Қазақ қоғамындағы билер институтының бастаулары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Қазақ қоғамындағы билер институтының бастаулары 5
1.1 Қазақ қоғамындағы билер институтының қалыптасуы және оның даму
кезеңдерi 5
1.2 Билер институтында iс қаралуы ерекшелiктерi мен мәселелерi 15
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 19
Кіріспе
Егемендiк алған соңғы он шақты жылдың iшiнде рухани өркендеуiмізде
бiрқатар оңды өзгерiстер болды. Осы уақытқа дейiн отандық тарих сахнасынан
өшiрiлген немесе жоғалтып ала жаздаған асыл мұраларымызбен қайта қауыштық.
Ұлттық тарихымыздағы асыл қазыналарымызды қайта жандандырудамыз.
Рухани өркендеуiмiздегi келесi оңды өзгерiстердiң бiрi халықтың
тұтастай ойлау жүйесiнiң жаңғыруы. Соның нәтижесiнде қазақ халқы өзiнiң
ұлттық тарихына, елiмiздiң өткен өмiрiнде басты орын алған алып тұлғалардың
өмiрi мен қызметiне жаңаша көзқараспен қарай бастады. Сондай жаңаша
көзқараспен ғылыми талдаудан қазақтың “билер институты” да өтiп, өзiнiң
шынайы бағасын алуда.
Қазақ халқының тарихындағы билер институының қалыптасуы ерте заманнан
өз бастауын алады. Сақ дәуiрiнде нұсқасы жасалған бұл институт дами-дами
келе, ғасырлар бойғы халқымыздың сот билiгi мен әдет-ғұрып құқығының
тәжiрибесiн бойына сiңiрiп, қазақ халқының өмiрiнде басты орын алған
құқықтық институт ретiнде бола алды. Бұл құқықтық институт дәстүрлi қазақ
қоғамында болып тұратын жер дауы, жесiр дауы, құн дауы, мал-мүлiк дауы, ар-
намыс дауы және тағы басқа сол сияқты дауларды ерте кезден келе жатқан әдет-
ғұрып құқығына сүйенiп шешiп отырды.
Бүгiнгi таңда халқымыз ұмыт қалдырған өзiндiк әдет-ғұрыптарын, санаға
сiңген тәртiп пен этикалық, рухани мәдениетiнiң оңды жақтарын қайта
жаңғыртуда. Өйткенi, ендi ғана тәуелсiздiкке өз қолымызды жеткiзген сәтте,
осынау жылдар бойы қалыптасқан мол рухани байлықты келешек ұрпаққа жеткiзу
қажеттiлiгi туындап отыр. Сондықтан да ұлттық құқықтық болмысымыздың кейбiр
жекелеген құрылымдарын жаңа заман талабына қарай икемдеп жасап, пайдалану
қажеттiлiкке айналып отыр. Осындай ұлттық құқықтық болмысымыз-ды қайта
жаңғырту үрдiсiне, соңғы он жылдықта ауылдарда, аудан орталықтарында,
қалаларда ашылып, қоғамда өз орнын тауып, тұрақты түрде жұмыс iстеп жатқан
“билер кеңесi”, “билер алқасы”, “ақсақалдар кеңесi” сияқты қоғамдық ұйымдар
мысал бола алады. Қазiргi кезде елiмiзде құрылып жатқан “ақсақалдар
алқасы”, “ақсақалдар кеңесi”, “билер кеңесi” өз кезегiнде елiмiздiң ұлттық
құқықтық мәдениетi бар, зайырлы, құқықтық, демократиялық мемле-кетке
айналуына ықпал етiп, сонымен қатар, бұл қоғамдық ұйымдар заң аясында
мынандай қызметтер атқаруда:
• Қоғамдық тәртiптiң сақталуына ықпал жасауда. Мәселен, ұсақ ұрлық,
бұзақылық және ауыл арасында болып тұратын адамдар арасындағы
түсiнбеушiлiктi реттеп отырады және де халқымыздың қасiретiне айналған
арақпен күресуде;
• Жастар тәрбиесiмен айналысуда, жастарды ұлтымыздың салт-дәстүрiне,
әдет-ғұрпына және үлкендердi сыйлауға, оларға iзет көрсе-туге баулуда.
Сонымен қатар, қазақ жастарын Отанын сүюге, яғни ұлттық патриотизмге
тәрбиелеуге және ана тiлiнде сөйлеуге үйрету-мен айналысуда.
Ұлттық құқықтық болмысымыздың соңғы он жылдықта мұндай түлеп шығу
құбылысы, яғни "ақсақалдар кеңесі" сияқты ұйымдардың қоғамдық қатынастарда
өз қажеттiлiгiн табуы барлық қоғамтану ғылымдарына соның iшiнде, заң
ғылымына “билер институтының” қайта жандану құбылысын, оның құқықтық
бастауларын және мазмұнын, құқықтық табиғатын тереңнен зерттеу талабын туын-
датып, зерттеуi кезек күттiрмес мәселеге айналып отыр.
1 Қазақ қоғамындағы билер институтының бастаулары

кезеңдерi
Жалпы билер институтының пайда болуы белгiлi бiр қоғамның
қалыптасуымен, дамуымен байланысты. Қазақ рулары мен ұлыстары
қалыптасқаннан берi, өз замандастарынан озған озат ойлы, шебер тiлдi
адамдар болғаны күдiк туғызбайды. Сондықтан да билер институтының пайда
болуы мен қалыптасуы қоғамның белгiлi бiр даму сатысымен, шешендердiң
шығуымен, олардың сөздерiмен байланысты.
Сақтар мен Түркiлердiң дәуiрiнен кейiн қазақ жерiнде бiрнеше ұсақ
хандықтарға бөлiнген ұлыстардың басын бiрiктiрiп, үлкен империя құрған
Шыңғысханның қағандық дәуiрiне XII-XIII ғасыр-лардың өң бойына ой
жүгiртсек, сол қоғамдағы “бек”, “би” институт-тары о бастағы бағытынан
адаспай, ел iшiндегi саяси-құқықтық қатынастарды және билiктi ұйымдастыруда
маңызды рөлдi атқарып, кемелдене түскенiн аңғарамыз. Оған мысал ретiнде
қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түрiкпен, татар халықтарының бас биi
болған Майқы бидi алсақ, жеткiлiктi. Ол кiсi Шыңғысханның замандасы әрi оны
ақ киiзге отырғызып хан көтерген он екi бидiң төбе биi болса керек. Ол
жөнiнде дана Абай былай айтады: “...монғолдан Шыңғыс хан шыққанда, қазақтан
құтты болсынға барыпты. Бiрақ қай жерге барғаны мағлұм емес, сөйтсе де осы
Шыңғыс тауында, әскерi Қарауыл өзенiнiң бойында жатып, он екi рудан он екi
кiсi монғолдың өз заңы бойынша “хан” деген үлкен биiктiң басында, ақ киiзге
Шыңғысты отырғызып хан көтерген-дейдi. Сол он екi кiсiнiң бiрi қазақтың
Майқы би деген кiсiсi екен”. Бiр ғажабы, осы Майқы би мен Шыңғысханның
есiмi тең аталып, мемлекет басқаруда бiрiнiң iсiн бiрi толықтырып тұрған.
Дәлiрек айтқанда, “Майқы би тек қана шешендiк сөздiң майталманы, бiлгiр би,
сот үкiм-кесiмдерiне байланысты билiк айтып қана қоймай, сонымен қатар ол
сол дәуiрдегi түркi тiлдес халықтарының мемлекет басқару iсiне өлшеусiз
үлес қосқан, саяси мәселелердi түйiндеп, шешiмiн шығара бiлген мемлекет
қайраткерi болды”.
Дегенмен де, XII-XIV ғасырлар аралығындағы монғол үстемдiгi тұсында,
халықтың қайнаған ортасынан шығып беделге ие болған бек пен билер қатаң
әскери-әкiмшiлiк жүйенiң тасасында қалып қойды. Себебi, Шыңғыс хан алып
монғол империясын құра отырып, егер төре тұқымдарының арасында алауыздық
бола қалған жағдайда, ру-тайпа жетекшiлерiнiң тарапынан төнетiн қатердi
жақсы түсiнсе керек. Сондықтан да Шыңғыс хан өзiне тәуелдi ру-тайпа
жетекшiлерiнiң өз бетiнше билiк етуге шектеу қойды. Бiрақ та “...тарихи
қалыптасқан қоғамдық құрылымды бұза алмайтынын жақсы түсiнген Шыңғысхан,
монғол империясының әлеуметтiк-қоғамдық өмiрiнiң негiзгi бөлiгi ретiнде
ондық, жүздiк, мыңдық және түмендiк сияқты қатаң сатылы әскери жүйенi
енгiздi”. Осы әскери құрылымдарды басқаруды өзiнiң туысқандары мен
балаларына берген хан билiгi шексiз болды. Хан билiгiнiң шексiз болуына
Шыңғысханның заңдар жинағы “Ұлы яссының” да елеулi ықпал еткенi айқын.
Мысалға алсақ, “яссының” бiр бабында ру-тайпа басшыларының ең беделдi
дегенiнiң өзi қылмыс жасап, кiнәлi болған жағдайда, ханның жазалау үшiн
жiберген қызметшiсiне қарсылықсыз бағынуы тиiс деп көрсетiлген.
Байқап отырғанымыздай, Шыңғыс ханның билiк құрған кезiнде бек, би
институттары қоғам өмiрiнде өздерiнiң дәстүрлi үлес-салмағын төмендетiп
алғанмен де, өздерiнiң ғасырлар бойы қалыптас-қан бағытынан адаспай, ел
iшiндегi тәртiптi сақтап, даулы мәселелер бойынша билiк шешiмдерiн шығарып
келдi.
Ал ендi XV-XVI ғасырларға келетiн болсақ, бұл уақыт аралығында бек, би
институттары бiраз кемелденiп, өсе түстi. Осы кезеңдегi би институтына
халықпен тығыз байланыстылық, қоян-қолтық араласу, жаугершiлiк заман
талабына бейiмдеушiлiк сияқты көрiнiстер тән. Осы кезеңдегі билер туралы
азды-көптi деректер халықтың ауызша айту дәстүрi бойынша бiздiң заманымызға
дейін жеткен. Осындай деректiң бiрi қазақ мемлекетiнiң құрылуына байланысты
болып келедi. Оның өзi де “билер институтының” көрнектi өкiлi Ақжол бидiң
атымен байланысты.
XV ғасырдың 50-60 жылдарындағы Өзбек хандығының билеушiсi Шейбан
ұрпағы Әбiлхайырдан Орда-Ежен ұрпақтары Керей мен Жәнiбектiң өз алдына
мемлекет құрып бөлiнiп кетуi - арғын руының биi, әдiлеттiгi үшiн Ақжол би
атанып кеткен Дайырқожаның атымен тығыз байланысты. Осы оқиға туралы
Шәкәрiм Құдайбердiұлы былай дейдi: “...Әбiлқайырға өкпелеген себебiн бiздiң
қазақ былай айтады. Бiздiң осындағы арғындардың арғы атасы Дайырқожа ханның
сүйiктi қазысы екен, әдiл айтқандықтан Ақжол атаныпты. Және қара Қыпшақ
Қобыланды батыр да сүйiктi екен. Екеуi iшiнен жауласып жүргенде, бiр күнi
далада Қобыланды батыр Дайырқожаны өлтiрiп кетiптi. Мұны әз-Жәнiбек хан
бiлiп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтiруге сұрапты. Әбiлқайыр
хан берейiн десе, қара Қыпшақ бұзылатұғын болған соң, бере алмай үш кiсiнiң
құның алып бiтiм қыл деген соң, әз-Жәнiбек хан өкпелеп Есен-бұғы билеп
тұрған Шағатай ұлысына қарасты Шу мен Қозыбасты төңiрегiне көшiп кетсе
керек”.
Көрсетiлген кезеңде қазақ қоғамындағы билер институты басқа әлеуметтiк
құрылымдардан бөлек, өз алдына жеке құрылым деп айтуға келмейдi. Өйткенi,
билер “қара қылды қақ жарған” әдiлеттiгi-мен де, суырып салма жыраулығымен
де би, батыр, жырау, шешен, ақын ұғымдарын бiр басына сыйғыза бiлген
қоғамдық-саяси қайраткер болды. Осы туралы шығыстанушы ғалым Н.Өсерұлы
өзiнiң “Шариат” атты зерттеу еңбегiнде “билер өз елiнiң тарихын, шежiресiн
жетiк бiлген заңгер ғана емес, сонымен бiрге әрi ақын, әрi жырау болған”,-
деп жазды. Әдетте билерден шешендер саны көбiрек болған. Әр ауыл сайын би
болуға қажеттiлiк те болмаған. Ал шешендер әр ауылдан табылған, кейде тiптi
бiреу емес, бiрнешеуi болған. Осыған байланысты шешен атаулының бәрi де
шетiнен би атанбаған, ондай құрметтi атаққа екiнiң бiрi ғана қолдарын
жеткiзген. Ал би атанғанның бәрi дерлiк заңгер де, шешен де, ақын да, жырау
да, ал тiптi кейбiреулерiнiң iшiнде қол бастаған батыр да болған.
Осы XV-XVI ғасырлардағы билер институтының көрнектi өкiлдерi болып
табылатын Бәйдiбек би 1365-1419, Асан қайғы шамамен 1370-1466 жылдар
аралығында өмiр сүрген, Қазтуған жырау XV ғасырларда өмiр сүрген,
Шалкиiз жырау 1465-1560, Дос би 1570-1627, Жиембет жырау XV-XVII
ғасырлар аралығында өмiр сүрген өз дәуiрiндегi атақты билер, жыраулар,
батырлар болып, тек ел iшiнде болып тұратын құн дауы, жер дауы, жесiр дауы,
мүлiк дауында әдiл билiк айтып қана қоймай, сонымен қатар сол кездегi
хандардың ақылшысы, ел басқарған саяси қайраткерлер болған. Мысалға алсақ,
Майқы бидiң алтыншы ұрпағы болып табылатын атақты Асан қайғы тек қана ел
қамын ойлап, қайғы шеккен жырау емес, ол сонымен қатар әз-Жәнiбектiң
ақылгөй биi болғаны белгiлi.
Алтын Орданың ыдырауы дәуiрiнде XV ғасыр өмiр сүрген Асан-қайғы
алдымен Сарайда, кейiн Қазанда Ұлық-Мұхаммед ханның ықпалды билерiнiң бiрi
болған. Егде тартқан шағында Дештi Қыпшаққа қайтып оралады, өмiрiнiң соңғы
кезеңi жаңа құрылған қазақ мемлекетiнде Керей мен Жәнiбек хандардың
төңiрегiнде өтедi. Алтын Ордадан бөлiнген рулар Шу, Сарысу бойына
орналасқан соң, ел iргесi берiк, ағайын арасы тату болу жолында күрескен
Асан-қайғы, ең алдымен хандық билiктi күшейту және елдiң қорғаныс қабiлетiн
арттыру қажет деп санап, Жәнiбек ханды: “уақытша табысқа масаттанып кеттiң,
қазақ халқының болашағын жете ойламайсың” деп сөгедi. Оны мына бiр өлең
жолдарынан көруге болады:
“Ай, хан, мен айтпасам бiлмейсiң,
Айтқаныма көнбейсiң
Ай, Жәнiбек ойласай”,-деп Жәнiбек ханды
азғантай табысқа масаттанбай, мемлекеттi күшейту жолында жұмыс iстеу
керектiгiн айтады. Асан қайғы туыстас руларды бiр орталыққа бағынған
мемлекет етiп ұйымдастыруда, қазақ хандығын нығайту жолында елеулi еңбек
жасаған саяси қайраткер болды. Бiздiң заманымызға жеткен толғауларынан оның
өз дәуiрiнде болып жатқан саяси өзгерiстердi жете түсiнгенi, Алтын Орданың
орнында пайда болған ұсақ хандықтардың бәрi де құрып бiтетiнiн болжай
алғандығы көрiнедi.
Осы кезеңдегi билер институтының тағы бiр белгiлi өкiлi - 1570-1627
жылдары Ташкент шаһарында дүниеге келген Досмұхамбет би де өз дәуiрiнде
тапқырлығымен, шешендiгiмен, әдiл билiгiмен, қайырымдылығымен халықтың
құрметiне ие болған. Оның әдiлдiгi мен қамқорлығын көп көрген ел оны өзiне
жақын тартып, ақылгөй басшы санап, “Дос би” деп атаған. Дос би сонымен
қатар Тәуекел ханның ақылшысы және оның дербес биi де болған.
Өз кезегiнде Шалкиiз, Жиембет жыраулар тек қана ақын-жырау емес,
сонымен қатар ел билеуге араласқан саяси қайраткер ретiнде халық жадында
сақталған. Мәселен, Жиембет жырау Еңсегей бойлы ер Есiмнiң кiшi жүздегi
елдi басқарған биi және әскербасы қызметiн атқарған. Есiмнiң көршi
хандықтармен арадағы соғыстарында ерлiгiмен, iскерлiгiмен танылып, батыр
атанған мемлекеттiк қайраткер болған.
Ал мұнан кейiн, XVII-XVIII ғасырларда сот рәсiмiн терең бiлiп,
өздерiнiң әдiл шешiмдерiмен, өнегелi сөздерiмен, қол бастаған батырлығымен
халықтың қайнаған ортасынан шығып, әлейiм жұртқа танылған, саяси-қоғамдық
қайраткерлердiң бiр тобы келгендiгi белгiлi. Олар: Ақтамбердi жырау (1675-
1768 жж. өмiр сүрген), Тәттiқара ақын (туған-қайтыс болған жылдары
белгiсiз), Бұхар жырау 1668-1781жж., Үмбетей жырау (1706-1778жж.), Жанақ
ақын (1770-1856 жж.) Шал ақын (1748-1819 жж.) және тағы басқалары.
Бұл саяси қайраткерлер өз заманында ел басына күн туған қиыншылық
кезде де, ел жиналған айт, ас, той тұсында жер дауы, жесiр дауы, құн дауы,
мүлiк дауы көтерiлген кезде ел тағдырын “тура жолдан таймай” әдiлдiкпен
шешiп отырған. Билер қазақ хандығындағы iшкi саяси-құқықтық қатынастарды
реттеп қана қоймай, сонымен қатар хандықтың сыртқы қарым-қатынастарын
реттеуде де үлкен үлес қосқан мемлекеттiк қайраткерлер болды. Көрсетiлген
кезеңдегi билер өз заманында даналықтары тасқан, шешендiктерi асқан, өз
заманында тек құқықтық iстермен айналысқан адамдар емес, сонымен қатар
бұлар дипломаттар, мемлекет қайраткерлерi, замана даналары, қазақ
мемлекетiнiң бүкiл еуразиялық биiгiне көтерiлуге үлес қосқан адамдар болды.
Аталған есiмдерге зерттеу еңбегiмiздiң келесi бөлiмдерiнде толығырақ
тоқталамыз. Сондықтан да қазiр тек қана “билер институтының” белгiлi бiр
құқықтық құрылым ретiнде қалыптасып дамуын ғана қарастырамыз.
Билер институты XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамындағы өзiне ғана
тән классикалық түрiне келiп, қоғамда белгiлi бiр әлеуметтiк құрылым
болғанға дейiн бiрнеше сатыдан өттi.
-Билер институтының құқықтық бастаулары сақтар дәуiрiне сай келдi.
Яғни сақтар дәуiрiндегi ру-тайпа жетекшiлерi, ақсақалдар қоғамдағы саяси-
құқықтық қатынастарда үлкен де маңызды орын алды. Бұл кезенде ру басылар,
ақсақалдар сот iсiн, ру iшiндегi әр түрлi шаруашылық iстердi және де соғыс
пен бiтiм жариялау мәселелерiн қарастырып отырды. Уақыт өте келе, халық
санының өсуi және қоғамдық қатынастардың жандануы, шаруашылықтың ұлғаюы
адамдар арасындағы келiспеушiлiктiң, даулардың көбейуiне себеп болды.
Мұндай жағдай осы дауларды басқа мәселелерден жеке дара алып қарауды және
онымен кәсiби түрде шұғылданатын адамдар болуын қажет еттi. Бұл адамдар топ
iшiнде шешен сөйлей алатын және өзiне дейiнгi дауларды шешуде қолданған
әдет-ғұрыптарды, әдiстердi есiнде сақтауға мiндеттi болды. Ал бұл өз
кезегiнде бек, би институттарының нұсқасының жасалуының алғашқы түрi болып
табылды.
-Ежелгi түркiлер дәуiрiндегi VI-XI ғасырлардағы Қарлұқ мемлекетi,
Түргеш қағандығы, Қарахан мемлекетi тәрiздi саяси бiрлестiктердiң
әлеуметтiк құрылымынан орын алған бектер мен билер қоғамдағы қатынастарға
бiршама араласып қоғамда туындап тұратын дауларды шешумен және де әскери
қызметтермен айналысып отырды. Бұл билер институтының жеке құрылым ретiнде
бiртiндеп дамып келе жатқан үлгiсi болды;
-Түркiлер дәуiрiнен кейiн қазақ жерiнде бiрнеше ұсақ хандықтарға
бөлiнген ұлыстардың басын бiрiктiрiп, үлкен империя құрған Шыңғысханның
қағандық дәуiрiнде билер институты бiраз кемелдене түстi. Бұл дәуiрде билер
институтының көрнектi өкiлдерi Майқы би, Бәйдiбек би сияқты тұлғалар
айқындалды;
-XIV-XVI ғасырларда халық ортасынан шыққан билердiң беделi күшейе
түстi. Өйткенi, әрқайсысы өз алдына хандық құрып, билiк жүргiзгiсi келген
төре тұқымдары, халықтың қайнаған ортасынан шыққан бектер мен билерсiз
халықтың қолдауына ие болмайтынын жақсы түсiндi. Ал мұндай жағдай өз
кезегiнде бектер мен билердiң қоғамдағы маңызын арттырды;
-Ал мұнан кейiнгi XVII-XVIII ғасырларда билер институты өзiне ғана тән
классикалық үлгiсiне жетiп, өз алдына тәуелсiз институт болды. Олар қазақ
қоғамындағы iшкi тәртiптерден бастап, адамдардың өзара мәмiлесiнiң бұзылуын
және сол кезенде болып тұратын құн, жесiр, жер, мал-мүлiк дауларын қарап өз
шешiмдерiн берiп отырған. Бұл тұстағы билер институтының функциясы тек қана
iшкi саяси-құқықтық қатынастарды реттеумен шектелiп қана қоймай, сонымен
қатар сыртқы саяси қарым-қатынастарды реттеуде де маңызды рольдi атқарған
саяси тетiк те болып табылды.
Бұл кезеңде “би” ретiнде халыққа танылудың өзi оңай болған жоқ. Екiнiң
бiрi “би” бола алмады. Қазақта би болу үшiн немесе би атағын алу үшiн қазақ
азаматына бай болу немесе хандықтың басында тұрған адамның ханның,
сұлтанның ықпалы қажет болмады. Тек халықтың әдет-ғұрпы мен сот заңдарын
терең бiлiп, оны өзiнiң көркемсөз әлде көсемсөз өнерiмен, яғни сөзуарлық
талантымен көпшiлiк алдында сынға түсетiн адамды аса құрметпен “би” атағы
дәрежесiне жеткiзетiн. Бұл құрметтi атаққа жету үшiн ол әлгi өнерлерiн,
яғни құқықтану бiлiмiн және сот iсiнiң шеберi екенiн халық алдында әлденеше
рет көрсетуге тиiстi едi. Сонда оның атағы ел арасына тез жайылып, халыққа
танылады. Осылай би атағы мен дәрежесi бiр жағынан халық данасы болса,
екiншi жағынан сот пен адвокат қызметiн атқаратын едi.
Өз кезегiнде “би” болу туралы Ш.Уәлиханов былай дедi: “қазақтарда
құрметтi би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты
билеп отырған өкiметтiң бекiтуiмен емес, тек сот рәсiмiн терең бiлетiн,
оған қоса шешендiк өнерiн меңгерген қазаққа ғана берiлген. Би атану үшiн
қазақ халық алдында әлденеше рет шешендiк сайысқа түсiп, өзiнiң заң-жораны
бiлетiндiгiн, шешен-дiгiн танытатын болған. Мұндай адамдардың есiмi желдей
есiп, әлейiм жұртқа таралып, бiрiне емес бәрiне де танылған”. Дәл осыған
ұқсас пiкiрдi Абай да айтады: “...бұл билiк деген бiздiң қазақ iшiнде әрбiр
сайланған кiсiнiң қолынан келмейдi. Бұған бұрынғы “Қасым ханның қасқа
жолын”,“Есiм ханның ескi жолын” әз-Тәукенiң Күлтөбенiң басында күнде кеңес
болғандағы “Жетi жарғысын” бiлмек керек. Һәм, ол ескi сөздердiң қайсысы
заман өзгергендiктен ескiрiп, бұл жаңа заманға келмейтұғын болса, оның
орнына татымды толық билiк шығарып, тiлеу саларға жарарлық кiсi болса
керек”.
Ш.Уәлиханов пен Абайдың бұл пiкiрлерiне қарағанда қазақ қауымында “би”
атағын алу үшiн адамға екi шарт қойылғанын байқаймыз. Бiрiншiсi, әдет-ғұрып
заңын жетiк бiлу және заман өзгергендiгiне байланысты уақыт талабына сай
жаңа заң нормасын шығара алатындай болу керек. Екiншiсi, алдына келген
адамдарды сөзбен үйiрiп алып кететiн табиғи шешендiк қабiлетi болу керек
болды.
Шын мәнiнде би атану оңай шаруа болмаған. Би болу, Әйтеке би сөзiмен
айтар болсақ “дұрыс сөзге тоқтай бiлген, басқаны сөзге тоқтата бiлген”
өнерлi адамның қолынан келген. Ол үшiн кейiнгi билер өзiнiң алдында өмiр
сүргендердiң тәлiм-тәжiрибесiн үйренген, ретi келсе халыққа әдiлдiгiмен,
данышпандылығымен көзге түскен дуалы ауыз билерден бата алуға тырысқан.
Бата алу сол би болар адамның болашақта би атануына, оны халықтың
мойындауына үлкен септiгiн тигiзген. Өйткенi, беделдi билер екiнiң бiрiне
бата бермеген. Олар алдына келген адамға сұрақтар қойып, оның ойлау
қабiлетiн сынаған. Сұраққа ойға қонымды жауап берген адамға ғана батасын
берiп, дұрыс жолдан таймауына тiлеулестiк бiлдiрген.
Өз кезегiнде бүткiл алты Алашқа атағы шыққан Төле би де, Қазыбек би де
Әнет бабаның қасына көшiп барып, айлап-жылдап жатып, қазақтың әдет-ғұрып
құқығын, шариғат заңдарын үйренген, батасын алған. Осы сияқты әрi батыр,
әрi шешен Қошқар ұлы Жәнiбек Төледен, Датұлы Сырым Малайсары биден бата
алған. Демек, қазақта аға буын ақындар мен шешендерден, билерден ақыл-кеңес
сұрап, бата алу бейне бiр ұстаз алдында емтихан тапсырып, сыннан өткенмен
бiрдей болған.
Қазақта би болудың екi жолы танылған. Соның бiрi ата жолын қуу
дәстүрi. Яғни, бұл жол бойынша атасы, әкесi би болған бала осы қасиеттi
бойына сiңiрiп, әкесiнен тәлiм-тәрбие алып, оның iсiн әрмен қарай
жалғастырып отырған. Мысалға алсақ, XVIII ғасырда Орта жүздегi Қаракесек
руынан шыққан белгiлi Қазыбек бидiң үшiншi ұрпағына дейiн осынау құрметтi
би атағы сақталған. Осыдан адамды “би” деп тануға, оның ата-бабасының “би”
болғаны да үлкен септiгiн тигiзгенiн байқауға болады. Сонымен қатар “би”
деп тану үшiн ата-бабасының “би” болуы мiндеттi де болмады. “Кей-кейде өте
дарынды адамдар, халықтың әдет-ғұрпын бiлетiндiгiмен және асқан
шешендiгiнiң арқасында би атанатын.” Яғни, ата-бабасы “би” болмаған адамдар
да өздерiнiң табиғи қабiлетiнiң арқасында, бiлiмдар болып, қазақтың әдет-
ғұрып құқығымен сот iсiн жақсы меңгерiп, ел iшiнде болып тұратын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz