге, жұлдыз - айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба
аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар
әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін
олар аруақты разы етуге тырысты. Аруақ аттаған оңбас деп аруақты
ұмытпады...
Әбу Ханифа жол салған сунниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз,
басқа халықтардың әдет - ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ
тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет - ғұрпы өз
кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық
қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды.
Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір
сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын
сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің
көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата - бабалары әдет - ғұрып заңдары
бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ
тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени
жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін
исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.
Біздің қазақ халқы — мұсылман, діні - ислам екендігін үнемі Елбасшымыз
Н.Ә. Назарбаев биік мінберлерден тектен текке айтып жүргені жоқ. Сан
ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз
әдет-ғұрып, салт–дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан
ұрпаққа жалғастырып отырған.
Өкінішке орай, кешегі "қызыл империя" ата - бабаларымыз қасиеттеген,
түпкі табиғи болмысына айландырған ислам дінін мансұқтап, ұрпақтарына
құбыжық еткен атеистік тәрбие сәл болмағанда алтын діңгегінен ажыратып,
мәңгүрт ете жаздады. Құдайға шүкір, қазір тәуелсіздігіміз өз қолымызда,
егеменді елміз. Халқымыз ислам дінімен қайта қауышып, көпшілік имандылықка
бой ұруда.
Қазіргі жаһандану дәуірінде "бәле қайда? Бассаң аяқ астында" дегендей,
бізді сақтануға шақыратын мәселелер жетерлік. Еліміздегі экономикалық
қиындық көптеген келеңсіз жайттердың бой көтеруіне жол ашып берді. Бір
формациядан екінші формацияға өту, әрине, көптеген қиындықтарды қоса
әкеледі. Бұл қиындықтардан рухани біртұтастық қиналдырмай алып шығары хақ.
Ал, рухани күйзеліске ұшырау, әртүрлі жіктерге бөліп, дағдарысқа ұшыратады.
Қазір Қазақстан халқы рухани дағдарыстарды басынан кешіруде. Алпауыт
империялар ең алдымен жаһандану дәуірінде кез келген елдің рухани бірлігіне
нұқсан келтіруді тектен текке көздемейді. Рухани тұтастығынан айырылған
елді көнбіс етіп алу ежелден келе жатқан дәстүр. Әсіресе, ұйқыдан енді
оянған нөрестедей қазақ халқын азғыру, соңына ерту оңайдың оңайы.
Төуелсіздігімізден бергі он жыл ішінде жарты миллиондай қара көздеріміз
басқа діннің шылауында кетуі осыны айғақтайды. Дәл осылайша үнсіз кете
беретін болсақ, алдағы 15 - 20 жыл ішінде қазақтың тең жартысы өзге
діндерге өтуі ғажап емес.

I. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ

1.1 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері

Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714
ж. ҮІІІ ғ. басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден
басталады. Осы кезде Мауереннахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп
отыратын Түргеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне
үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант
пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп
отырды. Арабтардың Испижджабқа (Сайрам) жоғарғы түргештердің Орта Азиядағы
шекара маңына шоғырлануға бастау болды. Түргеніштердің қолдасшысы Әбу
Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспенциясына сәтті тойтарыс берді. Басында
арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. Қарай түргеш атты
әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін шетелдіктерден тазартты.
Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі түргеш мемлекетін
әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан
бастап Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады.

Б. Ғафуров: „714 ж. Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол шашты өз
ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл
қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады:
Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі
әскерінің жолын қиып тастауға талпынды”,- деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен
бірге миссионерлерде қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін
уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта
көптеген конфессиялардың болғаны белгілі. Әсіресе, зәртүстілік қомақты орын
алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға
ұшырады.Оның жазба әдебиеттері жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан
діндері де осындай жағдайға душар болды.
Ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасында әдет-ғұрып заң нормалары
қоғамның бірден - бір заң реттегіші ролін атқарды. Оның да себебі бар еді.
Әуелі, қазақ қоғамы әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты
басқалардан томаға - тұйық өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақи, өзіндік
идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет-ғұрып заң нормалары тек үстем
тапқа ғана емес, жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені
туыс-туыстарымен ру-ру болып көшіп-қонған қазақтарда ру намысы күштірек
еді. Бұл төменгі таптың өз туыстастары үстем тапқа қарсылығын тежеп
отырды.
Арабтар Мауараннаһрді Әбдімәлік ибн Маруан (685 - 705) тұсында ғана
жаулап алуға қолы жетті. Хорасан билеушісі Кутайб ибн Муслим ішкі
қырқыстардан әбден әлсіреген Орта Азияға қоныстанған түркі тайпаларын басып
алды. Сөйтіп, 705 жылдың өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты
басып алған Кутайба ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі
тайпалары арасына от салу нәтижесінде Бұхарды алды. Ауыр шайқастардан соң
соғдылықтар астанасы Самарқан қолға түсті.
Наршаһидің жазуынша, Кутайбаның әскері Бұхарды бірнеше қайтара
алғанымен, арабтар кете салысымен жергілікті халық ислам дінінен безіп, өз
ата-бабасы ұстанған дінге көше берген. Төртінші рет Кутайба әзер дегенде
қаланы алып, қалаға сол қаланың тұрғындарының жартысына жуық мөлшердегі
арабтарды әкеліп қоныстандырады. Солардың күшімен ислам дінін енгізіп,
бұрынғы табынатын пұттарын талқандап, оның орнына мешіттер салдырған.
Кімде-кім мешітке келсе, оларға ол (Кутайба) екі дирһам береді деп жар
шақыртады. Соның өзінде де жергілікті халықтан қорыққан арабтар мешітке
қару-жарағымен келуге мәжбүр болған. Дегенмен де, қоқан-лоққы, сатып алу,
т.б. жолдармен Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізді.6
Міне, осыдан кейін кең далада емін-еркін көшіп-қонған қазіргі
Қазақстан территориясындағы түркі тайпалары арасына ислам дінін тарату үшін
миссионерлер ағылды. Олар көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам дінін енгізу
жағын қарастырды. Оларға қазіргі қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған
дін, исламға көп жағынан кереғар еместей болып көрінді. Мәжаусилік шаман
дінін оңай ығыстыруға болады деп санады. Сол себепті де олар бұл тайпаларды
һаза хақ — һазақ (бұл арабша сөздің мағынасы — бұлар дұрыс, жолы
дұрыс) деп атады. Содан барып, қазақ деген термин қалыптасып кетті дей
аламыз.
Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-
ғұрыптарын ығыстыра алмады. Қайта олармен санасуларына тура келді. Өз ата-
баба дәстүрлерін көбірек ұстанған қазақтарды дінсіздер деп атады. Оларға
қарсы ғазауат соғысына шақырулар да сондықтан. Бұл қазақи, өзіндік
сипатқа ие дәстүрдің ұзақ дәуірді иеленген тарихы бар. Олардың гүлденген,
күйзелген дәуірлері де бар. Мұндай жайт дүние жүзі халықтарының кез
келгендерінің бастарында да бар.
Қазақтардың өзіндік ерекшелік пен сипатқа ие болған елді басқару
формалары, экономикалық жүйесі, рухани қажеттілігін қанағаттандырарлық
өнері, заңдары мен мінез-құлықтық кодекстері болған. Ұзақ дәуірлер бойы
жазба мәдениеті мардымсыз дамыған қазақтардың (өйткені көшпенді тұрмыс кешу
мектептер ұстауға мүмкіндік бермеді) ауызекі шығармашылық дәстүрі күшті
дамыған. Әсіресе жас ұрпақты тәрбиелейтін үгіт-насихат жырлары, мақал-
мәтелдері қандай мол, әрі қандай терең еді десеңізші! Бұлар тек құрғақ ақыл-
кеңес емес, нәрлі де мазмұнды ғибраттар. Бұлар праволық нормалар мен
моральдық, саяси, мінез-құлық, т.б. тәртіптерді де өз ішіне жан-жақты
қамтиды.

1.2 Ислам және оның қазақтардың менталитетіне әсері

Қазақтардың ең бір қадірлеп-құрметтейтін дәстүрі — өлген ата-баба
аруақтарына табыну. Өлген ата-баба аруаққа айналып, тірілердің зор
құрметіне ие болады. Олар тірі ұрпақтарының әдет-ғұрып заңдарын, кәде-
қаумет, салттарын сақтап жүрулерін талап етеді. Ата-баба аруағына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам инвестициясы
Қазақстан және Ислам Конференциялық ұйымы
Ислам банкінің Қазақстан Республикасындағы алатын орны мен құқықтық жағдайын анықтау
Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы
Қазақстан жеріне алғаш ислам дінінің келуі
Қазақстан Республикасы ислам қаржы жүйесіне ислам банкінің енгізудің тиімділігі
Қазақстанда исламның таралуының басталуы
Батыс өркениетінің құлдырауы
Ислам даму банк
Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері мен салдары
Пәндер