Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Өтеміс қажы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
Мұхаммед Хайдар Дулати 4
Қадырғали Жалайыри 7
Өтеміс қажы және оның Чингиз-наме атты туындысы 10
Қорытынды орнына бір ауыз сөз 16
Қолданылған әдебиеттер 17
Кіріспе
Тарих ғылымында деректану деген сала бар. Біздің халқымыздың тарихын
зерттеуде бұл бағытта осы деректанудың негізін ауызша тарих айту дәстүрі
және шежіре құрайды. Шежіренің кұндылығы сол, онда халықтың, рулардың және
тайпалардың, сондай-ақ оларды басқарған қайраткерлердің шығу тегі, өсіп-
өніп өрбуі және таралуы жүйелі түрде сипатталады. Сондықтан да ол тарихи
шығармаға жатады. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауызша және жазбаша
жеткізіліп отырған шежірені бүгінгі ғалымдарымыз негізінен екі түрге
бөледі. Оның алғашқысы — белгілі бір рудың, тайпаның немесе халықтың шығу
тегін нақты тарихи оқиғамен немесе қайраткермен байланыстыра баяндайтын
шығармалар. Бұлар тарих үшін аса кұнды. Екінші топқа жекелеген рулардың
шығу тегін аңыз түрінде: адамды жануармен немесе жерден тыс нәрселермен
байланыста түсіндіретін рулық аңыздар жатады.
Шежірелердің алғашқы түрін нақты тарихи дерек ретінде барлық елдер
қастерлейді, жинақ етіп шығарып, өздерінің көне және ежелгі тарихын жазуда
салыстырмалы түрде талдап, кеңінен пайдаланады.
Біздің өлкеміздегі ықылым заманнан бергі тарихты баяндайтын шежірелер
де баршылық. Олардың арасыңда Рашид ад-диннің Джами ат-тауарихы, Жамал
Қаршидің Оғыз-қыпшағы, Қарақан шежіресі, Махмуд Қашқаридің Диуан лұғат-
и түрігі, Әбілғазы Баһадүрханның Шежіре-и түрігі, Мұхаммед Хайдар
Дулатидің Тарих-и Рашидиі, Өтеміс хажының Чингиз-намесі, Қадырғали
Жалаирдің Джами-ат Тауарихы және тағы басқа көптеген құнды еңбектер бар.
Бұлардың біразы деректерді Шыңғыс хан заманынан бері қарай таратады.
Беріректе қазақ шежіресін жинаумен және жариялаумен Шоқан Уәлихановтың
нақты айналысқанын, оларды А.И.Левшин, Н.Аристов, К.Б.Красовский, Л.Мейер,
В.В.Григорьев, В.Радлов, В.Бартольд және тағы басқа орыс ғалымдары
іздестіріп, жариялағандарын білеміз. Айқап және Қазақ газеттерінде
біраз қазақ зиялылары қазақтың және оның руларының шығу тегі туралы
шежірелік деректер жариялап, казақ оқырмандарына осы мәселеде ой салды.
Шәкәрім Құдайбердіұлының Түрік, қырғыз, казақ һәм хандар шежіресі,
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Қазақ шежіресі, Мұхаммеджан Тынышбаевтың қырғыз-
қазақ халықтарының шығу тегіне байланысты шежірелік материалдары
тоталитарлық жүйе жылдарында өзінің туған халқына көрсетілмей, көзден таса
боп тығылып тасталды. Мұның басты себебі, ұлттың шығу негіздерін, этникалық
қайнар көздерін қамтитын шежірелер халыктың ұлттық санасын кеңейтіп, ұлттық
сезімін қоздырып, оның отаршылдық психология қысымынан бұлқынып шығуға
деген табиғи талпынысын туғызуы әбден мүмкін еді.
Енді егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинағанда халқымыздың,
еліміздің, шежірелік тарихынан терең сыр тартатын рухани қазыналардың
мазмұнымен бәріміздің де таныс болуларымыз қажет-ақ.
Мұхаммед Хайдар Дулати
Орта ғасыр рухани жәдігерліктерінің арасында аз зерттеліп, қазақ
ғылымының нысанасына айнала қоймаған шығарманың бірі — "Тарих-и Рашиди".
Мұның авторы — тарихшы, ақын, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері Мұхаммед
Хайдар мырза Дулати. Дулати мұрасына Батыс ғалымдары қызыққанымен, өз
ұрпағы ұзақ уақыт бойы назар аудармай келді. Біз бүгінде дерекнама ретінде
сол Батыс ғалымдарының еңбегіне ғана сүйене аламыз. Тарихшы- қайраткердің
ертерек зерттелінбеуі қазақ мектебін бітірген сан мыңдаған шәкірттердің
тарихи танымына нұқсан келтірді. Бірақ, қазір зерттеліп-зерделеніп
жатқанына шүкіршілік айтайық.
'Тарих-и Рашидиді" жазған Мұхаммед Хайдар Дулати 1499 жылы Ташкент
қаласында, Моғолстанның билеушісі Жүніс ханның күйеу баласы, ата-бабасы
шонжар тұқымынан шыққан Құсайынның шаңырағында дүниеге келді. Оның атасының
есімі де Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Сондықтан тарихшының есімі тарихи
әдебиеттерде Мырза Хайдар аталады. Тахаллусы (бүркеншік есімі) — Аяз. Бұл
жайында тарихшының қолжазбасында былай деп жазылған: "Алланың рақымы түскен
пендесі, әлейім жұртқа Мұхаммед Хайдар есімімен танымал болған Мұхаммед
Хайдар ибн Мұхаммед Құсайын көрегенмін (гурекен). Мен алланың әмірімен, аса
бір қабілетім тасып, іскерлігім асып-тасып бара жатпағанмен, ата-бабамның
тарихын жазып қалдыруды парызым деп ұғып, аллаға мінәжат етіп, қолыма қалам
алдым.
Мұхаммет Хайдар Дулати (1499-1551) Ташкентте дүниеге келіп,
Үндістандағы Кашмир уалаятында қайтыс болған. Айтпақшы бұл тарихшы
бабамыздың қабірінің қай жерде жатқандығы осы екі-үш жыл төңірегінде
анықталды. Бұл жөнінде теледидардан хабар берілген де болатын. Мұхаммет
Хайдар Дулатидің Джаханнама атты дастаны Моғолстан мен оған шекаралас
облыстар бойынша жасалған әйгілі Тарихи Рашиди кітабына енген. Ата-
бабалары Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында, Моғолстан мемлекетінің
құрамындағы Қырғызстан мен Шығыс Түркістан жерінде беделді саяси
қайраткерлер болған. Олар ұлұсбектер, тархандар бола отырып, өздерінің
мұрагерлік иелігі Маңғлай-Сүбенге билік жүргізген, Әмір Болатшы (Пулатчи)
XV ғасырдың орта шенінде Шағатай мемлекетінің күйреу кезеңінде Тұғылық
Темірді осы мемлекеттің шығыс бөлігінің ханы етіп тағайындады.
Мұхаммет Хайдар Дулатидің тағы бір атасы - Әмір Хұдайдат ұлұсбек
болған кезде Моғолстан тағында алты ханды ауыстырған. Мұхаммет Хайдар
Дулатидің арғы атасы Мұхамед Хайдар мырза 1480 жылға дейін Қашғарияда билік
жүргізеді. Оның әкесі Мұхамед Хұсайын XV ғасырдың соңы, XVI ғасырдың
басындағы Моғолстанның шығыс бөлігінің басшысы Сұлтан Махмұд ханның
үзеңгілестерінің бірі болған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы Хұбниғар
ханым Жүніс хан қызы екен, ал ол өзі шешесі жағынан Сұлтан Саид пен
Үндістанды билеген Ұлы моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин
Мұхамед Бабырдың немере ағасы көрінеді.
Мұхаммед Хайдардың балалық шағы Мұхаммед Шайбанидің өзбек көшпенділері
қысымшылығымен Орта Азиядағы Темір әулетінің мемлекеті өмір сүруін тоқтата
бастаған кезеңінде, Моғолстанның күйреуі мен Қазақ хандығының өрлеген
тұсында өтті. Сұлтан Махмұд хан мен Мұхаммед Шайбани арасындағы соғыс
кезінде әкесі қаза болған соң, туыстары Мұхаммед хайдар Дулатиді Қабылдағы
Бабырға жөнелтті.
Мұхаммед Хайдар Дулати Мәуреннахрға жасаған Бабырдың жорығына
қатысты. 1512 жылдан Қашқардағы Сұлтан Саид қоластында жүрген Мұхаммед
Хайдар Дулати жоғары әскери және сарай ішіндегі қызметтерді атқарды. Ол
1514 жылы Жаркент пен Қашғар үшін Әбу Бәкірмен болған соғысқа, сонымен
бірге Тибет пен Оңтүстік Шығыс Қазақстанға, Қырғызстанға жасалған
жорықтарға қатысты. Мұхаммед Хайдар Дулати хан тағының мұрагері Әбу ар-
Рашид сұлтанға тәлім-тәрбие берді.
Бабырдың сөздері бойынша, Мұхаммед Хайдар Дулатидің бойында
энциклопедиялық білім болған. Ол барлық саяси оқиғалардың бел ортасында
жүрді, саяси қайраткерлерді де білетін. Мұхаммед Хайдар Дулати Моғолстан,
Орта Азия мен Қазақстанның әсіресе дулат тайпасының феодалдық бөлігінің
тарихын жетік білген. 1541-1546 жылдары Кашмирде ол Тарихи Радиди атты
еңбегін жазды. Бұл еңбекті Мұхаммед Хайдар Дулати ұрпақтан ұрпаққа
жеткізіліп отырған дулаттардың өткені туралы әңгімелерге, моғолдардың
аңызына, моғол хандарының сарайларында сақталып қалған құпия құжаттарға,
куәгерлердің мәліметіне және өз бақылауларына сүйене отырып, парсы тілінде
жазды. Сонымен бірге, автор бұрындағы өмір сүрген Жувейни, Жамал Қараши,
Рашид-ад-дин, Әли Иазди, Әбдіразақ ССамарқанди сынды атақты ғалымдардың
тарихи туындыларын қолданды. Бұл туындыны архив мәліметтеріне сүйене отырып
жазылған тарихи анықтама деуге толық негіз бар. Мұхаммед Хайдар Дулати
қазақтардың ортағасырлық тарихы туралы көптеген құнды мәліметтер қалдырды.
Тарихи Рашиди атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан
кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның
құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы
жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен
бірге, бұл еңбекте XV-XVI ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ортағасырлық Қазақстандағы Жетісудың
жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениет туралы мәліметтер бар.
1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид өз тайпаларынан
қауіп төне ме деген оймен оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар
Дулатидің немере ағасы Саид Мұхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мұхаммед Хайдар
Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы моғолдар сарайында әскерлерді
басқарды.
Мұхаммед Хайдар Дулати 1551 жылы жергілікті тұрғындардың көтерілісі
кезінде қаза болды.
Қадырғали Жалайыри
(шамамен 1530-1605 ж.ж.)
Қадырғали Қосымұлы Жалайыр –орта ғасырдағы қазақтың ғалымы әрі атақты
биі. Ата-бабалары Қараханидтер дәуірінен үздіксіз хан нояндары, уәзірлер,
батырлар екен. Оның әкесі –Қосым бек, ал атасы Темшік батыр болған. өзі хан
ұрпақтарының тәрбиешісі және ханның кеңесшісі қызметін атқарған.
Оның ауылы қалмақ шапқыншылығына ұшыраған соң Шығай ханның ұлы
Тәуекелдің ағасы Ондан сұлтан жау қолынан қаза табады. Қадырғали Жалайыр
Ондан сұлтанның 13 жасар ұлы Ораз-Мұхаммедті алып, туыстарымен бірге Сібір
ханы Көшімнің қол астындағы аймаққа қоныс аударады. Ол жерде үлкен би
атағын алады. Қадырғали Жалайыр өзінің шежірелер жинағында былай деп
жазған: Менің ата-бабам Ораз-Мұхаммед сұлтанның бабаларына қызмет еткен.
Мен Ораз-Мұхаммедтің атасы Ондан сұлтанға қызмет еттім, ал бұдан кейін
әрдайым Ораз-Мұхаммедтің қасында болдым.
Қадырғали Жалайыр тек өз ана тілін ғана емес, араб және парсы
тілдерін де жетік білген, сонымен бірге классикалық Шығыс әдебиеті, ғылым
және мәдениет салалары бойынша терең білімі болған. Қадырғали өзінің білім
байлығы жағынан Орта Азияның ұлы ойшылдарымен бір деңгейде болған. Оның
білімділігі мен кемеңгерлігін жоғары бағалап, Көшім хан оны кеңесшісі етіп
тағайындады. Сонымен бірге, Қадырғали Жалайыр Сібір князы Сейдектің де
кеңесшісі болған. Мұнан кейін Қадырғали Жалайыр Көшім ханға қарсы шығып,
Ораз-Мұхаммед екеуінің Сейдекпен арақатынасы жақсарды, Сейдектің беделі
жоғарылай түсті. Ресей жылнамаларында бұл дерек бойынша мәліметтер
сақталған, оларға үңілетін болсақ: Сол кезеңде Сейдахмет князьдың
билігінің күшеюі оның сарайына қазақ ордасының ханзадасы (Ораз-Мұхаммед)
мен Қашар мырзаның келуіне (Қадырғали Жалайыр) келуіне байланысты, - деп
жазылған.
1588 жылы Сібірдің әскербасы Д.Чулков айла-амалымен Қадырғали
Жалайырды, Ораз-Мұхаммед пен Сейдекті тұтқынға түсіріп, үй шаруашылығы және
отбасыларымен бірге Мәскеуге "аманат" ретінде жіберген. 1598 жылға дейін
Қадырғали Жалайыр Мәскеуде патша сарайында өмір сүрді. 1590-1591 жылдары
шведтерге, Қырым хандығына қарсы соғысқа қатысып, батылдығымен көзге
түскені үшін орыс патшасы Федор Иванович 1592 жылы Ораз-Мұхаммед сұлтанға
бұрын Қасым хандығының құрамына кірген Ока өзенінің жағасындағы жерлерді
бөліп берді. 1600 жылы орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммедті Қасым
хандығының ханы етіп тағайыңдады. Қадырғали Жалайыр оның 4 уәзірінің бірі
болып сайланды.
Бұл кезеңде Қадырғали Жалайыр тікелей ғылыми қызметпен айналысты. 1600
жылы Қасым тұсында бастаған әйгілі жылнамалық "Жами ат-тауарих" (Шежірелер
жинағы) атты кітабын ол 1602 жылы бітірді. Жылнамада 157 бет бар және ол
қытай қағазында өте ұқыпты жазылған. Шығыстың ойшылдары салған жолмен
жүріп, ғалым өз еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа арнап жазды. Автор
өзінің жылнамаларында Шығыс елдері мен қалаларына шолу жасап, қазақтың кең
даласын мекендеген түркі тайпалары мен руларына тарихи анықтама мен түсінік
береді. Қараханидтер дәуіріне тоқтала келіп, автор оғыздар туралы өз
пікірін айтады. Парсы тілінде жазылған Рашид-ад-диннің "Жами ат-тауарих"
атты жылнамалық кітабына сүйене отырып, ғалым Шыңғысханның өзі мен оның
әулеті туралы көптеген тарихи деректер келтіреді. Бұл еңбекте қазақ
хандарының өмірі мен қызметі, қазақтың даласы, қалалары туралы құнды
материалдар бар. Кітаптың XIII-XVI ғасырларда қазақ жерінде болған тарихи
оқиғаларға арналған бөлімі аса қызығушылық тудырады. Бұл бөлімде XVI
ғасырдағы қазақ хандықтарының ішкі және сыртқы жағдайы туралы, қазақ
тайпаларының құрылуы, қазақ хандықтарының халықаралық және қоғамдық-саяси
ахуалы, патриархалды-феодалдық қатынастардың қалыптасуы, сұлтандар, бектер,
хафиздар және баска әлеуметтік топтар туралы құнды материалдар көп.
Жылнамада Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы бойынша көп құнды
мәліметгер кездеседі. Автор ежелгі қазақ тілін жетік білген.
Қадырғали Жалайырдың жылнамасы - ежелгі қазақ тілінде жазылған алғашқы
тарихи туынды. Ғалымдар оның еңбегінің ғылыми құндылығын жоғары бағалап,
оны Орта Азия мен Монғолияның көптеген көрнекті тарихшыларымен тең дәрежеде
деп санайды. Қадырғали Жалайырдың ғылыми еңбегін атақты орыс ғалымдары,
Қазан университетінің профессорлары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, академик
В.В.Вельяминов-Зернов жоне Ш.Уәлиханов жоғары бағалаған.
Көрнекті жазушы Мүхтар Мағауинның "Аласапыран" роман-дилогиясына басты
кейіпкер болған бұл бабамыз туралы алдымен айтылар әңгіме мынау. Ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz