Көне түрік, Батыс түрік және Түргеш қағанаттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
Көне түрік, Батыс түрік және Түргеш қағанаттары
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

"Түбін білмеген түгін білмейді" - дейді халық. Тегін айтпаған, бүгінгі
таңда осы жай баршаның жан дүниесін билеп алғандай.
Ең алдымен тәуелсіздік алған күннен бастап, біздің тарихтың статусы
өзгерді. Егер бұрын Қазақстан тарихы Кеңес елінің, Кеңестік Ресей тарихының
құрамды бөлігі болса, енді ол тәуелсіз егеменді елдің Отандық тарихына
айналды. Дж.Неру жаулап алушы ел жаулап алған елдің тарихын жазатын
дәстүрін айтқаны мәлім.

Көне түрік, Батыс түрік және Түргеш қағанаттары

VI-X ғасырда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне
Батыс түрік қағанаттары еді. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығындағы Орталық
Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз
байланыста болады.V ғасырға қарай Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы
Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жердің бәрін тирек
деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі – түрік
тайпасы Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік
батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер жыл сайын шабуыл
жасап,ойрандап орындағаны жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-
ғұндар деп атаған.
546-шы жылы тирек тайпалары Монғолияның оңтүстік және орталық
аудандарын мекендеген аварларға қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген
жердің қағаны Тумынның басқаруымен тирек әскерлеріне шабуыл жасап, быт-
шытын шығарып жеңіп,50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер
күшейіп, енді аварларға қарсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге
әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бүрын тәуелді болып
келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы көктемде
түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың
қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-
төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.

Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның
жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның
мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі
553-572 жылдары. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде 553-554 жж. түріктер
шығыста қайлар, кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікке Енесей
қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты. 563-567жж.
Эфталит патшалығын басып алды. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий
теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын
Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуге
Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы
Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегінде шықты. Оның
баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылдары билік үшін қырқыс
басталды. Өз ара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қанағатты қатты
әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп
шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.
Түрік қағанатындағы өзара қырсық 603 жылы оның екі дербес Шығыс және
Батыс қанағаттарына бөлінуімен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы -
Жетісу жеріндегі Суяб қаласы.
Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс
бауырынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі
этникалық-саяси ұйытқысы - он тайпа мекендеген жері де осы ара болған.
Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азия
Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алады. Осы қалаларда қағанның
орынбасарлары отырды.
Қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй
қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған 618-630 жж. билеген кезде қағанаттың
күш қуаты таси түседі. Тохарыстан мен Ауғаныстанға жасаған жаңа жорықтар
мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік батысына дейін жылжып кеңейтеді.
Түрік қағанаты мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды, мал
шаруашылығына байланысты көшіп қонып жүрген. Егістік жерлерде түріктер
отырықшылық шаруашылықпен айланысты. Қала мен дала қағанат құрамындағы
біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі
толықтырып толықтырып отыратын бөлшектері еді. Елдің халқы-түріктерді де,
соғдыларды - бәрі бірдей сауда–саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және
мал өсірумен айналысқан. Нәтижесінде түріктердің қалалары өркендей бастады.
Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб
қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын
болды.Түріктер Персия арқылы Визянтияға жібек және басқа заттар өткізуге
рұқсат сұрап, 568 жылы Соғды көпесі Маниахтың басқарымен елшілік жібереді.
Бірақ бұл жолғы сарап сәтсіздікпен аяқталған. Одан кейін VI ғ. 70 жылдары
осы елші Кавказ жері арқылы Константинопльге келіп, екі елдің арасында
жібектер тікелей сауда жүргізу туралы және олардың бірігіп, сасанидтер
Иранына қарсы қимыл жасау жөнінде келіс сөз жүргізді.
Сыртқы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналасын
шығарды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының қарамағындағы шет аймақтарының да,
орталығының да осы айналысқа көшті. Түрік халқы қолөнерімен де шұғылданып,
өмірге қажетті, әсіресе, үй тұрмысына керекті заттарды және қару жарақтарды
жасап пайдалана білді. Түрік қағанаты әлеуметтік тұрғыдан алғанда бір
жағынан, ақ сүйек тайпалар, екінші жағынан, оларға бағынышты, әуелді
тайпалар болып екіге бөлінеді. Бағынышты тайпалар алым-салық төлеп тұрған.
Қағанаттың басында жоғары билеуші, әскери басшы, барлық жердің иесі қаған
болған. Ендігі барлық билік оның туыстары арқылы жүргізілді. Қанағаттығы
жоғарғы лауазымдар – жабғы, ұлық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан түркі дәуірінде туралы ақпарат
Көне түрік, Батыс түрiк, Түргеш қағанаттары
Батыс түрік және Түргеш қағанаттары туралы
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Ерте орта ғасырдағы қазақстан
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар
Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер
Түркі – Соғды қатынастары
Қазақ эволюциясының дамуы
Нәтижесінде Қазакстан аумағында түркі мемлекеттері
Пәндер