Карпини Иоанн де - Плано


ЖОСПАР
Кіріспе2
Карпини Иоанн де-Плано3
Марко Поло6
Вильгельм Рубрук9
Қорытынды12
Қолданылған әдебиеттер13
Кіріспе
Қазақстан - Орталық Азияның ірі аумақтарының бірі. Көптеген жүзжылдықтар бойы ол ТЕРРА ИНКОГНИТО елі болып келген. Осы жерге, оның тұрғындарына, салт-дәстүріне, географиясына, климатына, т. б. деген қызығушылық ертедегі орта ғасыр заманында-ақ Ұлы Далаға көптеген еуропалықтарды көп жағдайда өз өмірлеріне қауіпті әрі ерекше қиындықтарға толы саяхаттарға шығуға итермеледі. Осындай ынтығудың себептерінің бірі - осы елдің көне Шығыс өркениеттеріне барар жодда орналасуы еді.
Ғасырлар бойы Еуропа және Шығыс Азияның ортасында жатқан үлкен кеңістік әртүрлі елдер мен халықтардың көптеген саясатшыларының, дипломаттарының, миссионерлерінің, көпестерінің, ғалымдарының, билеушілерінің назарын аударып келді. Еуропалықтарға Ұлы Дала деген атпен белгілі болған, „қырғыз-қайсақтардың" көшпелі тайпалары мекендеген бұл жер туралы, ортағасырлық монахтар мен көпестердің суреттемелерінен бастап, Еуропа мен Ресейде ХYIII-ХІХ ғасырларда дүниеге келген күрделі ғылыми еңбектерге дейін, неше түрлі мыңдаған шығармалар жазылды. Ұлы Дала - қазақ жері зерттелмеген (танылмаған) ел тұрғысынан, сондай-ақ сол замандағы Ұлыбритания және Ресей сияқты ұлы империялардың саяси және экономикалық мүдделері тұрғысынан келгенде, шынайы қызығушылық туғызды. Көп адамдар Қазақстанға екі алып континент - Азия және Еуропаны байланыстырып жатқан „көпір" ретінде тәжірибелік жағынан қызықты. Сөйтіп, бұл көне өлке және оны мекендеген халық әртүрлі елдердің мүдделері тоғысқан жер болды, жан-жақты зерттеу мен суреттеудің объектісіне айналғаны да осыдан.
Карпини Иоанн де-Плано
(Джиовани Пиано; Жан дю План Карпэн)
Орта ғасырдағы итальян саяхатшысы, 1200 жылдар шамасында туған (өлген жылы белгісіз) . 1222 жылы миссионерлік тапсырмамен Туниске, 1225 жылы Испанияға жіберілген.
1245 жылы татарлардың (моңғолдардың) жаңа шабуылынан қауіптенген Лион соборындағы Иннокентий ІV моңғолдар туралы жан-жақты мәлімет жинау үшін бірнеше монахтан құралған елшілік жібереді. Францискалық Иоанн де-Плано Карпини Батый хандығына елшілік бастап, Богомея және Сицилия арқылы Днепр сапарына барады, одан Дон арқылы Еділ және Жайыққа өтіп, Онон өзенінің маңайындағы Ұлы ханның тұрағына жетеді. Осы миссионерлік сапарға басшылық еткен Карпини өз саяхаты туралы жазбаларын "Либеллус Хисторикус" деген атпен қалдырған.
Папа IV Иннокентийдің Күйік ханға жіберген елшісі 1245-1247 жылдары Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан арқылы жүріп өткен Плано Карпинидің байқаулары осыны дәлелдейді. Атап айтқанда Сырдария ауданында ол және оның серіктері жермен жексен болған көптеген қалаларды, қирап қалған қамалдарды және қаңырап қалған қыстақтарды көрген. Басқыншылықтан қалалар мен олардың төңірегінің халқы ғана емес, сондай-ақ көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың халқы да зардап шекті. Сол Плано Карпини былай деп атап көрсетті: «Біз қанғиттердің жеріне аяқ бастық . . . Бұл жерден, сондай-ақ Команиядан біз аяқ астында тезекше шашылып жатқан сансыз адамдардың бас сүйектері мен қаңқаларына тап болдық . . . Бұл адамдар, командар мен қанғиттер сияқты жер өңдемеген, малмен күн көрген, олар сондай-ақ үй салмастан, шатырларда орналасқан. Татарлар оларды да қырып-жойған, енді өздері солардың жерінде тұрады, ал тірі қалғандарын құл қылып алған». Моңғол жаулап алушыларына қарсы күрескен халықтың тағдыры осындай болған.
Оңтүстік Ресей, Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Моңғолияға барған сапарында ол моңғол елі туралы, халықтың дәстүрлері туралы, Азия мен Еуропа жауынгерлері туралы мәліметтер жинайды. Карпинидің кітабы орыс тілінде А. Малеиннің аудармасымен жарық көрді.
"Біз басып өткен жол және біз жүрген жерлердің жағдайы" деген тарауында Плано Карпини командар тайпасы (командар - қыпшақтар), кангиттер (қаңлылар) және олардың жерлері туралы айтады:
"Бұдан кейін біз тым көп жерінде суы тапшы болатын, тіпті, судың жетіспеуінен халық саны аз болатын кангиттер жеріне келдік. Бұл сияқты суы жоқ татар жеріне сапар шеккен Орыс, Ярослав князінің адамдары осы елсіз далада шөлден қырылды. Осы жерлерде, сондай-ақ команинде біз жападай жер жастанып жатқан адамдардың сансыз бастары мен сүйектеріне тап болдық; мұндай өлі даламен біз пасханың сегізінші күнінен бастап, шамамен Ұлы Тәңіріні Дәріптеу күніне дейін (Вознесения Господа Нашего) жүріп отырдық. Бұл адамдар язычниктер (бұтқа табынушылар) еді. Командар да, кангиттер де жер өндемейді екен, тек малмен ғана күнелткен; олар сондай-ақ үй де салмаған, шатыр тігіп отырған. Оларды өз жерінде татарлар қырып, жоя берген, ал тірі қалғандарын құл етіп отырған . . . Кангит жерінен біз бисерминдер жеріне өттік (бұл "мұсылман" сөзінің көне славян тілінде өзгеріске ұшыраған түрі) . Бұл адамдар сол кезде де, бұған дейін де коман тілінде сөйлейді екен әрі саррацинск заңын ұстанады. Бұл жерлерден біз күйреген сансыз қалаларды, қираған қорғандар мен көптеген қаңырап қалған елді мекендерді көрдік. Бұл жерден біз аты белгісіз үлкен дариядан өттік; оның жағасында Янкинт деп аталатын қала тұрды (fanckint), екінші қаласы Бархим екен (Сырдария) және үшінші Орнас, бұлардан басқа да бізге белгісіз қалалары көп екен. Бұл жердің қожасы болған, оны Мәртебелі Сұлтан хан атаған; Сұлтан ханды татарлар үрім-бұтағымен қосып өлтірген; біз оның есімін біле алмадық. Бұл жерлерге ұлы таулар орналасқан; оңтүстігінде ол Иерусалимге, Балдахқа (Бағдаттың орта ғасырдағы атауы) және бүкіл саррацисындардың жерімен шектеседі екен, олармен екі көсем - ағайынды Бурин мен Кадак қатар тұрған, ал солтүстігінің бір бөлігі қарақытай және Океан жерімен шектескен. Батыйдың бауыры Сыбан да осында тұрады екен. Біз бұл жерлерді Дәріптеу мерекесіне дейін жүріп өттік".
Марко Поло
(Өмір сүрген жж. белгісіз)
Орта ғасыр дәуіріндегі Венеция көпесі әрі саяхатшысы. XIII ғасырда Шығыспен арадағы сауда жұмыстары құрғақтағы жолдарды ғана емес, сонымен бірге жаңа теңіз жолдарында пайдалана білген Итальядағы қалалық республикалардың қолында болды. Ол кезде Пиза, Венеция және Генуя деп аталатын үш қала өзара бәсекелесте болды. Көпестердің кейбіреулері өздерінің барған сапарлары туралы бағалы мәліметтер қалдырды. Әсіресе, Венециядағы Поло дейтін көпестер отбасының тағдыры қызық. Ағайынды Николо және Маттео Пололар Венециядан 1254 жылы шығып, Константинопольден Қырымға, ондағы Солдаию айлағына, одан Еділге 1261 жылы келеді. Сөйтіп, Оңтүстік Ресейден Бұхара арқылы Қытайға келіп, үш жыл тұрады. Мұнда оны моңғол императоры Құбылай кабылдайды, ал ол осы кезде өз астанасын Қарақорымнан Пекинге ауыстырған екен. 1269 жылы жаңадан тауар алу үшін қайтып оралған көпестер 1271 жылға дейін елдерінде қалып қояды. Сол жылы қастарына 17 жасар Марко Полоны - Николоның ұлын ертіп алып, олар Лаяццо (Аяс) портынан шығып, шығысқа қарай Кіші Азияға жол тартады. Көпестер Парсы, Балх, Памир жөне Шығыс Түркістан арқылы Қытайға келеді. Бұл сапар тұп-тура үш жылға созылады. Құбылай бұларды баяғысынша құшақ жая қарсы алады. Сөйтіп, бүл үшеуі монгол императорына он жеті жыл бойы қызмет етеді.
Жас Марко Поло бүл елдің жағдайына тез икемделіп кетеді; өзінің айтуына қарағанда, татар тілін үйренген, төрт түрлі жазуды меңгерген. Императордың көптеген тапсырмаларын сәтті орындап, ол оның сеніміне әбден ие болады. Император оны мемлекеттің әртүрлі өлкелеріне тапсырмамен жіберіп отырған. Марко Поло үш жыл бойына Оңтүстік Қытайдың бір провинциясында губернатор болады.
1295 жылы өзінің туған қаласына қайтып оралған Марко Поло генуялықтарға қарсы соғысқа қатынасады. Ол 1298 жылы Генуя түрмесінде өзімен тар жерде тағдырлас болған пизалық жолдасы Рустичианоға өзінің "Қытайдағы көрген-білгендерін, жиған-тергендерін түгелдей ежіктеп отырып, француз тілінде жаздырады. Қолжазба күйінде сақталған осы алғашқы редакциядан басқа, 1307 жылы Францияның белгілі рыцарына өз қолымен тапсырған және бір данасы сақталған. Бұдан кейін, 1325 жылға дейін өмір сүрген Марко Поло, Венецияда өзінің осы сапары туралы жиі әңгімелепті; оның осы айтқандары және әкесі мен оның бауырының айтқандары қосылып, бізге жеткен шығармаларға енген. Бұл басылым 1553 жылы Рамузиода жарық көрген. Марко Полоның еңбектері орта ғасырдағы саяхатшылар мен географтардың шығармалары арасында ең көрнекті орын алады. Қытайға бұлар құрлықпен сапар шексе, одан теңіз жолымен қайтқан, әкесі мен оның ағасынан алған солтүстік сапарының мәліметтері, моңғол императорының қарауындағы жоғары қызмет - осының бәрі оған Онтүстік және Батыс Азия туралы көптеген мәліметтер қалдыруға мүмкіндік берді. Оның Қытайдан Персияға дейінгі сапары кезінде әр елден сұрастырып алған ауызша мәліметтері солтүстікке қарай Мұзды мұхитқа дейін, шығысқа карай Жапония еліне дейін, оңтүстікке қарай Мадагаскарға дейін мағлұматтар береді.
Марко Полоның жазғандары орта ғасырдағы оқушыларды қатты қызықтырды. Оның кітаптарының талай рет қайта басылып, көп тілде аударылуы осының айғағы.
Батыс татарларының бірінші патшасы Сайын болған; ол күшті және қайратты патша болған. Осы Сайын патша Ресейді, Команиюді, Аланиюді, Лакті, Менгиярды, Зичті, Гучиюді және Хазариюді бағындырған; осы аймақтың бәрі Сайын патшаның қол астында болды.
Осы жерлердің бәрін ол бағындырмастан бұрын, бұлар командардың қарауында болған, бірақ олар өзара тату болмады, сөйтіп, бүтін бір патшалық құра алмады. Сондықтан командар өздерінің жерлерінен айрылды және әлемнің түпкір-түпкіріне бытырап кетті. Ал қалғандар Сайын патшалығының қол астында, құлдыққа түсті. Сайыннан кейін мұнда Пату патшалық етті. Патудан кейін Мунглетамур, одан кейін Тотамангур, кейін Тоқтай патша билік құрды.
Марко Полоның айтуына сүйенсек, моңғол билігі орнағаннан кейін олар бағындырған елдерде «әскердің кіруіне бөгет болмас үшін елге дуалдар мен қақпалар салуға рұқсат етпейді . . . Сөйтіп ауыздықталған халықтар ешбір ашу-ыза білдірмей, сөмпиіп қала береді».
Вильгельм Рубрук
(өмір сүрген жылдары белгісіз)
XIII ғасырдағы француз королі Людовик IX Монғолияға екі бірдей дипломатиялық миссия жіберді. Оның алғашқысын доминикандық Андрей де-Лонжело басқарып, 1249 жылы Кипрден аттанып, 1259 жылы Кесареяға құр қол қайтып келді. Екінші миссияны францискалық Вильгельм Рубрук басқарған болатын. Ол шығу тегі жағынан фламандық болатын. Рубруквис Монғолияға 1259 жылы барды, шамамен Плано Карпини барған жолмен жүріп отырды. Алайда бұл сапарда кезіктіргендерін ол жатық тілмен мазмұнды етіп жазып берді. Халықтық дәстүр жөніндегі мәліметтерден басқа, ол моңғол империясын мекендеген халықтардың діні, мәдениеті және жазуы туралы көптеген мәліметтер жинады. Оның ұйғыр, қытай және тибет жазулары туралы ескертулері сол замандағы мықты аңғарылғанын дәлелдейді.
Француз королі IX Людовиктің монғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі Рубрук монғол шапқыншылығынан кейін отыз жылдан астам уақыт өткен соң, 1253-1255 жылдары Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып болғандығы туралы алғашқылардың бірі болып дәлелдемелер қалдырып кеткен. Ол былай деп жазған: «Біз оң жағын биік тау қоршаған, ал сол жағында айналасы 25 күншілік теңіз бе, әлде көл ме, шалқып жатқан өте әсем жазықпен жүрдік. Бұл жазық таудан басталып әлгі аталған теңізге келіп құйып жатқан сумен түгелдей тамаша суландырылған. Жазда бұл теңіздің солтүстік беткейі арқылы қайттық (Балқаш), бұл беткей де таулы болып келеді. Жоғарыда аталған жазықта бұрын көп қала болған, бірақ олардың көпшілігін өздерінің малын бағуға жағдай жасау үшін татарлар [монғолдар] қиратып жіберген, өйткені онда ең тамаша жайылымдар болған еді».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz