Қазақ атауының мән - мағынасы туралы
Жоспар
Қазақ атауының төркіні туралы 1
Қазақ атауының мән – мағынасы туралы 5
Қазақ деген сөздің қайдан шыққаны туралы 14
Пайдаланған әдебиеттер 16
Қазақ атауының төркіні туралы
Бір ұлттың атының этнонимінің шығу тегі, мән-мағынасы мен сөз төркіні
тұманды мәселе, қай қашанда тарихнамада талай пікір туғызып, айтыстар
көтеріліп, сан алуан жорамал-жоруларды жарыққа шығаратын және бірауызды
шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Бейне сол сияқты, қазақ атауының
шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселеде талай заманнан бері
талқыланып, сан алуан жорамал-жорулар мен дәлел-деректер, келелі пікірлер
айтылып келе жатқан кәделі мәселе. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселе ғылымда
дәл, тоқ етер жауап жоқ. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құралу,
қалыптасу тарихы мен уақытынын қазақ атауының деректемелерде жарыққа
шығуынан ажырата білу керек. Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен
оның атының тарихи деректемелерде жарыққа шығуы үнемі бір уақытта бола
бермейді, ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының
шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі
тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселелерінің бірі.Сондықтан қазақ
тарихын баяндаудан бұрын, қазақ атауы туралы бұрынды-соңды айтылған
болжал-пікірлер мен дәлел-деректердің басты-бастыларына тоқталуды тиімді
көрдік.
Қазақ атауының төркіні, қай кезде, қалай пайда болғаны жайында сан
алуан пікірлер айтылып келеді. Еліміздугі зерттеушілердің бұл жөніндегі
болжал-пікірлерінің бастыларын мынадай үш түрге бөлуге болады:
1.Қазақ деген атау 15-ғасырда жарыққа шыққан. Жәнібек және Керей
бастаған көшпенді тайпалар 15-ғасырдың 60-шы жылдарында Әбілқайыр ханның
үстемдігіне қарсы шығып, Шығыс Дешті қыпшақтан батыс Жетісуға, Шу өзені
бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар қазақ деп аталды. Мұның
мағынасы: Өз ұлысынан бөлініп шыққан, қашақтар деген сөз еді. Бұл кейін
келе қазақтардың атына айналған деседі.
2. Ежелгі Жұңго жылнамаларындағы үйсін, усын яки асу деген ұлыс
аттары қазақ атауының дыбыстық дыбыстық баламасы дейді. Жаң Шимаң, Хи
Шиутау қатарлы зерттеушілер осы пікірді қуаттайды.
3. Қазақ атауы Таң патшалығы тарихында (7-8 ғасырларда) қаса,
хаса түрінде жазылған. Бұл атаудың тарихи деректемелерде жарыққа шығуы
тым ерте деп есептейді.
Қазақ атауы ерте кезде қазақтармен қарым-қатынас жасаған, жазу-сызу
мәдениеті бар елдердің көбінің жазба деректерінде, атап айтқанда ханзу,
араб, парсы, византия, орыс, моңғол және түркі тілдеріндегі жазбаларында
кездеседі. Бұл елдердің тіл өзгешелігі мен жазу-сызудағы дағды-дәстүрлеріне
сай, қазақ атауы әр алуан формада-аса, каса, хаса, хайсақ, қасақ, көсек,
гәсуг, гасаг, хасық, т.б. болып жазылып келген. Біз енді деректерге
аялдаймыз.
Араб саяхатшысы және жазушысы Мұхаммед Әл-Ауфи 1228-жылы Индияда
Таңдаулы әңгімелері мен аңыздар жинағы (Жәмих әл хикаят о Доам Әлроят)
атты кітап жазған. Осы кітапта: Алтайды мекендеген қарлықтар тоғыз ұлысқа
бөлінген, бұлардың ішінде үш тайпа шығыл үш ұлыс қазақ бар дейді.
Қарлықтардың Жетісудағы өкімет билігін қолына алып, Қарлық қағандығы құруы
766-жылдағы оқиға болатын.
982-жылы парсы тілінде жазылған Хұдұд Әл-Ғалам (Әлем шекаралары) атты
кітапта Алан мемлекетті және оның қалалары жайында тоқталып: Алан елінде
қасақ деген ұлыс бар дейді.
Шығыс әдебиетінің әйгілі классиктерінің бірі - Әбілқасыым Фердоуси (940-
1020) өзінің Шахнама атты эпопеясында: Қазақ, Қазақ хандығы деген ел
көк теңіздің (Арал теңізі) солтүстігін мекен етіп тұрған күшті және көп
санды ел деп, Тұранның жауы Иранды қорқытпақ болған.
Оныншы ғасырда араб авторы Мәсғудидың шығармасында қазпақ деген халық
аты аталады. Түркия профессоры З.У.Тоған тоғызыншы ғасырда араб авторы
Әбдһам Әл-Купидің шығармасында қазақ деген сөздің бар екендігін атап
айтады.
Византияның императоры Константин Порфирордный (905-959) өз
жазбаларында Кубаннан шығысқа қарай мекендеген елді Қазақия деп аталған.
Ол кезде (10-ғасырда) Кубанның шығыс жағында қазақ халқының құрамындағы ең
зор, саны мол тайпалардың бірі қыпшақ елі тұрғандығы тарихқа әйгілі. Егер
қыпшақтар өздерінің қазақ деп атамаған болса Константин Порфирордни оны
қалай ойлап тапсын. Ал ол кезде орыс пен украин казачествосының аты да,
заты да жоқ еді.
Оныншы ғасырдан бастап орыс жылнамаларында да қазақтар туралы бірсыпыра
деректер берілген. 965-жылы жазылған Повесть временных лет жынамасында
968-жылы орыс князы Сватославтың Кубань өзеннің оңтүстігіндегі қасақтарға
әскери жорық жасап, оларды жеңгендігі баяндалған. 102-жылы Тмутаракан князы
Мстислав қасақтарға шабуыл жасаған. 1066-жылы Тмутаракан князы Ростлав
қасақтардан салық алып тұрған.
Орыс шежірешісі Никонның мәліметінде: Кавказға келіп, оңтүстік Ресейге
шабуыл жасаған Шыңғыстың әскерлері бұдан бұрын да қазақтарды бұлап-
талаған деп жазады. Осыған үйлесетін дерек, Моңғолдардың құпия
шежіресінде де кездеседі. Онда: Солтүстік жақтағы қаңлыларға,
қыпшақтарға, бай жігіттерге, орыстарға, мажарларға, сасаларға, шеркештерге,
бұлғарларға жорыққа аттанып, Еділмен Жайық өзеніне өтіп, Киев қаласына
шабуыл жасау жөнінде Сүбітай батырға бұйрық берілді, делінген. Орыс
шежірешісі Никон қазақтар деп осы жолғы шабуылға тап болған қаңлы,
қыпшақ, байжігіт, аса, т.б. ұлыстарды айиып отырған көрінеді.
Мауараннахрдың билеушісі Әмір-Темірдің жылнамасында: һижрияның 737-жылы
(жаңа эраның 1356-жылы) қазақтардың Мауараннахрға шабуыл жасағандығы
жазылған.
Зерттеуші П.Путков өзіінің Қазақ атауы туралы деген мақаласында:
Грузия аймағында 1480-жылдары көшіп жүрген түркі тектес халықтар бізге
қазақ деген атпен белгілі дейді.
Орыс тарихшысы Карамзин: 1481-жылы Алтын Орданың ақырғы ханы Ахметке
шәйбандық Ибақ хан 100 мың қазақпен шабуыл жасады, сондай-ақ ноғай
мырзалары Мұса мен Жаңбыршы 15 мың қазақпен шабуыл жасап, Ахмет ханды
өлтірді деп жазады.
Әйгілі тарихшы, этнограф, тіл ғылымы А. Вамбери 1885 жылы баспадан
шыққан Түрік халықтарының этнологиясы мен этнографиясы деген кітабында
көптеген жазба деректер келтіре отырып, қазақ деген аттың 9-10 ғасырларда
ел таныған, әлемге әйгілі халықтың аты болғандығын айтады, сонымен бірге
қазақ атты халықтың сол уақытта болғандығын дәлелдейді. Қазақтың
антропологиялық типтік ерекшеліктерінің, кейіп-келбетінің мәліметтерін
жинап, зерттей келіп... қазақ халқының тіпті ертеде, оныншы ғасырдан ілгері
қалыптасқан антропологиялық ерекшелігі бар, деп батыл тұжырым жасайды.
Моңғол Халық Республикасы Ғылым академиясының қызметкері Ісләм Қабышұлы
хасаг деген сөздің моңғол әдебиетінде оныншы ғасырдан бастап белгілі
болғанын, моңғолдардың Батырлар жыры мен Бабалар шежіресінде хасаг
(қазақ) деген сөздің кездесіп отыратынын атап көрсетеді. Автордың айтуына
қарағанда, ерте кезде моңғолдар көшіп жүргендерді қасақтар, деп атаған.
Телқожа Жанұзақов: Қазақ атауы Кавказдағы түркі тайпалары құрамында
алтыншы ғасырдан бастап жалпы есім және этнотермин ретінде кездескен...
кейіннен оныншы, он бірінші ғасырларда да осы қазақ сөзі түркі тайпалары
арасында кеңінен тараған. Қыпшақтардың, ноғайлардың ішінде де қазақтар
болған дейді.
Біз жоғарыдағы жазба деректер мен дәлелдерден қазақ атауының
тоғызыншы, оныншы ғасырлардан бұрын-ақ төңіректің төрт бұрышына таныс,
әлемге әйгілі ат болғанын көреміз, бұл атау оныншы ғасырдан кейін тіпті де
кең тараған. Демек, қазақ атауы тек 15-ғасырда ғана жарыққа шыққан
дейтін пікір дәлелсіз, жетпей айтылған жадағай тұжырым.
Ежелгі усин, үйсін яки асо деген ұлыс аттары қазақ атауының
дыбыстық баламасы дейтін пікір де орынсыз. Өйткені үйсін мен қазақ
атауы дыбыстық жағынан тым алшақ, оның үстіне қазіргі қазақ арасында үйсін
ұлысының аты сақталып отыр. Егер үйсін мен қазақ бір сөз болса, онда қазақ
атауымен қоса үйсін аты сақталмаған болар еді. Қазақ - жалпы халықтың
аты. Үйсін - қазақтың құрамындағы ұлы жүз ұлысының аты, қазіргі қазақтар
бұл ұғымды екі басқа түсінеді.
Қазақ атауы Таң патшалығы тарихында (7-8 ғасырларда) каса, хаса
түрінде жазылған деген пікір өте дәлелді. Жұңгоның 7- ғасырдағы Таң
патшалығының жаңа тарихы атты кітабының Парсы тарауында: Парсылар шығыс
жақта тохар, қаңлылармен шекаралас, олардың солтүстік жағында түріктердің
каса ұлысы тұрады, деп жазылған. Иуан патшалығы тарихындағы аудармаларға
қосымша атты кітапта: Түріктер мейлінше күшейген кезде... олардың батыс
бөлегін каса яки хаса ұлыстары қоныстанады. Батыс елдерінің ежелгі
деректерінде бұл ұлыс – қазақ деп аталған. Каса яки хаса деген атау осы
қазақ атауының дыбыстық баламасы дейді. Ханзу тілінің дыбыстық жүйесінің
дамуы мен өзгеруіне байланысты ханзу әрпі әр дәуірде әр түрлі дыбысталып
(оқылып) отырған. Сондықтан, ханзу тарихшылары ұқсас бір ұлттың атын түрлі
дәуірде түрліше әріптермен таңбалап отырған. Бұл әріптер өз дәуірінде сол
ұлтттардың атын едәуір дұрыс бейнелеген. Бұл әріптердің ерте замандағы
оқылуымен қазіргі оқылуының – арқасында айтарлықтай айырма бар. Демек, 7-8-
ғасырлардағы көне жазу тілінде жазылған тарихтардағы каса, хаса, аса,
кіса, хса, касо деген халық аттары қазақ атауының сол замандағы
көне ханзу тіліндегі дыбыстық баламасы екені анық. Жоғарыда баяндалған
батыс пен шығыстың тарихшыларының деректемелерінде оныншы ғасырдан бұрын
пайда болған қазақ атауы осы пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.
Тарихи деректердің қисынына қарағанда, осы Таң патшалығы тарихында
кездесетін қаса, хаса, аса атауларын Таң патшалығы тарихында
кездесетін тайпа аты аса (янса) мен байланыстыра зерттеуге болады.
Кейінгі хан патшалығы тарихы, батыс өңір шежіресінде: ... алаңдардың
бұрынғы аты аса дейді. Уи хандығы тарихының түсіндірмесінде: Аса елінің
тағы бір аты - Алан деп жазылған. Кейінгі хан патшалығы тарихы, батыс
өңір шежіресінде: Аса мемлекеті өзінің атын Алан бірлестігі деп өзгертті,
олардың жерлеріндегі қалалар қаңлы еліне тәуелді деген дерек беріледі.
Бұған қарағанда, аса мен алан бірге жасаған тұтас екі тайпаның аты
болған, асалар үстем орынға шыққанда бұл екі тайпа аса деп аталып жүрген.
Кейін келе алаңдар үстем болғанда алан бірлестігі деп аталған. Тарихшы М.
Ақынжановтың айтуынша, осы алан ұлысы кіші жүз алшын тайпасының арғы тегі.
Оның үстіне қазақтың кіші жүзіндегі алшын, алаша, алаш деген тайпа аттары
тіл тұрғысынан қарағанда алан атауымен түбірлес.
Алан (аса) тайпалары заманымыздан бұрынғы үшінші ғасырдан бастап Арал
теңізі атырабы мен қазіргі Батыс Қазақстан өңірін мекен еткен. 982 – жылы
парсы тілінде жазылған Хұдұд әл – ғалам атты кітапта: Аландар елінде
қасақ (қазақ) ұлысы бар деп көрсетілген. Әбілқасым Фердауси осы Арал
теңізінің солтүстігін мекендеген халықты қазақ десе, Константин
Порфиродни осы өңірді Қазақия деп атаған. Осы деректерге, әсіресе Хұдұд
әл - ғаламдағы деректерге қарағанда, аландардың қосарлы аты болған аса
да қазақ атауының хан әулеті кезіндегі дыбыстық баламасы болып шығады.
Демек, қазақ атауы жазу тіліндегі деректерде, аса, каса, хаса,
хасақ түрінде жазылып келген. Ежелгі замандағы хан патшалығы тарихы
қатарлы деректерде алан мен аса деген аттың қосарлана қолданылуы
қазақтың шежірелері мен тарихы аңыздарында қазақ пен алаш атауының
қосарлана қолданылуын еске түсіреді.
Жоғарыдағы жазба мәліметтер қазақ атауының тарихи деректемелерде
жарыққа шығуының ерте екендігін дәлелдейді. Алайда, қазақ атауы
деректемелерде жарыққа шығысымен халық атына айналған. Мысалы: кіші жүз
алшын ұлысының құрамындағы жеті ру (кердері, керейт, табын, тама,
жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары қарт қазақ деп те аталып жүрген.
Қазақ атауы кейін келе кеңейіп халық атына, ұлт атына айналған.
Қазақ атауының мән – мағынасы туралы
Қазақ атауының мән – мағынасы туралы айтылған пікірлердің бірсыпырасы
қазақ халқының арасында сақталған тарихи аңыздар мен шежіре деректерді
сабақтаудан туған. Қазақ аңыздары мен шежірелері: қазақ, алаш және
жүз (үш жүз) деген атауларды бір – бірімен байланыстыра баяндайды. Қазақ
арасына таралған тарихы аңызда: ерте заманда Қалша Қадыр деген батыр
қолбасшы болады, ол шеру тартып, қол бастап, талай – талай жорықтар мен
соғыс шайқастарын бастап өткізеді. Бір жолғы жорықтағы шайқаста ауыр
жараланған Қалша Қадыр елсіз, сусыз жапан түзде жалғыз қалады. Жарақаттан
қиналып, шөлден бұрлығып, әбден болдырған қолбасшы қанша қарманса да жүруге
шамасы келмей жығылады. Өлім халінде жанталасып жатқан кезде аспаннан бір
ақ қаз (аққу) ұшып келіп аузына су тамызып, оны шөлден құтқарып алады да,
айдын шалқар көл жағасына бастап барады. Бұл қаз, аққу болып құбылып келген
перизат – ақ қыз екен, үстіндегі аққу терісін сыпырып тастап, ару қызға
айналып, Қалша Қадырдың жарасын емдеп жазады. Қалша Қадыр осы ақ қызға
үйленеді, бұдан туған ұл қазақ атанады. Қазақтан: Ақарыс, Бекарыс және
Жанарыс деген үш ұл туады. Ақарыстан ұлы жүз,Бекарыстан орта жүз,
Жанарыстан кіші жүз тайпалары тарайды, - дейді.
Бұл аңызда қазақ халқының негізін салған қыз бейнесі ерек
сипатталады. Бұл аңыздың тегі аналық дәуірде аққу – қазға сиынып, оны
төмендік нышан етіп табынған аналық рудың сәбилік санасынан туғандығын
байқатады. Қазақтың қыпшақ тайпасында қаз деген ру бар. Ерте кезде Балқаш
көлі қаз суы деп аталған. Сол маңда қаз қаласы дейтін қала да болған.
Аққу – қаздың кейпіне кіріп, аспаннан ұшып келіп айдын көлге шомылған
перизат аруларға ғашық болып үйлену, қазақ ертегілерінде көп кездесетін
оқиғалардың бірі. Қазақтар ақ қазды, аққуды киелі құс есептеп, оны атуға
тыйым салады. Қазақтың ел ақтаған бақсы – дуаналары аққудың терісін басына
киіп, оған сиынады. Қазақтар өлген аққу – қазды керегеге іліп қояды,
қауырсындарын балаларының омырауына тағады. Бұлардың бәрі аққу мен қазға
сиынатын ертедегі төмендік ұғымның сарқыншақтары.
Жоғарыда айтылған қазақтың халық аңызы мазмұндас мәліметтер жұңгонің
жазба деректерінде кездеседі: Түріктердің арғы тегі Шу елінен шыққан, олар
ғұндардың солтүстігінде тұратын, олардың тайпа бастығының аты Апаң еді, ол
ағайынды он жеті ұл болған... осылардың бірі Еженшидо күн жайнататын киелі
адам екен. Ол екі әйел алыпты, мұның бірі жаз перісі, енді бірі қыс перісі
екен. Осы әйелдерінің бірі төрт балалы болыпты, бұл баласының бірі ақ қазға
аққуға айналып кетіпті, енді бір баласы Абақан өзені мен Кен өзенінің
арасын мекендеп, кигу (қырғыз) атаныпты... дейді. Заманымыздан бұрынғы 2 –
ғасырдағы үйсіндер туралы деректемеде: Үйсін елін жау шауып, үйсін Күнбиі
Нәнді биді өлтіріп, жаңа туған баласы Елжау биді ен далаға тастап кетеді,
бұл баланы көк бөрі емізіп, құстар жем тасып беріп, қанатының астына алып
асырайды.
Бұл деректердің түп төркіні өз заманында ел аузынан алынған тотемдік
аңыздар екені даусыз. Бұл аңыздардың шыққан заманы да тым ерте, осыдан екі
мың жыл бұрын жоңгоның Тарихи жазбалар, Хан патшалығының тарихы сияқты
жазба деректеріне енген.
Қазақ халқы арасына кең жайылған тағы бір тарихи аңызда қазақ, алаш
және үш жүз деген сөздердің шығу төркіні туралы былай баяндалады: Есте
жоқ ерте заманда Сыр бойында отыз екі рулы елді билеген Қызыл арыстан деген
хан болады. Бұл ханның жасақтары мен төлеңгіттерін бастап соғыс жорықтарына
аттанып ырғын олжа, көп тұтқын түсіріп қайтып отырады. Бұл жорықта асқан
сұлу қыз тұтқын болып қолға түседі, хан бұл қызды алады. Бір мезгіл өткен
соң ханның әлгі тұтқын әйелі жүкті болып, тұла бойы түгел ала ұл туады.
Мұны сұмдық жаман ырымға жорыған хан да, қарашалар да қатты қысылып,
қайтерін білмейді. Ханның бәйбішесі: ала баланы аулаққа апарып,
Сырдарияның суына тастап жіберіп, құтылуды ұйғарады. Ханның жасауылдары мен
бөкеулдері ала баланы апарып Сырдарияның суына тастап жібереді де, қайтып
кетеді. Сырдариядан балық аулап жүрген кедей қария, дарияда ағып бара
жатқан баланы көріп, секіріп суға түсіп, құтқарып алады да, шөп күркесіне
алып келеді. Бұл қария баласыз адам екен, ала баланы асырап, ер
жеткізеді. Кедей шалдың шөп күркесінде өскен ала бала – асқан ақылды және
батыр азамат болып, Алаш деген аты жұртқа жайылады. Мұны естіген хан оны
ордасына әкелмек болады. Бірақ ханның қасындағы қарашылары Қотанбай мен
Майқы би ала баланы ордаға әкелмей, қасына жүз жігіт қосып беріп, өз еркіне
қоя беру керек деген кеңес береді. Хан бұл кеңеске мақұл болады. Сонымен
Қотанбайдың үлкен ұлы Үйсін бастаған жүз жігіт Алашқа барып қосылады,
келесі жылы Қотанбайдың ортаншы ұлы Болат бастаған жүз жігіт барып
қосылады, үшінші жылы Қотанбайдың кіші ұлы Алшын бастаған жүз жігіт барып
қосылады. Бұлардың бәрі де ержүрек жігіттер екен.
Осы үш жүз жігіт ешкімге бағынбай Алашқа еріп, еркін жүріп, ерлік
жорықтар жасап, төңірегіндегі елдерді бағындырып қазақ деп аталады. Мұның
мәнісі: ержүрек еріктілер, еркін адамдар деген сөзі еді. Кейін бұлар
бас қосып ақылдасып, Алашты ақ киізге отырғызып, хан көтеріп, Алаш хан
(Алаша хан) атандырады. Өзара кеңесіп өріс – қоныстарын бөліседі.
Қотанбайдың үлкен ұлы Үйсін бастаған жүз жігітке (ұлы жүз) Сырдарияның
басындағы жерлер, Қотанбайдың ортаншы ұлы Болат бастаған жүз жігітке (орта
жүз) Сырдарияның орта өңіріндегі жерлер, Қотанбайдың кіші ұлы Алшын
бастаған жүз жігітке (кіші жүз) Сырдарияның төменгі сағасындағы жерлер
беріледі. Қазақ қауымы өз еркімен Алашқа барып бас қосқан осы үш жүз
жігіттен таралыпты. Қазақтардың: Атамыз Алаш, атымыз қазақ, үш жүздің
ұрпағымыз, дейтіні осы екен деседі.
Түркия тарихшысы Зәки Уәлиди Тоған: Қазақ деп асылында бір саяси
мақсатты көздеп, саяси көтеріліс жасау нәтижесінде салт яки үй ішімен бірге
өз қауымынан бөлініп шығып иенге кетіп, өкімет билігін қолына алуға орай
күтіп тау – тасқа бекініп, оқшау өмір өткізген адамдарды айтқан. Қазақ
деген ат алғашында сұлтандарға ғана тән еді. кейін оларға қарасты
тайпалардың және олар құрған мемлекеттің атына айналды дейді.
Шоқан Уәлиханов: қазақ сөзі әскери термин ретінде қолданылып
ержүрек, батыл деген мәнді білдіргенін баяндайды.
Атақты ғалым В. В. Радлов қазақ деген атауды: тәуелсіз, еркін,
ерікті адам деп мағыналаған. Ал А. Н. Самойлович: қазақ сөзі әлеуметтік
тұрғыда белгілі бір мәнге: батыл, ержүрек, ерікті адам деген мағынаға ие
деп жазады. Қазақ шежіресінің авторы Шәкәрім Құдайбердіұлы да осы
жоғарыдағы пікірлерді жақтайды: қазақ дегеннің мағынасы өз алдына ел
болып, еркін жүрген халық деген сөз деп түсіндіреді..
Жоғарыда баяндалғандардың басым көпшілігі өткен ғасырда, атап айтқанда,
Қазан төңкерісінен бұрын тарихи әдебиетте кең етек алған пікірлер болатын.
Ал кейінгі кездерде бұл айтылғандардан тыс, бірсыпыра соны пікірлер айтылып
жүр. Бұлар қазақ деген атауды ежелгі заманда қазақ даласын мекендеп, қазақ
халының құрамына қосылған тайпалар мен халықтардың аттарына байланыстыра
зерттеп, тіл, тарих этнография, тағы басқа ғалымдар негізінде тұжырым
жасайды. Бұл пікірлерді айтушы ғалымдар: Ә.Қайдаров, Ә. Құрышжанов, А.
Абдырахманов, Ө. Қойшыбаев, А. Ақынжанов, А. Н. Бернштам, ттғы басқалар,
біз енді осы пікірлерді шолып өтейік: Ә.Қайдаров. Ө. Қойшыбаевтар қазақ
сөзін екі мүшеге бөліп қарайды да, қаз сөзінің бастапқы төркінін қазіргі
Қазақстан жерінде 5 – 8 ғасырларда өмір сүрген аз деп таниды. 10 – 11
ғасырға дейін түркі тілдерінде, сөз басындағы көмейлік Х дыбысы пайда
болғанға дейін, ол этноним ұяң қалпында аз, қатаң тұлғада ас
формаларында қолданылғанын дәлелдейді. Осы қазақ этнонимінің дыбыстық
өзгерістер нәтижесіндегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz