Соғыс жағдайындағы Қазақстанның көлеңкелі тұстары
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Қазақстан Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде 3
Бәрі де Отанды қорғауға жұмылдырылсын! 5
Қазақстанда әскер бөлімдерін жасақтау мәселесі 7
Республика өмірін соғысқа бейімдеп қайта құру 8
Соғыс жағдайындағы Қазақстанның көлеңкелі тұстары 15
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17
Кіріспе
Жыл сайын мамырдың 9-ында – еліміз Жеңіс күнін мерекелейді. Ұлы Отан
соғысының аяқталғанына 63 жыл толды. Ресей, Қазақстан және бірқатар ТМД
елдері биыл жылы Жеңістің 60 жылдығын дүркіретіп өткізді. Бүгінгі күнде
Қазақстан экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті атқаруда. Саяси
және құқықтық реформалар жүріп жатыр. Осы игі жетістіктер оңшыл либералдық
құндылықтар негізінде жүзеге асырылуда. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары
қазақ баспасөзі бетінде серпілген санадан туған жаңа көзқарастарға көп орын
берілген еді. Бірақ соңғы жылдары қайтадан ескі сарын - жалған
интернационализм мен коммунистік тоталитаризмді, тіпті отаршылықты ақтау
бағыты қайтадан басталғандай сыңай байқатады.
Ұлы Отан соғысы - кеңес билігі кезінде Қазақстан тарихындағы ең
маңызды тақырыптардың бірі болып есептелді. Бұл тақырып бойынша әр
республиканың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жеңіске қосқан үлесін мейлінше
жан-жақты көрсету мақсаты қойылды.
Бірақ қазіргі кезде әлі де толық зерттеле қоймаған осы тақырыптың
Қазақстанға тиісті тұсы бәрімізді толғандырады. Менің алған тақырыбым
Қазақстанның осы соғыстағы экономикалық көмегі мен тарихи рөлі.
Экономикалық көмегі ұшан-теңіз екенін біздер айқын білеміз. Өйткені соғыс
басталысымен алты айдың ішінде КСРО-ның европалық бөлімінен Оралдан бері
қарай көшірілген зауыттардың саны 1500-нан асып жығылады. Соның талайы
Қазақстанда орын тепкені белгілі. Тіпті Мосфильмге дейін осында көшірілді
емес пе?!
Енді осы алған тақырыбыма кеңінен тоқталайын.
Қазақстан Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде
Бүкіл Батыс Европаны дерлік жаулап алған фашисттік Германия
антисоветтік коалиция құру жөніндегі белсенді дипломатиялық әрекетті
өрістетті. 1940 жылы сентябрьде Берлинде Германия, Жапония мен Италия
арасында үш жақты шартқа қол қойылды. Жаулап алынған елдердің өнеркәсібі
бүтіндей фашистік Германияның әскери-экономикалық потенциалына қосылады,
вермахттың әскери экономикасы бұрын болып көрмеген деңгейге жетті. Әсіресе
танктер, самолеттер, сүйретпелер және соғыс корабльдерін шығару ерекше
өсті.
СССР-ге қарсы агрессияның ”Барбаросса” деп аталған жоспары соғыс
басталмастан көп бұрын дайындалған болатын. Бұдан кейінгі жерде ол жоспар
нақтыланып, “халық ретінде орыстарды талқандау, оларды бытырату”, СССР
халықтарының ұлттық мәдениетінен жою мақсатын көздеген түрлі директивлармен
дәлденіп, толықтырылды. Фашистік Германия басшыларының алдына қойған басты
міндеттерінің бірі Совет мемлекетін “басқаруға ыңғайлы болу үшін” бөлшектеу
болды. Бұл үшін Совет Одағын “Москва”, “Остланд”, “Украина” және
“Түркістан” сияқты рейхкоммисариаттарға бөлу көзделді. Түркістан
рейхкоммисариатына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан кіруге тиісті болды.
Гитлершілер Қазастанның қалған басқа аудандарын “индустриялы облыстарға”
және “Еділ-Орал” делінетін өңірге қоспақ болды.
Герман вермахтының “Барбаросса” жоспарын іске асырмақ болған
стратегиялық есептері тұтқиыл соғыс (блицкриг) делінетін идея негізінде
құрылған болатын.
СССР-ге шабуыл жасар алдында фашистік Германия Совет Одағының
шекарасына толық жасақталған, техникалық жағынан жарақталған армияны әкеліп
төкті. Советтер еліне жалпы саны 5,5 млн-ға жуық солдат пен офицері бар
құрылықтағы әскер қарсы қойылды. Соғыс қимылдары үшін 5 мыңға жуық самолет
және 3,5 мың танк әзірленді. Әскерлердің “Солтүстік”, “орталық” және
“Оңтүстік” атты үш армиялық тобы құрылды. Финляндия территориясында екі Фин
армиясы және “Норвегия” неміс-фашист армиясы құрылып жатты. Еліміздің шығыс
шеттерінде империалистік Жапония бір миллион адамы бар “Квантун” армиясын
шоғырландырды.
Неміс-фашист әскерлерінің күшті тобына қарсы Совет Одағының өз
шекараларында мобилизациялауға дейін шекараны ұстап тұратын армиясы ғана
болды. Әскерлердің саны, танктер мен самолеттердің жаңа үлгілері,
жауынгерлік тәжірибесі жөнінде бұл кезеңде Қызыл Армия неміс армиясынан көш
кейін қалып қойған болатын. Дивизиялардың көпшілігі бейбіт уақыттағы
штаттар бойынша қалыптасқан еді. Көптеген танк, моторлы және авиация
құрамалары құрылу сатысында болатын.
1941 жылғы 22 июньде елең-алаңда гитлерлік Германия шабуыл жасаспау
туралы шарты бұзып, Советтер еліне қарсы опасыздықпен шабуыл жасады. Соғыс
қимылдары Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі кең майданда өрістеді. Жау
самолеттері соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ совет әскерлерінің
турған жерін, аэродромдары, коммуникациялар мен темір жол тораптарын,
өнеркәсіп орталықтарын жаппай бомбалады. Советтік Отанға қатерлі қауіп
төнді.
Сол күні Совет үкіметі халықты фашистік басқыншыларға қарсы күреске
көтеріліп, социалистік Отанды қорғап қалуға шақырды. Үндеу: “Біздің ісіміз
әділ. Жау талқандалады. Біз жеңіп шығамыз”- деген сөздермен аяқталды.
Совет халқының бейбіт жасампаздық еңбегі үзілді. Ұлы Отан Соғысы
басталды.
Бәрі де Отанды қорғауға жұмылдырылсын!
Совет халқы бір кісідей жұмылып Отанды қорғауға аттандырылды. Отан
соғысында Совет халқы өзінің ар-намысын, Отанының бостандығы мен
тәуелсіздігін қорғады, өзінің алдына дүние жүзіндегі ең алдыңғы қатарлы
советтік, қоғамдық және мемлекеттік құрылысты гитлершіл сойқандаушылардан
қорғап қалу, социализм жеңістерін қорғап қалу міндетін қойды. “Бұл соғыс
өзгеше соғыс екенін әркім біледі. Бұл соғыста жұрт өзінің тіршілігін,
өзінің өмірі мен бостандығын қорғайды, өз халқының ұлттық абыройын және өз
мемлекетінің, өз отанының тәуелсіздігін қорғайды. Сол себептен де жауға
қарсы армия ғана емес, бүкіл халық та күрес жүргізуде. Мұның өзі сөздің
толық мағынасында айтқанда халық соғысы болып отыр”.
Совет Одағының барлық ұлттары мен халықтарының еңбекшілері қатерлі
қауіп алдында Коммунистік партия мен Совет үкіметінің төңірегіне бұрынғыдан
да тығыз топтасты.
Барлық жерлердегідей, Қазақстанның еңбекшілері митингілер мен
жиналыстарда сүйікті Совет үкіметін, ұлы Октябрьдің жеңістерін қорғауға
деген шешімдерінің беріктігін ашу-ызамен мәлімдеді. Алматы қаласы
еңбекшілерінің саны 1000 адам қатысқан митингісі қабылдаған қарарда былай
делінген: “Біздер, Алматы қаласының еңбекшілері, арсыз агрессорларға қарсы
жеңімпаз ұлы Отан соғысын жариялаған сүйікті үкіметімізді толық қолдаймыз...
Біз Қазақстанның барлық еңбекшілерін Қызыл Армияны, Әскери-Теңіз Флоты мен
Авиацияны жауды талқандау үшін не қажеттің қамтамамыз ету үшін өздерінің
күш-жігерін еселеп арттыруға шақырамыз.”
Соғыстың әділетті сипатын, оның азат етушілік мақсаттарын түсінудің
совет халқы мен оның армиясының патриоттық рухын көтеруде орасан зор маңызы
болды. Әскери комиссариаттарға, партия, совет және комсомол ұйымдарына
совет патриоттарынан – жігіттер мен қыздардан, аға және орта ұрпақ
адамдарынан Қызыл Армия қатарына өз ықтиярымен кіру туралы мыңдаған
өтініштер түсіп жатты. Өтініштердің қысқа-қысқа сөздерін өзінің отанына
деген сүйіспеншілік, оның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін бәрін арнауға
әзірлік айқын сезіліп тұрды.
Бүкіл еліміздегі сияқты, Советтік Қазақстанның еңбекшілері соғыстың
алғашқы күндерінен бастап жоғары ұйымшылдық көрсетті. Республиканың
кәсіпорындарында, транспортта, колхоздарда еңбек тәртібі артты. Әрбір
коллектив жаңаша, соғыс кезіндегіше жұмыс істеу өзінің ең бірінші парызы
деп есептеді.
Социалистік партияны қорғау туралы лениндік ілімді басшылыққа ала
отырып, партия мен үкімет халықтың барлық күштері мен ресурстарын жауды
тойтаруға жұмылдыру жөнінде практикалық шаралар белгіледі. Соғыстың бірінші
күні-ақ, СССР жоғары Советінің Президиумы бірқатар указдар шығарды. Совет
одағының кейбір Республикалары мен аудандары соғыс жағдайы енгізілді.
Еліміздің барлық қарулы күштеріне басшылық ету үшін Бас Командованиенің
ставкасы құрылды. Бұл кейін Жоғарғы Бас Командованиенің ставкасы деп
аталатын болды.
Армияда партиялық басшылықты нығайту үшін партия мен мемлекеттің
көрнекті қайраткерлері әскери жұмысқа жіберілді. Майдандар мен армиялардың
әскери советтері жанынан армиядағы партиялық-саяси жұмысқа басшылық ету
үшін саяси басқармалар мен бөлімдер құрылды. Коммунистік партияның “Бәрі де
майдан үшін, бәрі де жауды талқандау үшін” деген ұраны СССР-дің барлық
халықтарының тілдерінде айтылып, оны еліміздің барлық енбекшілері қызу
қолданды. Ондағы мыңдаған тәжірибелі партия және совет қызметкерлері
майданға саяси жауынгерлер ретінде жіберілді. 1941 жылдың аяғында Қарулы
Күштер қатарына 1,3 млн. коммунист болды. Әскер қатарына шақыру және
партиялық мобилизация бойынша соғыс жылдарында Қазақстан партия ұйымынан
82251 коммунист армия қатарына барды.
Коммунисттер мен комсомолецтер өздерінің ұрыс кезіндегі жеке
өнегелерімен, партиялық үгітшінің жалынды сөздерімен жауынгерлерді
қаһармандық ерікке жігерлендіріп, жауға қарсы күресте әскерлердің
табандылығын арттырып отырды.
Қазақстанда әскер бөлімдерін жасақтау мәселесі
Еліміздің Қарулы Күштерін жедел толықтыру, жаңа құрамалар жасақтау сол
кездегі басты міндеттердің бірі болды. Әскери міндеттілердің шақыру
пункттеріне келуі жоғары патриоттық өрлеу жағдайында өтіп жатты.
Жаңа бөлімдер мен бөлімшілерді құрастыру және үйрету жөніндегі қызу
жұмыс күндіз-түні толастаған емес. Қалалардың шет аймақтарында
жауынгерлерді мылтық атуға үйрету үшін полигондар мен оқ ату тирлері
салынып жатты.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып 316-атқыштар дивизиясы
жасақталды, оның адам құрымының ұйытқысы Алматы, Жамбыл, Қырғызстанның
еңбекшілері болды. Дивизия командиры болып Азамат соғысына қатысушы аты
аңызға айналған 25-Чапаев дивизиясының қатарында шайқасқан генерал-майор
И.В.Панфилов тағайындалды.
Республика территориясында соғыстың алғашқы үш айында 316-
дивизиямен қатар 238-, 310-, 312-, 314-, 387-, 391- атқыштар дивизиялары
құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін тағы бір дивизия және 3 бригада құрылды.
Қазақстанда барлығы 20-дан астам атқыштар және атты әскер дивизиясы мен
бригадасы, бірнеше артиллерия және авиация полкі құрылды.
Қазақстан әскер бөлімдері жұмысшылардан, колхозшылардан,
интеллигенциядан жасақталды. Шамамен алғанда әрбір алтыншы жауынгер мен
командир комунист болды бүкіл адам құрамының 15 процентеен 20 процентке
дейін ВЛКСМ мүшелері болді. Жеке атқыштар бригадасы құрамының 50 проценты
қазақтар, 37 проценті орыстар, 13 проценті басқа ұлттар өкілдері болған.
Советтік патриотизм Қазақстандағы мобилизацияны ойдағыдай
жүргізудің және Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің әскер бөлімдері мен
құрамаларын жасақтау жөніндегі тапсырмаларын мезгілінде орындаудың негізі
болді.
СССР Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешімі бойінша СССР-дің 16
жастан 50 жасқа дейінгі ер азаматтарын әскери іске міндетті түрде үйрету
түралы ереже енгізілді. Жалпыға бірдей әскери оқу әскери тәртіппен тыс,
өндірістен қол үзбей іске асырылды. Республиканың 15 жастан 50 жасқа
дейінгі жүздеген мың еңбекшілерді мылтық атуды, окоп қазуды, жасырына
білуді үйретті, қазіргі заман ұрыс тактикасын меңгерді. Барлық мамандық
жауынгерлері даярлықтан өтті. Жаттығу ісі соғыс жағдайына жақындатылған
жаттығу алаңдарында, Отан соғысының алғашқы тәжірибесін ескере отырып
жүргізілді. Міндетті әскери оқуға тартылған бөлімшелернің саяси
қызметкерлері бұқаралық саяси жұмыс жүргізді, майдандардағы жағдайды және
Отанды қорғау міндеттерін түсіндірді. Жекелеген аудандарда әскери
жаттығулармен бірге әскер қатарына шақырылған қазақтар арасында орыс тілін
үйрету ісі ұйымдастырылды.
Қазақстанда даярланған әскери резервтер совет герман майданының барлық
участкелерінде ерлікпен шайқасты.
Республика өмірін соғысқа бейімдеп қайта құру
Соғыс Советтер елінің экономикалық потенциалына елеулі сын болды. В.И.
Ленин былай деп көрсеткен еді: “кімнің резервтері көп болса, күш алатын
қайнары көп болса, халықтың қалың ортасында ұстамдылығы көп болса соғыста
сол жеңеді”. Берік тыл жасау және республиканың бүкіл экономикасын соғысқа
бейімдеп қайта құру бірінші дәрежелі маңызы бар міндеттер болды. СССР-дің
европалық бөлігіндегі бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын шығыстағы
аудандарға эвакуациялауға байланысты 1941 жылдың аяқ шенінде елімізде
өнеркәсіп көлемі күрт қысқарды. Совет Одағы соғысқа дейін шойынның 68
проценті, болаттың 58 проценті қорытылған, темір рудасының одан да көп
мөлшері шығарылған кең көлемді территориядан айрылды. Осындай жағдайда
қорғаныс заводтары, ауыр және жеңіл өнеркәсіптің басқа да кәсіпорындары
сондай ақ колхоз-совхоздарда мал-мүлкі көшірілген еліміздің шығыстағы
аудандарының маңызы өсті.
Ұлы Отан соғысы республикада соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде
салынған түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсіп орындарында, сирек
металдар шығаратын кәсіпорындарда өнім шығаруды мейлінше арттыруды талап
етті. Бұл үшін қысқа мерзім ішінде бұлардың жұмысын соғысқа бейімдеп қайта
құру керек болды.
1941 жылы 16 августта ВКП Орталық Комитеті мен СССР Халық Комиссарлары
Советі Поволжье, Урал, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz