Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың көлеңкелі жақтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 2
Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың көлеңкелі жақтары 3
1930 жылғы Созақ көтерілісі 9
Батпаққара көтерілісі 10
Адайлар көтерілісі (Маңғышлақ көтерілісі) 10
Ұжымдастырудың қасыретті зардаптары 11
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі 18

Кіріспе

Қазақстан аумағындағы 20-жылдардың соңындағы 30-жылдардың басындағы
антисоветтік қарулы көтерілістер тарихы отандық тарихнама үшін жабық
тақырып болатын. Советтік Қазақстан тарихшылары ұжымдастыру тарихы туралы
сөз еткенде бұл қауіпті тақырыпқа соқпауға тырысатын. Өйткені партия
талабын орындамаған тарихшы жазаланатын. Ал тіпті осы жөнінде жазатын
болса да, бұл жөнінде тек қана тиіп-қашып айтып өтетін.
Бұл мәселеде жаңаша көзқараспен жазған тарихшыларымыздың бірі М.
Қозыбаев былай дейді: ұжымдастыруға қарсы Қазақстанда 372 көтеріліс
болды. Ал К.С. Алдажұманов бұл көтерілістердің басым көпшілігінің
себептері ауылдағы жүргізілген солақай саясатқа ашық қарсы шығу деп
жазды. Және билікке қарсы көтерілгендерді бандитизммен айналысушылар деп
сараптаған республика өкімет орындары Қазақстанның азаматтық соғыс
жағдайында болғандығын жоққа шығармайды. Сол жылдары көтеріліске
қатысқандардың ұзын саны 80 мыңдай адамды қамтыған. Бұл 1930 жылдың 1
ақпанында қабылданған бай мен кулактарды тап ретінде жою деп ат қойып
айдар тағылған қаулыдан кейін отқа май тамызғандай өрши түсті.
1927 ж. желтоқсанда өткен БПК(б) 15 съезi ауылдарды ұжымдық
шаруашылықтар құру туралы шешiм қабылдады. Ұжымдастыруды 1932 ж. аяқтау
көзделдi. Ол күштеу тәсiлiмен жүрдi, жергiлiктi халықтың тұрмыс дәстүрi
назарға алынбады. Осы кезеңде кулактар мен байларды тап ретiнде жою науқаны
басталды (қ. Кәмпескелеу). 1928 ж. 27 тамызда Қазақ АКСР-iнiң ОАК мен ХКК
қабылдаған “Iрi бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркiлеу және
жер аудару” туралы декретке сәйкес 657 жеке шаруашылық тәркiленiп, иелерi
жер аударылды. Олардан 145 мың бас мал, ауыл шаруашылық құралдары тартып
алынды. Отырықшыландыру iсi күштеп ұжымдастырумен астасты, соның салдарынан
шаруалар мал өрiсiнен, су мен жайылым ауыстыру мүмкiндiгiнен айрылды. Мұның
бәрi ашаршылыққа, мал шаруашылығының құлдырауына әкелiп соқтырды, егiс
көлемi төмендедi. Халық наразылығы күшейдi. 1929 — 31 ж. Қазақстанда 372
көтерiлiс болып өттi. Бұл көтерілістер аяусыз басып-жаншылды. Қазақтардың
көпшілігі репрессиялық әрекеттерден жан сауғалау үшін шет елдерге (Қытайға,
Моңғолияға, Иранға, Ауғанстанға) жаппай ауа көше бастады.
Ұжымдастыру курсы өте желдам жүргізілді және көшпелі халықтың ашу-
ызасын тудырды. Жеделдете жүргізудің арқасында шаруалардың жағдайы күрт
төмендеп кетті, көшпелі шаруашылық жүргізу адырам қалғаннан соң, шаруалар
белсенді түрде үкіметтің саясатына қарсы шыға бастады.
Шаруалар көтерілісінің астарында шаруалар мен мемлекет арасындағы
мүдделер қақтығысы жатты. Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу, кеңестендіру
саясаты, бай қожалықтарын тәркілеу, оның саяси және экономикалық нәтижелері
және ауқатты шаруалар қожалығын жою, қазақ шаруаларын күштеп жаппай
отырықшылыққа көшіру шаралары, ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу,
сонымен қатар жаппай ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны, ел
көлемінде заңсыздықтың кең орын алуы, қазақтардың дәстүрлі шаруашылық
жүйесінің күйреуі осының барлығы халықтың ашық наразылығын тудырды.
Халыққа күштеп танылған азаматтық соғысының бір сыры ол шаруалар
қожалықтарының бастарын біріктіріп колхоздар ұйымдастыру немесе олардың
мүлкін мемлекет иелігіәне ала отырып совхоздар құру жатқан болатын.
Осылайша қатаң саясаттың арты бүкіл Қазақстан аумағын қамтыған
көтерілістердің тууына сеп болды.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың көлеңкелі жақтары

20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша
шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін
көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар
кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік
шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа
экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін
дәйектеп берді.
Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат
негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет - ең
зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар
салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды
шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу
көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін
жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды.
Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да
ұжымдастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың
тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар
негізінде жүргізілді.
Егер 1928 ж. Қазақстанда барша шаруашылықтың 20 процент ғана
ұжымдастырылса, 1930 ж.1 сәуіріне дейін — 50,5 проценті, ал 1931 ж.
қазанында — 65 процентіне жуығы ұжымдастырылды. 1931 ж. күзі басталар кезде
республикада бүкіл үйлерді 70-тен 100 процентке дейін ұжымдасу ісімен
қамтыған 78 аудан (небәрі 122) болды.
Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықты бұзу әуел бастан-ақ барлық
жерде жалпыға бірдей ортақ сипат алды.
Ұжымдастырудың төтенше сипаты осынау шара бай-кулакты құртудың
мемлекеттік бағытын жүзеге асыру кең жайылған жерде жойқын күшпен көрінді.
Жергілікті орындарға жеткізілген нұсқауларда жойылуға тиісті бай-кулактар
шаңырақтары күллі шаруашылықтың жалпы санының 3—5 процентінен аспауы керек
деген жәйт айрықша ескертілді. Бірақ қанша айтқанмен, әміршіл- әкімдік жүйе
емес пе, жоғарыдан түсірілген жарлық ешбір ойланып-толғанусыз-ақ, қолма-қол
екпінді қарқынмен жүзеге асырыла бастады. Сол себепті де тәркіге
салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізеді.
Қазақстандағы бай-кулакты тәркілеу мөлшерін тап басып та айту қиын, бірақ
әйтеуір тек 1930—1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп жер
аударылып жіберілген шаруалар саны 6.765 адамға жетті. Ондаған мың шаруа
жайы тұрған округтен республика ішіндегі басқа жерге жөнелтілді. Сонымен
бірге Қазақстан территориясы елдің басқа аудандарынан жіберілген ондаған
мың шаруа үшін ауып келетін жері болып белгіленді. Республикаға 46.091
отбасы яғни 180.015 адам ауып келіп қоныстанды.
Тәркілеу идеологиясы шаруаларға келгенде кең көлемдегі репрессиялық
шараға айналып кетеді. 1932 жылдың 7 тамызында Мемлекет кәсіпорындарының,
колхоздар мен кооперацияның мүліктерін сақтау және қоғамдық (социалистік)
меншікті нығайту туралы Заң қабылданды, бұл заң бойынша айыпты деп
танылғандар ату жазасына, ал жұмсарту жағдайлары бола қалған күнде 10
жылға тұтқындалып, мал-мүлкін тәркілеуге кесілді. Осынау конституцияға
қарсы шара іске қосылған алғашқы жылдын өзінде-ақ Қазақстанда 33.345 адам
абақтыға салынды. Ал тәркіленген кісілер қылмысты сипаты бар басқа
статьялармен жазаланды. Сонда сотқа салынып қаралу дегенің атымен болмады.
Бәрін де үштіктер шешкен.
1929 жылдан 1933 ж. дейінгі бес жыл ішінде Қаз. АКСР Біріккен Бас
саяси Басқармасы Өкілетті өкілдігінің үштігімен толық емес мәліметтерге
қарағанда, 9805 іс қаралды да, 22933 адам жөнінде шешім қабылданды, олардың
ішінен 3386 адам жазаның ең жоғары түрі — атуға, тұтқын лагерінде 3 жылдан
10 жылға дейін қамалуға 13.151 адам кесілді".
Пәрменді қарқынмен ұжымдастырудың апатты зардаптары көшпелі және
жартылай көшпелі шаруашылықтарды жоспарлы түрде отырықшы етуі барысында
жасалған әкімдердің зорлық-зомбылығы салдарынан мүлде асқынып кетті.
Отырықтандыру идеологиясы шаруашылық түрлерін толық өзгерту шарасымен тығыз
байланысты болды, ал қазақ шаруалары қауымының ілгері басу жолын олар тек
мал шаруашылығын егіншілікке немесе тұрақты мал өсіру шаруашылығына бірте-
бірте айналдыру ісінен көрді.
Аса жауапты шараны жүзеге асыратын ұйымның 3 ай кешiгiп құрылғанына
қарамастан, 1929-1930 жылы 84 мың қазақ шаруашылығын ұжымдастыру негiзiнде
отырықшыландыру туралы көтерiңкi мiндеттер қойылды. Бiрақ еш дайындықсыз,
жол-жөнекей құрылған бұл комитет пәрмендi қызмет атқара алмады. 1930-1931
жылдарда оның функциялары мен мiндеттерi бiрнеше рет өзгердi. Халық
Комиссарлары Кеңесiнiң (бұдан былай – Халкомкең- Ж.Ж.) жанынан жалпы
басшылық, тапсырылған жұмыстарды бiр орталықтан бақылайтын орган ретiнде
құрылған аталмыш Комитеттiң аппараты да 5-ақ адамнан: 1 төраға орынбасары
(төраға – Халком басшысы - Ж.Ж.), 1 экономист, 2 нұсқаушы, 1 есепшiден
құрылды.
Алғашқы жарты жылда отырықшыландыру жұмыстарын басқарудағы
кемшiлiктерi бұл Комитеттiң қызметiн өзгертудi талап етiп, БКбП Өлкелiк
Комитетiнiң 1930 жылғы 5 тамыздағы шешiмiне сәйкес Жер Комиссариаты жанынан
отырықшыландыру секторы құрылып, бұрынғы комитетке көмекшi рөл атқарды.
Алайда, Комитет жұмысы 1930 жылғы шiлде айында басталған округтердiң
жойылуына байланысты қожырап кеттi.
1931 жылы отырықшыландыру көлемiнiң ұлғаюына байланысты бұл комитет
Халкомкеңдегi директивтi орган ретiнде қайта құрылып, оған комиссариаттар
мен өлкелiк мекемелердiң үстiнен қарайтын құқық берiлдi. Өкiнiшке орай, бұл
кеш қабылданған шешiм аталмыш комитет жұмысын жақсарта алмады, өйткенi бұл
кезеңде дайындықсыз, қаржысыз, жосықсыз отырықшыландыру зардаптары қанатын
кең жайып, қазақты аштық пен үдере көшуге мәжбүр еткен болатын.
Бұл үдерiстi тоқтату қолдан келмейтiн iске айналып, 1932 жылдың 25
қарашасында комитет таратылып, БКбП өлкелiк комитетi мен Халкомкең
жанынан Қайтып оралушылар мен көшiп кеткендердi орналастырушы өкiмет
комиссиясы боп қайта құрылды. 1933 жылы 13 сәуiрде Көшiп кеткендердi
шаруашылықтық орналастыру және отырықшыландыру комиссиясы пайда болды.
Осы орайда отырықшыландыру – аса маңызды стратегиялық мақсат емес,
ұжымдастыру ұрандары жетегiнде бүйректен сирақ дегендей көлденең шара
болғандығы көрiнiп тұр.
Жедел индустрияландыруды қаржыландыру көзi болған астық экспортын
ұлғайту жер шаруашылығын ұжымдастыру мақсаттарын қойғаны мәлiм. Ендеше,
одақ көлемiнде тек астықты аймақтарды қамту жоспарланған бұл науқанның
көшпелi мал шаруашылығына таңылу себептерi неде?
Қазақстанда ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау
белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада
колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы - 2354, ал 1929
жылы - 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары
көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды
құру барысында небір сұмдық зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста
қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында
Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы
желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен
мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық
түсінік береді.
ұжымдастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш
жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы "Правда" газетінде "Ұлы бетбұрыс" деп
аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға
шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын
тәркілеу аяқталған болатын. Енді жана экономикалық саясат негізінде
жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен
ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін
ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана
көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалық саясатын дамыту бағыты
тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси
өмірде тек "күштеу" шарасының рухы үстемдік етті.
Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы
саясаттың ең басты шарты - әміршіл-өкімшіл террорға сүйенген экономикалық
емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып
қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді. "Ұлы бетбұрыс" селолық
құрылымдарды қатігез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын
проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.
Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның
ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне
мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек көруге итермелеген
екінші бір үлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп,
алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау
үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың
жаппай қырылуьша соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық
талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929
жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның
өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді.
Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару
әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы
Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931
жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейін колхоздастырған
аудандардың саны 78-ге жетті. Бүл тұста өлкеде 122 аудан болатын.
Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде
жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша
жойылуға тиісті бай-кулак шаңырақтары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-
5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-
әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген
жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж.
республикадан тыс жерге бай-кулак деп "жер аударылып" жіберілген шаруалар
саны 6765 адамға жетті. Ондаған мың шаруалар тұрған округтерінен республика
ішінде басқа жерлерге көшірілді.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік
партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың
жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-
Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 жиырма
бесмыңыншы келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні
мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін бұл шартараптан
жүздеген шаруашылықты бір жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан
шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру
мүмкіндігінен айырылды.
Әміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында
ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал
өсіретін шаруашылықтарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап
етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген
жоқ.
Қолдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды.
Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шарушылықты
біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің
кемдігінен, шөптің, жайылымның жетпеуінен қырылды. Колхозға кірмеген жеке
шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар
аралығында республикада ірі қара 6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн.
566 мыңнан 1 млн. 386 мыңға, жылқы 3 млн. 516 мыңнан 316 мыңға, түйе 1 млн.
42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша
тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Халықтың
тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының
наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372
көтерілісі болып, оған 80 мыңдай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма,
Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев,
Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі
аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-і
атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан
астам адам жазаланды.

1930 жылғы Созақ көтерілісі

Кеңестік дәуірі орнаған кезде 1928 жылы Созақ алғашқы аудан орталығы
болды. Аудандық аты да "Созақ ауданы деп аталды. Ол Сырдария округіне
кіретін. Созақ көтерілісі 1930 жылы болды. Бұл жердегі көтеріліс өте жақсы
ұйымдастырылған әрі табанды қарсылық көрсеткен еді. Бұл көтерілісті басуға
тұрақты қызыл әскерлер қатысты, сөйтіп аяусыз басып тастады.
Сырдария округінің Созақ ауданындағы көтерілістің басты себебі,
ауданда мүліктері тәркіленген бай-кулактарға және олардың туысқандарына
арналған концентрациялық бірнеше лагерлердің салынуы болды. Қысқа мерзім
ішінде жергілікті милиция қарусыздандырылды. Жергілікті билік өкілдері мен
шолақ белсенділердің арасынан 20 адам тұтқындалып кейбіреулерін атып
тастады. Көтеріліс ақпан айының 7-інде басталды. Көтерілісшілерді бастаушы
С.Шолақұлы (халық оны хан сайлады), оның көмекшісі А. Асадулла, бұрынғы
милиция бөлімшесінің бастығы Бейсенбаев, бұрын милиционер болған Қожақ, Д.
Атинбаев, К. Жолшиев, С. Шалымбетов, А. Дюганов, О. Оразбаев және Т.
Аюбековтар болатын. Советтер билігі жойылсын!, Хандық билік жасасын!
және Қазақ үкіметі жасасын! деген ұрандар көтеріп, көтерілісшілер көрші
ауданға жаушылар жіберді.
12 ақпан күні Исаев бастаған коммунистер отряды Созаққа оң қапталдан
кірмек болып ойсырай жеңілді. Қызылдардың соңына түскен қазақ
көтерілісшілері Қуашық селосын қоршауға алды, онда Поляков отряды бар
болатын. Созақ қаласына ОГПУ-дің Никитенко бастаған отряды келіп жетіп
қоршауға алды. Содан соң пушкалар мен пулеметтерден оқты қарша боратып
басып кірді. Көтерілісшілер Шолаққорған ауылына шегінді. Сөйтіп №6 ауылда
Никитенко отрядын тоқтатты. Арада екі күннен кейін Созақ көтерісшілері
Қуашық селосының қоршауын бұзып шықты, сөйтіп Созаққа қарай шегінді. Бұл
кезде қызыл әскерелердің Журавлев және Логачев бастаған отрядтары
жақындаған болатын. Ақпанның 16-нда Созақ қаласында төрт сағатқа созылған
шайқас болды. Мұнда Сұлтанбек хан қаза тапты, 200 адам тұтқындалып, 400-дей
кедей-шаруа қаза тапты. Ал көтерілісшілердің аздаған тобы Шу өзенінің
бойындағы қамыстарды паналау үші солтүстікке шегінді.
1934 жылы аудан орталығы Шолаққорғанға көшірілді. Созақ шаһары
көшпенді халық арасында ислам дінің уағызы орталығы болды.

Батпаққара көтерілісі

1929 жылы антисоветтік көтеріліс Батпаққара ауданында басталды.
Көтерілісшілерді Наурызым милициясының бастығы А. Бекежанов, Торғай
ревкомының бұрынғы төрағасы А. Смағұлов, Оспанов, С. Қадиев, О.Бармақов
басқарды. Көтеріліске қатысушылардың арасында 3 коммунист, 121 комсомол
мүшесі, ауылдық советтердің 5 мүшесі және жергілікті кедейлер одағының 2
төрағасы қатасты. Көтеріліске қатысқан қазақтар аудан орталығын басып алды,
партия және совет мекемелерін талқандады, милицияны басып алып
тұтқындалғандарды босатып жіберді. Батпаққарада ауданның барлдық
өкілдерінің жинаклысы болып өтті, онда Советтер билігін құлату жөнінде
шешім қабылданды. Ауылдардан 3 ақсақал кеңес құрып, әрбір ауыл 50 жігіттен
көтеріліс әскеріне қосылатын болды. Көрші аудандарға үгітшілер жөнелтілді.
Тіпті олар үгітті Қызылорда және Ақмола округтерінде де жүргізді. Омарбай
Бармақовты хан сайлады. 1929 жылдың 8 және 9 қарашасында ОГПУ әскерлері
көтерлісшілерді басып тастады, сөйтіп қаланы алды. 200-дей адамды тұтқындап
оларды Қостанай қаласына жөнелтті. 1929 жылғы ОГПУ деректері бойынша
Қазақстанда 31 көтерілістік отряд өз әрекеттерін жүргізіп, олардың саны 350
адамнан асып жығылды.

Адайлар көтерілісі (Маңғышлақ көтерілісі)

Көтерілстің ең көлемділерінің бірі адайлар көтерілісі болды. Адайлар
округінде 20 жылдардың орта шенінде 60-тан астам көтерілс тобы әрекет етті.
1929-1932 жылдары Батыс Қазақстанның территориясын толық қамтып,
Түркменстан және Қарақалпақстан аумақтарына жайылды. 1931 жылдың көктемінде
адай және табын рулары ұжымдастырудан қашып Түркменияға, Қарақалпақстанға,
тіпті Кавказға көшуге бекінді. Түркменстаннан оларға қарсы Цетлин бастаған
ОГПУ әскерлері шықты. Сөйтіп Қарақұм құмдарынан асып Персияға шщетел
аспақшы болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ даласындағы 1920 - 1930 жылдар арасындағы өзгерістер және 1921 - 1940 жж индустриялық дамуы
Қазақ даласындағы 1920-1930 жылдар арасындағы өзгерістер
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күшпен ұйымдастырудың тарихнамасы
Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері
Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі
Ұжымдастыру (коллективтендіру) қарсаңындағы қазақ ауылы
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Пәндер