Көтерілістің шығу себептері. Көтерілісшілердің отаршылдық саясатқа қарсы қарулы күресі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1. Көтерілістің шығу себептері. Көтерілісшілердің отаршылдық саясатқа
қарсы қарулы күресі. 4
2. Көтерілістің басылуы және жеңілу себептері. 11
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15

Уа, көсіле шабар жерің бар,
Ту көтерер ерің бар.
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған жолың бар.
Құлдық ұрсаң дұшпанға
Арылмайтын сорың бар.
Төле би

Кіріспе

Тарих – халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын,
өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып
қалды да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында
тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетті.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан
сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге
соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған
ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды".
Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз
оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек.
Себебі, ол – тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-
қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. Сонау сақтардың әйел
патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан
Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті,
жылғалар қан боп ақты, қанша рет ұлан-ғайыр дала азаттықты аңсаған алты
алаштың ақсақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет "елім-ай" деп, шер
төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды.
"Біз - қазақ, ежелден азаттық аңсаған" демекші, бірде қайғылы, шерлі,
бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас –
азатыққа жасалған бір қадам.
тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Кенесары мен Наурызбай,
Махамбет пен Исатай, Сырым мен Жанқожа батырлар елінің тәуелсіздігі жолында
апат болды.
Қасиетіңнен айналайын қазақ жері, сенің әрбір тауың мен тасыңда, суың
мен нуыңда бабамыздың шоқ басып, шөңге қадалған табанының ізі қалған. Қызыл
қаны мен маңдай терінің кермек иісі сақталған. Өз жерінде өгей болып өскен
халқымның шемен боп қатқан қасіреті бара-бара қара тасқа айналып, шерлі
жүректің шежіресінен сыр шерткендей. Азат өмірді аңсап өскен ата-
бабаларымыз өз жерінде отырса да, басына үйі, бауырына қазаны бұйырмай,
қаншама жылдар қайғы жұтып, қасірет тартпады дейсің. Алайда бұл жылдар ерен
ерлікке, қайыспас қаһармандыққа толы болғанын біз бүгін сүйсіне еске аламыз
да, аталар аруағына басымызды иіп, тағзым етеміз. Тағзым жасай отырып
Кенесары хан мінген тұлпардың тұяғының ізі қалмады ма екен деп, шақпақ тас
пен шағыл құмға еріксіз үңілеміз.
Біздің алған тақырыбымыз осы күндері Астана қаласының қақ ортасында
Есіл өзенінің бойында тулаған тұлпарында бейнеленген өр тұлғалы Хан Кененің
тағдыры сөз болмақшы.

1. Көтерілістің шығу себептері. Көтерілісшілердің отаршылдық саясатқа
қарсы қарулы күресі.

XIX ғасырдың 30 жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын
онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға
бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен
жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу
жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді
Өршіп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы
шыққан Абылай ханның баласы Қасым хан болды. Ол патша әкімшілігіне хат
жазып, кісі жіберіп оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі
қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді,
олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуды талап етті. Оның бұл
хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып Қасым
патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына
сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың
үймен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір
қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен
Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны
Ташкент түрмесіне қаматты. қайырымды адамдардың көмегімен абақтыдан аман
шыққан Кенесары атамекені Ұлытауға келіп қоныстанды. Осы Ұлытауда жүріп ол
өз өмірін қазақтың тәуелсіз ел, дербес мемлекет болуы жолындағы күреске
арнады. Ол Қазақстан патшалы Ресейге де, Орта Азия хандықтарына да тәуелді
емес, олармен тең қарым-қатынаста болуы керек деп есептеді. Есіл, Нұра,
Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Ақият,
Тоқзақ сияқты ата-бабаларымыз мұра еткен жерлер, деді ол патша әкімдеріне
жазған бір хатында, қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, бекіністер
салынды. Күн сайын біздің жерлерімізді басып алып бекіністер салу арқылы
халықты ашындыруға жол берілуде. Мұның өзі біздің келешегіміз үшін ғана
емес, бүгінгі тіршілігіміз үшін де қауіпті болып отыр.
Патша жазалаушы отрядтары мен жергілікті сұлтандардың озбырлығы туралы
айта келіп тағы бір хатында ол былай деп жазды: 1825—1840 жылдар
аралығында олар біздің ауылдарымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай
қысым мен тонауға, талауға, кісілерімізді өлтіруге шыдай алмаған біз
бетіміз ауған жаққа көшуге мәжбүр болдық. Бірақ мұнда да олар бізге
тыныштық бермеді. Сондықтан, мен Кенесары Қасымұлы қолыма қару алып,
халқымның ұлы күресін басқаруға шықтым.
Бұл хаттан Кенесарының патша өкіметіне ашық қарсы шықканын көреміз.
1838 жылы осы хат жазылғанда Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз
жиналған еді. Олардың арасында Үш жүздің де қазақтары болды. Кенесарыны
белсенді қолдағандардың арасында Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары —
Кыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама,
Табын, Арғын т. б. ру-тайпалардың жігіттері аз еместі. Олардың көпшілігі
мал өсірген, егін еккен, осыған орай жер таршылығынан зардап шеккен кедей
және орта шаруалар. Кенесарының қол басқарған батырлары да халық ішінде аты
кеңінен мәлім адамдар еді. Олардың шұбыртпалы Ағыбай, Кыпшақтың батыры
Иман, Табынның батырлары Бұхарбай, Тіленшіұлы Жоламан, Дулаттың батыры
Бұғыбай болды. Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі Бопай
көтеріліске белсене қатысты.
Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақ, түрікмен, қырғыз,
өзбек халықтарының өкілдері де аз болған жоқ.
1838 жылдың, көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне
қарсы алдын ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Олармен
шайқаста Ақмола қаласын қиратты, Ақмола округіндегі патша әкімдерімен ауыз
жаласып жүрген Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты. 1840 жылы күзде
көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, Орыс әкімшілігін
қолдаушы жергілікті бай шонжарларға қарсы күрес жүргізді. Бұл тұста
Кенесарының аты қазақ даласына кеңінен тарап, оның беделі бүкіл қазақ
даласында дүрілдеп тұрды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары Үш жүзден адам
жинап, әкесі Қасым ханның өлгеніне бір жыл толуына байланысты ас берді. Осы
астан кейін Үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл
қазақ халқының ханы етіп сайлады.
Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алым-
салық реформасын іске асырды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-
саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тонау тоқтатылып,
олардан салық алынатын болды.
Кенесары Ресеймен тату көршілік қатынас орнатуға ұмтылды. Орта жүзге
билігін жүргізіп отырған Батыс Сібір губернаторы Горчаков Орынбор
губернаторы Кенесарымен қарым-қатынаста екеуі екі түрлі көзқараста болып,
Кенесарының Ресей үкіметімен мәмілеге келуіне кедергі жасады. Әсіресе, өр
көкірек Горчаков Кенесарыны менсінбей, оның орыс әкімшілігіне деген
өшпенділігін қоздырып отырды.
1841—1842 жылдарда Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс
жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін басты.
Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін барып соғысты
тоқтатқан Кенесары Торғай маңындағы Ордасына қайтып оралды.
З жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, оның орнына
Черняев келді. Кенесары мен Перовский бір-біріне сыйластықпен қарайтын.
Сондықтан онымен көп мәселелер әділдікпен шешілетін. Енді Орынбор
әкімшілігіне орыс патшасының Кенесарыға қаны қастары бір ұлығының келуі
оның Горчаковпен бірігіп, Кенесарыны қуғындауына кең мүмкіндік жасады.
Сөйтіп, Горчаков пен Черняев Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін
тұншықтыруға, Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы 23 маусымда Николай Бірінші
патшадан рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін 14 мың сом, Кенесарының басын
кесіп әкелген адамға сыйға беру үшін түтін салығы есебінен үш мың сом қаржы
бөлінді. Әскерлер жауынгерлік әзірлікке келтірілді.
Кенесарыға қарсы орыс әскерлерінің жорығы 27 маусымда басталды. Ырғыз
өзенінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары өзінің
патша өкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып шайқасты болдырмады. Бұл
тұста екі жақ та әскери дайындығын мұқияттап жатты. Тамыз айында Кенесарыға
қарсы Жантөрин, Айшуақов Баймұхамбет, полковник Генс және Визянов бастаған
бес мың әскер жіберілді. Омбы, Петропавл, Қарқаралыдағы әскер күштеріде
Кенесарыға қарсы жорыққа аттанды. 1 және 7-қыркүйекте Кенесары жасақтары
мен патша әскерлерінің арасында күшті шайқастар болды. Көп адам шығынға
ұшырады. Бірақ екі жақ та жеңіске жете ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырым Датұлының өмірі
18-19 ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері
Қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы азаттық қозғалыстың жақтаушылары және қарсыластары
Көтерілістің қозғаушы күштері
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі (1783 - 1797 жж)
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
КӨТЕРІЛІСТІҢ КЕҢЕЮІ
С.Қасымов көтерілісінің мәні
Патша үкіметіне қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы
Пәндер