XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басында қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басында қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы3
Патша үкіметінің көздеген саясаты және бұратана атанған халық өкілдеріне білім беру қажеттігі7
Алғашқы қазақ зиялыларының арман-мақсаттары13
Қорытынды15
Пайдаланған әдебиеттер тізімі16
КІРІСПЕ
XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп таңылды.
Патша өкіметінің кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын аңғарылады. Отаршыл билік қазақ халқының мүдделері мен кұқықтарын елемей, оның рухани дамуын тежеді.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезеңде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық санасезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалықтары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардың шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді.
Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезең болып табылады.
XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басында қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
Революцияға дейін Қазақстанда мұсылман мектептері мен медреселерде, не «орыс-қазақ», «бұратаналық», ауылдық мектептерде окып, бастауыш білім алуға болатын еді. Мұсылман мектептері мен медреселері байырғы ұлттардың балаларына білім және тәрбие берудің негізгі, ал Ресейдің отарлауы басталғанға дейін бірде-бір буындары болды. Бұл мектептер мен медреселердің басты мақсаты діни білім беру болғанымен, олардың оқу бағдарламаларында зайырлы пәндердің де елеулі орын алғанын атап өткен жөн. Оқыту және тәрбиелеу әдістерінің қаншалықты жетілдірілмегеніне карамастан, бұл мектептер мен медреселер мешіттің ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің де мүдделеріне қызмет етті. Медреселердің оқу бағдарламаларына пәндердің мынадай топтамалары енгізілді: 1) араб тілі, грамматика, морфология, синтаксис, этимология, араб риторикасы, араб тарихы, Құран оқу туралы ғылым және ғылыми-мәдени пікір-сайыстар; 2) дін ілімі мен заңтану Құранның мазмұны мен маңызы, құқық, діни ережелер, мұраны бөлу тәртібі туралы ілім, заңтану негіздері; 3) философия, логика, математика, география, астрономия, химия және жаратылыстану ғылымдары.
Отарлау кезеңінде, әсіресе XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында өкімет орындары мұсылман мектептерінің өміріне араласпау туралы сөз жүзінде мәлімдей отырып, орыс бұратана ұлттар мектептері желісін кеңейту және басқа да шаралар арқылы медреселерде оқитын балалар санын азайтуға қол жеткізді. Патша үкіметі жаңа әдіспен оқытатын мұсылман мектептерінің қызметін бейтараптандыру жөнінде белсенді шаралар қолданды, олар қазақ халқының арасында исламшылдық және түрікшілдік идеяларды тарату жөніндегі қамалдар деп қарастырылды.
Діни мектеп ретінде, мұсылман оқу орындары діни мекемелерге ғана бағынышты болуға тиіс еді, сондықтан да мұсылман мектептерінің ықпалын шектеп, оларды азаматтық мектептермен қосуға наразылық білдірілді. Алайда бүған қарамастан 1874 жылы Қазақстаннын мұсылман мектептері Халық-ағарту министрлігіне тікелей бағындырылды. Империялық үкімет мұнымен тоқталмай, 1876 жылы мұсылман мектептеріне орыс сыныптарын енгізу арқылы орыстандыру жөнінде тағы бір ірі қадам жасады. Халық ағарту министрлігінің ресми мандатын алған орыс әкімшілігі мұсылман мектептерінің жанынан орыс сыныптарын ашуға белсене кірісті, мұның өзі мұсылман мектептері жанындағы орыс сыныптары орыс мемлекетінің үстемдігін орнықтыруға қажет деп санаған отаршылық өкімшіліктің қалың тобына қатты ұнады. «Көшпелі болса да, мұсылман болса да, қазақ орыс тілін білуге тиіс, өйткені бұл - Мемлекеттік тіл, үкіметтік және сот орындарында іс сол тілде жүргізіледі».
Мұсылман оқу орындарына қатаң талаптар қойылды, олардың бүзылуын отаршылдық әкімшілік үнемі қудалап отырды. Бірақ бұған қарамастан, Қазақстан аумағында мектептер мен медреселер саны үздіксіз өсе берді, өйткені оқуға тілек білдірушілер саны барған сайын арта түсті.
Дәстүрлі мектептердегі оқуды бітіргеннен кейін қазақтар өз балаларын шәкірттерді жаңа әдіспен оқытатын Уфадағы «Ғалия», Орынбордағы «Хусаиния», Троицкідегі «Расулия», «Уазифа» сияқты ірі медреселерге оқуын жалғастыруға жіберетін.
Басқаларымен салыстырғанда, «Ғалия» медресесінде мына пәндер: шығыс тілдері, логика, философия, тарих, математика, география, орыс тілі, адам физиологиясы оқытылатын. Бұл медресенің қабырғасында 300-ден астам қазақ баласы білім алды. Олардың арасында қазақтың белгілі зиялылары, жазушылар Б. Майлин, М. Жұмабаев, педагог-ақын Т. Жомартбаев, М. Оразаев, Н. Манаев, Ж. Тілепбергенов, М. Тұрғанбаев, Ғ. Қайыров, Ә. Сұлтанов және басқалар бар.
Медресенің тәрбиленушілері озық демократиялық идеялардың ықпалына түсті. Олар ескі оқыту әдістеріне, артта қалушылық пен надандыққа қарсы шықты. Шәкірттер арасында ұлтты түлету, өз елінің тарихын, әдебиеті мен тілін оқып-үйрену, зерттеу идеялары кең таралды. «Ғалия» медресесінің қазақ шәкірттері жастарды әдебиетке тарту мақсатымен 1916 жылдан қолжазба «Садақ» журналын шыгарып тұрды. «Садақ» журналы апта сайын шығарылды, оның редакторлары сол жылдары медреседе оқып жүрген Б. Майлин мен Ж. Тілепбергенов болатын. «Садақ» журналы елді жаңғыртуды қазақ әдеби тілін дамыту, ұлттық әліпбиді қалыптастыру, ана тілінде оқулықтар шығару проблемасымен ұштастырды. Елдің көзін ашып, рухани түлеуге үндеген озык ойлы жас зиялы азаматтардың соңына түскен полициялық бақылаудың құпия хабарында былай деп жазылған: «Олар қазақ тілінде теріс бағытта шығарылған, Уфада басылған кітапшаларды әкеліп, халық арасында таратады. Кітапшалар арасынан: «Оян, қазақ!», «Тұр, қазақ!» және «Маса» мысалдар жинағы мәлім, аталған басылымдарда қырғыздардың (қазақтардың) құқықсыз ауыр жағдайы туралы айтылады, аграрлық мәселе қозғалып, қазақтардың пайдалануындағы жер мөлшерініңтарылғаны көрсетіледі».
Практикалық қызмет нәтижесінде «Ғалия» медресесінің шәкірттері қазақ балаларына арнап «Әліппе немесе жеңілдетілген оқыту» құралын шығарды. 1913 жылдың қаңтарында «Қазақ» газетінде «Ғалия» медресесінің қазақ оқушыларының хаты жарияланды, онда олардың өз қаражатымен кітаптар шығарғаны және тілек білдірушілердің оларды «Қазақ» газетінің баспасынан сатып алуына болатыны атап өтілген. М. Дулатов отандастарын, білімді және дәулетті адамдарды өзі өмір сүрген уақыт ішінде көптеген қазақ жастарына білім бірген «Ғалия» медресесіне материалдық көмек көрсетуге шақырды.
«Хусаиния» медресесінің қазақ шәкірттері оқытушылардың қатысуымен «Қазақ тілін үйрену жөніндегі қоғам» кұрды, оның мақсаты қазақ әдебиеті мұраларын басып шығару, қазақ тілінде мектептерге арналған оқулықтар мен кітаптар құрастыру, болашақта қазақ тілінде газеттер шығаруға жәрдемдесу болатын.
Патша үкіметі мұндай оқу орындарын орыс мемлекетінің жауы деп бағалады және олардың түркі тілдес халықтарға ықпалын шектеуге бар күшін салып ұмтылды. Ішкі істер министрі облыс губернаторына 1911 жылғы 12 желтоқсандағы құпия хатында былай деп атап өтті: «Ресейдегі кейбір мұсылман діни оқу орындары, мысалы, Қазан қаласындағы жаңа әдістемелі Галеев медресесі, Орынбордағы Хусаинов медресесі және Уфа қаласындағы Ғалия медресесі, тәжірибенің көрсетіп отырғанындай, осы училищелерде қалыптасқан жалпы бағыттың аркасында жеткілікті дәрежеде сенімді деп санауға болмайтын молдалар оқытып шығаратынына Сіздің назарыңызды аудару қажет деп есептеймін».
Патша үкіметінің көздеген саясаты және бұратана атанған халық өкілдеріне білім беру қажеттігі
Патша үкіметі қазақ халқы арасында оқу-ағарту ісін бастауыш білім берумен, яғни орыс тілін және арифметиканың жай амалдарын үйретумен шектеу жеткілікті деп санады, ал орта білім беруге, оның үстіне жоғары білім беруге ол мүдделі болмады. Отаршыл өкімет орындары бастауыш мектептерді әсте де қазақтардың толық және жан-жақты білім алуы үшін емес, болыс басқарушылары жанында тілмаш, сұлтандардың іс жүргізушілері және т. б. болып жұмыс істеуге жарарлықтай аздаған білім беру үшін ғана ашты. Орыс әкімшілігінің қазақ балаларын бастауыш оқу орындарына тарту ниетін осымен түсіндіруге болады.
XIX ғасырдың екінші жартысында дамып келе жатқан капиталистік шаруашылық жағдайында Халық ағарту министрлігінің бастауыш орыс-қазақ және орыс мектептері елдің шаруашылық өмірінің қажеттерін қанағаттандыра алмады. Ел өмірінде неғұрлым жоғары деңгейдегі оқу орындарын құру қажеттігі пісіп жетілді. Осыған байланысты өлкеде қалалық училищелер, орта мектептер (гимназиялар), кәсіптік мектептер ұйымдастырыла бастады.
Қазақстан аумағында: 1876 жылдан Верный және Орал қалаларында ерлер гимназиялары жұмыс істеді, 1871 жылы Орал мен Семейде қыздар гимназиялары ашылды. Орта мектептерде оқу үшін жоғары ақы төленуі оларға негізгі халықтың қолы жетпейтін етті. Өлкеде мектептердің үш үлгісі: педагогикалық, ауыл шаруашылық және қолөнерлік үлгілері болды. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ оқушыларына арналған интернаттар ашылды, олардың мақсаты тәрбиеленушілерді отырықшы орыс адамының тұрмысы мен өмір салтына және орыс тілін неғұрлым ойдағыдай оқуға үйрету еді. Алайда орыс өкімет орындарының қатты өкінішіне қарай, мұндай интернаттар үмітті ақтамады. Төменгі ауыл шаруашылық мектептерінің негізгі мақсаты - көшпелі қазақ қоғамында егіншілік білімін тарату, қазақ санасына отырықшы тұрмыстың көшпелі тұрмыс салтынан «артықшылығын» сіңіруге тиіс болатын.
Патша үкіметі қазақ халқы арасынан өзіне сенімді тірек жасауға, әкімшілік аппарат үшін, сондай-ақ орыстандыру рухында ағартушылық қызмет атқаратын сенімді кадрлар даярлауға ұмтылды. Оқу бағдарламаларының мазмұны да қазақ халқының экономикалық және мәдени дамуы мүдделерін негізге алмай, отаршыл әкімшіліктің қажеттері мен талап-тілектеріне бейімделді. Орыс өкімет орындарының мұндай кертартпа саясаты бүкіл отарлау кезеңінде Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орнының ашылмауына әкеп соқты. Отаршыл әкімшіліктің қазақ балаларын орта және оның үстіне жоғары білім алуға жібермеу ниеті ұлттық сана-сезімнің өсуінен, қазақ халқының отаршылдық режимге қарсы ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуінен қорқу, сондай-ақ ұлт зиялыларының пайда болуына жол бермеушілік туғызған еді.
Революцияға дейінгі Қазақстанда ұлттық орта оқу орындарының болмауы қазақтарды өз балаларын орыс оқу орындарына беруге мәжбүр етті, ал олардағы оқу үрдісінде орыс мәдениетіне басымдық берілетін және орыс тілі үстемдік ететін. Сонымен бірге революцияға дейінгі Қазақстанның көптеген прогресшіл қайраткерлерінің орыс оқу орындарында білім алғанын ұмытуға болмайды.
Бұратаналардың балалары кіре алатын алғашқы орта оқу орны Орынбордағы Неплюев әскери училищесі болды, ол кейіннен Орынбор кадет корпусы деп аталды. 1825 жылдан 1866 жылға дейін Орынбор кадет корпусын 35 қазақ бітірді. Кадет корпусының алғашқы түлектерінің бірі - Орыс географиялық қоғамының мүшесі сұлтан М. Тәукин, Орынбор өлкесінің бүратаналарға арналған мүғалімдер мектептерін құру туралы ережелер өзірлеу комиссиясының мүшесі С. Жантөрин болды. «Этнография бөліміне еңбегімен жәрдемдескені және қырғыздардың (қазақтардың) тұрмысы туралы мақалалар мен әр түрлі этнографиялық бұйымдар бергені» үшін Орыс географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталған, қоғамның Ш. Уәлихановтан кейінгі алғашкы мүшелерінің бірі М. С. Бабажановта кадет корпусының түлегі болатын.
Қазақтар оқыған оқу орындарының бірі Орынбор гимназиясы болды, 1868-1892 жылдарда гимназияда 52 қазақ оқыды. Олардың ішінде С. Сүйіншәлиев гимназияны 1877 жылы үздік бітірді; А. Бірімжанов 1891 жылы оқудағы жетістіктері үшін күміс медальмен марапатталды. Орынбор гимназиясының көптеген түлектері өз білімдерін Қазан университетінде жалғастырды. Мәселен, Қазан университетінде оқыған 25 қазақтың 10-ы - Орынбор гимназиясын бітіріп келгендер. XIX гасырдың 70-жылдарына дейін Қазан университетінде окыған қазақтар бірлі-жарым болатын. 1863 жылы университет Жарғысының қабылдануына байланысты гимназияларда курс бітірген мұсылмандар Қазан университетіне түсу құқығын алды.
Осы кезеңде жоғары медициналық білімі бар алғашқы қазақ дәрігерлері шықты. Олар негізінен Қазан, Саратов, Томск, Мәскеу университеттерінде, сондай-ақ С. Петербургтің әскери-медицина академиясы мен университетінде білім алды. Мәселен, 1868-1913 жылдарда Қазан университетінің медицина факультетін қазақтың 30 жас дәрігері бітіріп шыққан. Қазан университетінің медицина факультетін 1887 жылы бітірген алғашқы қазақтардың бірі Мұхамеджан Қарабаев болатын. Оны бітіргеннен кейін ол Қостанайда, Торғай облысының Ақтөбе, Ырғыз уездерінде дәрігер болып істеді. 1892 жылы М. Карабаев медициналық қызмет көрсету саласындағы патшалық саясатты сынағаны үшін Орынбор әкімшілігінің қырына ілігіп, аз уақытқа Самараға кетуге мәжбүр болды. Содан соң Ырғыз уезінде дәрігер болып жұмыс істей жүріп, өлкенің қоғамдық өміріне белсене қатысты. 1895 жылы ол Торғай комитетінің толық мүшесі болып сайланды, орыс дәрігерлерімен бірге медициналық қызмет көрсетуді түбірінен өзгерту және қазақ халқы арасынан медицина кадрларын даярлау жолында күресті.
Революцияға дейінгі Қазақстандағы оба ауруының тұңғыш маманы М. Шомбалов - 1899 жылы, Ә. Алдияров - 1904 жылы Қазан университетінің медицина факультетін, Н. Ипмағамбетов С. Петербург медицина академиясын 1911 жылы бітірді. Олар қазақ халқына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда көп іс тындырды, сондай-ақ Қазақстанның қоғамдық өміріне белсене қатысты. Қазан университеті ұлттық зиялылардың алғашқы кадрларын қалыптастыруда зор рөл атқарды.
Қазан мал дәрігерлік институтын қазақтар арасында алғашқы бітірушілер М. Ақтанов, Е. Құлпейісов, М. Жасмағамбетов, Ф. Иманбаевтар болды.
Ә. Бөкейханов С. Петербург Императорлық орман институтын 1894 жылы үздік бітіріп шықты.
Ж. Ақбаев, Б. Қаратаев, С. Лапин, М. Шоқаевтар С. Петербург университетінің заң факультетін бітірді. С. Жантөрин, Б. және Ә. Ниязовтар, С. Нұралыханов және басқалар С. Петербург, Қазан, Томск, Мәскеу университеттерінің заң факультетінде оқып жоғары білім алды.
1906 жылы Император I Александр атындағы С. Петербург Жол қатынасы институтын М. Тынышбаев бітіріп шықты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz