Халықтың музыкалық шығармашылығы
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Халықтың музыкалық шығармашылығы 4
Құрманғазы Сағырбайұлы – күй алыбы 9
Дәулеткерей 12
Тәттімбет 12
Ықылас 12
Сармалай 13
Дина Нұрпейісова 13
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16
Кіріспе
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей: Халықтың
дәстүрлі рухани байлығының түр-нұсқасын ұрпаққа үйрету - бүгінгі заманның
міндеті.
Қазіргі жоғары мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақты
ұлтымыздың көптен келе жатқан салт-дәстүрі, халық мұрасымен өнерін
қастерлеп ұстауға, санасына, ұлтына деген құрмет пен мақтаныш сезімін
сіңіру, басқа да ұлттардың мәдениетін қадірлей білуге тәрбиелеу - қазіргі
заман талабына сай жоғарғы оқу орындарының басты міндеті екені анық. Ендеше
біздің қарастырып отырған тақырыбымыз Қазақ халқының күйшілік өнері
біздерге беретіні мол әрі әсерлі тақырып екеніне күмән жоқ.
ХV-ХVІІ ғасырлардағы далалық ру-тайпалардың бір-бірімен туыстықпен
тоғысып, қазақ деген кең мағыналы этникалық атаумен тарих сахнасына шыға
бастаған кезден келе жатқан музыкалық мұралардың халқымыздың мәдени-рухани
қазынасының сүбелі бөлшегі, суымайтын қайнары екенін айтуымыз керек.
Халық аспаптары мен оның ішінде домбыра, қобызбен күйлерді орындағанда
олардың мағына-мазмұнын баяндайтын сұлу сырлы әңгіме аңыздар болған. Күйді
тартарда елдің өткені, халықтың қасірет-қайғысы, куаныш-қызығы немесе жеке
бір батырлардың, бидің көшпелілердің бітім-болмысы туралы мол айғақты
деректі әңгімелер айтылады екен. Соңғы уақытта олай істелмейтін болған.
Сөйтіп, бірқатар күйлерге байланысты әңгіме-аңыздар кейінгі ұрпаққа
жетпеген. Бұл туралы Мұхтар Әуезов Қазақ халқының эпосы мен фольклоры
деген еңбегінде: Күйді жиюшылардың біралуан кемшілігі - көбінше
фольклордағы күйдің өзін ғана жазып, сонымен ілесе айтылатын әңгіме-аңызға
қоса жиып жазбайтыны бар. Осындай себептен қазір қағазға түскен күйдің
көпшілігі Батыс Қазақстан күйлері болса, соның өзінің де ауызша, сырлы саз,
шебер көркем әңгіме түріндегі екінші бөлімі түгел жазылып ескерілген жоқ -
дейді.
Бұдан әрі ол: Күй аңызының көп екенін ел біледі, бірақ кітап, баспа
білмейді. Егер олқылықтар толып, күйлердің көрікті аңыздары, тілдегі
баяндауыш әңгімелері жазылса, онда қазақ халқының музыка фольклорына әдемі
айшық, нақыш қосылуымен, мағыналы мазмұн анықталып жалғасуымен қатар ауызша
фольклорда өзінің бір қысқа түрдегі көркем әңгіме новеллаларын көп байытқан
болар еді.
Ұмытылып, жоғалып бара жатқан көп ескі күйлердің қызық, терең сырлы,
мол мағыналы аңыздары да мәдениет мұрасы болып, жөнін тауып, жолы ашылар
еді - дейді.
Академик-жазушы Мұхтар Әуезовтің күй аңыздары жөніндегі бұл
ескертпелер мен тілектеріне әлеуметтік заказ, қазақ әдебиеті классигінің
кейінгілерге қалдырған нұсқау-тапсырмасы ретінде қараған көрнекті әдебиетші
Ақселеу Сейдімбеков 1992 жылы өзінің ұзақ жылдар бойы тірнектеп, жинап
жүрген күй, аңыздарын арқау етіп Күй шежіресі атты көлемді еңбек шығарды.
Музыка фольклорына әдемі айшық, нақыш қосқан оны жаңа мән-мазмұнымен
байытқан зерделілігі, зерттеушілік парасаты жағынан өнер тарихына қатысты
баска еңбектерден оқшау да биік тұрған бұл туындыда автор ертеден келе
жатқан халық күйлеріне, ХІІІ-ХХ ғасырлар арасындағы халық композиторларының
өмірі мен өнеріне тоқталып, олардың қолынан шыққан күйлердің қалай, қандай
жағдайда пайда болып, бізге жеткені жөнінде нақты деректер арқылы толық
тұжырымды мағлұмат береді.
Жалпы қазақтың музыкалық аспабы домбырада тартылатын күйлердің санын
алты мыңнан асты деп айтады. Олардың бір мыңдайы XVII ғасырға дейін шыққан.
Бұл күйлер бастапқы шыққаннан айнымай, ауыспай, өзгермей бізге жеткен. Бұл
жөнінде Ақселеу Сейдімбеков Ең көне деген күйлердің өзі байтақ даланың әр
пұшпағында әуен-сазы өзгерместен бір үлгіде сақталған. Әр домбырашы,
қобызшы немесе сыбызғышының орындау шеберлігіндегі айырмашылықтар болмаса,
күйдің сарын-сазынан айырмашылық таба алмайсыз. Күй тілі де ана тіліміз
сияқты бір тектілігімен, біртұтастығымен таң қалдырады, - дейді өзінің күй
мен күйшілер жөніндегі Сонар деп аталатын еңбегінде[1].
Халықтың музыкалық шығармашылығы
Қазақ халқының тұрмысы мен қоғамдық өмірі және еңбек әрекетімен біте
қайнасқан рухани мәдениетінің етене саласы музыка болды. Дәстүрлі
орындаушылық — жеке ән салу мен аспапты жеке тарту — кең тараған, әнді
қосылып айту сирегірек шығармалардың негізгі түрлері ән мен күй болған.
Қазақ халқының әр түрлі музыкалық аспаптары болған, олардың бір
сарынды ғана дыбыс шығаратын кейбіреулері — шертер, жетіген, саз сырнай,
кепшік, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ және басқалары — профессионалдық
талаптарға сай келмей, біртіндеп құри берген. Ал дыбыстық сапаларын
жетілдіруге келетін басқалары музыкалық аспаптар тобын құрады. Олар:
домбыра — ағаштан жасалған, шертіп ойналатын екі ішекті (үш ішекті болып
келуі сирек кездеседі) аспап; шанағы сопақша (алмұрт тәрізді) жазық үш
бұрышты немесе төртбұрышты (трапеция тәрізді) болып келеді; қобыз немесе
қылқобыз аяқ тәрізді толық ағаш шанақты және сабы ішіне қарай иілген ыспалы
қос ішекті аспап; сыбызғы — ағаштан, іші қуыс қамысқурайдан немесе металл
түтіктен жасалған, 4—6 саусақ басар ойығы бар ұзынша үрмелі аспап; дауылпаз
— сырты тері жарғақпен қапталған ағаштан немесе металдан жасалған кішкене
қазан түріндегі соқпа аспап. Бертінде көпестер Россиядан айырас сарайлары
мен жәрмеңкелерден алып келген, екі қатарлы гармониканы осылай атап
кетіскен, сырнай шықты.
Той-думан ән-күймен басталған, ақсақалдар кеңестерінің алдында,
жайлауға көшу мен қыстауға қайтып оралу да ән-күймен атап өтіліп отырған;
өлеңдерде қыран құс пен атышулы жүйріктер мадақталып, сұңқылдаған
хабаршылар ауылдарды аралап жүріп, маңызды жаңалықтарды өлеңмен хабарлаған.
Әйелдер үй тігіп, уық шанша жүріп, мал сауып, жүн сабаған, жіп иіріп, кілем
тоқыған, киіз басқан кездерінде өлең айтып, балаларын тербете отырып, бесік
жырын жырлаған. Қайғыға ұшыраған семьяны жұбататын көңіл айту, қуаныш
хабарға сүйініп сүйінші сұрап, құттықтау дәстүрі де өлеңмен айтылған.
Музыкалық туындылар мазмұны мен қиындығы жағынан әр алуан болды. Еңбек
процестері мен тұрмыстық жол-жора (той-томалақ, жерлеу) кезінде орындалатын
әндер, сондай-ақ бесік жыры мен балалар әндері қысқалығымен, шағын
диапазонды әуендерінің әсерлілігімен, текст мазмұнының дәстүрлілігімен
ерекшеленді. Бұларды жұрттың бәрі айтатын болған. Ал әндер мен күйлердің,
әсіресе лирикалық және әлеуметтік тақырыптарға, тарихи эпикалық және
аңыздық сюжеттерге шығарылғандарының әуендері ырғақты қайырмалы болып
келген формалары күрделі ырғақтық құрылымдары ауыспалы кең ауқымды болған.
Олар профессионалдардың репертуарларына енді, ол профессионалдарды
орындайтын шығармаларының тақырыптарына қарай ақын, жырау немесе
жыршы (эпосты, аңыздарды, тарихты жырлаушы), әнші немесе өлеңші,,
күйші, ертекші және т. б. деп атаран.
Профессионал музыкалық қайраткерлердің дарындылығы көпшілік алдындағы
арнайы айтыстарда көрінген. Мұндай музықалық-поэзиялық жарыстар тойларда,
жайлауға көшуге байланысты, қыз ұзатқан кезде және басқа да семьялық
қуаныштарға орай өтіп отырған. Жеңгендерге мол сыйлықтар беріліп, ерекше
құрмет көрсетілген, аса көрнектілерінің есімдеріне сал, сері деген
құрметті атақтар қосып айтылған; олардың даңқы ауыл-ауылға тез тарап
отырған; оларды барлық жерде зор құрметпен қабылдаған.
Түгелдей дерлік сауатсыздық жағдайында музыка, поэзия сияқты,
адамдардың дүниеге деген көзқарасының, моральдық, негіздер мен эстетикалық
талғамдарының қалыптасуына орасан зор ықпал жасап отырды.
XVIII ғасырда — XIX ғасырдың бірінші жартысында музыка өнері өткен
замандар туындыларының таңдаулы үлгілерін сақтау және олармен сабақтас
халықтың күнделікті өмірімен тікелей байланысты жаңа шығармалар жасау
негізінде дамыды. Әншілер мен музыканттардың репертуарында космологиялық
тақырыптағы — жұлдыздар туралы, ай, күн және басқа планеталар жайлы,
демонология тақырыбындағы — жезтырнақ, жын-пері жайлы әндер мен күйлер
болды; ауылдарда бақсылардың балгерлік әрекеттері кезінде арбау музыкасы
да орындалатын болды. Бірақ, Орта Азия мен Қазақстан халықтарын белгілі
зерттеуші В. В. Радловтың дұрыс атап көрсеткеніндей, қазақ халқының өз өлең-
жырларында бәрінен гөрі артығырақ бағалағаны қайдағы бір керемет және
ертегілік дүние болған жоқ, керісінше, ол өлең-жырлары мен әнкүйлерінде
өзінің өмірін, өзінің сезімдері мен талпыныстарын білдірді... ақылға
сыймайтын және жаратылыстан тыс нәрсені емес, қайта шын бар нәрсені
жырлады. Шындық өмір көптеген алуан түрлі лирикалық және өзінің әуендері
мен текстері жағынан неғұрлым тұрақты болып келетін семьялық-салттық,
семьялық-тұрмыстық және еңбекке арналған өлеңдер мен күйлерден көркем
көрініс тапты. Оларда әлеуметтік теңсіздік, экономикалық тәуелділік,
адамның жеке басын кемітушілік ашып көрсетілді. Мысалы, той салтының
музыкасы жарқын поэзиялық көтеріңкі рухымен, қуанышты және қайғылы
сезімдерінің шыншылдығымен ерекшеленді. Той Той бастар өлеңімен немесе
күйімен басталатын, оларда күйеу мен қалыңдықтың ата-анасы, туған-туыстары
мен бүкіл руының қадір-қасиеті аспандата мадақталатын да, екі жасқа
семьялық, бақытты өмір кешетіндері айтылатын. Жастардың оңаша кештерінде
Жар-жар — болып жатқан оқиға жайында қолма-қол шығарып айтатын тапқырлық
өлеңдер жөнінен жарысқа түскен қыздар мен жігіттердің айтысы болып
отыратын. Ата-ана, туған-туысқан, аулымен қоштасарда ұзатылып бара жатқан
қыздың мұңлы-шерлі әні — Қыз қоштасуды немесе Сыңсуды айтатын. Күйеудің
ауылында оны киіз үйдің табалдырығы алдында ғибрат-өнеге өлеңі Беташармен
қарсы алатын.
Жыраулар мен жыршылар эпикалық және тарихи жырлар мен аңыздарды
орындағанда, өздеріне тән әуендік сарындарды, сондай-ақ әндік және аспаптық
формаларды да пайдаланып отырған. Бірақ эпосты орындаудың неғұрлым кең
тараған түрінің синкретикалық, яғни түйдектете айтатын сипаты болды, оған
әндету, аспапта ойнау, жүз бен қол қимылдары элементтерін қатыстыра отырып
баяндау шеберлігі негіз болды. Жыршы кейіпкерлердің диалогтарын әр түрлі:
қаһарманды — қатаң, тегеурінді; қаһарман әйелді — нәзік, лирикалы; ұнамсыз
кейіпкерлерді — керенау, ызалы интонациялармен құбылтып отырды. Көптеген
зерттеушілер жыршылардың зор шеберлігі мен олардың таңғажайып еске сақтағыш
қабілеттерін атап көрсеткен болатын.
XVIII ғасырда әншілердің, аспаптарда ойнаушылардың, ақындардың
профессионалдық қызметі барынша дамыды. Солардың арқасында әндік музықалық
мәдениетте ежелгі заман авторларының туындылары: Ақсақ құлан мен Жошы
хан, Қобыланды батыр, Қамбар батыр күйлері, Қозы Көрпеш-Баян сұлу,
Қыз Жібек және басқа әнді циклдер сақталып қалды.
Алайда бұл — XVIII ғасырдағы музыкалық мәдениеттің бір ғана бөлігі.
Оның екінші бір елеулі саласы ежелгі замандар тақырыбына және әсіресе сол
дәуірдің тақырыптарына шығарылған туындылар болатын. Қазақ даласында
Ескендір — шапқыншылык, жорықтар кезінде Окс пен Яксарт (Амудария мен
Сырдария) өзендерінің бастауларына дейін: жеткен Александр Македонский
туралы, Әмір ақсақ — ортаазиялық қолбасшы және шапқыншы Ақсақ Темір
туралы әндер де айтылатын. Бірақ халық назарын осының бәрінен гөрі оның өз
тарихына қатысты әндер мен күйлер көбірек аударды. Өзінің үні жағынан
қайғылы болып келетін осынау күйлерде ру басыларының, сұлтандардың,
батырлар мен билердің ұлыстарды билеу жолындағы, мал жайылымдарын иеленіп
алу жолындағы үздіксіз қырқыстары мен соғыстары өздерінен біршама әлсіз
рулық-тайпалық одақтарды басқа жерлерге көшіп кетуге мәжбүр еткен замандар
жайлы әңгімеленетін.
Аспапты музыкада аса көрнекті тарихи адамдарға жеке жүйлер арнау
немесе күйлерде олардың өмірінің әр түрлі кезең сәттерін суреттеу дәстүрі
қалыптасты.
Сырым сазы күйі Сырым Датов жайлы бейнелі музыкалық суреттеме болып
табылады. Музыканың әр алуан әуені көтерілістің жеңетініне кәміл сенімді
Сырымның көтеріліс басталар алдындағы ойланып-толғанған сәтін көрсетеді.
Бұл шешуші эпизод күйдегі басты әуен болып табылады: күй музыкасында
жауынгерлік ұрандардың жаңғырықтары, дауылпаздардың ұрысқа шақырған даңғыры
естіледі, лап қойған көп салт аттының көрінісі суреттеледі.
Жоңғар феодалдарының 1723 жылдың көктеміндегі шапқыншылығымен
байланысты қазақ халқы тарихындағы қайғылы оқиғалар замандастарының
көптеген күйлері мен әндерінен көркем бейнесін тапты.
Солардың бірі керей руынан шыққан аса көрнекті домбырашы және
композитор Байжігіт болды. Ол Ақтабан шұбырынды мен Қайың сауған (қайың
шырыны халықты аштан өлуден аман алып қалған) және басқа күйлер шығарған.
Байжігіттің халық өмірі мен тұрмысы тақырыбына шығарған күйлері көп болған
(айтушыларға қарағанда 300-ге жуық), олардың ішінде аңға шыққан кезде
болған әр алуан жайлар туралы 10 бөлімді Аңшының зары күйінің орны бөлек.
XIX ғасырдың музыкалық мәдениетінде 1836—1837 жылдардағы феодализм мен
отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов пен оның ең жақын серігі, ақын әрі жыршы
Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс елеулі із қалдырды.
Творчестволық жолын сол жылдары бастаған болашақ халық композиторы
Құрманғазы Сағырбаев (1806—1879) өзінің алғашқы шығармаларының бірі —
Кішкентай күйін Исатай Тайманов көтерілісіне арнады. Көтеріліске қатысқан
ол бұл күйінде халықтың феодал-байлардың езгісі мен отаршылдық бұғауынан
азат болуға деген тегеурінді талпынысын көрсетті. Одан халық қайғысының,
жеңіліс күйінішінің үні естіледі. Кішкентай күйінің (күй аты жеңіске
керек күш аз болды дегенді білдірді) музыкасы өзінің тебірентетін
тегеурінді бейнелілігімен, композициясының айқындығымен, көркемдік
техникасының күрделілігімен тамаша таланттың өсіп келе жатқанын көрсетті.
Ол халықтың қалың ортасында өсті және қажырлы еңбегімен кейіннен халықтың
профессионалдық музыкалық мәдениетінің классикалық шыңына көтерілді.
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген
дәуірі болды. Музыкалық шығармаларда әлеуметтік езушілікке, феодал-
байлардың қанаушылығына қарсы халық наразылығы айқын бейнеленді.
Бұл кезде аса көрнекті көптеген профессионал композитор-әншілер мен
күйшілер өмір сүріп, шығармалар туғызды, олардың туындылары халықтың
музыкалық классикасының негізін құрады.
Көптеген халық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz