Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде қалыптасуының аяқталуы
ЖОСПАР
1. Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы 2
1. Қазақ халқының шығу тегiндегi антропологиялық және этникалық жақтары
2
2. Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде
қалыптасуының аяқталуы 5
3. Қазақ хандығының құрылуы 8
2. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі 11
§1. Көтерілістің басталу себептері, сипаты және қозғаушы күштері 11
§2. Көтерілістің Жетісу және Торғай облыстарындағы орталығы 14
Қолданылған әдебиеттер тізімі 19
1. Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы

Демограф ғалымдарының зерттеулерi негiзiнде қазiргi кезеңде дүние
жүзiнде мыңнан астам халықтар бар деп есептеледi. Әрбiр халықтың жеке халық
болып қалыптасуы үшiн көптеген тарихи кезеңдердi басынан өткiзуiне тура
келедi. Бұл күрделi процесс бiр немесе екi ғасырдың iшiнде болмайды, халық
болу үшiн бiрнеше ғасырларды керек етедi. Мәселен, Қазақстан жерiнде халық
болып құрылу процесi алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейiн қола
дәуiрi мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңi) темiр дәуiрi (б.д.д. VII-IV ғғ.)
кезеңдерiнен немесе бұл кезде өмiр сүрген ру-тайпалардың өсiп-өркендеуiнен
басталады. Олар негiзiнен Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден
мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бiрлестiктерiнен
құралған. Археологиялық деректерге сүйенетiн болсақ, олар мал
шаруашылығымен, егiншiлiкпен, металл өндiру және оны өңдеумен айналысқан.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуiрдегi кезеңдерiн зерттеп жүрген
ғалымдардың пiкiрлерiне қарағанда, бiздiң жерiмiзде қола дәуiрi Андрон,
Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi мен темір дәуiрiнде өмiр сүрген тайпалардың
сақ, сармат т.б. иран тiлдес болғандығы айтылады. Сондай-ақ, ғалымдардың
көрсетуiнше бұл кездегi тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық
белгiлерi бар европеидтiк нәсiлдер екендiгi көрсетiледi. Қазақ халқының
бастауы болып табылатын, керек болса, сақ тайпаларының тiкелей жалғасы
болып үйсiн, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректерi "өзi сары, көзi
көк, ат жақты сэ сақ тайпалары үйсiндердiң арасында жүр" – деп көрсетедi.
Бұл сақтардың жалғасы үйсiндер екендiгiне ешбiр талас тудырмайды.
Қазақ халқының шыққан тегi туралы көптеген аспектiлерi iшiнен өзектi
ретiнде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерiн бөлшектеп алған
жөн. Жоғарыда айтылғандай Орта Азия мен Қазақстан өңiрiнде осы екi
процестiң екеуi де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегi тарихын екi
аумақты кезеңге: үндi-еуропалық және түрiктiк кезеңге бөлуге болады.
Бiрiншi кезеңде лингвитсикалық тiл жағынан Қазақстан тұрғындары үндi-
еуропалық топтың ежелгi иран тобына кiредi, яғни бұл кез б.з. дейiнгi III-I
мыңжылдықтарды қамтиды.
Екiншi кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелi
тайпалардың, соның iшiнде ғұндардың, Батысқа қарай қоныс аударуына
байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы-үйсiн мен қаңлылар ғұн
тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Ол қалай болды? Б.з.б. I ғасырда Солтүстiк ғұндардың құрамына кiрген
көптеген түркi тiлдес тайпалардың бiр бөлiгi Орталық Азиядан Тянь-Шань
арқылы өтiп, Қаңлы тайпалық бiрлестiгiмен көршi-қолаң отырды. Ғұндардың
Қазақстанға өтуiнiң екiншi толқыны б.з. 2-ші ғасырдың бiрiншi жартысында
орын алды. Бұл кезде Солтүстiк ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс
Қазақстан мен Жетiсуға қоныс аударып, VI ғасырға дейiн өмiр сүрген Юэбань
мемлекетiн құрды. Ғұндардың бiрiктiрушi рөлiнiң арқасында сырттан келген
тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы iске асты. Мұның өзi
тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелдi және сол
этникалық процестердiң бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттiк
жағдайда түркi тiлiнiң одан әрi дамып жайылған аймақтарда сол сияқты сыртқы
моңғол түрiнiң белгiлi әсерi де көбейдi.
Сөйтiп, үйсiндер мен қаңлылардың моңғолоидтық нәсiлге өтуi басталды.
Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. I-V ғасырларын қамтиды, мұның
өзi жергiлiктi жұрттың кескiн-кейпiне, оның тiлiне белгiлi дәрежеде әсер
еткенi даусыз. Оның үстiне бұл тайпалық одақтардың қоныстарына жүргiзiлген
археологиялық зерттеулер олардың әдет-ғұрып, салт-санасында, дiни-наным
сенiмдерiнде бiрiн-бiрi қайталайтын ұқсастық қасиеттерiнiң барлығын
байқатады. Олардың жұрттарынан табылып жүрген ыдыс-аяқ, құрал-сайман, төрт-
түлiк үй жануарларының сүйектерi, егiн егуге қажеттi құралдар, қол
диiрмендер т.б. өмiрге қажеттi бұйымдардың табылуы, олардың да бiр-бiрiне
ұқсастығын, экономикалық жағынан бұлардың арасында ешбiр қайшылық жоқтығын
дәлелдейдi.
Ал, б.з. VI ғасырынан бастап үйсiн, қаңлы және басқа тайпалар тарих
сахнасынан көрiнбейдi, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан
жерiнде, әсiресе оңтүстiк аймақта шығыстан Алтай, Сiбiр жақтан келген түркi
тайпаларының басымдылығы болса керек. Олар негiзiнен: Байырқу, Бұлақ,
Қарлұқ, Кимек, Едiз, Қыпшақ атты тайпалары. VI ғасырда Қазақстан жерi
түгелдей құдыреттi бiр тұтас мемлекет – Түркi қағанаты құрамына кiрдi.
Жазба деректерден алғаш Түрiк қағанатының 542 ж. одан кейiн Батыс түрiк
қағанаты 603 ж. сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгiлi. Осы
қағанаттықтардың құрамында 30-дан астам түркi тiлдес ру-тайпалардың
болғандығы тарихта айтылады. Үйсiндер мен қаңлылар осы тайпалармен
араласып, сiңiсiп кеткенге ұқсайды. Тоныкөк жазуында "бұрынғы үйсiндердiң
жерiн жайладық" – деген сөздерге қарағанда, олар расында да түрiктерге
тәуекелдiлiкке түскен. Сөйтiп, VI-VIII ғасырда олар түркi тiлдес болды
деген болжамдар айтылады.
702 жылы Батыс түрiк қағанаты тарағаннан кейін оның орнына Түргеш
қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.), Оғыз мемлекетi (IХ
ғ. соңы – ХI ғ. Басы), Кимек қағанаты (893 ж – ХI ғ. Басы), Қыпшақ хандығы
(ХI ғ. – 1219 ж.), Қарахан мемлекетi (942-1212 жж.) өмiр сүрдi. Осы
мемлекеттердiң iшiнде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсiресе екi
мемлекеттiң тарихи рөлi ерекше болған. Оның бiрiншiсi – Қыпшақ хандығы (ХI
ғ. – ХIII ғ.) Ертiс пен Едiл арасындағы кең байтақ жердi иемдендi. Қыпшақ
хандығының құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңiне аяқ
басты. Осы бiр даму кезеңде қыпшақтар мекендеген этникалық территория
қалыптасып, ол қазақ халқының қазiргi территориясының көпшiлiк бөлiгiн
қамтыған. Бұл кезде қазақ тiлiнiң негiзi - әдеби қыпшақ тiлi құралып,
сонымен қатар қазақтардың өзiне тән антропологиялық кескiнi қалыптасты.
Қыпшақтардың құрамы болған сол бiр этникалық қауымдастық – қазақ халқының
шығу тегiмен байланысты. Қазақ этнотегiнде қыпшақтар этнос ретiнде маңызды
рөл атқарды. "Қазақ" сөзiнiң шығу тегiнiң өзi қыпшақтар мекен еткен
аймақтарда пайда болды деуге толық негiз бар. Кейбiр турколог ғалымдардың
пiкiрiнше, "қазақ" терминiнiң таралу аймағы Шығыс Дештi-Қыпшақ даласымен
және iргелес Мәуеренахр өлкесiмен байланысты.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен екiншi мемлекет – ол оңтүстiк,
оңтүстiк Шығыс Қазақстанда өмiр сүрген Қарахан феодалдық мемлекетi. Бұл
мемлекеттiң кезiнде халық болып қалыптасу пiсiп-жетiлiп, қалалық өмiр
өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көршi жатқан елдермен сауда
қатынасы артып, жалпы мәдени-экономикалық дамуы өскен. Бұл мемлекетте
қарлұқтардың ықпалы күштi болды. Қарахан мемлекетiнде феодалдық қатынастар
түрi қоғамның барлық саласын қамтыды. Шығыстан моңғол тектес көшпелi
халықтардың жасаған шапқыншылығы Оңтүстiк және Оңтүстiк-шығыс Қазақстанның
қалыптасқан этникалық жайына оншалықты өзгерiс жасай алған жоқ.
Дегенмен Алтай жақтан ығыса келiп, өздерiнiң мемлекеттiк бiрлестiктерiн
құрған Наймандар мен Керейлер Қарахан мемлекетiнiң этникалық құрамына
елеулi әсерiн тигiздi. Кейiн Найман және Керей тайпаларының атауы сол
күйiнде қазақтың генеологиялық құрылымына ендi.
Бiрақ осы бiр сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың
қарақытайлықтардың шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетiнiң жағдайы
нашарлап кеткен. ХІІІ ғасырдың басында Қарахан мемлекеті қайта дамып келе
жатқанда моңғол шапқыншылығы басталды, сөйтiп халық болып қалыптасу процесi
тоқталды. Сондай-ақ, осы кезде Қазақстанда халық болып қалыптасудың екiншi
бiр ошағы болған Орталық, Солтүстiк, Шығыс және Батыс Қазақстан жерiндегi
Қыпшақ мемлекетi де ауыр жағдайға ұшырады. Өйткенi моңғол шапқыншылығы
халық болып қалыптасып келе жатқан екi ошақтың екеуiнде тас-талқан етiп
қиратты. Нәтижесiнде қазақ жерiндегi этникалық бiрлестiктердiң құрамы
бұзылып, халық болып қалыптасу процесi ХV ғасырға дейiн немесе 200 жылдай
уақытқа кешеуiлдедi.

қалыптасуының аяқталуы
Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жерiндегi ру-тайпалардың
арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-
экономикалық байланыстар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен
елдi мекендердi, егiншiлiк ошақтарын талқандап, өлкенiң өндiргiш күштерiн
күйзелттi. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үздi. Көптеген
бейбiт халық: егiншi, малшы, зергер тағы басқа да кәсiп иелерi қырылды. Iрi
ру-тайпалардың бiрсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен,
қыпшақтардың бiр бөлiгi Солтүстiк Қазақстан мен Батыс Сiбiрге көштi. Моңғол
феодалдарының, Шығыс Қазақстан мен Жетiсуда таңдаулы жайылымдарды тартып
алуы, әсiресе, жергiлiктi халықтың жиi-жиi ығысуына әсерiн тигiздi. Моңғол
әмiрлерi өз үстемдiгiн берiк ұстау үшiн жаулап алған елдердi ұлыстарға
бөлiп, этникалық жағынан туыстас жергiлiктi халықты бiр-бiрiнен бөлiп
тастауға тырысты.
Қазақстан жерiнде қаншалықты жойқын шапқыншылық болғанымен, халық болып
қалыптасудың негiзгi шарты - тiл бiрлiгi жойылмайды. Қайта, керiсiнше,
уақыт өткен сайын моңғол шапқыншыларының өздерi өз тiлдерiнен айырылып,
жергiлiктi ру-тайпалардың қалыптасқан түркi тiлiне, әдет-ғұрпына, салт-
санасына көшiп, ХIV ғ. өзiнде-ақ толық түркiленiп кетедi. Бiрақ бұл кезде
бұрынғы екi үлкен расаның нәсiлдiң байырғы еуропеидтік және кейiн
қосылған моңғолоидтық нәсiлдердiң күрделi араласу нәтижесiнде қазiргi қазақ
халқы құрамының антропологиялық, этникалық және лингвистикалық негiзде
бiрыңғай тұтас қосындысы қорытпасы келiп шығады.
Алайда, бүкiл Қазақстанның жерiнде өмiр сүрген ру-тайпалар түркi
тiлiнде сөйлегенiмен территориялық бөлiнуге ұшырап, Моғол, Әбiлхайыр,
Ноғай, Көшiм хандықтарының қол астында өмiр сүрiп жатты. Олар саяси, мәдени
және экономикалық жағынан бытыраңқы болды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты
шежiреде көрсетiлген бұл ру-тайпалардың барлығы кейiн қазақ халқының
құрамына кiрген.
ХIV-ХV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негiзiнде Моғолстан,
Ақ Орда, Әбiлхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүрiп жатқан
феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара
бiрiгу, топтасуға ұмтылу процестерi барған сайын белең алды. Қазақстанның
ежелгi тайпалары өз мекендерiнiң тарихи-жағрафиялық, экономикалық және
саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына түрлi тайпалық одақтар
мен ертедегi феодалдық мемлекеттерге кiруi байланысты этникалық жағынан
бiртұтастық пен бүтiндiкке ұмтыла отырып, үш негiзгi этникалық - шаруашылық
топқа бөлiндi. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты.
Олар: Ұлы, Орта және Кiшi жүз. Ұлы жүздiң орталығы – Жетiсу, Оңтүстiк
Қазақстан, Орта жүздiң орталығы – Орталық Қазақстанда және Кiшi жүздiң
орталығы – Батыс Қазақстанда болды.
Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетiсу жерiн түгел жайлайды. Оның құрамына
үйсiн, қаңлы, дулат, албан, суан, сiргелi, ысты, ошақты, шапырашты,
жалайыр, шанышқылы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кiредi. Орта жүз Орталық
Қазақстан аудандары мен Солтүстiк-Шығыс Қазақстанның бiр бөлiгiн қоныс
етедi. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты
тайпа-рулары бар. Кiшi жүздiң мекенi – Сырдарияның төменгi жағы, Арал
теңiзiнiң жағалауы, Каспий ойпатының терiскей бөлiгi. Оның құрамындағы
тайпалар одағы - Әлiмұлы қарасақал, қаракесек, кете, төртқара, шөмекей,
шектi; Байұлы адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, берiш, есентемiр,
қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар; Жетiру табын, тама, кердерi,
жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан. Жүздердiң ұйымдасқан уақыты, қалай
құрылғаны әлi жете зерттелмеген.
Үш жүздiң пайда болуына ертедегi ел билеудiң әскери тәртiпке
негiзделуiнiң де әсер етуi ықтимал. Қазақтың үш жүзi ешқашанда бiр-бiрiмен
жауласып, өзара араздыққа барып көрмеген. Керiсiнше, олар қазаққа қауiп
төнгенде, қазақ халқының тағдыры шешiлер сәтте хандары, батырлары, билерi,
тағы да басқа беделдi адамдары арқылы бiр жерден табылып, мәселенi бiрiгiп
шешiп отырған. Жоңғарларға қарсы соғыста солай болды. Қазақтар үш жүздiң
бiрлiгiн қадiрлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидiң "Жүзге
бөлiнгеннiң жүзi күйсiн" – деуi де осыдан.
Мұндай үштiктiң шығуына, бiр жағынан, Ақ Орда, Ноғай Ордасы және
Әбiлхайыр хандығының құрылуы, Моғолстанның оқшаулануы түрiк және
түрiктенген моңғол тайпаларының қазақ халқы болып бұрынғыдан да жедел әрi
топтасу процесiнiң күш алуы көмектестi. Екiншi жағынан, қазақ тайпаларының
феодалдық мемлекеттердiң бұл жүйесiнде ұзақ болуы қазақ халқының үш
этникалық тармақ, үш жүз болып қалыптасуын негiздедi.
Әрбiр жүздiң тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негiзiнде топтасқан,
өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған едi. Олардың тiлi,
материалдық тұрмыс-мәдениетi жөнiнен басқа жүздердiң тайпаларынан ешбiр
айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, ХV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар
түрiк тектес халық болып топтасты да, кейiнiрек "қазақ" деген этникалық
ортақ атауға ие болды, сөйтiп халықтың қалыптасу процесi негiзiнен
аяқталды. Бiрақ ол процесс кейбiр себептермен байланысты кешеуiлдеп барып
iске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кiрген тайпалардың
бiрнеше мемлекет құрамына енгенi, кейбiр жеке тарихи қалыптасқан
бөлшектердiң бытыраңқылығы себеп болды. ХIV-ХV ғғ. көптеген жұрттың көшiп-
қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темiрдiң соғыстары кезiнде моғол
топтары Жетiсудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбiлхайыр тұсында оған
Моғолстаннан калучи және бұлғашы тайпалары көшiп келедi. Бiр кездерi
керейлер Жетiсудан Орта жүзге кетiп қалады, маңғыт-ноғайлар батыстан
Сырдария бойына ауып келедi. ХV ғасыр бiтер шақта Мұхаммед Шайбани ханға
ерiп, Шығыс Дештi-Қыпшақтың көптеген рулары мен тайпалары Орта Азияға
ауысты. Мiне, осының бәрi саяси жағдайды тұрақсыздандырып, Қазақстанның
байтақ жерiндегi халықтың этникалық бiрiгуiн қиындатты.
ХV ғ. екiншi жартысы мен ХVI ғ. қазақ халқының негiзгi этникалық
территориясын мемлекет етiп бiрiктiру, халықтың да қалыптасу процесiнiң
аяқталуын тездеттi. Қазақ хандығының бұрынғы мемлекеттермен салыстырғанда
тиянақты этникалық негiзi қалыптасып аяқталған халқы болды. Моңғол
жаулаушылығынан кейiн тұңғыш рет Шығыс Дештi-Қыпшақтың, Түркiстан мен
Жетiсудың бүкiл түрiк рулары, тайпалары түгелге жуық бiр мемлекетке
бiрiктiрiлдi. Оған бұл аймақты мекендеушiлердiң шаруашылық-саяси
тағдырларының ортақтығы және байланыстылығы үлкен әсерiн тигiздi.
Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсудың оңтүстiк-батыс территориясы баяғыдан
берi қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық орталығына
айналды. Мұнда Қазақстанның аса iрi екi этникалық қауымдастығының тоғысқан
жерi жатты. Олар – Орталық, Солтүстiк және Оңтүстiк Қазақстандағы Қыпшақ
тайпалар одағы мен Оңтүстiк-шығыс Қазақстандағы Үйсiн тайпалар одағы,
бұларға Сырдарияның төменгi ағысы арқылы Кiшi жүз тайпалары келiп қосылды.
ХV ғ. екiншi жартысынан бастап, осы бiр қалыптасқан халық өздерiнiң
көршiлерi арасында "қазақ" деген атпен белгiлi болған.
Қазақ этнонимiнiң туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушiлердiң қызу
айтыстарының тақырыбына айналған. Ол халықтың өзiнiң шыққан тегi туралы
туғызған көптеген аңыз-әңгiмелерiнде сөз болады. Кейбiр деректерде бұл
термин әлеуметтiк мәнiнде қолданылған "қашақ" деген атаудан шықты деп
есептейдi. Немесе "қазақ" атауы Жәнiбек пен Керей бастап Жетiсуға бөлiнiп
көшiп кеткен рулық одақтарды бiлдiру үшiн бастапқы кезде "өзбек-қазақ",
кейiн "қазақ" түрiнде пайдаланылған деп пайымдалады. "Қазақ" терминi 1245
жылы Мамлюк мемлекетiндегi қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ
жазба ескерткiштерiнде түрiк-араб сөздiгiнде кездеседi. Мұнда "қазақ"
деген сөз "басы бос-кезбе" деген мағына бередi. Бұл семантикалық ұғым
бойынша "қазақ" терминiне әлеуметтiк мағына берiледi, яғни еншiсi бөлек,
үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлiнiп уақытша ру, тайпалардан кетiп,
күнкөрiс үшiн әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегi екi тайпалық каспий және сақ одақтардың
атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбiр тарихшылар "хас" – нағыз және
"сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қалай дегенде де "қазақ"
этникалық терминнiң ғылыми тұрғыдан дәлелденiп, тұрақты бiр шешiмi әлi жоқ.
Сонымен, қорытып айтқанда, қазақ халқының этнос болып қалыптасуы өте
ұзақ процесс. Ол 2,5-3 мың жылды қамтитын күрделi және ұзақ даму жолынан
өткен. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының басты алты кезеңiн бөлiп
көрсетуге болады. Бiрiншi кезең – сақ және сармат дәуiрi, шамамен бес
ғасырды қамтиды б.з.д. VII-II ғғ.. Екiншi кезең – үйсiн, қаңлы және ғұн
дәуiрi б.д.д. III ғ. – б.д. IV ғ.. Үшiншi кезең – түрiк дәуiрi 542-702
жж.. Төртiншi – қыпшақ және қарлұқ дәуiрi IХ-ХIII ғғ.. Бесiншi – моңғол
дәуiрi ХIII ғ. басы – ХIV ортасы. Алтыншы – Алтын Орда тарағаннан кейiнгi
мемлекеттер дәуiрi ХIV ғ. ортасы – 1465 ж.. Мұның барлығы әзiрше алынып
отырған бөлiнулер кезеңi, бұл маңызды тарихи проблема өзiнiң одан әрi қарай
ғылыми тұрғыдан тереңiрек зерттеулерiн талап етедi.
3. Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерiнде ХIV-ХV ғасырларда орын
алған әлеуметтiк-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды
қоғамдық құбылыс. Өндiргiш күштердiң дамуы, көшпелi ақсүйектердiң
экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсiздiкке ұмтылуы, осы
негiзде Әбiлхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуi,
әлеуметтiк қайшылықтардың үдеуi ХV ғасырдың екiншi жартысында бұл
мемлекеттердiң құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Дештi Қыпшақ пен Жетiсудағы көшпелi еңбекшiлер бұқарасы феодалдық
қанаудың күшеюiне, соғыстар мен тартыстардың өршуiне, хандар мен
феодалдардың қол астынан көшiп кетiп, қоныс аударумен жауап бердi. Сөйтiп,
ХV ғасырдың 50-70 жылдары арасында Әбiлхайыр хандығынан Жетiсудың Шу мен
Талас өзендерiнiң жазығына 200 мыңдай адам көшiп келдi. Олардың бұл
жерлерге қоныс аударуының бiр себебi, Әбiлхайырдың қол астында
қанаушылықтың күшеюi болса, екiншi бiр себебi, оларды Шыңғыс әулетiнен
шыққан Керей мен Жәнiбек сұлтандардың жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ
халқының дербес мемлекетiн құру, оның тәуелсiз саяси және экономикалық
дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметi өзiнiң ықпалын тигiздi.
Олардың халық қолдаған дербес мемлекет құру саясатының нәтижесiнде
Жетiсудағы рулар мен тайпалар мемлекет бiрлестiгiнiң орталығына айналды.
Бұл арада тұңғыш қазақ хандығын құруға Керей мен Жәнiбек сұлтандардың
сiңiрген еңбегiн көрсете отырып, олардың саясатты кәсiп деп түсiнген,
жасынан қоғамдық-әлеуметтiк өмiрдiң бағыт-бағдарын ойластырып, халық, ел
тағдырына байланысты шешiм қабылдап үйренген хандардың отбасында өскен
адамдар екенiн айта кеткен жөн. Жәнiбек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын
көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы.
Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттiгi жолындағы күрестi оның
туған ұлы мен немересiнiң жалғастыруы, әрине, табиғи құбылыс.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды 1458-1473 жж.. Одан
кейiн қазақ ханы болып Жәнiбек сайланды 1473-1480 жж.. Бұлардың тұсында
Жетiсудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға
өлгеннен кейiн ондағы феодалдық тартыстардың күшеюiне байланысты, өзара
ынтымақтықты нығайта түсуге күш қосты. Әбiлхайыр хандығынан бiрқатар
рулардың ауа көшiп, Жәнiбек пен Керейдiң қол астына келуi қазақ хандығын
бұрынғыдан да күшейттi. Едәуiр әскери күш жинаған және Жетiсуда берiк
қорғанысы бар Жәнiбек пен Керей, Жошы әулетiнен шыққан сұлтандардың Шығыс
Дештi Қыпшақты билеу жолындағы күресiне қосылды. Бұл күрес 1468 жылы
Әбiлхайыр өлгеннен кейiн қайтадан өршiдi. Оның елiнде қиян-кескi қырқыс
басталып, халық ыдырай бастады. Мұны қазақ хандары Керей мен Жәнiбек тиiмдi
пайдаланды. Олар бұдан 12 жыл бұрын өздерi көшiп кеткен ата қонысы Дештi
Қыпшаққа қайта оралды. Сөйтiп, Әбiлхайыр ханның мұрагерлерiне қарсы күрес
жүргiздi. Бұл күрестiң барысында Әбiлқайыр ханның орнына отырған мұрагер
баласы Шайх Хайдар өлтiрiлдi. Әбiлхайыр ханның немерелерi Мұхаммед Шайбани
мен Махмұд сұлтан Астраханьға барып паналады. Күресте жеңiске жеткен Қазақ
хандары 40 жыл Әбiлхайыр билеген Дештi Қыпшақ даласын және ондағы көшпелi
тайпаларды өзiне қосып алды. Қазақ хандығының жерi едәуiр кеңейдi.
Керей мен Жәнiбек, олардан кейiн Мұрындық Шығыс пен Батыс арасындағы
сауда жолының үстiне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар,
Ясы (Түркiстан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату үшiн бiтiспес күрес
жүргiздi. Алайда Сырдария бойындағы қалалар үшiн соғыс Әбiлхайырдың
немересi Мұхаммед Шайбани ханмен отыз жылдан астам уақытқа созылды. Өйткенi
Мұхаммед Шайбани Астрахань қоршауынан қашып шығып, Түркiстан аймағына
келдi. Мұнда ол өзiнiң билiгiн жүргiзiп отырған Әмiр Темiр тұқымынан шыққан
Мұхаммед Мәзит тарханды паналады. Ол Қазақ хандығына қарсы Мұхаммед
Шайбаниды айдап салу мақсатын көздедi. Бiрақ бұдан ештеме шықпады. 1470
жылы қыста қазақ ханы Керей әскерлерiмен Түркiстанға шабуыл жасады. Ал
Жәнiбектiң үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екiншi
баласы Еренжi Сауранды иемдендi. Сауран түбiнде соққы жеген Мұхаммед
Шайбани Бұхараға қашты.
1472 жылы Мұхаммед Шайбани Түркiстанға қайта оралып, Ноғай ордасының
әмiрi Мұса мырзаның көмегiмен Аркөк бекiнiсi мен Сығанақ қаласын басып
алды. Бұл уақытша жеңiс едi. Мұрындық сұлтан мен Махмұд сұлтан бастаған
қазақтың бiрiккен жасақтары Қаратаудағы Соғынылық түбiнде Мұхаммед
Шайбанидiң әскерлерiн талқандады. Мұрындық сұлтан Сығанақ қаласын қайтарып
алды. Бұл соғыста күйрей жеңiлген Мұхаммед Шайбани Маңқыстауға қашты.
Сырдария жағасындағы қалалар қайтадан Қазақ хандығына өттi.
Бұл кезде Қазақ хандығына Мұхаммед Шайбанимен қатар Моғолстан ханы
Жүнiс және Орта Азия жерiнде билiк етiп тұрған Әмiр Темiр әулетiмен де
күрес жүргiзуге тура келдi. Өйткенi бұларда Сырдария жағасындағы маңызды
сауда орталықтарын өздерiне қаратып алуды көздедi. 1482-1485 жж. Моғолстан
ханы Жүнiс әскерлерiмен Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. Ал ХVI ғ.
басында Моғолстан билеушiсi Жүнiстiң баласы Сұлтан Махмұд хан Отырар
қаласын басып алып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz