Қазақтардың тұрағы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
мал шаруашылығы 2
Қазақтардың тұрағы 3
отырықшылықты егіншілік 4
қала мәдениеті 4
Қолданылған әдебиеттер 9

мал шаруашылығы

XV—XVIІI ғғ. далалық аудандардағы қазақтарда шаруашылық саласы ретінде
басым тұрғыда — тарихи қалыптасқан, қуаң дала мен жартылай шөлейт жерлердің
табиғи-климаттық жағдайына сәйкес келетін көшпелі және жартылай көшпелі мал
шаруашылығы сақталды. Малдың негізгі түлігі — қой, жылқы, түйе болды. Ірі
қара мал аз мөлшерде, негізінен алғанда отырықшылықты жерлерде өсірілді.
Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) ал-мастырып
көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы
орнықты. Сонымен, ондаған, ал көптеген жагдайда жүзден астам ауылдардан
құралуы ықтимал әрбір ру белгілі бір географиялық жер қөлемі шеңберінде
көшіп-қону дәстүрін ұстанды.
Жайылымдық қоныстардың ара қашықтығы оңтүстікте 200—300 шақырымнан
Жетісудың ендж бағытындағы далалық аудандарында 800—1000 шақырымга дейін
созылды. Қоныс орнын таңдау, әрине, тек дәстүр мен шаруашылықтық
мұқтаждықтарға ғана емес, сонымен бірге хандықтағы саяси жағдайға да
тәуелді болды.
Мешеу көшпелі мал шаруашылығы кең көлемді жайылымдық жерлердің болуын
талап етті, ал олардың әрдайымғы жетіспеушілігі көршілер арасында соғыстар
мен дау-жанжалдар туғызып отырды. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына
мейлінше тәуелді еді. Жемшөп дайындау жүргізілмеді, қыста мал тебіндеп
жайылды. Мысалы, Ибн Рузбихан көшпелілер үшін Сырдария жерінің өте бағалы
екендігін көрсете келіп, Сейхун төңірегінің бәрі қамыспен көмкерілген, мал
азығы мен отынға бай — деп жазды. Қыс сұрапыл болган жылдары малдың жаппай
қырылуы жиі кездесетін, мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп,
көбі отырықшылыққа ауысатын.
Баяу дегенмен, көшпелі мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның
өнімділігі жақсара түсті; қолайлы жылдары (ауа райы жағдайымен бірге халық
өмірінің саяси жағдайы жағынан) мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал
шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі
жетілдірілумен болды.

Қазақтардың тұрағы

Қазақтардың тұрағы киіз үй, сондай-ақ шаруашылық құралдары көшіп-қону
және мал өнімдерін өңдеу үшін жақсы лайықталғанды. Көшпелі мал шаруашылығы
қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп түрды. Бұл сала
қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ киім
материалдарын, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал
құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен
алмастыруға болмайтын.
Көшпелі малшылар үй кәсібімен, негізінен алғанда мал шаруашылығы
шикізаттарын өндеумен айналысты. Қой жүнінен киіз басты, кілемдер тоқыды,
киім тікті, мал терісінен аяқ киімдер, ыдыстар, ат әбзелдерін т. б.
әзірледі. Қазақтардың шаруашылыгы негізінен қолмен атқарылатын таза табиғи
күйінде қалғанымен, олардың қолында қала тұрғындары, егіншілер өндіретін
тауарларга, азық-түлікке айырбастай алатын басы артық өнімдері қалып
отырды. Түркістанның Сығанақ, Сауран, Асы және басқа қалаларының
базарларына көшпелі малшылар мал айдап апаратын, тері, жүн, олардан
жасалған бұйымдар, сондай-ақ суық қарулар, ағаштан, негізінен қайыңнан
жасалатын бұйымдар, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін;
аң терілерін, тон-ішіктер, тымақ-бөріктер сататын.
Малшылар бұл өнімдеріне айырбасқа Түркістан аймағы қалаларына әр түрлі
тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, балшықтан күйдіріліп және
темірден соғылып жасалатын бұйымдар, мата мен теріден тігілген дайын киім-
кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, ат әбзелдерінің
бөлшектерін, сондай-ақ әр түрлі үй аспаптарын, қарулар, қымбат металдардан
жасалатын әшекей заттар, айналар және көптеген басқа дүниелер алатын. Сауда
жасауға қазақтар да қатысатын: Олардың (қазақтардың) көпестері барған
елдердің көпестері өздеріне келіп тұратыны сияқты ислам елдеріне үнемі
қатынап келді және әлі де барып тұрады. Көшпелілердің астыққа — бидайға,
тарыға, арпаға, егіншілік пен бау шаруашылығының басқа өнімдеріне деген
және әсіресе, маталарға деген сұранымы барынша берік әрі тұрақты болды және
бұларды бәрі жаппай алып отырды.

отырықшылықты егіншілік

Әсіресе Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріндегі
қазақтар отырықшылықты және жартылай отырықшылықты егіншілік пен қала
мәдениетін жақсы білді. Далалық аудандар халқының көшпелілік шаруашылығы
мен отырықшылықты егіншілік аудандары және қала шаруашылығының тұрақты
байланысы қазақ қоғамы экономикалық өмірінің ажыратылмайтын белгісі болды.
Түркістан қалалары мен алқаптарының отырықшылықты егіншілікпен
айналысатын, этникалық жағынан араласып кеткен халықтары даланың мал
өсіруші халқымен тұрақты шаруашылық-мәдени өзара әрекеттестік қарым-қатынас
жағдайында өмір сүрді. Өз кезегінде көшпелілердін, тіпті өздері де мал
қыстататын жерлерінде егіншілік танаптарын жасап, отырықшылықты және
жартылай отырықшылықты елді мекендер тұрғыза бастады. Міне, қыстаулардағы
мүндай егіншілікпен көбінесе малдарынан және көшіп-қону мүмкіндігінен
айрылған кедей жатақтар айналысты.
Көшпелі қазақтардың отырықшылануы мемлекеттің қандай да бір басқа
жерлерінен гөрі Сырдария бойы алқаптары мен Жетісудың батыс бөлігі
аймақтарында неғұрлым шапшаң жүрді. Қазақтардың бұл өңірлерде XVI г.
отырықшылану процесі құжаттық материалдарда (шағын грамоталарында)
жазылған. Осындай грамоталардың бірі бойынша бұрындары көшіп-қонған
аймақтар (ру, тайпа) елді мекендерде (тұрақты) тұрушыларға (дихнишин),
қыстауларда (жартылай отырықшылықты) тұрушыларға (кишлакнишин) және көшіп-
қонушыларға (сахранишин) бөлінеді. Сондай-ақ көшпелі тайпалар (илатийа)
аталған. Қалаларда көбінесе өзінің сарайы маңындағылармен және әскерлерімен
хандар тұрды. Мүндай салт-дәстүр, әсіресе Түркістан жері Қазақ хандығының
құрамына кіргеннен кейін етек алды. Қалаларға бақьшау орнату тұтасынан
бүкіл қазақ жерінде бірін-бірі толықтырушы екі шаруашылықтық құрылымға —
көшпелі мал шаруашылығы мен қалалық отырықшылықты егіншілікке негізделген
неғұрлым нық экономикалық жүйе құруға мүмкіндік берді.

қала мәдениеті

XV—XVIIІ ғғ. Қазақ хандығы дәуірінде Оңтүстік Қазақстанда қалалық өмір
дамуын жалғастырды. Ибн Рузбихан Түркістанның отыз бекінісі туралы
жазады. Солардың жиырмадан астамының аттары түпкі жазба материалдарда
кездеседі; археологтар тапқан қалалар саны бұл цифрдан асып кетеді.
Сырдария мен онық сағаларының оң жағалауындағы олар Ясы (Түркістан),
Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Иқан, сол жағалауындағы — Аркөк, Үзген,
Аққорған, Құтжан, Қаратаудың солтүстік беткейлеріндегі — Созақ, Құмкент
және басқа қалалар еді.
Түркістан бекіністерінен аттары аталғандар арасынан тек неғұрлым ірі
деген 5-6-сы ғана мәдениет пен экономика орталықтары болды. Қалай дегенде
де, егер ортағасырлық экономиканың шектеулі екенін, онын табиғи сыйпатын,
халқы санының салыстырмалы түрде аздығын және басқа факторларды ескерсек,
мұның өзі осындайлық шағын территория үшін, әрине, аз емес.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тас дәуірінің кезеңдері
Қазақстанның тарихи-сәулет ескерткіштері
Xvi ғасыдағы қазақ хандығының саяи әлеуметтік және экономикалық дамуы
Жәңгір ханның саясатын ашып көрсету
XVI-XVII ғғ Қазақ хандығы
Қазақстан тарихы: мәдениеттің басты аспектілері
Қазақтың ұлттық киімдері
Ежелгі түркілердің наным-сенімдері
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
Қазақстан жеріндегі дәстүрлі шаруашылық-мәдени типтер
Пәндер