Қазақ халқының тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Практикалық қазақ тілі кафедрасы

Реферат

Тәқырібі:Қазақ халқының тарихы

Орындаған:

Текс

Алматы 2004 ж.

Елеміздегі қазақ ұлты - жұңхуа ұлттары ұлы үйелменінің бір мүшесі. Қазақ ұлтының еліміздегі туысқан ұлттармен тізе қоса отырып, ұлы Отанымызды құруда, оның ұлан - байтақ территориясын ашып гүлдендіруде, экономикасын өркендетуде, ортақ тарихын жасауда өзіндік үлесі бар.

1982-жылы жүргізілген санақ бойынша, еліміздегі қазақ халқының жалпы саны 903 мың 370 адам. Қазақтар мал шаруашылығымен және егіншілік кәсібімен шұғылданады. Олардың едәуір дамыған үйелмендік қолөнер кәсібі бар. Қазақтардың бір бөлегі қалаларда тұрады, осы заманғы завод, кен кәспорындарында жұмысшы болып істейді. Қазақтардың жоғары оқу орындарында білім алған он мыңдаған зиялылар қосыны қоғам өмірінің барлық салаларында қызмет атқарып отыр.

Еліміздегі қазақтар негізінен Шиңжаң ұйғыр автономиялы өлкесн, Іле қазақ автономиялы облысын, Мори қазақ автономиялы ауданын, Баркөл қазақ автономиялы ауданын мекендейді. Сонымен бірге Үрімжі, Шығзы, Қарамайлы қалаларында және Санжы хұйзу автономиялы облысына қарасты Шонжы, Жемсары, Фуқан, Мичаң, Санжы, Құтыби, Манас аудандарында тұрады. Бұлардан тыс Шиңжаңмен шекаралас Шинхай өлкесінің Хайши маңғол - тибет, қазақ автономиялы облысында, Гансу өлкесінің Ақсай қазақ автономиялы ауданында да қазақтар қоныстанған.

1954-жылы, қарашаның 27-нде Іле қазақ автономиялы облысы құрылды, оған: Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтары және Бұратала маңғол автономиялы облысы қарады. Облыстың орталығы Құлжа қаласы болды. 1954-жылы 17-шілдеде Мори қазақ автономиялы ауданы, 1954-жылы 30 қырқүйекте Баркөл қазақ автономиялы ауданы, 1954-жылы 25-қантарда Хайши моңол-тибет-қазақ автономиялы облысы, 1954-жылы, сәүірдің 27-нде Ақсай қазақавтономиялы ауданы құрылды.

Еліміздегі қазақ халқының негізгі қонысы солтүстік Шинжаң - суы сүт, топырағы май, тасы алтын тамаша мекен. Асқар биік құздары бұлт бүркеніп, мұз жамылған Алтай, Тянь-шань, Тарбағатай таулары - қарағай мен қайың өскен орман, құтты қазына. Бұл таулардың басындағы мәңгі мұз бен қар су байлығының сарқылмас қайнары. Осы таулардан аққан Ертіс, Іле, Еміл, Манас, т. б. ұлылы-кішілі өзендер, жалпақ жонғар даласының кенезесін кенелтіп, оны орманы құлпырып, бұтасы бүрлеген, балаусасы балбырап, өңірі гүлдеген, бау-бақшасы маужырап, мәуесі салбыраған, егісі жайқалып, малы мыңғырған құтты мешін қоныс- жер жәннәтіне айналдырған. Тянь-Шань теріскейіңдегі Іле аңғары астықтың кені, алманың бағы, атақты Іле тұлпары мен ақ бұйра қойдың атамекені. Алтайдың тегене құйрық қойы- әлемге әйгілі асыл тұқым.

Егіні мен малы тен өркендеген жоңғардың жерасты байлығы да өте мол. Алтай тауы атам заманнаң бері алтын тау деген атпен жер жүзіне даңқын таратқан, ал Қарамайлы «мұнай теңізі» аталып отыр. Бұл жерде көмір, темір, түсті металл мен асыл металдардың ашылмаған мол қазынасы жатыр. Бұл байлықтар отанымызды осы замаңдандыруда үлкен үлес қоспақ.

Қазақ халқы- еліміздің ежелгі ұлттарының бірі. Қазақ халқының ертедегі тарихы туралы еліміздің ежелгі тарихында мол мәлімет бар. Мұндай деректер ежелгі парсы және грек тарихында да ұшырайды.

Қазақ халқы - ерте заманда еліміздің батыс өңірін, Алтай, Тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірі мен Сырдарья алабын және дешті-қыпшақ даласын мекен еткен. Ежелгі түркі тілдес тайпаларлдың, атап айтқанда, сақ, үйсін, қаңлы, алан, қимақ-қыпшақ, дулат, түркеш, қарлық, оғыз, арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, жалайыр, алшын, т. б. тайпалардың түрліше тарихи даму дәуірлерін басынан кешіре отырып, бірте-бірте этниқалық бірігуі, және этногенездің жалпы заңдылықтары бойынша табиғи түрде дамуы арқылы халық болып қалыптасты. Қазақ халқының шығу тегі туралы қазақтың байырғы шежіресінде мол мәлімет сақталған, қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың аттары, тайпалық таңбалары, ұрандары және осы ру- тайпалардың шығу тегі мен таралу мән-жайын баяндайтын шежіре деректері талай дәуірді басып өтіп біздін заманымызға жетті. Бұл шежіре деректері, негізінен алғанда, жазба деректермен бір жерден шығып, оны толықтырып отырады.

Қазақ халқының өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысы ұзақ тарихи даму дәуірлерін басынан кешірді. Ежелгі жұңгоның, парсының және гректің жазба деректерне қарағанда, біздің заманымыздан бұрынғы 7 - 4-ғасырларда Орта Азия өңірін сақ тайпалары мекен еткен. Бұл сақтардың «Шошақ төбелі тымақ киетін сақтар» (тигра хауда сақтары) деп аталатын тайпаларының орналасқан жерінің орталығы Іле алқабы мен Жетісу өңрі болған. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 4 - 3- ғасырдың шегінде бұрынғы сақ тайпаларының одағы ыдырап, оның орнына үш ірі тайпалық одақ- үйсіндердің, қаңлылардың, аландардың тайпалық одақтары құрылған.

Үйсіндердің тайпалақ одағы Тянь-Шань тауының шығыс сілемінен Шу өзеніне, Балқаш көлінен Ыстықкөлге дейінгі ұлан-байтақ өңірді қоныстанғаң. Еліміздің сол замандағы жазба деректерінде үйсіндер қоныстанған жерлердің орталығы болған Іле өзіне алқабы мен Жетісу өңірі «үйсіндердің атамекені» деп аталған. Қаңлылардың тайпалық одағы Қаратау аймағы мен Сырдарияның орта ағысы алабын мекен еткен. Аландардың тайпалық одағы Арал теңізінің батыс жағалауынан Каспий теңізінің солтүстік жағалауынадейінгі жерлерді қоныстанған. Ежелгі жұңго жылнамаларында қыпшақтар- хуше, уже деп аталған. Олар Ертіс бойын, Тарым және Халбин тауларының бөктерін мекендеген. Бұл тайпалардың негізг кәсібі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы еді. Сонымен қатар оларда едәуір дамыған егншілік және теміршілік, ағашшылық, зергерлік, көншілік (тері илеу), өрмек тоқымашылығы, т. б. қолөнершілік кәсібі болған.

Жоғарыда айтылған тайпалар одағының ішіндегі ең ірісі- үйсіндердің тайпалық одағы еді. Олар б. ж. с. Дейінгі екінші ғасырдан бастап Іле өзені алқабы мен Жетісу өңіріңде ірге теуіп, бұдан бұрын осы өңірде жасаған сақ тайпалары және ұлы иозы (ұлы жүз) тайпаларымен тоғысып, қазақ халқының арғы тегін қалыптастырды. Үйсіндер Іле өзені алқабында құдіретті мемлекеттік үкімет құрып, елімздің Орта жазық өңірмен өте тығыз саяси экономикалық және мәдени байланыс орнатты. Сонау хан патшалығының Уди патшасы заманында хан әулетімен құдандалық байланыс жасады. Хан әулетінің ханшалары - Шижүн ханша мен Жейейу ханша үйсін күнбилеріне ұзатылып, Іле өңіріне келіп болып келді. Бұлармен бірге келген Фың Лиау ханым үйсін елінде дарынды дипломат болып қызмет атқарды. Өз кезінде үйсін елі хан әулетімен одақтасып, ортақ жауға қарсы қажырлы күрес жүргізді. Үйсін күнбилігі мен Орта жазықтағы феодалдық- патшалық арасындағы достық барыс- келіс және татулықпен қатар өмір сүру қатынасы төрт жүз жылға созылды. Бұл сол замандағы шығыс пен батыс арасындағы маңызды қатынас жолы «Үлы жібек жолын» ашуда және оның сақталуына үлкен үлес қосты.

Біздің дәүірдің 552-жылы Алтай тауын мекендеп, мал баққан көшпелі түрік тайпалары түрік қағандығын құрды. 582-жылы түрік қағандығы өз ішінен бөлініп: Шығыс түрік қағандығы және Батыс түрік қағандығы болып екіге айрылды. Батыс түрік қағандығы үстемдігінің орталығы үйсіндердің атамекенінде болып. Ұлан-байтақ өңірді мекендеген ежелгі қазақ тайпалары Батыс түрік қағандығының құрамына енді. 659-жылы таң патшылығы Батыс түрік қағандығын құлатты, енді Батыс түрік қағандығының орнына Түркеш қағандығы құрылды. Оның орталығы да Іле алқабы мае Жетісу өңірінде болды, бұрын Батыс түрік қағандығына қараған қазақ тайпалары Түркеш қағандығына бірікті. Ұзақ өтпей Түркеш қағандығының билігі Қарлық тайпсының қолына өтті. Қарлық қағандығы 766-940-жылдары дәүрен сүрді, бұл қағандықтың орталығы да Іле өңірі мен Жетісу жерінде болды, көптеген қазақ тайпалары Қарлық қағандығының қол астына қарады. Ежелге қазақ тайпалары Қарлық қағандығынан соң қарахандар әулетінің «10-11- ғасырда) қол астына, одан кейін кедендер (қара қытайлар) құрған Батыс Лиау патшалығына (12-ғасырда) қарады. 9-10-ғасырда Ертіс өзені бойында өмір сүрген Қимақ елінің өкімет билігі 11-ғасырда қыпшақ тайпасының қолына өтті. 11-ғасырда қыпшақтар кең-байтақ қазақ даласына үстемдік етті. Олар 11-ғасырдың ортасында Сырдарияның төменгі ағасындағы Оғыз мемлекеттік (орталығы Жаңакент) талқандады. Бұрынғы «Мазафат әл-Ғуз» (оғыздар қонысы) өлкесін басып алып, «Дешті қыпшаққа» (қыпшақ даласына) айналдыры, оғыз тайпаларын Маңғыстау мен қазіргі түркімен жеріне қарай ығыстырды. Одан кейін Каспий теңізі атырабындағы «Дешті хазар» (хазар даласы) аймақтарын өздеріне бағындырып, өрісін кеңейтті. Олармен шекаралас далаларды көктей отырып, Днепр өзеніне дейін барып жетті. Бұрын бұл өңірлерді мекендеген аландардың, оғыздардың және хазарлардың бір бөлегі қыпшаққа қосылып кетті. 13-ғасырдың басынды қыпшақ тайпалары мейлінше күшейді, шығыста Ертіс өзенінен бастап, батыста Дон өзеніне дейінгі, Орал тауынан Қара теңізге дейінгі ұлан-байтақ территорияны алып жатты. Қыпшақтар осы оңірдегі және айналасындағы түркі тілдес ру-тайпаларды өзіне бағындырды, олар кейін келе «қыпшақ» атанып кетті.

Қазақ халқының түп төркіні заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдан бастап жазба тарихта әйгілі болған сақтар еді. Заманымыздан бұрынғы 3-ғасырдан 5-ғасырға дейін өмір сүрген үйсіндер бірлестігі мен қаңлылар бірлестігі қазақ халқының негізгі ұйытқысы болды. Осы негізде Батыс түрік (6-7-ғасыр) Түркеш-қарлық (8-10-ғасыр) дәуірінде қазақ қауымы өз алдына жеке халық болып қалыптаса бастады. Бұдан соңғы қарахан әулеті мен қимақ-қыпшақ (11-12-ғасыр) дәуірінде бұл барыс одан әрі дами түсті. 12-ғасырдың екінші жартысында Жетісу өңірі мен Оңтүстік Қазақстан өлкесіне үстемдік еткен келгендердің батыс Лиау мемлекеті де қазақ тарихында із қалдырды.

Қазақ халқы он үшінші ғасырдың басында Шыңғысхан жорығының алапатына тап болды, қазақ тайпаларының (керей, найман, меркіт, т. б. ) бұл шапқыншылыққа қарсы жасаған жиырма жылдық күресі сәтсіздікке ұшырады. Шыңғысхан олардың арасындағы алауыздықты, бытыраңқылықты пайдаланып, жеке-жеке бағындырды. 1218-1219-жылдары Шыңғысханның батысқа аттанған әскерлері найман Күшлұқ ханды жеңіп, Жетісуд алды. Балқаш көлінің шығысындағы Қиялық қаласын билеген Қарлық Арслан хан, Іле алқабындағы Алмалық қаласын билеген қаңлылардың ұлыс бегі Озық Тұғырыл және оның баласы Сұнақ тегін, дулат тайпасының басшысы Ортобелер Шыңғысханға өз еркімен бағынды. Шыңғысхан 1219-1221-жылдарда Қазақстан мен Орта Азияны түгел бағындырды. Шыңғысхан жаулап алған жерлер мен елдерді ұлыстарға бөлді де, ұлдарына енші етіп үлестірді. Ертіс өзені мен Еділ өзеніне дейінгі ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпалары Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесіне тиді. Жетісуды мекендеген қазақ тайпалары Шыңғысханың екінші ұлы Шағатайдың үлесіне тиді. Бырақ бұл тек алым-салық жинау, әскер алудың көлемі ғана еді, бұл екі ұлысқа қараған қазақ тайпалары өріс-қоныстарында бұрынғыдай араласып отырды.

1227-жылы Жошы хан өлген соң, Ертіс өзенінен Днепр дариясына дейін созылған Жошы ұлысы, батыс және шығыс деп екіге жіктелді. Жошы ұлысының батыс бөлегі - Еділ алқабы мен оның батысындағы жерлер, Қырым, Солтүстік Қавказ, Солтүстік Хорезм және осы өңірлерде жасаған халықтар Жошының орнына отырған ұлы Бати ханның үлесіне тиді де, оны Алтын Орда тікелей басқарды. Жошы ұлысының шығыс бөлегі - Алтай таулары мен Ертіс өзенінен Жайық (Орал) өзеніне, Балқаш көлі мен Сырдария алабы, Арал теңізінің солтүстігіне дейінгі жерлер және оны мекендеген халықтар Жошының үлкен ұлы Орда-Еженнің үлесіне тиді де, бұл арада Ақ Орда хандығы қалыптасты. Ақ Орда хандығының территориясы қазіргі Қазақстан жерін түгелге жуық қамтыды. Оның халқы этникалық жатқан бірыңғай тайпалар- қыпшақ, қаңлы, үйсін, жалайыр, қарлық, найман, керей, қаракесек (арғын), қоңырат, алшын, маңғыт, т. б. болды. Араб тарихшысы Әл-Омаридың айтыуынша, «Ертеде (Шыңғысхан жорығынан бұрын) бұл мемлекет қыпшақтар елі болған еді». Жоғарыдағы қазақ тайпалары бұл дәуірде «қыпшақ» деген жалпы атты қолданды.

Ақ Орда қол астындағы тайпалардың бір тұтас территориясы болды. Олардың әлеуметтік даму дәрежесі біркелкі, шаруашылық тұрмысы негізінен көпшенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы, тілі-қыпшақ әдеби тілі (көне қазақ тілі), мәдениеттің даму дәрежесі де қарайлас еді. Ақ Орда хандығы 11-ғасырдан 13-ғасырдың басына дейін өмір сүрген «қыпшақ елі» негізіндеқұрылған. Ақ Орданың билеушілері Шыңғысхан тұқымынан шыққан хандар болғанымен, қыпшақ бірлестігі кезінде қалыптасқан территория, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет және тіл тұтастығы Ақ Орда тұсынды сақтала берді және дами түсті. Шыңғысхан жорығы кезінде кейбір этникалық топтардың бұған келіп қосылуы және жорық кезінде аздаған адамдардың бұл елден бөлініп басқа жаққа сіңіп кетуі бұл тұтастыққа елеулі ықпал жасай алған жоқ, қайта осы жорықта келіп Ақ Ордаға үстемдік еткен аз санды маңғолдар тез арада өзі билеген жергілікті халықтарға сіңіп «дәл қыпшақ болып кетті». Сөйтіп Шыңғысхан жорығынан соң екі жүз жыл (1227-1428) өмір сүрген Ақ Орда хандығы қазақтың даму тарихын үзіп тастаған жоқ, жалғастырды, оның халық болып қалыптасуына саяси негіз болды. Халық-тарихтың қожасы, «халық, тек халық қана тарихтың қозғаушы күші бола алады» деген маркстік тұжырым тұрғысынан алғанда, Ақ Орданы қазақтардың хандығы деп есептеуге болады.

1428-жылы Ақ Орда хандығы құлаған соң, оның орнына құрылған Әбілхайыр хандығы 40 жыл (1424-1668) өмір сүрді. Бұл тұста Ақ Орданың территориясы мен этникалық негізі, шаруашылығы мен мәдениеті және тілі қазқалпында қалды. Сөйтіп, Әбілхайыр хандығы өзінен бұрынғы Ақ Орда хандығының жалғасы болды. Мұндағы өзгеріс: Ақ Орданы билеген Орда-Ежен әулетінің орнына Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайырдың ауысуы және Әбілхайыр хандығы құлаған кезде Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани бастаған көшпелі өзбек тайпаларының бір бөлігінің Мауараннахрға қоныс аударуы болды.

15-ғасырдың орта шенінде құрылған қазақ хандығы Ақ Орда хандығына мұрагерлік етті. Қазақ хандығын құрған Керей хан мен Жәнібек хан Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ханның балалары еді. Бұл қазақ хандығы әулеті болып қалыптасып, қазақ халқына 300 жылдан астам уақыт бойына үстемдік етті. Қазақ хандығының негізі бұрынғы Ақ Орда хандығының территориясы және оны мекендеген қазақ тайпалары еді, оған бұрын Моғолстанға қараған Жетісу жері мен ондағы ұлы жүз тайпалары қосылды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы маңызды белес болды. Қазақ хандығының құрылуы және нығайып дамуы түрлі хандықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды, қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. ТЫНЫШБАЕВ - ИНЖЕНЕР - ТАРИХШЫ
Уақыт және тарих
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР (ҮІ-ХУІІ ғ.ғ)
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы
Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
Орыс, қазақ ғалымдарының қазақ этногинезін зерттеу тарихы
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz