Қазақстан Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Қазақстан Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде3

Соғыстың басталуы. 3

Бәрі де Отанды қорғауға жұмылдырылсын!6

Әскер бөлімдерін жасақтау. Резервтер даярлау. 8

Республика өмірін соғысқа бейімдеп қайта құру11

Қолданылған әдебиеттер тізімі15

Кіріспе

Адам баласы үшін соғыстан асқан кесепат жоқ. Соғыс дегеніміз қайғы-қасірет, қан төгіс, өлім-жетім. Соғыс дегеніміз күн сайын туған-туыстан, жақын-жорадан, қарулас досыңнан айырылу. Адамзат тарихы өзінің ауқымы мен ауыртпашылығы, барша жан дүниені жайрататын қару-жарақпен жабдықталуы, құрбан болғандардың саны жөнінен 1941-1945 жылдар

аралығындағы Ұлы Отан соғысына тең келетін соғысты білген емес.

Ұлы Отан соғысына Қазақстан азаматтары өз еріктерімен тіленіп майданға аттанды. Олар Москваны, Ленинградты, Сталинградты қорғады, Курск шайқасына қатысты. Еуропаны азат етті.

Соғыс уақыты жағдайларында қазақ еңбекшілері, «Барлығы майдан үшін!», «Барлығы жеңіс үшін!» деген ұранмен өмір сүріп, еңбек етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға кеткендердің орнына олардың әйелдері, ана-қарындастары мен қыздары жұмыс істеді. Қазақстан еңбекшілері алдына қойылған басты мақсат - майданға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталды. Соғыстың қиын-қыстау кезеңінде тылда да тынымсыз еңбек етті. Астық және басқа негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін тапсыру жоспар толық орындалды.

Мінеки, осыдан 62 жыл бұрын адамзат тарихындағы сұрапыл соғыс аяқталды.

Аспанымызда жеңіс туы желбіреп, баянды бейбпчшлік орнады. Бірақ қазірп Ұлы Жеңіс жер бетіне оңайлықпен келген жоқ Соғысқа қатысқан 1 миллион 200 мың қазақстандықтардың көпшілігі майдан даласында жау қолынан қаза тапты.

Ақ шашты аналарымыз сүйген жарларынан, балаларымыз туған әкелерінен айырылды. Ел басына қиын қыстау күн туып, ат ауыздықпен су ішіп, ерлер етігінен су кешкен шақта бірлігіміз де, тірлігіміз де құрыштай берік болды. Тілі бөлек болса да тілегі бір, жүзі бөлек болса да жүрегі бір көп ұлтты жауынгерлеріміздің Отан үшін көрсеткен қаһармандығы мен ер жүректілігі алтын әріппен айшықтала жазылды.

Соғыс жылдарындағы ерліктері үшін біздің Қазақстаннан 500-ге тарта адам Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атаққа ие болып, кеуделеріне Алтын жұддыз ордендерін тақты. Әрине, мұны біз әрқашан мақтан тұтамыз.

Қазақстан Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде

Соғыстың басталуы.

Фашистік Германия СССР-ге опасыздықпен шабуыл жасауы. Бүкіл Батыс Европаны дерлік жаулап алған фашисттік Германия антисоветтік коалиция құру жөніндгі белсенді дипломатиялық әрекетті өрістетті. 1940 жылы сентябрьде Берлинде Германия, Жапония мен Италия арасында үш жақты шартқа қол қойылды. Жаулап алынған елдердің өнеркәсібі бүтіндей фашистік Германияның әскери-экономикалық потенциалына қосылады, вермахттың әскери экономикасы бұрын болып көрмеген деңгейге жетті. Әсіресе танктер, самолеттер, сүйретпелер және соғыс корабльдерін шығару ерекше өсті.

СССР-ге қарсы агрессияның ”Барбаросса” деп аталған жоспары соғыс басталмастан көп бұрын дайындалған болатын. Бұдан кейінгі жерде ол жоспар нақтыланып, “халық ретінде орыстарды талқандау, оларды бытырату”, СССР халықтарының ұлттық мәдениетінен жою мақсатын көздеген түрлі директивлармен дәлденіп, толықтырылды. Фашистік Германия басшыларының алдына қойған басты міндеттерінің бірі Совет мемлекетін “басқаруға ыңғайлы болу үшін” бөлшектеу болды. Бұл үшін Совет Одағын “Москва”, “Остланд”, “Украина” және “Түркістан” сияқты рейхкоммисариаттарға бөлу көзделді. Түркістан рейхкоммисариатына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан кіруге тиісті болды. Гитлершілер Қазастанның қалған басқа аудандарын “индустриялы облыстарға” және “Еділ-Орал” делінетін өңірге қоспақ болды.

Герман вермахтының “Барбаросса” жоспарын іске асырмақ болған стратегиялық есептеры тұтқиыл соғыс делінетін идея негізінде құрылған болатын.

СССР-ге шабуыл жасар алдында фашистік Германия Совет Одағының шекарасына толық жасақталған, техникалық жағынан жарақталған армияны әкеліп төкті. Советтер еліне жалпы саны 5, 5 млн-ға жуық солдат пен офицері бар құрылықтағы әскер қарсы қойылды, Соғыс қимылдары үшін 5 мыңға жуық самолет және 3, 5 мың танк әзірленді. Әскерлердің “Солтүстік”, “орталық” және “Оңтүстік” атты үш армиялық тобы құрылды. Финляндия территориясында екі Фин армиясы және “Норвегия” неміс-фашист армиясы құрылып жатты. Еліміздің шығыс шеттерінде империалистік Жапония бір миллион адамы бар “Квантун” армиясын шоғырландырды.

Неміс-фашист әскерлерінің күшті тобына қарсы Совет Одағының өз шекараларында мобилизациялауға дейін шекараны ұстап тұратын армиясы ғана болды. Әскерлердің саны, танктер мен самолеттердің жаңа үлгілері, жауынгерлік тәжірибесі жөнінде бұл кезеңде Қызыл Армия неміс армиясынан қалыңқы болатын. Дивизиялардың көпшілігі бейбіт уақыттағы штаттар бойынша қалыптасқан еді. Көптеген танк, мотрлы және авиация құрамалары құрылу сатысында болатын.

1941 жылғы 22 июньде елең-алаңда гитлерлік Германия шабуыл жасаспау туралы шарты бұзып, Советтер еліне қарсы опасыздықпен шабуыл жасады. Соғыс қимылдары Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі кең майданда өрістеді. Жау самолеттері соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ совет әскерлерінің турған жерін, аэродромдары, коммуникациялар мен темір жол тораптарын, өнеркәсіп орталықтарын жаппай бомбалады. Советтік Отанға қатерлі қауіп төнді.

Сол күні Совет үкіметі халықты фашистік басқыншыларға қарсы күреске көтеріліп, социалистік Отанды қорғап қалуға шақырды. Үндеу: “Біздің ісіміз әділ. Жау талқандалады. Біз жеңіп шығамыз”- деген сөздермен аяқталды.

Совет халқының бейбіт жасампаздық еңбегі үзілді. Ұлы Отан Соғысы басталды.

Бәрі де Отанды қорғауға жұмылдырылсын!

Совет халқы бір кісідей жұмылып Отанды қорғауға аттандырылды. Отан соғысында Совет халқы өзінің ар-намысын, Отанының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғады, өзінің алдына дүние жүзіндегі ең алдыңғы қатарлы советтік, қоғамдық және мемлекеттік құрылысты гитлершіл сойқандаушылардан қорғап қалу, социализм жеңістерін қорғап қалу міндетін қойды. “Бұл соғыс өзгеше соғыс екенін әркім біледі. Бұл соғыста жұрт өзінің тіршілігін, өзінінң өмірі мен бостандығын қорғайды, өз халқынынң ұлттық абыройын және өз мемлекетінің, өз отанының тәуелсіздігін қорғайды. Сол себептен де жауға қарсы армия ғана емес, бүкіл халық та күрес жүргізуде. Мұның өзі сөздің толық мағынасында айтқанда халық соғысы болып отыр”.

Совет Одағының барлық ұлттары мен халықтарының еңбекшілері қатерлі қауіп алдында Коммунистік партия мен Совет үкіметінің төңірегіне бұрынғыдан да тығыз топтасты.

Барлық жерлердегідей, Қазақстанның еңбекшілері митингілер мен жиналыстарда сүйікті Совет үкіметін, Ұлы Октябрьдің жеңістерін қорғауға деген шешімдерінің беріктігін ашу-ызамен мәлімдеді. Алматы қаласы еңбекшілерінің саны 1000 адам қатысқан митингісі қабылдаған қарарда былай делінген: “Біздер, Алматы қаласының еңбекшілері, арсыз агрессорларға қарсы жеңімпаз Ұлы Отан соғысын жариялаған сүйікті үкіметімізді толық қолдаймыз… Біз Қазақстанның барлық еңбекшілерін Қызыл Армияны, Әскери-Теңіз Флоты мен Авиацияны жауды талқандау үшін не қажеттің қамтамамыз ету үшін өздерінің күш-жігерін еселеп арттыруға шақырамыз. ”

Соғыстың әділетті сипатын, оның азат етушілік мақсаттарын түсінудің совет халқы мен оның армиясының патриоттық рухын көтеруде орасан зор маңызы болды. Әскери комиссариаттарға, партия, совет және комсомол ұйымдарына совет патриоттарынан - жігіттер мен қыздардан, аға және орта ұрпақ адамдарынан Қызыл Армия қатарына өз ықтиярымен кіру туралы мыңдаған өтініштер түсіп жатты. Өтініштердің қысқа-қысқа сөздерін өзінің отанына деген сүйіспеншілік, оның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін бәрін арнауға әзірлік айқын сезіліп тұрды.

Бүкіл еліміздегі сияқты, Советтік Қазақстанның еңбекшілері соғыстың алғашқы күндерінен бастап жоғары ұйымшылдық көрсетті. Республиканың кәсіпорындарында, транспортта, колхоздарда еңбек тәртібі артты. Әрбір коллектив жаңаша, соғыс кезіндегіше жұмыс істеу өзінің ең бірінші парызы деп есептеді.

Социалистік партияны қорғау туралы лениндік ілімді басшылыққа ала отырып, партия мен үкімет халықтың барлық күштері мен ресурстарын жауды тойтаруға жұмылдыру жөнінде практикалық шаралар белгіледі. Соғыстың бірінші күні ақ, СССР жоғары Советінің Президиумы бірқатар указдар шығарды. Совет одағының кейбір Республикалары мен аудандары соғыс жағдайы енгізілді. Еліміздің барлық қараулы күштеріне басшылық ету үшін Бас Командованиенің ставкасы құрылды. Бұл кейін Жоғарғы Бас Командованиенің ставкасы деп аталатын болды.

Армияда партиялық басшылықты нығайту үшін партия мен мемлекеттің көрнекті қайраткерлері әскери жұмысқа жіберілді. Майдандар мен армиялардың әскери советтері жанынан армиядағы партиялық-саяси жұмысқа басшылық ету үшін саяси басқармалар мен бөлімдер құрылды. Коммунистік партияның “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жауды талқандау үшін” деген ұраны СССР-дің барлық халықтарының тілдерінде айтылып, оны еліміздің барлық енбекшілері қызу қолданды. Ондағы мыңдаған тәжірибелі партия және совет қызметкерлері майданға саяси жауынгерлер ретінде жіберілді. 1941 жылдың аяғында Қарулы Күштер қатарына 1, 3 млн. коммунист болды. Әскер қатарына шақыру және партиялық мобилизация бойынша соғыс жылдарында Қазақстан партия ұйымынан 82251 коммунист армия қатарына барды.

Коммунисттер мен комсомолецтер өздерінің ұрыс кезіндегі жеке өнегелерімен, партиялық үгітшінің жалынды сөздерімен жауынгерлерді қаһармандық ерікке жігерлендіріп, жауға қарсы күресте әскерлердің табандылығын арттырып отырды.

Әскер бөлімдерін жасақтау. Резервтер даярлау.

Еліміздің Қарулы Күштерін жедел толықтыру, жаңа құрамалар жасақтау сол кездегі басты міндеттердің бірі болды. Әскери міндеттілердің шақыру пункттеріне келуі жоғары патриоттық өрлеу жағдайында өтіп жатты.

Жаңа бөлімдер мен бөлімшілерді құрастыру және үйрету жөніндегі қызу жұмыс күндіз-түні толастаған емес. Қалалардың шет аймақтарында жауынгерлерді мылтық атуға үйрету үшін полигондар мен оқ ату тирлері салынып жатты.

Қазақстанда алғашқылардың бірі болып 316-атқыштар дивизиясы жасақталды, оның адам құрымының ұйытқысы Алматы, Жамбыл, Қырғызстанның еңбекшілері болды. Дивизия командиры болып Азамат соғысына қатысушы аты аңызға айналған 25-Чапаев дивизиясының қатарында шайқасқан генерал-майор И. В. Панфилов тағайындалды.

Республика территориясында соғыстың алғашқы үш айында 316-дивизиямен қатар 238-, 310-, 312-, 314-, 387-, 391- атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін тағы бір дивизия және 3 бригада құрылды. Қазақстанда барлығы 20-дан астам атқыштар және атты әскер дивизиясы мен бригадасы, бірнеше артиллерия және авиация полкі құрылды.

Қазақстан әскер бөлімдері жұмысшылардан, колхозшылардан, интеллигенциядан жасақталды. Шамамен алғанда әрбір алтыншы жауынгер мен командир комунист болды бүкіл адам құрамының 15 процентеен 20 процентке дейін ВЛКСМ мүшелері болді. Жеке атқыштар бригадасы құрамының 50 проценты қазақтар, 37 проценті орыстар, 13 проценті басқа ұлттар өкілдері болған.

Советтік патриотизм, туысқан халықтардың достығы, совет қоғамының моральдық-саяси бірлігі, аса зор әлеуметтік экономикалық және мәдени өзгерістер, Коммунисттік партияның кемеңгерлік басшылығы еліміздің басқа да аудандарындағы сияқты Қазақстандағы мобилизацияны ойдағыдай жүргізудің және Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің әскер бөлімдері мен құрамаларын жасақтау жөніндегі тапсырмаларын мезгілінде орындаудың негізі болді.

Қызыл Армияның резервтерін даярлауды жақсарту мақсатында Коммунистік партия мен Совет үкіметі халық арасында қорғаныс-бұқаралық жұмысты күшейту жөнінде зор ұйымдастырушылық қызметты өрістетті. СССР Халық Комисарлары Советі 1941 жылғы 2 июльде “Халықты әуе шабуылынан қорғануға жаппай міндетті түрде даярлау түралы” қаулы қабылдады. Осыған сәйкес Қазақ СССР Халық Комиссарлары Советі 1941 жылы 5 июльде республиканың 16 жастан 60 жасқа дейінгі ересек халқын әуе шабулынан ересек халқын әуе шабылуынан және химиялық шабылудан қорғануға жаппай міндетті түрде даярлауды енгізді. Осоавиахим, Қызыл Крест ұйымдары өз жұмысын қайта құрды. Халықты әскери іске үйретуге физкультура ұйымдары да ат салысты. Кәсіпорындарында, мекемелерде, колхоздарда, совхоздар мен мектептерде қорғаныс үйірмелері құрылды.

СССР Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешімі бойінша СССР-дің 16 жастан 50 жасқа дейінгі ер азаматтарын әскери іске міндетті түрде үйрету түралы ереже енгізілді. Жалпыға бірдей әскери оқу әскери тәртіппен тыс, өндірістен қол үзбей іске асырылды. Республиканың 15 жастан 50 жасқа дейінгі жүздеген мың еңбекшілерді мылтық атуды, окоп қазуды, жасырына білуді үйретті, қазіргі заман ұрыс тактикасын меңгерді. Барлық мамандық жауынгерлері даярлықтан өтті. Жаттығу ісі соғыс жағдайына жақындатылған жаттығу алаңдарында, Отан соғысының алғашқы тәжірибесін ескере отырып жүргізілді. Міндетті әскери оқуға тартылған бөлімшелернің саяси қызметкерлері бұқаралық саяси жұмыс жүргізді, майдандардағы жағдайды және Отанды қорғау міндеттерін түсіндірді. Жекелеген аудандарда әскери жаттығулармен бірге әскер қатарына шақырылған қазақтар арасында орыс тілін үйрету ісі ұйымдастырылды.

Қазақстанда даярланған әскери резервтер совет герман майданының барлық участкелерінде ерлікпен шайқасты.

Республика өмірін соғысқа бейімдеп қайта құру

Соғыс Советтер елінің экономикалық потенциалына елеулі сын болды. В. И. Ленин былай деп көрсеткен еді: “кімнің резервтері көп болса, күш алатын қайнары көп болса, халықтың қалың ортасында ұстамдылығы көп болса соғыста сол жеңеді”. Лениндік осы қағидалардың кемеңгерлігін және партия саясатының дұрыстығын бүкіл барысы қуаттап берді.

Берік тыл жасау және республиканың бүкіл экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру бірінші дәрежелі маңызы бар міндеттер болды. СССР-дің европалық бөлігіндегі бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын шығыстағы аудандарға эвакуациялауға байланысты 1941 жылдың аяқ шенінде елімізде өнеркәсіп көлемі күрт қысқарды. Совет Одағы соғысқа дейін шойынның 68 проценті, болаттың 58 проценті қорытылған, темір рудасының одан да көп мөлшері шығарылған кең көлемді территориядан айрылды. Осындай жағдайда қорғаныс заводтары, ауыр және жеңіл өнеркәсіптің басқа да кәсіпорындары сондай ақ колхоз-совхоздарда мал-мүлкі көшірілген еліміздің шығыстағы аудандарының маңызы өсті.

Ұлы Отан соғысы республикадасоғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде салынған түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсіп орындарында, сирек металдар шығаратын кәсіпорындарда өнім шығаруды мейлінше арттыруды талап етті. Бұл үшін қысқа мерзім ішінде бұлардың жұмысын соғысқа бейімдеп қайта құру керек болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
Соғыс жағдайындағы Қазақстанның көлеңкелі тұстары
Жеңісті еселеген мұнайшылар
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Қазақстан Ұлы Отан Соғысы жылдарында. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеуі және қайта құруы
Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұшқыштар
Кеңес Одағы халықтарының Москва қорғанысына үлес қосуы
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz