Қазақ хандығының этномемлекеттiк шекараларының өсуi туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Қазақ хандығының этномемлекеттiк шекараларының өсуi 2
2. Тәуке хан және оның Жеті жарғысы 5
3. Қазақ хандығының саяси және қоғамдық құрылысы 8
4. Қазақ халқының шаруашылығы мен мәдениеті 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 15

1. Қазақ хандығының этномемлекеттiк шекараларының өсуi

ХVI-ХVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуiр ұлғая
түстi. Өз тұсында "жердi бiрiктiру" процесiн жедел жүзеге асырып, неғұрлым
көзге түскен қазақ хандарының бiрi – Жәнiбек ханның ұлы Қасым. Туған жылы
1445 ж. Қасым ханның тұсында 1511-1523 жж. билiк құрған қазақ хандығының
саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түстi. Ол феодал
ақсүйектердiң қарсылығына тойтарыс берiп, әскери күштердi нығайтты, өз
билiгiндегi жерлердi кеңейттi. Қасым хан билiк құрған кезде қазақ халқы
өзiнiң осы күнгi мекен тұрағының негiзгi аймақтарын бiрiктiрдi. Хандықтың
шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстiк-батыста Сырдың оң бойындағы бiрсыпыра
қалалар қосылды, солтүстiкте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау
қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстiк-шығыста оған Жетiсудың көп бөлiгi Шу,
Талас, Қаратал, Iле өлкелерi қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Едiл
бойы, Сiбiрмен сауда және елшiлiк байланыс жасалып, Орыс мемлекетiмен
қатынас қалыптасты. Қазақ хандығымен елшiлiк байланыс орнатқан алғашқы
мемлекеттердiң бiрi – ұлы князь III Василий 1505-1533 жж. билiк жүргiзген
кездегi Мәскеу мемлекетi едi. Осы тұста қазақтар өз алдына дербес халық
ретiнде батыс Еуропаға мәлiм болды.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы – "Қасқа жолды" жарыққа шығарады. Бұл заң
қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелерi негiзiнде жасалды.
Заң сол кезде мұсылман елдерiнде жаппай қолданып жүрген ислам дiнiнiң
шариғат заңынан өзгеше, көшпелi қазақ өмiрiне үйлесiмдi байырғы заң
болды. Соның үшiн ол Қасым ханның атымен байланыстырылып Қасым ханның
Қасқа жолы деп аталды.
Қасым хан тұсында Қазақ хандығының дәрежесi ұлғайғанына қарамастан, ол
бiр орталыққа бағынған мемлекет болмады. Мұның өзi Қасым хан өлгеннен кейiн
бiрден байқалды, сұлтандар мен басқа да феодалдардың өзара бақталасы,
қырқысы күшейдi. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара
қырқысудың зиянды зардаптары хандықты әлсiретуге әкеп соқты. Қазақ
билеушiлерiне қарсы моғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезiнде Қасым ханның ұлы және мұрагерi Мамаш қаза тапты.
Қасым ханның немере iнiсi Тахир (1523-1532 жж.) хан болды. Бiрақ оның
айрықша елшiлiк және әскери қабiлетi жоқ едi. Тахирдың тұсында өзбектермен
арадағы соғыс жалғастырылды, Маңғыт және Моғол хандарымен әскери
қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшiн сәттi болған жоқ. Қазақ
хандығы оңтүстiктегi және солтүстiк-батыстағы жерiнiң бiр бөлiгiнен
айырылып, оның ықпалы тек Жетiсуда сақталып қалды. Тахир ханның iнiсi
Бұйдаштың (1533-1534 жж.) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар
тоқталған жоқ.
ХVI ғасырдың екiншi жартысында әлсiреген хандықты бiрiктiруде Қасым
ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж.) өз үлесiн қосты. Ноғай Ордасындағы
феодалдық топтардың күресiн өз мүддесiне пайдаланған ол ноғай мырзаларының
көбiн өз жағына тартып, Жайық өзенiнiң сол жағасындағы жердi қосып алды.
Оның тұсында Жетiсу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд-ар-
Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргiзiлдi. Өзара тартыстың бәсеңдеуi, iшкi
саяси өмiрдiң нығаюы, мал және егiн шаруашылығының, сауда қатынастарының
дамуына көмектестi. Ресеймен саяси және экономикалық байланыстар барған
сайын ұлғайды. ХVI ғасырдың 60-70 жылдарында қазақтардың Орта Азия
халықтарымен бейбiт сауда, экономикалық байланысы жанданды. Ақназар өзара
тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сырдария бойындағы бiрсыпыра
қалаларды (Сауран, Түркiстан) өзiне бағындырды. Оның Абдулламен
байланысынан қорыққан Ташкенттiң ұлыстық әмiршiсi Баба сұлтан жансыздары
арқылы Ақназарды у берiп өлтiрдi.
Ақназардың мұрагерi - Жәдiктiң баласы және Жәнiбек ханның немересi
қартайып қалған Шығай (1580-1582 жж.) болды. Ол өзiнiң баласы Тәуекелмен
(1586-1598 жылдары хан болған) бiрге Баба сұлтанға қарсы күресiнде, Бұқар
ханы Абдоллаға келiп, онымен күш бiрiктiрмекшi болды. Абдолла Шығайға
Ходжент қаласын сыйға тартып, онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау
жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелiгi
ендi Тәуекелге көшедi.
Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшiн белсене
күрестi. 1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сырдария
бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Аксу, Самарқанд сияқты
қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқар қаласын қоршауға алған кезде
Тәуекел хан жараланып, қайтыс болды. Одан соң хандыққа Есiм хан Шығайұлы
(1598-1628 жж.) билiк еттi. Ол 1598 жылы Бұқарамен бiтiм шартын жасасты,
шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен
Ташкентті қазақ хандығына бекiтiп бердi. Сөйтiп, Сыр бойындағы қалалар және
Оңтүстiк Қазақстанның жерiн кеңейту үшiн бiр жарым ғасырға созылған күрес
бiраз бәсеңдедi.
Есiм хан елдi жуасытып бағындыру саясатын жүргiздi. Сондықтан ол қанға-
қан, кек алу, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, дүре соғу, көп әйел алу,
қалың мал төлеу, әмеңгерлiктi сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, дiни
патриархалдық ескi салтқа арқа тiреу және т.б. уағыздады. Халық Есiм хан
заңдарын "Есiм хан салған ескi жол" - деп атады.
ХVI ғасырда қазақ хандығы солтүстiкте құрылған Сiбiр хандығымен
(орталығы Түмен) шектестi. 1563 жылы Шайбани әулетi мен Тайбұғы руы
арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргiзiлген күрестен кейiн Сiбiр хандығы
Шайбани әулетi Көшiм ханның қолына көштi.
Сiбiр хандығының халқы түркi тiлдес қырық рудан құрылған және угар
тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын едi. Хандықтың негiзгi халқы
Батыс Сiбiрдiң орманды далалық бөлiгiнде, салалармен қоса Есiл, Тобыл және
Тура өзендерiнiң орта ағысын, сондай-ақ, Ертiс пен Обь өзендерiнiң
алқаптарында қоныстанған түркi тiлдес "Сiбiр татарлары" деген атпен
белгiлi.
Сiбiр хандығы Орта Азия, Қазақстанмен саяси және сауда байланыстарын
жасап отырды. Сауда ерте заманнан берi қалыптасқан керуен жолдары арқылы
жүрдi. Орта Азиядан қазақ даласы арқылы жiбек, мата және жүн мата, елтiрi,
кептiрiлген жемiстер тиелген керуендер бағалы аң терiсiне, "жұмсақ дүниеге"
және тағы басқа заттарға айырбастау үшiн ағылып келiп жатты. Көшiм хан
билiк жүргiзген кезде өзiнiң қарамағындағы өлкеге ислам дiнiн таратуға үлес
қосты.
1552 жылы Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейiн, ол Сiбiр
хандығымен тiкелей көршi болып шықты. 1581 жылы Ермактың Сiбiрге жорығы
басталды. Көшiм хан жеңiлiске ұшырағанымен, Ермак жеңiстi баянды ете
алмады, ол 1584 жылы тамызда қаза тапты. Бiрақ Сiбiр хандығы да
көтерiлмедi. Сөйтiп, 1598 жылы Ресей мемлекетiнiң құрамына ендi. Орыс
патшасы Батыс Сiбiрдi неғұрлым толық игеруге және Шығыс шекараларының
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ұмтылып, орыс шаруаларының шығысқа қоныс
аударуын, бекiнiстер салуды құптап отырды.

2. Тәуке хан және оның Жеті жарғысы

ХVII ғ. екiншi жартысында Қазақ хандығының жағдайы нашарлап қалған едi.
Iрi ақсүйектер мен феодалдардың арасындағы қырқысуларды пайдаланып,
жоңғарлар Жетiсудың бiр бөлiгiн басып алып, осы аймақта көшiп жүрген
қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлерi Ташкенттi алып,
қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ хандарының бiрi - Жәңгiр Бұқар
әмiршiсiн жоңғарларға қарсы күресу үшiн әскери одақ жасасуға көндiрдi.
Жәңгiр шебер саясатшы ғана емес, сонымен бiрге өте батыл ержүрек жауынгер
қолбасшы едi. Оның ерлiктерi туралы аңыз көп. 1643 жылы 600 жанкештi
сарбаздарымен Жоңғар тауының бiр қуысына ұтымды бекiнген Жәңгiр хан
жоңғарлардың 50 мың әскерiнiң жолын бөгеп, қарсыластарын таптап өтпекшi
болған жау әскерiне бас көтертпей соққы бердi. Оның 10 мың адамын
шығындады. Шайқас қызып жатқан кезде Жәңгiрдiң шақыруымен 20 мың әскерiмен
көмекке жеткен Кiшi жүздiң Жалаңтөс батыры екеуi соғыстар тарихында бұрын
болмаған жеңiске жеттi. Жәңгiр хан өз өмiрiнiң денiн жоңғарлармен соғыста
өткiзiп, оларға қарсы жорықта жүрiп 1652 жылы қаза тапты. ХVII ғасырдың 90-
шы жылдарында жоңғар феодалдарының қазақтардың жерiне шабуылы бәсеңдедi.
Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ
және оған қарақалпақтардың қосылуы жоңғар феодалдарының арам ойын iске
асырмады.
1680 жылы Қазақстан жерiндегi хандықтардың билiгi Жәңгiрдiң баласы
Тәуке ханға (1680-1717 жж.) көштi. Ол өзiн жақтайтын феодалдардың, ел
силаған билердiң қолдауына сүйене отырып, халықтың, елдiң бiрлiгiнiң туын
жоғары ұстады.
Тәуке хан 1687-1688 жж. Бұхара ханы Сұбхан-Кулимен Ташкент туралы
келiссөз жүргiзген, тiптi қаланы алуға әрекеттенген. Сырдария бойындағы
Тәукенiң хандық өкiметi нығайып, Түркiстан қаласы оның астанасы болған.
ХVII ғ. 90-шы жылдарында, яғни Тәуке ханның тұсында жоңғар феодалдарының
қазақтардың жерiне қысымы босаңсыды. Өйткенi бұл кезде қазақ, қырғыз, оған
қарақалпақтардың бiр бөлiгi бiрiгiп қимыл жасады.
Тәуке хан феодалдық өзара тартыстарды уақытша тыйып, үш жүздiң үшеуiнде
де тыныштықты қалпына келтiруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ руларының
қоныстарын сыртқы жаулардан қауiпсiздендiруге күш салды. Тарихи деректерде
айтылғандай, Тәуке ханның өз билiгiнде 80 мыңдай жауынгерлерiнiң болуы,
оған сыртқы және iшкi жаулармен күресте жетiстiктерге жетуге мүмкiндiк
бердi.
Тәуке хан өкiметтiң беделiн көтеруге және оған үш жүздiң руларын
бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында "Жетi жарғы" деген
атаумен қазақ қоғамындағы әдеттегi құқық өлшемдерiнiң жинағы құрастырылды.
Мұнда феодалдық құқық тәртiбi мен мемлекеттiк құрылымның негiзгi шарттары
белгiлендi. Тәуке хан елдiң бiрлiгiн, ынтымағын ойлап, халықты ру-руға,
жүзге бөлiну саясатын және бет-бетiмен әрекет жасауды шектеу үшiн аянбай
күрестi. Осы мақсатта ол қазақ мемлекетiнiң саяси-құқық жүйесiн белгiлеп,
халықты бiрлiкке, ынтымаққа шақырды. Тәуке хан өз төңiрегiне Ұлы жүзден
Төле бидi, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбектi, Кiшi жүзден Әйтеке бидi
кеңесшi ретiнде қызметке тартты. Сөйтiп, қазақ халқының тарихына iрi
құқықтық өзгерiстер енгiздi. Бұл оның халыққа кең тараған "Жетi жарғысымен"
байланысты едi. Ол тек сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен қатар
көшпелi қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық
ерекшелiктерiне сай келетiн аса құнды ескерткiш.
"Жетi жарғы" көшпелi қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Оның
негiзгi баптарының мазмұны:
- қанға қан алу, яғни бiреудiң кiсiсi өлтiрiлсе, оған ердiң құнын төлеу
(ер адамға - 1000 қой, әйелге - 500);
- ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлiм жазасы кесiледi, жазаны
ердiң құнын төлеу арқылы жеңiлдетуге болады;
- денеге зақым келтiрсе, оған сәйкес құн төленедi (бас бармақ - 100
қой, шынашақ - 20 қой);
- егер әйел ерiн өлтiрсе өлiм жазасына кесiледi (егер ағайындары
кешiрiм жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екiқабат әйел
жасаса, жазадан босатылады);
- төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленедi;
- егер ерi әйелiн өлтiрсе, әйел құнын төлейдi;
- ата-анасы өз баласының өлiмi үшiн жауапқа тартылмайды, ал анасы
баласын қасақана өлтiрсе, өлiм жазасына кесiледi;
- өзiне-өзi қол жұмсағандар бөлек жерленедi;
- егер екiқабат әйелдi атты кiсi қағып кетiп, одан өлi бала туса: бес
айлық бала үшiн – бес ат, 5 айдан 9 айға дейiнгi балаға - әр айына 1
түйеден (анықтама үшiн 100 түйе – 300 атқа немесе 3000 қойға тең);
- әйел зорлау кiсi өлтiрумен бiрдей қылмыс болып есептеледi. Мұндай
қылмыс үшiн ерiне, немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиiс, егер жiгiт
өзi зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады;
- егер ерi әйелiнiң көзiне шөп салу үстiнде ұсталса, өлтiруге қақылы,
бiрақ қылмысты сол сәтiнде жария етуi тиiс, әйелiнiң көзiне шөп салды деп
күмәнданған еркектiң сөзiн 4 сенiмдi адам терiске шығарса, әйел күнәсiз деп
табылып, жазадан босатылады;
- бiреудiң әйелiн күйеуiнiң келiсiмiнсiз алып қашқан адам өлiмге
бұйырылады немесе ердiң құнын төлейдi, егер әйелдiң келiсiмiмен әкетсе,
күйеуiне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиiс;
- әйелдi ренжiткен адам одан кешiрiм сұрауға тиiс, сұрамаса арсыздығы
үшiн айып салынады;
- қан араластыру (жетi ата iшiнде) өлiмге немесе ағайындар белгiлеген
жазаға бұйырылады;
- құдайға тiл тигiзген (жетi адам куәлiк берсе) таспен атып өлтiрiледi;
- кәпiр болған адам мал-мүлкiнен айырылады;
- құл өмiрi құнсыз, ол қожайынның билiгiнде;
- ата-анасына тiл тигiзген ұлды мойнына құрым байлаған күйi қара сиырға
терiс мiнгiзiп, өзiн қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-
аяғы байланып анасының билiгiне берiледi;
- ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиiс;
- ерiнiң ұрлығын бiле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға
тартылмайды, өйткенi үлкеннiң үстiнен шағым айту әбестiк саналады;
- өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;
- барымтадан қайтқан мал төлемiмен қайтарылуы тиiс;
- дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледi;
- куәлiкке екi немесе үш адам жүредi;
- билерге билiк айтқаны үшiн кесiлген малдың оннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихы
XVI-XVII ғғ Қазақ хандығы
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының кеңеюі
Қазақ хандығының құрылуы және қоғамдық құрылысы
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі
Мәңгілік ел идеясы. Қазақстанның даму жолдары және перспективалары
Мәңгілік Ел идеясы мен Рухани жаңғыру жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары
Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
XVI-XVII ғ. Қазақ хандығы
Тәуекел хан туралы
Пәндер