Көне түркі жазуы және негізгі ескерткіштері: Бұғұт, Талас, Тұрфан, Ұзынсу, Күлтегін, Білге қаған


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Көне түркі жазуы1

Бұғұт жазба ескерткіші2

Талас және Тұрфан жазулары3

Ұзынсу жазуы4

Күлтегін Ескерткіші5

Білге Қаған Ескерткіші6

Пайдаланылған әдебиеттер7

Көне түркі жазуы

Дүние жүзіндегі халықтар сияқты, түркі халықтарының да өздеріне тән даму, қалыптасу тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайды. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді.

Түркі тайпалары халық ретінде дүние жүзіне VI ғасырдың орта кезінен-ақ белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы құнды деректерді біз Батыс Европадағы Византия материалдарынан көбірек кездестіреміз.

Біз көне түркі жазба нұсқаларынан тасқа қашалған мынадай сөздерді кезестіреміз: "Түркі бектері мен халқы, мұны естіңдер. Қандай сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңдер, ұғыңдар". Бұл сөздер түркі халықтарының кейінгі ұрпақтарына арналған. Мұндай ескерткіштер туралы жазылған деректер аз емес, бірақ мұндай құнды деректер қазақ тілінде бұл кезге дейін зерттелмей келеді.

Көне түркі жазуы-түркі халықтарының тұңғыш әріптік жазуы. Көне түркі әліпбиінің құрамында 35 әріп бар. Жазудың бағыты оңнан солға қарай оқылады. Көне түркі жазуының құпиясын ашып, тұңғыш оқыған Дания ғалымы Вильгельм Томсен Людвиг Петер (25. 1. 1842-12. 5. 1927) болды. 1893 жылы алғаш "Тәңір"және "Түрік" деген сөзді оқып әлемге жариялады. Аталған көне түркі ескерткішін француз тіліне аударып, түсініктемелер берді. Қазақстан территориясында көне түркі жазуы бедерленген ескерткіш тастар көптеп кездеседі.

Бұғұт жазба ескерткіші

Бұғұт жазба ескерткіші- VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба мәтіні. Ескерткіш Монғолиядағы Бұғұт елді мекенінен табылғандықтан осылай аталып кеткен. Бұл түркілердің ата-баба қонысы-көне түркі қорымындағы 270-тен астам балбал тастардың бірінде қашалған. Мәні анықталған сөздерге қарағанда Бұғұт жазба ескерткіші 692-742 жылдар аралығында Екінші Түрік қағандығы тұсындағы тарихи оқиғаларға арналған. Балбал тастағы жазуда:"Түрік һақаны Ниуар һақан . . . , Маһан Тегін тәңрі жеріне кеткеннен соң . . . Тышқан жылында" тәрізді жолдар кездеседі.

Талас және Тұрфан жазулары

Талас жазулары - Талас өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіштері. Ескерткіштер негізінен V-VIII ғасырлар аралығында жазылған. Ескерткіштер саны 20-дан асады. Барлығы түркі халқының тарихынан мәлімет береді. Көбі зерттелген. Кейбірі Бішкек, Тараз, Алматы, Санк-Петербург қалаларының мұражайларында сақтаулы.

Тұрфан жазуы - соғды жазуынан бастау алатын, жоғарыдан төмен қарай жазатын, тік әріпті жазулардың бір түрі. Кейде ұйғыр жазуы деп те атайды. Тұрфан жазуының ескерткіштері бізге Шығыс Түркістаннан табылған қолжазбалар арқылы жетті. Тұрфан әліпбиімен жазылған шығармалардың ішіндегі ең көрнектісі - Жүсіп Баласағұнидің (1069 ж. ) "Құтадғу білік" поэмасының бір нұсқасы.

Ұзынсу жазуы

Ұзынсу жазуы-көне түркі жазба ескерткіші. Ол Жетісу өңіріндегі Ұзынсу өзенінің жағалауындағы Үйтас деген жерден табылған. Көне түркі жазуы Алтайдан бастап қазақ жерінің барлық өңірінен табылып отыр. Бұның өзі қазақ жері бүкіл түркілердің атажұрты екенін білдіреді. Қазақ халқы-соның мұрагері. Ұзынсу жазуын ғалымдар былай деп оқыды: "Алдың дос қауіпті аң (айдаһар), ал арбаулы(қасиетті) оқ, аңға шық, жолың болсын!"

Едіге тауындағы тас мүсіндер - Орталық Қазақстанның Ұлытау төңіріндегі тарихи екі дәуірді қамтитын тас мүсіндер тобы. Түрік қағандығы (VI-VIII) кезіндегі тас мүсіндер - қол бастаған көсемдерді, ел басқарған билерді, абыз-ойшылдарды бейнелесе, Қыпшақ заманындағыларды (VIII-XIII ғасыр) еңбек адамдарын, қолына құты ұстаған әйелдерді, қобызшы-жырауларды мүсіндеген. Қыпшақ заманындағы тас мүсіндер Ұлытау мен Едіге тауына жақын тұрған Жетіқыз, Тамды, Қараторғай, Арғанаты бойында да ұшырасады. Бұлардың ерекшелігі - тас обалардың үстінде не іргесінде тұрады. Едіге тауының батыс іргесінде (таудан 8-10 шақырым) оңтүстіктен солтүстікке бағыттай тартқан үш оба бар. Жас әйелдің келбетін бейнелеген тас мүсін ортадағы обаның батыс үстінде, беті күншығысқа қаратылған. Жұмсақ құмайт тастан қашап түсірілген тас мүсіннің бет-пішіні, төгілген бұрымдарды, омырауындағы алқасы келістіре безендірілген. Тап осындай мүсін тастар Едіге тауының түбіндегі Қорғантас, Жылысай, Өрезайырда да кездеседі.

Күлтегін Ескерткіші

"Күлтегін" жазуы - Түрік қағандығының қолбасшысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Құтылық қағанның кенже ұлы Күлтегін батырдың (684-731) ерлік істері туралы құлыптасқа ойылып жазылған эпикалық шығарма. Күлтегін қабіріне қойылған ескерткіште оның жауынгерлік жорықтары баяндалған. Күлтегін жайындағы шығармалардың авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ Тегін еді, "Күлтегін" жыры елдің ішкі бірлігін жыр еткен түркілердің баға жетпес көркем туындысы.

Ғылымда бұл жазуларды "руна", яғни "сыры ашылмаған", "құпия" жазулар деп атап кетті. 1893 жылы Дания ғалымы Вильгельм Томсен осы жазуларды оқудың кілтін тапқанын, алғашқы оқыған сөзі "тәңірі" және "түрік" сөзі екенін әлем жұртшылығына хабарлады.

Күлтегін Ескерткіші. Әлемдік өркениеттің асыл қазынасы, түркі халықтары мәдениетінің ортақ мұрасы, символы. Күлтегін ескерткішінің дәл қайталанған көшірмесі - Ел Ордасы Астана қаласындағы Еуразия университетінің үлкен залына қойылды.

Ескерткіш қазіргі Монғол Халық Республикасының астанасы Ұлан-Батордың батысындағы 400 км-ге жуық жердегі Көкшин Орхон өзені бойындағы Кошо-Цайдам ойпатындағы Қарабалғасун деп аталатын ескі қорғанның 40 км. Солтүстігіндегі Эрдени-Цзу монастыры маңында орналасқан. Күлтегінге арналған ескерткіш пирамида тәрізді. Оның биіктігі 3. 15 м, ені 1. 24м, қалыңдығы 0, 41м. Ескерткіштің жоғарғы жағы бес бұрышты. Оның қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Екінші жағында ескерткіштің орнатылған күні-1 тамыз, 732 жыл деп жазылған.

Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы болып есептеледі. Соңғы кезге дейін Күлтегін ескерткіші сол қалпында сақталған еді. 1961 жылы ескерткіштің үстіне жай түсіп, ол күл-талқан болды.

Білге Қаған Ескерткіші

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түркілердің рухани мәдениеті мен руникалық жазуы: Күлтегін және Білге қаған жазулары
Орхон ескерткіштері (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк) және Әбу-Насыр Әл-Фарабидің шығармашылық ерекшеліктері
Орхон-Енисей руна жазбалары: Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк мысалында ерте түрік тарихының негізгі жазба дерегі
Көне түркі жазба ескерткіштері мен Күлтегін жыры: рухани құндылықтар және мемлекеттілік идеясы
Орхон-Енисей және Талас жазба ескерткіштері: көне түркі жазуының тарихи-әдеби және мәдени маңызы
Орхон-Енесей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі: Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк жазбалары
Орхон-Енисей және Талас жазба ескерткіштері: көне түркі жазу мәдениетінің бастаулары мен зерттеу мәселелері
Орхон-Енисей ескерткіштерін ашу мен оқу тарихы: Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк мәтіндерінің композициялық-тарихи талдауы
Көне түркі жазуы (Орхон-Енесей): тарихы, таралуы және зерттелуі
Түркі Ренессансы: мифология, көне түркі жазуы және әлемдік мәдени мұрадағы орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz