Сақтардың қаруы, әскери өнері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Сақтардың қаруы, әскери өнері 3
Ғұндар туралы тарихи деректер 5
Түркі империясының әскери құрылымы мен соғыс өнері (VI-VIII ғ.ғ.) 9
Түргеш қағандығы және оның талас шайқасында Қытай армиясының жеңуі 11
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16

Кіріспе

Көне даланы мекен өткен көшпенді халықтардың да сан ғасырлық өмір
көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан
сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге
соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған
ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды".
Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз
оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек.
Себебі, ол – тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-
қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. Сонау сақтардың әйел
патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін қанша рет дала қанға бөкті.
"Біз - қазақ, ежелден азаттық аңсаған" демекші, бірде қайғылы, шерлі,
бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас –
азатыққа жасалған бір қадам.
Кир патша сақ даласына қызығып, басып алмақшы болғанда, оған өзі елші
болып барған Томирис патшайым:
"- Біздің тек үш байлығымыз бар. Бірі – кең, көгілдір аспан, екіншісі
– шетсіз, шексіз сайын дала, ал үшіншісі – жусан, - деп, қолындағы бір уыс
шөпті көрсетіп, - тамырынан кесілген жусан солып, өмір сүрмейді," – дейді.
Осы кең аспан, шетсіз дала бостандық, еркіндік символы болса, жусан – туған
жер, Отан, өмір символы. Демек, Дешті Қыпшақ пен Түркі даласын мекендеген
әрбір халықтың бас байлығы – еркіндік, азаттық болған. Еркін далаға қол
сұғып, қан іздеп келген дұшпанның өз басын қанға бөктірген.
Ал осындай жауларға қасқайып қарсы тұру үшін, Алтайдан анау жатқан
Атырауға дейінгі жерді қызғыштай қорғап қалуға әсер еткен көшпенділердің
әскери өнері мен қару-жарақтары, әсіресе ат құлағында ойнаған айбынды
сарбаздары болды.
"Томирис Кирдің шабылған басын қан толған меске салып былай дейді:
"Аңсағаның қан болса, қанғаныңша іш!" Ұлы грек тарихшысы Геродоттың бұл
сөздері өзгелерге жасаған ескертуі секілді. Бірақ, бұған қарамастан қанша
рет басқыншылар қол сұғып, қан төгіліп, олардың қылыштары тасқа шабылды.
"Жаман ердің қайғысы – ошағының қасында, жақсы ердің қайғысы – ауылының
басында" демекші, "еңку-еңку жер шалған" ерлеріміз өз жеріміз, өз
еліміздің, "қара қазан, сары бала" қамы үшін қолына жалаң шоқпар, шолақ
найза ұстап жауға шапқан.
... Бөрідейін жол тартып,
Жауырынына мұз қатып,
Жалаулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар күн қайда?! – дейді Махамбет өзінің "Ұлы
арманында". Сан ғасырлық өмір тарихын басынан кешірген біздің ата-
бабаларымыз "егеулі найза қолға алар" батырлардан, қара қылды қақ жарған
билер мен ақылгөй, дана басшылардан қай заманда да кенде болған жоқ. Осы
көшпенділердің әскери өнеріне арналған аса құнды кітап та бар, ол орыс
отаршылары жаулап алу үшін алдын ала зерттеп барып қана елді игеруге
тырысқан кездері пайда болған туынды. Кітап авторы орыс империясының
офицері М. Иванин.

Сақтардың қаруы, әскери өнері

Әскери өнердің дамуында сақ жауынгерлерінің үлкен орны бар. Олардың
соғыс жүргізу өнері мыңдаған жылдар бойы жаулары мен достарының назарын
аударып келді, әлі ежелгі құл иеленуші мемлекеттердің әскери өнерінің
дамуында өзіндік әсерін тигізді. Ежелгі әскери теоретиктер сақтардың әскери
өнерін зерттей келе, олардың ерекшеліктерін көрсетті және пайдалануға кеңес
берді.
Сақтардың негізгі қаруы садақ пен ұзын найза болды. Сақ садақтары екі
серіппелі бөліктен тұрды. Сыммен жалғастырыла тартылған қос мүйіз.
Геродот айтқандай, сақтар садақты кеудесіне емес, иығына қойып атқан,
олар оң иыққа да, сол иыққа да қойып ата беретін болған. Сақ жауынгері -
ол атты садақшы. Авдиевтің айтуынша, оның күші жебеде, қорамсақта және
болдыруды білмейтін жүйрік атта. Садақ пен найзадан басқа, сақтарда қысқа
қылыш және арқан болды.
Сақтардың қорғаныс құралдары қалқан сауыт, бас киім болды. Қалқан
шағын ғана болды, теріден жасалды. Сауыт алғашында мыстан, кейіннен
темірден жасалды, денеге тиіп тұрды, бірақ жауынгердің қимыл-қозғалысына
кедергі жасамады.
Сақ әскері жеке-жеке топтан (рулық топ) тұрды.
Бірнеше отряд тосқауыл жасау үшін алдыға жіберілді және бұларды қолдау
үшін қосымша күш жұмсалды. Негізгі мақсат майданның тұтастығын бұзу болды.
Ұрыс шебін атты әскер құрады, жаяу соғысқан жоқ.
Сақтар негізінен, өз жауын күшпен емес, айламен алды. Соғыс, әдетте,
күтпеген жерден шабуыл жасау түрінде басталып отырды. Тұтқиылдан шабуыл
жасап, жауының есін жиғызбастан арғы жағына өте шығуға ұмтылды немесе
өтірік шегініп, қапыда қарсы шабуыл жасады. Соғыс табысты өткен жағдайда,
сақтар жауын толық талқандағанша қуалап, толық жойып жіберуге ұмтылды. Ал
жеңіліске ұшыраған жағдайда, айқасты өздерінің пайдасына шешілгенше
жалғастыра берді.
Сақтарда үнемі жайылым жетіспеді. Олардың күшін әлсіреткен ең басты
нәрсе тайпалар арасындағы қақтығыстар болды.
Сақтардың соғыс жүргізу әдісінің өзіндік ерекшелігі болды. Сақтар
әскерді өзара келісімге келіп отыратын екі топқа бөлді. Бірінші отряд жауға
қарсы майданға шыққанда, екіншісі жау тылында немесе жау шегінген жағдайда
соққы беруге дайын тұрды.
Сақтар бұл әдісті ескі грек-рим авторлары атаған кіші соғыстарда
кеңінен пайдаланды. Олар кедергілер жасады, алдап түсірді, күндіз де, түнде
де тұтқиылдан шабуыл жасап, тез жоқ боп кетіп отырды. Күтпеген ұсақ
шабуылдармен жау әскерлерін үнемі үрейлендірді, алайда өздері ешқашан
ұстатпады.
Сақтардың соғыс өнеріне сипаттама бере отырып, Геродот былай деп
жазды: Олардың жеріне басып кірген жаудың ешқайсысы қашып құтыла алмайды.
Егер олар ашық соғысты өздері қаламаса, ешкім оларды қуып жете де алмайды,
себебі оларда қала да, бекініс те жоқ. Алайда олар өз баспаналарын
өздерімен бірге ала жүреді, әрі олардың барлығы да ат үстінде садақты жақсы
ататын мергендер. Азықты олар жерден емес, мал өсіруден табады. Осындай
жағдайда олар қалай жеңімпаз болмасын.
Геродот олардың қыс айларында мұз үстінде де шабуыл жасағандығын
айтады. Екінші бір деректерде: Сақтардың барлығы бірдей әскер қатарында
қызмет еткен дейді.
Юстин скиф қаһармандығының ұлылығы мен маңыздылығына жете мән бере
отырып, сақ тарихының даңқы олардың әміршілдігінен де жоғары тұрды деген
баға берді.
Ежелгі дәуір деректерінде сақтардың жорыққа шығар алдында өздері
құрбандыққа шалғанг мал терісінің үстіне отыруы салт екендігі айтылған.
Мұндай салтқа қатысқандар соғыс алаңында ұйымшыл болып, жауға күйрете соққы
берген.
Сақтарда жаудың негізгі күшін жою үшін құрылған ерекше атты әскер
топтары болған, олар аяқ астынан шабуылға шығып, жаудың орталық күшіне
соққы берген. Олардың аттарында да, өздерінің үстерінде де темірден, мыстан
жасалған сауыттары болған.
Қорыта келгенде, сақтар одағы өздері мекендеген жерінде б.з.д.II
ғасырға дейін өмір сүрді. Содан соң сақ тайпаларының одағы ыдырап, бүгінгі
түркі тектес басқа тайпаларға сіңісіп кетті.

Ғұндар туралы тарихи деректер

(Аммиан Марцелин еңбегінен қысқаша үзінді)

Ғұндар б.з.д. III-II ғасырларда Орта Азияны мекендеген көшпелі халық.
Біздің дәуіріміздің I ғасырынан бастап ғұндар Батысқа жылжи бастайды. IV
ғасырда ғұндар Доннан Карпатқа дейінгі аумақты иемденіп, түркі және тағы
басқа тайпаларды өздері қосып алды.
Аммиан Марцелин - біздің дәуіріміздің IV ғасырындағы Рим тарихшысы.
Оның тарихи жазбалары Шығыс Еуропаға кеңінен таралып, ғұндар туралы маңызды
деректер қалдырған.
1. Ғұн тайпаларының дене мүшелерінің тұрқы: серпілдей қатты, мойындары
жуан, бұлшық еттері шыққан, тығыз әрі толық, әрі керемет, әрі
қорқынышты көрінеді.
2. Олар ұрысқа түскенде ештеңені аямай, жан-жаққа тарап әрі керемет
қатты дауыс шығарып айқайлайды. Олар ешқашан ұрыс алаңын тастамай,
қорқынышты өлім әкеле отырып соғысады. Жау бекіністеріне,
лагерьлеріне шабуыл жасаған кездегі олардың жылдамдықтарына көз
ілеспейді.
3. Ғұндар айбынды жауынгерлер. Олар садақпен сүйекті үшкірлеп қару
жасап соғысады. Егер жақындап кетсе, қолдарымен де ұрады, қылышпен
де соғысады. Ал егер өздері соққыдан бүктетіліп жатса да жауларын
аттарына қондырмау немесе аттарға мініп қашып кетпес үшін, олардың
мойына арқан лақтырады.
4. Бұл халық жаулап алу үшін жабайы кекшілдікпен өршелене жылжи отырып,
ертедегі масагеттер мен аландар жеріне дейін жетті.
5. Ғұндардың жасы және жынысы жағынан соғысқа жарамайтындар үй
шаруасымен айналысады. Ал жастар, жас кезінен бастап жалаң аяқ
жүріп, тынымсыз жаттығулар жасап, нәтижесінде айбынды жауынгерлерге
айналады.
6. Олардың құралдар туралы тіпті ұғымы жоқ, өйткені олар бәрі бір
тектен ақсүйектер. Ал кім соғыста көзге көп түссе, соны бастық етіп
сайлайды.

Ғұн империясындағы әскери өнердің дамуы және олардың жорықтары.
Ғұн империясы ежелгі түркі мемлекеті болып саналады. Орыс ғалымы Н.
А. аристовтың айтуынша, б.з.д. III ғасырда ғұндар түрікше сөйлеген. Ғұн
тайпаларына: қыпшақтар, қаңлылар (кангюйлер), үйсіндер және Жетісу бойынан
ығыстырылған сақтар (қытайша: сә) жатады. Ғұндар жортының жер аумағы үш
бөлікке бөлінген.
Біріншісінің ішінде сюннулар болды, олар біздің заманымызға дейінгі 1
мыңжылдықтың ортасынан бастап, Хуанхэ өзенінің орта тұсы мен төменгі
ағысындағы - қазіргі Қытай жерінің және Орталық Азияның көп бөлігін қамтып,
Шығыс Түркістаннан Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аумақты алып жатты.
Ғұндардың екінші бөлігі - біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықта
сыртқы Монғолияда, солтүстік Манчжурияда түркі-моңғол тілінде аралас
сөйлеген сәнбилер.
Үшіншісі - түркі тілінде сөйлеген тайпалар қоныстанған орта. Мұнда
ішкі Монғолияда, Байкалда, Ордостан, Алтай, Тарбағатай, Жетісуға дейінгі
жерлерді мекендеген ғұн тайпалары қалыптаса бастады.
Б.з.д. V-IV ғасырларда жун (ғұн) тайпасының әскери демократиясынан
өсіп шыққан ғұн державасы көршілес тайпа одақтарымен және қытай
патшалығымен соғыста әбден шыңдалды.
Қатал билік жүргізген елбасын Тәңірқұты деп атаған. Ол Аспан мен
жерден жаралған, Күн мен Айға теңестіріп қойылған ұлы ғұн -Тәңірқұты деген
арнайы лауазымға ие болған. Оны көк ұлы деп те атаған. Оның билігі
мынадай міндеттер мен функциялардан көрінеді:
• мемкелеттің барлық аумағы мен басқару міндеті, осы аумақты қорғау
функциясы;
• соғыс және бейбітшілік шартын жариялау міндеті мен әскерге жетекшілік
ету функциясы;
• мемлекеттің барлық қарулы күштеріне жұмсалатын шығынды өз қолына
жұмылдыру және сыртқы саяси бағытты анықтау функциясы;
• қарамағындағы әрбір адамның өмірі мен өміріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көшпелілердің дәстүрлі әскери өнері өте күрделі өнер
Сақ, массагет, скифтердің жауынгерлік өнері. Шу-батыр поэмасы. Жазуы
Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтарының этнографиясы
Қазақстанда металлургияның дамуы
Сақтардың пайда болуы
Сақтардың мәдениеті туралы
Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Алтын адам жәдігерінің зерттелуі-ұлттық құндылық
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шыньқтыру тарихы
Қазақстан мен Орта Азиядағы сақтардың мәдениеті
Пәндер