Монғол мемлекетінің құрылуы. Қазақстан моңғол дәірінде
МАЗМҰНЫ
Монғол мемлекетінің құрылуы 2
ҚАЗАҚСТАН МОҢҒОЛ ДӘУІРІНДЕ 4
Қазақстан территориясының ұлыстарға бөлінуі 7
Татар терминінің шығуы 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16
Монғол мемлекетінің құрылуы
XIII ғасырдың екінші оң жылдырында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан
бастаған соғысқұмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл
тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан-байтақ жерін иеленген еді.
Монғол тайпалары әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі сатысында
болатын, орман халқы және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлінген
еді. Орман тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал
шаруашылығымен айналысты жәие бұлар сан жарынан басым болып, монғол
қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
XII—XIII ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық
қатынастардың қалыптасу процесі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа — нояндар
және езгідегі араттарға бөлінді. XIII ғасырдың басында татар-монғол
тайпаларын саяси жарынан біріктірген монғол феодалдық мемлекеті құрылды.
Бұл мемлекеттің негізін салушы Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162
жылы, екінші бір дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугай-бағадұрдың
семьясында туған. Темучин тайпалар арасындағы күрес жағдайында өз
айналасына нөкерлер жасағын біріктіріп, көрші тайпаларға жасаған сәтті
шабуылдары нәтижесінде ержүрек жауынгер даңқына ие болды. Өзінің негізгі
қарсыластарының тасталқанын шығарып, Темучин монғолияның бүкіл тайпаларын
дерлік өз қол астына біріктіруді аяктады. Егер бұрын монғолияны мекендеген
тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты
бойынша) белгілі болса, енді мемлекеттіктің нығаюына байланысты монғолия
тайпалары ездерін монғолдар деп атай баетайды да, бұл термин жинақтаушы
этникалық-саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемінде Онон өзенінің сағасында Темучинді
жактаушылардын — монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы бол.ып, онда ол
Шыңғыс-хан деген атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде
жарияланды.
Көшпелі ақсүйектердің мүддесін қанағаттандыру үшін Шыңғыс-хан нояндар
табын ішкі өзара қақтығыстардан гөрі әскери күшпен соғыс олжасына
кенелудің анағұрлым кең мүмкіндіктері бар екенін және де жаулап аланнан
кейін егіншілікпен айналысатын көрші бай әрі мәдениетті елдерді феодалдық
қанау мүмкіндігімен дәмелендіріп жаулап алу жолына түсті. Монғол
ақсүйектері үшін соғыстар сонымен бірге монғол қоғамындағы әлеуметтік
қайшылықтарды бәсеңдету құралы болып қызмет етті.
Шыңғыс-хан құрған мемлекеттің негізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру
принципі алынды. Бүкіл территориясы мен халқы оң қанат (баруңғар), сол
қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді.
Әрбір округ түмге (түмендер) бөлінді, олардың әрқайсысы он мың адамнан
тұрды, мыңдар — он жүзден, ал жүздер — он ондықтан құралды.
Қасиетті аңызға сәйкес, бүкіл Монғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны
қолдаушылардың билігіне таратылып берілген 95 мыңға жіктелді. Шыңыс-
ханның әскер басыларының көпшілігі көшпелі ақсүйектерден жасақталған ханның
10 мыңдық күзет гвардиясынан (кәшик) шықты. Шыңғыс-хан құрған әскери-
әкімшілік система жаулап алу жорықтарында маңызды роль атқарды.
1207—1208 жылдардың қысында Шыңғыс-ханның үлкен баласы Жошы Енисей
қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінің басқа да орман халықтарын
бағындырды. 1207—1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған монғолдар танғұттық Си Ся
мемлекетіне қырын шабуыл жасады. Танғұттардың батыстағы көршілері — қазіргі
Шығыс Түркістан территориясында тұрған ұйғырлар монғолдарға барынды.
Ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп
таныды. 1211 жылы Шыңғыс-ханның қолы Солтүстік Қытайға қарай бет алды, 1215
жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді)
басып алды. 1227 жылдың қарсадында Цзинь империясы Хуанхэ өзенінің
солтүстік жағындағы өзінің бүкіл иелігінен іс жүзінде айрылған болатын.
ҚАЗАҚСТАН МОҢҒОЛ ДӘУІРІНДЕ
XIII г. бас кезінде Моңғол империясының құрылуы Орталық және Орта
Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи
тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы евразия аймағын
мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынасы мен өзара
байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси шаруашылық-мәдени дамуының
жүрісін өзгертіп жіберді.
XII ғ. орта шенінде Моңғол тайпалары Моңғол Алтайы мен Ертістің
жоғарғы жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып, түрік тілді топтарға
сіңісіп, түріктерден материалдық мәдениеттің көптеген элементтерің
шаруашылық пен тұрмыстың түрлерін, көшпеліліктің әдет-ғұрпын, мал
тұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулен бойларынан батысқа қарай жылжиды.
Сол уақыттан бастап, түріктер мен моңғолдардың, кейінгі уақытқа дейін
сақталған, қоныстарының шекарасы анықталып қалыптасады. Моңғолдар жайлаған
территория солтүстікте Байқалдан Ертіс пен Енисейдің жоғарғы бойынан
оңтүстікте Гоби шөліне дейін кең көсіліп жатады.
1218—1219 жж. моңғолдар көрші елдердің көптеген халықтарын
бағындырады. Енисей қырғыздары мен буряттардың жерлері тартып алынады,
таңғұттар мемлекеті құлатылады, Ұйғырдың Тұрфан бектігі моңғол бодандығын
өз еркімен қабылдайды. Цинь империясының әскерін талқандағаннан кейін,
Моңғолдар Солтүстік Қытайды басып алады. Шыңғыс ханның келесі міндеті батыс
елдерін — Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказдың ар жағын, Шығыс
Еуропаны жаулап алу болады. Ертістен, Арал теңізі мен Амудариядан әрі,
батыс жақтағы әлі алынбаған жерлерді Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошы мен
оның ұрпақтарына ұлыс етіп береді.
Моңғолдар Жетісуды ешбір қарсылықсыз басып алады. Тіпті 1210—1211 жж.
қарлық облысының иесі Арыстан хан Шыңғысханның қоластына көшеді. 1217 ж.
Алмалық облысының билеушісі Бұзар моңғол ханының вассалына айналады. Келесі
жылы Баласағұн қаласы моңғол қолбасшысы Жебеге соғыссыз беріледі. Наймандар
басшысы Кұшліктің сегіз жылдық билеуінен кейін, оның хорезмшах Мұхамметпен
және қарлық билеушілерімен жүргізген соғыстарынан кейін, Жетісу халқы
ақырында қатты жұтап, қайыршының күйіне түскен еді. Күшліктің мұсылмандарды
қудалауы, оның ішінде көпшіліктің бас қосып намаз оқуына тыйым салғаны
жұрттың зығырданын қайнатады, сол себепті де дінге төзімділік жасаған
моңғолдарды халық өздерін құтқарушылар есебінде қарсы алады. Жетісу халқын
өз жағына тарту үшін Шыңғысхан бұл өлкеде талаушылық пен қырғынға тыйым
салады. Ал, Күшлік бұлардан Орта Азияға қашады, бірақ кейінірек моңғолдар
оны Бадахшанда қуып жетіп, көзін құртады.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан
арқылы Орта Азияға жол ашты. Мауараннахрдағы хал-жағдайды анықтау үшін,
Шыңғысхан әуелі хорезмшах Мұхамметке өзінің Солтүстік Қытайдағы жеңістері
және түріктер елін бағындырғаны жөнінде және онымен бітім шартын жасасуды
ұсынып, хат жібереді. Бұл болашақ әскери жорықтың елшілік жолымен жасалған
әзірлігі еді. Шыңғысхан жіберген сауда керуенінің 1218 ж. Отырарда құртылып
жіберілуі олардың хорезмшах иелігіндегі жерге басып кіруіне желеу болады.
Көпестер Хорезмшахтың Отырардағы уәлиі, олар түгелдей тыңшылар деп
күдіктенген Қайырхан Иналшықтың бұйрығы бойынша өлтіріледі. Шыңғысхан
әскерінің жорығы 1219 ж. қыркүйекте басталады. Моңғол әскері Ертіс
жағасынан шығып, Жетісу арқылы жүреді. Олардың саны 150 мың адам еді, оның
111 мыңы моңғол болатын, армияның қалған бөлегі — Шыңғысханның вассалдары —
қарлықтар мен ұйғырлар тұғын.
Моңғол армиясының 1219 ж. Мауараннахрға жүретін жолы Қазақстанның
халқы тығыз тұратын және шаруашылық жағынан жақсы игерілген аудандары —
Жетісу үстімен орта және Төменгі Сырдарияның қалалы аудандарына қарай
өтетін. Моңғол әскері батысқа қарай жеделдетіп келе жатып, жолай тұңғыш рет
Оңтүстік Қазақстан жеріне тап болады және жергілікті халық оларға қатты
тойтарыс береді, ал басқыншылар болса, жұртты жаппай қыру және зорлық-
зомбылық жасау әдістерін қолданып, тұтас облыстарды құлазытып, қалаларды
қиратады. Араб және парсы деректерінде моңғолдар бүкіл халқын жусатып
кеткен, әртүрлі елдердегі отызға тарта қаланың аты келтіріледі. Олардың
ішінде Қазақстанның үш қаласы: Отырар, Сығнақ, Ашнас бар.
Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы
қорғайды. Тек қала гарнизонындағы әскербасыларының бірі Қараджа-хаджиб
опасыздықпен Суфихан қақпасын ашып, моңғолдарға берілгеннен кейін ғана,
татар аламандары қалаға кіреді. Қайырхан ішкі қамалда бекініп алып, тағы да
бір ай бойы, соңғы жауынгері қалғанша соғысады. Ол тұтқынға алынып, азаппен
өлтіріледі, ал күллі халық отар-отар қой секілді етіліп, қаладан қуып
шығарылады да, моңғолдар мал мен мүліктің бәрін талап кетеді...
Моңғолдарға берілгісі келмеген Сығнақ тұрғындары да өз қаласын жеті
күн бойы қорғайды. Қаланы алғаннан кейін мұның да халқының көзі жойылады.
Ашнас тұрғындары да тап осындай зауалға кезікті. Жент, Баршынлығкент,
Өзгент тоналады. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан жері арқылы сапар
шеккен Плано Карпини осынау жерден яғни Сырдарияның төменгі жағынан
қиратылған сансыз қалаларды, бұзылған бекіністерді, көптеген қаңырап
қалған қыстақтарды көреді. Қалалармен қатар суару жүйелері бұзылып,
егістіктер тапталады және со маңайдағы егіншілік аймақтары құртылады.
Сырдария бойындағы егінді-мекендердің көптеген халқы қырылады, екіншілері
түтқынға алынады, үшіншілері басы ауған жаққа бытырап қашады. Тұтас бір
аудандар — оның ішінде көшпелілері де бар — құлазып бос қалады.
1221 жылдың көктемінде моңғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтайды.
Соғыс әрекеті енді Иранның, Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанның
территориясына көшеді. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Сүбедейдің корпусы
Қалка өзенінің бойында аландар мен қыпшақтарды, орыстарды талқандап, орыс
жерінің оңтүстік аймағын жұтатқан соң, Қазақстан жерін көктей өтіп, 1224 ж.
Ертістегі Шыңғысхан ордасына қайтып келеді. Сөйтіп 1219—1224 жж. моңғол
басқыншылығы салдарынан Қазақсан Шыңғысхан империясының құрамына енеді.
Қазақстан көшпелі тайпалары моңғол ұлыстарының құрамына қарсылықсыз өте
салған жоқ. Туши (Жоши) мен Шағатай, — деп хабарлайды Джузджани Насыр
дәрежелерінде, — Хорезмнің шаруасын бітіргеннен кейін, Қыпшақ пен
Түркістанға аттанды, қыпшақтардың әскерлері мен тайпаларды бірінен соң
бірін мойынсұндырып түтқындады, сөйтіп сол тайпаларын қоластына қаратты.
Жергілікті көшпелілердің текті байлары (қыпшақ пен оғыздың) моңғолдар
қызметіне кірісті, қатардағы көшпелілер жүздік, мындық, түмендік (он
мындық) әскер қатарын толтырып, Шыңғыс әулетінің қарауына берілді. 1237 ж.
Шығыс Европаны бұғалықтауға аттанған, Бату бастаған моңғол армиясының
едәуір бөлегін қыпшақтар мен басқа да түрік тайпалары құрады.
Қазақстан территориясының ұлыстарға бөлінуі
Қазақстан жері үш моңғол ұлысының құрамына енді: оның дені (далалық
жағы) — Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан — Шағатай
ұлысына, Солтүстік-Шығыс бөлегі — Үгедей ұлысына енді. Жошының еншілігі
Ертістің батысынан Жетісудің теріскейін қамтып, Дешті-Қыпшақтың бүкіл
шығысын Төменгі Еділ бойына дейін алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда
айтылған жерлер үстіне Шығыс Түркістан мен Мауараннахрды қосып алды, Үгедей
— Батыс Моңғолия мен Жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандарын биледі. Шыңғыс
әулеті өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж.
Шыңғысхан дүние салғаннан кейін, бұл ұмтылыс күшейе түседі де, империя
бірнеше тәуелсіз мемлекетке бөлініп кетеді.
Со жылы қайтыс болған Жошының орнын оның ұлы Бату-Батый басады. Ол
Дешті-Қыпшақ пен Еділ бұлғарларының жеріне, одан әрі Батыс елдеріне жаулау
жорығын жасайды. Орыстың аса ірі кінәздіктері талқандалып, Польша, Венгрия,
Чехияны және басқа елдерді талап, құлазытады. Жеті жылдық жорық нәтижесінде
(1236—1242 жж.) Батыйдың қоластына Еділдің батысынан Дунайдың Төменгі
жағына дейінгі жерлер қарайды, әрине оның ішінде Қырым, Солтүстік Кавказ
бен Батыс қыпшақ (половсылар) даласы да кіреді. Еділдің төменгі бойына
қайта оралған Бату бұл арада жаңа мемлекеттің негізін салады, ол кейінірек
Алтын Орда деп аталады. Оған Жошы ұлысының территориясы — Шығыс Дешть
Қыпшақ яғни Қазақстанның Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан Еділ мен
Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір
бөлегі, сол сияқты жаңадан жаулап алған жерлер кіреді. Орыстың Батый
аламандары күйреткен кінәздіктері Алтын Орданың тәуелді вассалына айналады.
Орыс кінәздары Алтын Ордаға кіріптар екенін мойындайды, оның хандарының
қолынан кінәздік құруға жарлық алады, алым-салық төлейді, бірақ толық
болмаса да дербестігін сақтап қалады.
Татар терминінің шығуы
Батухан негізін салған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы, сол
сияқты Жошы ұрпағы хандарының атымен (Бату ұлысы, Берке ұлысы т. б.) деп
аталады. Орыс шежірелерінде Орда немесе татарға, татардан деген
сөздер қолданылған. Ұлыстың астанасы Сарай-Бату (Астраханға жақын жерде),
кейінірек — Сарай-Берке қалалары болған. Алтын Орда көпұлтты мемлекеттік
құрылым еді. Ол қоғамдық-экономикалық дамуының деңгейі жағынан бір-бірінен
айырмашылығы үлкен, өзіндік мәдениеті мен әдет-ғұрыптары бар, әралуан
халықтар мен тайпалардан құралатын. Дешті-Қыпшақ даласындағы көшпелілердің
басым көпшілігі ең әуелі қыпшақтар, сосын барып қаңлылар, қарлықтар,
наймандар т.б. болатын. Алтын Орданың отырықшы облыстарында бұлғарлар мен
мордва, орыстар мен гректер, шеркестер мен хорезмдіктер т. б. тұратын.
Моңғолдардың өздері тіпті аз еді. XIII—XIV ғғ. шамасында, әсіресе XIV г.
моңғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы
татарлар деп атала бастады.
Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы тұтас алғанда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz