Халықаралық жағдай


Халықаралық жағдай.
Қоғамдық өмір дамуындағы демократиялық және төрешіл бетбағыттар күресі әсерінен туындаған саяси жүйенің күрделі сипаты сыртқы саясатқа да қайшылықты сипат берді. Жетпісінші жылдардың бас кезі әлемдегі саяси ахуалдың жұмсарып, халықаралық шиеленістің бәсендеген кезі еді. 1973 жылы Вьетнамдағы соғыс аяқталды. Хельсинкиде жалпыеуропалық кеңестің шақырылуы барлық бейбітшілік сүйгіш күштердің қомақты табысына айналды. Еуропалық 33 мемлекеттің, АҚШ пен Канаданың басшылары қол қойған қорытынды актіде мемлекетаралык қатынастар жаңа айқынадамалар тұрғысьшан реттеліп, мемлекеттердің адам құқын қорғау жөніндегі күш-жігері біріктірілді.
Өзгерістер жағдайында Қазақстан өзінің халықаралық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алды. Өзге елдермен мәдени және экономикалық қатынастар күшейе түсті. Алдыңғы бесжылдықтарда Қазақстан кәсіпорындары өндіретін тауарларды сыртқа шығару үлғая түсті. Алайда Қазақстаннан шетке шығарылатын өнімдер тізімі технологиялық жаңалықтардан емес, негізінен шикізаттық қуат көздерінен, мәселен, түсті металдардан, хром кені мен темір балқытпаларынан, жұқа болат тақталарынан, мұнай-дан, т. б. тұратын еді.
Қазақстан металл кесетін станоктарды, жол құрылысы жабдықтарын, электровоздарды, жиһазды, киімді, тағам өнімдерін, электр тауарларын, т. б. сырттан тасыды.
Қазақстанның шетелдермен мәдениет саласындағы бай-ланысы қарқынды дамыды. Қазақстаңдық жүздеген маман әлемнің көптеген елдерінде - Иракта, Египетте, Үндістанда, Монғол Халық Республикасыңда, Фнляндияда, Ауғанстанда жұмыс істеді. Ғылыми байланыстар да жақсара түсті. Қазақ КСР Ғылым академиясы шетелдердің ғылыми мекемелерімен бірлесе отырып, 31 проблема мен жеке тақырыптарды зерттеуге қатынасты. Химия ғылымдары институтының қызметкерлері өздерінің чехо-словакиялық және болғарлық әріптестерімен берік қатынастар орнатты. АҚШ, Франция, Италия ғалымдарымен байланыс орнатылды.
Қазақстанда кеңес-сирия достығьшың күндері, Франция-ның КСРО-дағы күндері өткізілді. Қазақтың Құрмангазы атындағы Мемлекеттік үлт аспаптары оркестрінің әртістері, КСРО халық әртістері Е. Серкебаев пен Б. Төлегеновалар Францияның музыка сүйер қауымын өздерінің қайталанбастай тамаша өнерлерімен тәнті етті. Қазақ операсы мен балетінің, көркемсурет пен графикасының, колданбалы өнерінің шеберлері Еуропа, Азия, Африка, Америка елдерінде өнер көрсетті,
Алайда сыртқы саясат саласындагы қарыспа шешімдер, біліктілік жағынан төмен және шала ойластырылған идео-логия мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыру жолында көптеген тастүйін кедергілердің бой көрсетуіне себепші болды.
Екі әлеуметтік-саяси жүйе арасындағы текетірестіктің өрши түсуіне, шынайы дүниені айқын тануға "дұшпан бейнесі" елестейтін түсінік кедергі болды. "Саяси күрестің күшеюі" туралы жолнұсқа (тезис) орнына "Идеологиялық күрестің күшеюі" дейтін екінші бір жолнұсқа келді. Осының салдарынан екі жақ та әскери күшін еселей өсіріп, қарулануға жұмсалатын қаржы көлемін үсті-үстіне ұлғайта түсті. Әскери шығындардың негізгі ауыр салмағы екі аса ірі мемлекетке - АҚШ пен КСРО-га түсті. Бұл шығындар ең алдымен осы екі мемлекеттің азаматтарын тұралатар жүкке айналды. Ұлы мемлекеттік тәкаппарлық жанталаса қарулануды күшейтуге, ядролық қару қоймасын жаңарта жасақтауға итермеледі. Қазақ халқының ұлы перзенттері Абай, Шәкәрім, Мүхтар Әуезов дүниеге келген жерлерде, яғни бүрынғы Семей, Павлодар, Қарағаңды облыстарының түйіскен тұсында орналасқан Семей ядролық полигоны Қазақстан жерін қасіретке ұшыратты. Ядролық заряд мүнда алғаш рет 1949 жылғы тамыздың 29-ыңда сыннан өткізілді. Ғалымдардың пікірі бойынша, әрбір экспери-менттік қондырғы мен оны жер астында сынақтан өткізу қүны орта есеппен 30 миллион сомға тең. Әскерилер үзақ жылдар бойы жүмған аузын ашпай, кейіннен полигонның жергілікті халықтың денсаулығына бәлендей зияны жоқ
Семейдегі ядролық полигонда.
Дәрігерлер мен фельдшерлерге рактан, лейкоздан және иондаушы радиацияға байланысты туындаған басқа да аурулардан қайтыс болғандарға дәл диагноз қоюға тыйым салынды. КСРО Денсаулық сақтау Министрлігі бүл аймақта медициналық зерттеулер жүргізуге де тыйым сал-ды, ал әскери дәрігерлер жүргізген тексерістердің нәтижесі аса құпия сақталып, ядролық полигон әрекеті салдарынан келген зардап көлемі туралы мәліметтер жасырын ұсталды.
Адамдарға деген осыншалык сүрқиялық көзқарас сал-дарынан полигон маңайында тұратын халықтың әр түрлі ауруларға шалдығуы жиілей бастады. Мәселен, бұрынғы Семей облысында Абай ауданының, Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ ауданының тұрғындары сәуле ауруына ұшырады. Бірақ полигонның халықтың денсаулыгына төндіріп отырған қатері туралы оқта-текте үн көтерген-дердің дабылы ескерусіз қалып жатты. "Империалистік қатерден" үрейленген мемлекет қарулануды жалғастыра берді.
1969-1970 жылдары Маңғыстау облысының аумағында да халықтан жасырын түрде кен жыныстарында үш бірдей жерасты ядролық сынағы өткізілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz