Қаңлы мемлекеті және олардың жүргізген саясаты
ЖОСПАР
Қаңлы мемлекеті және олардың жүргізген саясаты 1
Қазақстан территориясындағы қаңлылар одақтары және ертедегі мемлекеттер. 6
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 8
Қаңлы мемлекеті және олардың жүргізген саясаты
Қаңлы, Қытайша Канцзюй жазба деректерде б.з. дейінгі II ғ. айтылады.
138 ж. Қытай императоры Уди Батыс елдеріне Чжан Цянді бас етіп сауда
елшілігін жібереді. 13 жылдан кейін талай қиыншылықтардан өтіп, Чжан Цянь
қайта оралады. Ол бастырған жазбаларда бұрын Қытайға беймәлім болып келген
мемлекеттерге сипаттама беріледі. Солардың арасында Қаңлы мемлекеті де
аталады, оның билеушісінің ордасында Чжан Цяннің өзі болған екен.
Қытай елшісінің мәліметіне қарағанда, Каңлы Дауанның (Ферғана)
солтүстік-батысында 200 ли жерде. Осынау көшпелі иелік әдет-ғұрпы жағынан
юечжисылармен өте ұқсас; 90 мың әскері бар. бірақ өзі әлсіз болғандықтан,
түскейінде юечжисылардың, батысында хұндардың өкіметін мойындайды. Яньцай
Қаңлының терістік-батысында 2 мың ли жерде жатыр. Осы бір көшпелі иелікте
жай қарағанда Қаңлыдан айнымайды. 100 мыңнан асатын әскері жайпақ жағалы
үлкен көл жағасында жатады екен. Солтүстік теңізі дейтіні соның өзі.
Батыс өлке туралы хикаятта және Хань үлкен үйінің тарихында қаңлылар
жайлы көбірек айтылады. Мәселен, қаңлы билеушісінің мекен-жайы Люени
еліндегі Битэн шаһарында. Билеушінің жазғы мекен-жайы Люениден жеті күндік
жерде. Оның халқы 120 мың отбасынан, 600 мың жаннан құралады: саптағы
әскері 120 мың, адам — деп жазады. Осынау деректен қаңлы сыртқы саясатының
кейбір жәйттары белгілі болды, сонда ол б. з. дейінгі 46—36 жылдары Чжичи
бастаған ғұндарды қолдайды, кейін үйсін және қытайлармен бірігіп, оларға
қарсы шығады 85 ж. қаңлылар Қашғардағы қытай уәлиі Бань Чаоға қарсы
көтерілген ферга-налықтарды жақтайды. Сол сияқты Қанлы... менмен және
қияңқы келеді, үлкендерге сәлем беріп, тәжім етуге қырсығып илікпейді. Оған
уәлилер жіберген шенеуніктерді үйсін елшілерінен төменге отырғызады. Билері
мен ағамандарына ауқатты алдымен береді, уәли жіберген кісіге содан кейін
ғана қояды — деп хабарлайды.
Қаңлының билік құрған кезеңдегі сыртқы саясатының жалпы бағыты Жібек
жолынын, Сырдария бойымен жүретін бөлігіндегі Ферғанадан Арал өңіріне
дейінгі учаскесін өз бақылауында қайтсе де сақтап қалуға ұмтылушылығы еді.
Олар оны уысынан шығармады да. Жібек жолынын. Сырдария бойымен жоғары
Солтүстік Батысқа — Кавказ бен Қаратеңіз өңіріне, сол сияқты түскейге —
Иран мен Таяу Шығысқа, Үндістанға жүріп, белсенді әрекет істегеніне
қаңлылардың қала жұрты мен обаларын, Яньңай-Алань тұрғын үйлерін қазған
кезде табылған олжалар: Үндістанның маржан моншақтары, Қытай теңгелері мен
айналары, Европаның қола фибулдары-қаптырмалары, Иранның бедерлі тасы-
инталио куә бола алады.
Қаңлы халқының этникалық сипаты жөніндегі мәселе күрделі де қиын.
Қаңлылардың қай тілде сөйлегені жөнінде де бірыңғай пікір жоқ. А.
Мернштамның пікірінше, қаңлылар түрік тілді халық болған. Басқа
зерттеушілер қаңлылар Солтүстік Иранның мал өсіруші тайпалары қатарына
жатады, олар б. з. бірінші мыңжылдығы ортасында Сырдария бойына түрік
тайпаларының қоныс аударуына байланысты өзінің, этникалық бейнесі мен тілін
өзгерткен деп болжам жасайды. Б. А. Литвинский қаңлылар иран тілді
сақтардың ұрпағы деп есептейді. Оның пікірінше, Қаңлы атын сақ тайпаларының
бірі, былғары киімді әлде (сауытты) адамдар деп айтуға болады.
Соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулерге жүгінсек, қаңлы
замандастары салған суреттер қаңлылардың сыртқы бет бейнесін көз алдымызға
елестетуге мүмкіндік береді. Олар бізге бір кездері былғарыға тігілген
сүйек пластинкаларға салынған гравюра бейнелері күйінде жеткен.
Пластинкалар Самарқан облысындағы Қорған төбе қалашығы маңындағы б. з.
бірінші ғасырларындағы қаңлы обасын бірінші қазған кезде-ақ табылды.
Олардың біреуінде атты және жаяу батырлардың айқасы, екіншісінде — атпен аң
аулау көріністері бейнеленген. Айқас пен аң аулауға қатысушылар түгелдей
бір этникалық тұрпатқа жатады. Олардың бәрінің де мандайы тиқиып, төбесі
құшиып қалған. Шаштарын жоғары қарата тарап, самайдағысын кейін, құлағының,
сыртына қарай жатқыза салған. Көздері ромбы тәрізді, мұрындары дөңестеу,
иектері жалпақ, ұзын мұрт, шоқта сақалмен бітеді. Жауынгерлер шекпендерінің
сыртына қорғану үшін сопақша немесе қабыршақ секілді пластиндерден жасалған
сауыттар киген, бастарында домалақтау дулығалары болған, мойындарын сауытты
жағалармен жауып алады екен, бұттарына жабыстыра шалбар киіп, көтерілмес
үшін балақбауын табанына іліп қойған.
Қару-жарақтардан: ұшы үшкілденіп келетін ұзын найзалар, қынабы
белдікке қос таспамен бекітілетін екі жүзді ұзын семсерлер, жебесі үш қырлы
оқтары бар құрама садақтар, кең, бөлігі садақтың өзіне, екі бөлігі оқтарға
арналған үш бөлімді қорамсақтары болған. Сопақ қалқан сырты пластиндармен
қапталған. Бір жауынгердің айбалтасы бар. Сауытты жауынгерлер сауытсыз
аттарға мінген. Аттардың жалы күзелген, құлақтарының арасындағы кекілін
күлтелендіріп жинап қойған.
Археологиялық ескерткіштері. Бір кездері қаңлылар өктемдік еткен
аудандардан археологтар ескерткіштердің үлкен бір тобын тауып, оны Қауыншы
және Отырау-Қаратау мәдениетіне жатқызды (мәдениет дегеніміз белгілі
ескерткіштердің, заттардың, мекемелердің, идеялар мен жүріс-тұрыс
образдарының т.б. жиынтығы). Бұлардың біріншісі Ташкент көгалды аймағында,
екіншісі Сырдарияның орта ағысы мен Қаратау сілемдерінен Таласқа дейінгі
аудандарда тараған.
Қауыншы мәдениетінің өзгесінен гөрі тәуірірек зерттелгені Шардараға
таяу, Сырдарияның оң жағалауына қоныстанған Ақтебе мекені. Қазбалардың бірі
жобасы тікбұрышты, көлсмі 28x18,5 м.
Орда сарайын толық аршыды. Сарай крест іспеттес етіп салынған бес
үйден, кірмелік кешені мен құрылымды батыс-шығысынан орап жатқан екі
дәлізден тұрады екен. Оның дәп ортасында (көлемі 3,6x3,6 м) төртбұрышты зал
бар, ол басқа үй-жайлармен доғалап иіп салған арқа өткелдермен жалғасып
жатыр. Зал бір кездері тегіс шатырмен жабылыпты.
Залдың айналасына орналасқан үй-жайлар қорап шатырлармен жабылған,
олардың біреуі — күмбезді, тегі ол Орта Азия мен Қазақстандағы күмбезді
шатырлардың ертедегі түрінің бірі болса керек. Үй құралымында шатыр маңызды
рөл атқарған, оған басқышпен төбедегі қақпалы саңлау арқылы шыққан.
Сарайдың қабырғалары, арқалық өткелектері тік және төрт бұрышты қамкесектен
қаланған.
Қаңлылардың мекенжайлары әдетте оба қорымдарымен қоршалған, олардың
ішінен Жаушықұм, Жамантоғай, Төребай-Тұмсық қорымдары қазылды. Қабырлар
жерасты үңгірлеріне кесе көлденең жасалған. Кабырларда мәйіттер қосар
немесе сыңар жерленген, олармен бірге бір-екілі не көбірек құмыралар,
моншақтар, темір тоғалар, сүрметас (қас пен көзді бояйтын құрал) қойылған.
Отырар-қаратау мәдениетіне жататын ескерткіштер өте көп шоғырланған
ірі орталықтың бірі — Отырар көгалды аймағы. Арыс өзенінің сол
жағалауындағы шағын ғана жерде (100 шар. м шамасы) аумағы әртүрлі: Пұшық-
Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітман төбе, Ақайтөбе, Шалтөбе сияқты жиырма
шақты төбе бар.
Олардың ең үлкені — Көкмардан, ескерткіштердің басым көпшілігі
жинақталған жерді тап осылай атайды. Жәдігерлік екі бөлімнен: негізгі төбе
мен онын қасындағы төбешіктерден құралады. Қалажұртының орталық бөлігі —
негізгі төбе Арыстың, екі тармағының қосылуы нәтижесінде пайда болған
аралда. Төбенің көлемі екі гектардан асады, онын, ең биік жері 15 м. Оның
теріскей бетіндегі жарты шақырымдай жерден қала қорымы кездесті, ішкі
биіктігін 2—2,5 және диаметрі 15 метрге жететін ондаған обалардан тұрады.
Қазба жұмыстары бір мезгілде қала жұрты мен оба қорымында қатар
жүргізілді. Әдетте, үйлер бір бөлмелі болып келеді (екінші бөлмесі — қойма
болған), олардың іргесі жартылай жерге, мәдени қатпарына қазылып салынған,
сол себепті де көше жақтан оларға үш-бес тепкішекті басқышпен кірген.
Үйлердін, есіктері бұрыштардың біріне жақын етіп салынатыны байқалған.
Есікке қарама-қарсы, бөлменің ортасына таяу тікбұрышты жер ошақ жасалады.
Бөлмені қуалай қабырғаларға тақап аласа сәкі-төсектер қойылған. Есікке
таяу бұрыштарда су мен тамаққа арналған ыдыс-аяқтар — хумалар, су таситын
құмыралар мен кеселер тұратын болған.
Ошаққа таяу жерді, еденде донүккіштер мен диірмендер жатқан. Олардың
бүтіндері немесе сынықтары әрбір үйден табылды десе де болады. Кейбір
үйлерде диірменге әдейі тұғыр жасайды екен.
Шаруашылыгы, кәсібі, ауыл шаруашылығы. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz