Қасым хан - Қазақстан тарихында


ЖОСПАР
Кіріспе1
Қолданылған әдебиеттер:9
Кіріспе
Негізгі бөлім.
Қасым ханның даңқы артуы.
Қасым ханның шекараны кеңейтуі.
Қасым ханның Қазақстан тарихында.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Менің тақырыбым актуалды! Өйткені Қасым ханның қызметі қазақ тарихында өте зор себебі:
Қасым хан шекараны кеңейту үшін өте көп шара қолданды.
Қазақ халқының жеке ел болып қалыптасуына үлкен ықпал етті.
Қасым қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. Жәнібек ханның үшінші ұлы болатын. Ол 1445-1446 жылдар шамасында дүниеге келген, соған қарап жастық шағын «Қазақ» ретінде қазіргі Жетісу, яғни Моғолыстан жерінде өткізді деп пайымдауға болады.
15 ғасырдың соңғы үштен бірі мен 16 ғасырдың басында Қасым Қазақ хандығының қоғамдық-саяси өмірінде ең орталық тұлғаға айналды. Жеңімпаз қолбасы, үлкен ұлыстың беделді сұлтаны, кейінен қазақ ханы, реформатор - билеуші, - міне, туған ел тарихының өтпелі кезеңінде Қасым маңдайында тағдыр атқаруға жазған тарихи ролдер ауқымы осындай болатын. Көрші елдерде шекаралар жиі өзгеріп, билк басына бір әулеттер келіп, бірі кетіп, өзара соғыстар ондаған жылдар бойына жалғасып жатқан аласапыран заманда негізгі жаңа қаланған қазақтың жас мемлекетінің болашағын тиянақты етіп, аңыз аңдыған жаудың бетін қайтарып, ел іргесін бекіту қажет еді.
Қасым хан даңқы артуының қысқаша мазмұны мынадай.
Кішінің үлкенге бағынуы сияқты қалыптасқан дәстүрді берік ұстаған нағыз дала перзенті ретінде Қасым сұлтанда, кешегі өз әкесі сияқты, бастапқыда Бұрындық ханның ықпалында болып, соған бағынды, - Мырза Хайдар Дулаттың осылай деп жазғанына сілтеме жазғанбыз. Шынында да, Қасым сұлтаның есімі деректемелерде Мұхамед Шайбанидің 15 ғасырдың 70-80-ші жылдары арлығындағы қазақ билеушілерімен соғысы кезінде алғаш рет атлып, ол туралы «Дешті Қыпшақтың атақты сұлтаны, даңқты бахадүрі», Бұрындық хан атты әскерінің қолбасшысы делінеді. Ежелден белгілі: ел мақтаған ер жігіттің соңынан билік те ере жүреді. 16 ғасырдың басына қарай Қасым сұлтанның беделі көтеріліп еді, жеке билігі де арта түсті. Қасым сұлтанның күшейіп көтерілуі кезеңін бауыры Әділ сұлтанның өлімімен (1503ж) байланыстыратын Мырза Хайдар Дулат Жәнібек ханның үшінші ұлының мәртебесі арту себептері жайында ештеңе айтпайды. Ондай мәліметті біз Махмұд Ибн Уәлидің «Бахар әл - асрар» кітабынан табамыз; ол Шайбани ханның 1504 жылғы көктемнің басында Әндіжанға жасаған жорығын сутеттей келе:
«Осы кезде Қасым хан маңғыттардың көмек, қолдауымен Қыпшақ даласымен өзіне қараттып, Ташкент пен Түркістан шекарасына шабуыл жасау мүмкіндігіне ие болды», - деп жазады.
Қасым ұлысына шибандықтар шабуыл жасаған хижраның 915 жылы (1509-1510) Мырза Хайдар Дулаттың айтуынша, «оның қолындағы биліктің зорлығына, Бұрындық ханды ешкім елеп - ескіріп жатпағанына қарамастан, ол әлі хандық лауазымды иелене қоймаған болатын». Хандық лауазымды ол Бұрындық хан Самарқанға кеткеннен кейін, сол 1511жылдың күзінде алды. Сол кезден бастап, деп жазды. «Тарихи Рашиди» авторы, «Қасым хан бүкіл Шығыс Дешті Қыпшаққа билік жүргізді, оның атақ даңқының зор болғаны сондай. Жошы ханнан кейін Қасым ханнан асқан құдіретті хан бұл хұртта болып көрген емес».
Қасым Дешті Қыпшаққа белгілі батыр да еді, ұрыс кезінде небір жаужүрек жігіттерден оқ бойы озық тұратын, соңына ерген әскері ол үшін отқа да, суға да түсетін айтулы көсем, шын мәнінде соғыс құпиясын жақсы меңгерген қолбасшы еді. Оның қаншама шайқасқа қатысқанын санап шығу мүмкін емес. «Зубдат әл- асар» («Шежірелер қаймағы») авторының айтуынша, оны бір шайқаста қарсыластары аттан ұшырып түсіргенде, Қасымның жасы алпыстан асқан болатын, жаяу қалған ханды ұрыс үстінде ешкім түстеп танымады да, ол аман қалды. Елгезек нөкерлері (бұл жерде - жасақтар) шалт қимылдап, хан лып етіп атқа қайта мінеді. Қазақ басышысы жаудан беті қайтпаған жауынгер болатын.
Қасым ұлысына шибандықтар шабуыл жасаған хижранның 915 жылы (1509 - 1510) Мырза Хайдар Дулаттың айтуынша, ″Оның қолындағы биліктің зорлығына, Бұрындық ханды ешкім елеп -ескеріп жатпағанына қарамастан, ол әлі хандық лауазымды иелене қоймаған болатын″. Хандық лауазымды ол Бұрындық хан Самарханға кеткеннен кейін, сол 1511 жылдың күзінде алды.
Сол кезден бастап, деп жазады ″Тарихи рашиди″ авторы, ″Қасым хан бүкіл Шығыс Дешті Қыпшаққа билік жүргізді, оның атақ - даңқының зор болғаны сондай, Жошы ханнан кейін Қасымнан асқан құдіретті хан бұл жұртта болып көрген емес″.
Қасым Дешті Қыпшаққа белгілі батыр да еді, ұрыс кезінде небір жаужүрек жігіттерден оқ бойы озық тұратын, соңына ерген әскері олүшін отқа да, суға да түсетін айтулы көсем, шын мәнінде соғыс құпиясын жақсы меңгерген қолбасы еді. Оның қаншама шайқасқа қатысқанын санап шығу мүмкін емес.
″Зубдат әл - асар″ (″Шежірелер қаймағы″) авторының айтуынша, оны бір шайқаста қарсыластары аттан ұшырып түсіргенде, Қасымның жасы алпыстан асқан болатын, жаяу қалған ханды ұрыс үстінде ешкім түстеп танымады да, ол аман қалды. Елгезек нөкерлері ( бұл жерде - жасақтар) шалт қимылдап, хан лып етіп атқа қайта мінеді. Қазақ басшысы жаудан беті қайтпаған жауынгер болатын.
Жорықта жау бетінде, шайқаста найза ұшында жүретін қазақ жерінің басшысы Қасым туыстық байланысты қастерлеп, берік ұстанған жайсаң да ер мінезді адам еді. Оған XVI ғасырдың басындағы ортаазиалық тарихшылар - Шади, Бинай, "Нусрат - наманың "белгісіз авторы баяндаған мына бір факті де дәлел бола алады.
Жорықта жау бетінде, шайқаста найза ұшында жүретін қазақ жерінің басшысы Қасым туыстық байланысты қастерлеп, берік ұстанған жайсаң ер мінезді адам еді.
Міне, қазақ билеушілері Сауран қаласын тағы да жаулап алып, Шайбани ханның інісі Махмұд Сұлтанды отбасымен қолға түсіреді. Бұрыннан ішкі кегі бар Бұрындық хан "оны өлтіруге бұйырады". Бірақ Махмұд Сұлтанның туған бөлесі - олардың шешелері апалы сіңілі адамдар еді - Қасым ханның бұл шешіміне көнбейді. Ол тұтқынды өлтірткізбегені былай тұрсын, Махмұд Сұлтанды босатып, қасына өзінің сенімді адамдарын қосып беріп, отбасымен Созаққа (Сауран сияқты Сырдарияның оң жағасына орналасқан қамал-қала), одан әрі ағасына апарғызып салады. Қазақ сұлтанның мінезіндегі мұндай мәрттік Шайбани хан тарихшыларының бәрін тәнті етіп, оның кеңдігі, кісілігі сан әңгімеге арқау болды. XV ғасырдың 80 - жылдарында, бұрын айтылғандай, Қасым Бұрындық ханның "атты әскерінің қолбасы" болды. Ержүрек жауынгер, жеңімпаз қолбасы, бекзат мінезді сұлтан ретіндегі атақ - даңқы сол XV - XVI ғасырлар өларасының өзінде оны қазақ халқының нағыз көсемі ретінде танытты. Бірақ ол ардан аттаған емес.
Қолында шексіз билік, тежеусіз тізгін бола тұра, Қасым хандықтағы барша билікті өз қолына алуды ойлаған жоқ.
Мырза Хайдар Дулаттың айтуынша, Бұрындық хан билігінің соңғы жылдарында Қасым оның маңына жақындамауға тырысты, өйткені "қасында жүріп міндетті қошемет түрін сақтамаса, ханға қарсы шығуға тура келер еді, ал өз көңілі қалай дегенде де бағынуды қаламайтын". Ақыры қартайған Бұрындықты бар құрметімен Самарқандағы қызының қолына аттандырып салғаннан кейін ғана Қасым хан атағын иемденіп, мемлекет билігін өз қолына алды.
Осы жерде айрықша атап өтетін нәрсе, сол күннен бастап, XIX ғасырда хандық билік біржола жойылғанша Қазақ даласындағы жоғарғы билік Жәнібек хан ұрпақтарының қолында болып келді.
Енді Қасым өзі құрып, іргесін бекіткен мемлекетті басқаруға көшті. Қазақ ұлыстарының жеке дара билеушісі ретінде ол енді ақыл - парасатының бәрін ата дәстүрін берік сақтай, отырып, хандық билікті күшейтуге, низам жүйесінің тұрақты сақталуына жұмсап, бұл ретте аса зор табысқа жетті.
Жасы кіші замандасы Бабырдың айтуынша, ол білетін барлық билеушілер ішінде өз халқын Қасымдай қатаң тәртіпке бағындыра білгендері болмаған.
Ал Қасым ханның қол астында, Мырза Хайдардың айтуынша, бір миллионнан астам адам болған.
Қасым хан таққа отырған мерзім 1511 жыл, ағайында Елбасыс пен Белбарыс Әмударияның төменгі саласында тағы бір дербес мемлекет - “Өзбек„ хандығы Хиуаны құрған тұсқа сәйкес келіп еді. Шибани тұқымдарының өздерін қолдағанрулармен және тайпалармен бірге Шығыс Дешті Қыпшақтың біржола кетуі мен олардың соңынан көшпенділердің жаңа қонысқа қозғалуы ел бірлігіне әсер етпей қойған жоқ: өз руларынан бөлініп қалған топтар, кейбір рулардың жекелеген бөліктері басқа бір этностық қауымдастыққа қосылып кетуге тырысты. Бұл бұрыннан келе жатқан кейбір ру аттарының жоғалып кетуіне, сондай - ақ бұрын белгісіз немесе қосарлы атпен жаңа рулық тайпалардың пайда болуына апарып соқты. Сонымен бірге Қазақ хандығындағы сұлтандар арасындағы ұлыс пен үлесті қайта бөлу жүргізіле бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz