Қазақстан моңғолдардың билігінде
Қазақстан моңғолдардың билігінде
Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы 1
2. Ұлыстардың құрылуы 2
САЯСИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСЫ 8
Жаулап алудың зардаптары 12
Қолданылған әдебиет 16
Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы
Монғол мемлекетінің құрылуы. ХІІІ ғасырдың екінші он жылдығында
Қазақстан территориясы Шыңғыс хан бастаған соғыс-құмар татар-монғол
тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай
аудандарының ұлан-байтақ жерін иеленген еді.
Монғол тайпалары әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі сатысында
болатын, орман халқы және көшпелі қыр халқы деп аталғандарға бөлінген
еді. Орма тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал
шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол
қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
ХІІ-ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық
қатынастардың қалыптасы процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа –
нояндар және езгідегі арттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар-
монғол тайпаларын саяси жағынан біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті
құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Темучин болды. Ол бір дерек
бойынша 1162 жылы, екінші бір дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугай-
бағадұрдың семьясында туған. Темучин тайпалар арасындағы күрес
жағдайында өз айналасына нөкерлер жасағын біріктіріп, көрші тайпаларға
жасаған сәтті шабуылдарды нәтижесінде ер жүрек жауынгер даңқына ие
болды. Өзінің негізгі қарсыластарының тас-талқанын шығарып, Темучин
Монғолияның бүкіл тайпаларын дерлік өз қол астына біріктіруді аяқтады.
2. Ұлыстардың құрылуы
Ұлыстардың құрылуы. Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя
құрған Шынғыс хан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді. кіші
ұлы – төлей Шыңғыс-ханның негізгі жұртын – Монголияның өзін, сондай-ақ
монғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясяняң 101 мыңын алды. Монғолиядан
батысқа қарай жауланып алынған ұлан-ғайыр территория үлкен ұлдарына
бөлінді, соның өзінде олардың әрқайсысына тұрақтты армиядан 4 мың
адамнан бөлініп берілді. Шыңғыс-хъанның үшінші ұлына Үгёдейге Батыс
Монғолия, оның ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай
аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін (122829-
1241) Үгедей Орхонда, Қарақорымда туды.
Шыңғыс-ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік
Алтайдан мударияға дейінгі , ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Самарқанд пен
Бұхараға дейінгі жерлерді, яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен
Мауараннахрдың денін қамтыды. Жамал Қаршидің деректері бойынша Шағатай
иелігіндегі жерлердің негізгі бөлігін құрған өлке Аларғу елі деп аталды*
оның басты қаласы Алмалық болды. Шағатайдың жазғы резиденциясы Іле
өзенінің алабындағы Құяш деген жерде болды. Оның ізбасарларының ордасы,
Джувейнидің деректері бойынша, түрікше Ұлығ-Иф (Ив) деген атпен, яғни
Үлкен үй деген атпен мәлім болған. Шағатай мен оның ізбасарларының
иелігіндегі жерлердің құрамына сондай-ақ Балх және Хорасан өлкелері
кірді.
Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен Батысқа қарай және
Қойлық пен Хорезм шекарасының Саксин мен Булгардың татар аттарының тұяғы
тиген жерлерге дейінгі ұшықиырсыз аймақты алып жатты да, Жетісудың
солтүстік бөлігін және төменгі Поволжьеге дейінгі жерде қоса бүкіл шығыс
Дешті Қыпшақты қамтыды.
Сонымен Қазақстанның текрриториясы моңғолдың үш ұлысының құрамына:
үлкен (далалық) бөлігі – Жошы ұлының қ ұрамына, оңтүстік және Оңтүстік
Шығыс Қазақстан – Шағатай Ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі –
Үгедей ұлысына кірді.
Шыңғыс-ханның тірі кезінде, ұлдарына бөліп берген жерлер, олар үшін
тек қана пайда көзі болды, бірақ империя басшысына бағынышты болып қала
берді. Ол өлгеннен кейін жағдай өзгерді. Монғол державасының ұлан-ғайыр
кеңдігі, ұлыстардың иелері тұрған жерлердің Орхондағы жалпы империя
орталығынан шалғайлығына байланысты жергілікті жерлердегі бұрынғы өкімет
іс жүзіндегі өкімет болып қалды. Үлестік жүйенің әулеттік бастамасы,
ұлыстардағы іс жүзіндегі биліктің Шыңғыс хан ұлдарының ұрпағына ауысуы
ұлыс қарауында елеулі әскери күші бар Шыңғыс-хан ұрпақтары өз
әулеттерін толығымен дербес етіп алуға, ал ұлыстарды тәуелсіз иеліктерге
айналдыруға итермеледі. Ұлыс басшыларының қолына біртіндеп бүкіл
билік толығымен көшіп, империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады. Оның
ыдырауының негізгі себептері халық бұқарасының монғол езгісіне қарсы
күресі, көптеген елдер мен халықтардың қарудың күшімен өзіне қаратып
алған империяның іргесінің берік еместігі, қырық қырау болып, үнемі
жалғасқан өзара қырқыстар, экономикалық байланыстардың, мәдени әне тарихи
дәстүрлердің болмауы еді.
Шағатай ұлысы. Шағатай әкесі мен ағасы Жошы өлгеннен кейін хан
тұқымындағы үлкені ретінде зор беделге ие болды. 1228-1229 жылдары ол
Үгедейге ұлы хан деп жариялаған ханзадалардың басшысы болған еді.
Ұлы ханның келісімі бойынша Шағатай тұңғыш баласы Мүтігеннің
балаларының үлкені Қара-Хұлағұды өзінің мирасқоры етіп тағайындады. 1241
жылы Үгедей, одан кейін көп кешікпей Шағатай да өлді. Моңғол империясында
патшалар арасындағы бес жылға созылған дүрбелең кезең басталды. 1246 жылы
ғана құрылтайда Үгедейдің улкен ұлы Күйік ұлы хан болып жарияланды.
Күйіктін бұйрығы бойынша Шағатай ұлысына Қара-Хұлағйдың орнына жаңа ханның
жақын досы Шағатайдың баласы есу-мөңке қойылды. Бірақ көп кешікпей
Күйік өлгеннен кейін (1248 ж.) Үгедей мен Төлей ұрпақтарының арасында
билік үшін күрес басталды. Батыйдың қолдауымен 1251 жылы Төлейдің үлкен
ұлы мөңке империясының басшысы болып жарияланды.
Жаңа ұлы ханның өкімет басына келуі жазалаудан басталды; Шағатай және
үгедей тұқымынан шыққан ханхадалар мөңкеге қарсы қастандық жасады деп
айыпталып өлтірілді немесе жер аударылды, сөйтіп Шағатай тұқымының мәні
біраз уақытқа дейін жоққа сайылды.
Іс жүзінде ХІІІ ғасырдың ортасында империя Төлей мен Жошы
ұрпақтарының арасында бөлісілген болатын. Ұлы хан Мөңке мен Жошы
ұлысының басшысыБатыйдың ықпалы жүретін шекаралар, Рубруктің дәлелдеуі
бойынша , Талас пен Шу өзендерінің арасындағы жазықта өткен . сөйтіп
Жетісу, ХІІІ ғасырдың 50-ші жылдарында ұлы ханға бағынған, ал Жошының
үлесіне жатпайтын, Маураннахр уақытша Жошы тұқымының ықпалына кірді.
ХІІІ ғасырдың 60-шы жылдарында Монғолия империясының бірлігіне
ақырғы соққы берілді. 1259 жылы Мөңке өлгеннен кейін оның екі інісі Арығ-
Бұға мен Құбылай арасында таққа отыру жолындағы күрестен туған өзара
соғыс басталды. 1260 жылы олардың екеуі де бір мезгілде ұлы хан деп
жарияланды.
Екі ханның екеуі де Шығыс Түркістан ды, Жетісуды және Орта Азияны
өздеріне бағындырып алуға ниеттенді. құбылай Жетісуға өзінің қойған адамы
Шағатай ұрпағы Абишкені (Мүтігеннің немересі) Шағатай ұлысында билікті
алу үшін жіберді, алайда жол бойында Абишкені Арық-Бұғының әскерлері қолға
түсіріп, өлтірді. Арық-Бұғы өз кезегінде Шағатайдың немересі Алғұйды
Шағатай ұлысының патшасы боласың және сол маңдарды Құбылай ханның
әскерлерінен және (Шағатай) үйінің әскерлерінен қорғайсың деген жарлық
беріп батысқа жіберді.
Алғұй қысқа мерзім ішінде атасының иелігінде болған жерлердің
бәрін өз билігіне бағындырды. жошы ұрпағы Берке-ханнан отырарды жеңіп
алып, ал сондай-ақ бұрын Алтын Ордаға кірген Хорезм ді және Ауғаныстанның
сол түстік бөлігін басып алады. Алғаш ол Арығ-Бұғаның атынан қимылдап,
кейіннен одан бөлініп кетті. 1264 жылы арық-Бұғаны Құбылай талқандап,
империя ханы болып жарияланды. Батыстағы ұлыстар оған бағынбады.
Алғұл өлгеннен кейін Шағатай ұлысындағы саяси жағдай қайта
шиеленісті. өзара алаусыздық нәтижесінде билік Шағатай әулетінен Берке-
хан қолдаған Үгедей ұрпағына, оның немересі Хайдудың қолына көшеді.
Шағатай мемлекеті Хайду тұсында Шыңғыс әулетінің Орта
Азиядағымемлекеті біржола қалыптасты. 1269 жылдың коқтемінде Таластың
жағасында құрылтай болып, онда ұлы ханның иелігіне тәуелсіз Хайду билеген
(1269-1301) мемлекет жарияланды. Жаңа мемлекеттің жері соғыстардағы
табыстарға немесе жеңілістерге байланысты біресе кеңейіп, біресе тарылып
отырды.
ХІҮ ғасырдың басындаШағатай әулетінің Орта Азиядағы және Жетісудағы
роли қайта қалпына келді. Хайду өлгеннен кейін көп кешікпей, 1306-1307
жылдар тұсында мемлекеттегі билік барақ-ханның баласы , Шағатайдың
шөбересі Туваға (Дуваға) ауысты.
Шыңғыс-ханның тұсында-ақ монғол феодалдарының арқасында екі саяси
бағыт байқалған еді. Біріншісі жаулап алушылардың көшпелі тұрмыс пен
қырдағы патриархаттық дәстүрлерді сақтауын, бағынған елдердің халқын
қырып жіберуге дейін аяусыз, жыртқыштықпен тонауын және жаулап алынған
территорияларды мал жайылымына айналдыруын көздеді. Екінші бағыттың
өкілдері жергілікті феодалдық үстем топқа, жаулап алынған отырықшы-
егіншілікпен айналысатын елдердің дәстүріне сүйене отырып хан билігі
күшті мемлекет құру мақсатын көздеді.
Экономикалық күйзеліс, Монғол империясының, оның ішінде Шағатай
ұрпағы мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші әдісті таңдап алуды бірден
бірге өктем талап етті. ХІҮ ғасырда Шағатай ұлысы хандарының іс-
әрекетінде орталықтану жән Мауараннахр халқымен жақындасу жағына қарай
бетбұрыс айқындала түсті. Бұл тұрғыда туваның баласы Кебек-хан (1318-
1326) неғұрлым анық қадам жасады. Көшпелі дәстүрлерден қол үзіп, ол Іле
аңғарынан Мауараннахрға қоныс аударды, кейбір қалаларды қалпына келтіруге
жәрдемдесті. Ол ақша реформасын жүргізді, ұлысты басқару жүйесін едәуір
өзгерткен әкімшілік реформасын да жүргізген сол деп ұйғарылады.
Кебек-ханның ізбасары, оның інісі Тармашырын (1326-1334) орталықтану
саясатын жалғастырды. Ол да Кебек сияқты Мауараннахрда тұрды, ала ад-дин
деген деген есімге ие болып, исламды шағатай ұрпағы күрес жалғаса берді.
Исламды қабылдауға және көшпелі әдет-ғұрыптарды елемеуге әскери-көшпелі
ақсүйектер наразы болып, бұл наразылық ашық көтеріліске ұласты.
Тармашырын өлтірілді. Он жылдан астам уақытқа созылған феодалдық әуре-
сарсаң қайта жалғасты.
1346 жылы көшпелі феодалдармен күресте Кебек-Тармашырын тұқымын
жалғастырушы Қазан-хан қаза тапты. ХІҮ ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында
Шағатай ұрпағы мемлекеттің батыс бөлігі түрік-монғол әскери-көшпелі
ақсүйектері мен жергілікті феодалдардың өкілдері басқарған оннан астам
иелікке ыдырап кетті.
Жошы ұлысы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында. Шыңғыс-ханның үлкен
ұлы Жошы өзеннің ұлысынтәуелсіз мемелекет етуге күш салды; 1227 жылғы
қыста оның өлуі ғана әкесі екеуінің арасындағы соғысқа кедергі болған
еді. Жошының мирасқоры оның ұлы Батый болды Батый қолының Русьқа жән
Волгадан батысқа қарайғы басқа да жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы
ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан, орталығы
төменгі Волгада орналасқан ұлан-байтақ мемлекетке айналдырды. Тарихи
әдебиетте бұл мемлекет Алтын Орда деген атқа ие болды. Алтын Орданың
астанасы Сарай-Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астана
Сарай-Беркеге (Волга бойымен Сарай-Батудан жоғарырақ) көшірілді.
Алтын Орда ұғымы біртекті емес: бір жағдайда Алтын Орда деп Батый
мен оның мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Поволжье мен
Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.
Батый (1227-1255) зор беделге ие болды және империяны өзінің
қолдауымен таққа отырған ұлы хан мөңкемен бірге биледі. Алайда Батый да,
оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті
басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарының
ұлыстарына ыдырады. Алтын Ордада, өз кезегінде, ұлыс жүйесі қалыптасты.
Орда-Ежен ұлымсының әміршілігі іс жүзінде тәуелсіз болды және өздерін
Алтын Орда хандарына бағынышты деп мойындаса да, олардың құрылтай
жиналыстарына бармады.
Орда-Ежен ұлысына Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігіндегі жерлер
кірді. Ұлыстың территориясы біртіндеп кеңейе берді. ХІІІ ғасырдың екінші
жартысында Орда-Еженнің немересі Қонышанаң тұрған жері деректеме бойынша
Орта Сырдариядағы Жент пен Узкент маңында болған; ұлыстың саяси орталығы
осы жерге ауысқан еді.
Іс жүзінде ХІІІ ғасырдың ортасынан бастп Орта-Ежен ұлысы дербес
мемлекет болып, шығыс деректемелерінде ол ақ Орда деп аталған. оған билік
жүргізгендер хан атағын иеленіп, олармен Батый-хан және оның мирасқорлары
ғана емес, сондай-ақ бүкіл империяың жоғарғы хандары да санасын отырған.
Рас, кейде Алтын Орданың хандары ақ Ордада таққа отырғандарға ел билеуге
жарлық болып отырған, бірақ мәселе осымен тынып, мемлекет істеріне нақты
араласу болмаған. Алтын Орданың хандары Иран әміршілерімен үнемі
дұшпандық қатынаста болғанымен, ақ Орданың хандары ХІІІ-ХІҮ ғасырлардың
межісінде, Хұлағу ұрпақтарымен дипломатиялық байланыста болып, елшмлер
алмасып отырды.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысындағы – ХІҮ ғасырдың басындағы Алтын
Орданың тарихы орыс князидерімен, Иранның Хұлағу әулеттерімен болған
үздіксіз соғыстарға толы; бұлардан Берке иен оның мирасқорлары
Азербайджанға және Оңтүстік Каспий маңындағы басқа да жерлерді иемдену
правосына таласты.
САЯСИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСЫ
Маңғолдың жаулап алуы бағындырылған елдер халықтарының әлеуметтік-
экономикалық құрылысын тұтас алғанда өзгертпегенімен, олардың қоғамдық-
саяси өмірі мен тұрмысына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Отырықшы-
егіншілікпен айналысатын өңірлердегі дінбасылары, көпестер, ірі феодалдар
және түріктердің көшпелі ақсүйектері монғол хандары мен феодалдардың
тірегіне айналды, ал еңбекшілер екі жақты экономикалық және саяси езгіге
ұшырады.
Монғол империясы хандық құрушы Шыңғыс әулетінің бірлесіп билейтін
меншікті жері деп саналды. Шыңғыс ұрпағының басы державаның ең жоғарғы
әміршісі болып табылатын ұлы хан болды. Ол өзінің жоғарғы өкімет
билігінің бірден бір атрибуты болған “қаан” (“қаған”, “хақан”) деген атқа
ие болды. Ұлы ханның мемлекет басшысы ретіндегі праволары әскери, заң
шығару және әкімшілік билігін қамтыды. Жоғарғы өкімет билігінің бірлігі
идеясы имериясының өмір сүруінің алғашқы ондаған жылдарында теңге құюдан
көрініс тапты. Түрлі ұлыстардың қалаларында, оның ішінде Орта азия
қалаларында да шығарылған теңгелер, әдеттегіше, анонимді түрде болды,
оларда ұлы ханның есімінің немесе өзінің таңбасының ойылып жазылуы
едәуір сирек кездесетін. Алтын Ордаға келген шет жерлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz