Қазақстан тарихы туралы көне жазба деректері (иран, грек, қытай)


Алматы Энергетика және Байланыс Институты
Радиотехника және байланыс факультеті
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Омарова А. Т. БРК-07-17
Тақырыбы: « Қазақстан тарихы туралы көне жазба деректері (иран, грек, қытай) »
Семестрлік жұмыс№2
Тексерген: аға оқытушы
Жұмағұлов М. Д.
Алматы 2007
ЖОСПАР
Ежелгі Қытай жазба деректері3
Антикалық авторлар Орта Азия және Қазақстан көшпелілері туралы4
Рим-Византия деректеріндегі ғұндар бейнесі11
Қолданылған әдебиеттер16
Ежелгі Қытай жазба деректері
Қытай ақпарат хабарлары б. д. д. ІІ-І ғасырларда жергілікті европеоидтерді, иран тілдес көшпенділерді ығыстырып, немесе олармен қан араластырып, қазіргі бүкіл Қазақстан аумағын мекен қылған көшпелі түркі халқы - хұндардың (сюнну) мемлекеттік идеологиясымен танысуға мүмкіндік береді. Хунну державасының негізін қалаушы шаньюй (патша, хан) Мөде болды. Ол қарауындағылардың өзіне сөзсіз бағынуын қамтамасыз етіп, бұйрық берсе, арғымақ атын, ару әйелін, тіпті үлкен ұлына тағын қимаған әкесі Тұмын (Бұмын) шаньюйді атып тастауға да мәжбүр етті. Мөденің қарауындағы жақын жүргендерді бұлайша қатал сыннан өткізуі қарақан басының мүддесін ойлап, даңқын асыру емес, өз табандылығын танытып, бағынышты елінің қамын жеуден туған қаталдық еді. Ол өз адамдарынан қалтқысыз беріліендікті, қажет болса қасықтай қанын қиюды талап етті. Онсыз елдің де, халқыңда құдіреті артпайтынын жақсы білді. Сөйтіп, Мөде хан өзін мемлекеттің кепілі етіп көрсетті. Демек, хұндардың мемлекеттігінде алғашқы орында халқы қалтқысыз бағынуға тиіс ақылды да көреген елбасы тұрды.
Хұндар мемлекеттігінің іргетасы - кәдімгі жер болды. Мөде таққа отырған тұста хұндардың көршілері моңғолдардың арғы тегі - дун-хуалардың құдіреті тасып тұрған болатын. Бірде олар Мөдеден сәйгүлік атын, сүйікті жарын қалайды. Кеңесшілерінің қарсылығына қарамастан, Мөде олардың талабын орындайды. Дандайсыған дун-хуалар енді Мөдеден іргелес жатқан жердің бір бұрыш орын сұрайды. Бұл жолы кеңесшілерінің дұшпанның талабын орындап, сұрағанын берейік деп ақыл қосқанына қарамастан, түйінді бір-ақ кеседі. Ашуға булыққан ол: жер дегеніміз - мемлекеттің негізі, оны басқа біреуге қалай қиюға болады, одан да атқа қону қажет дейді. Жерді берейік деп ақыл айтқандардың басын алып, тұтқиылдан шабуыл жасап, дунхуаларды тас-талқан етеді. Көріп отырғанымыздай, әулетті дұшпанмен соғысудың қатер екеніне қарамай, тәуекелге бел буған Мөденің шешімі мемлекеттің мүддесін ойлаудан туғаны айдан анық. Ал, ортақ мүддеге ол жеке басының мүддесін құрбан ете білді. Ер қанаты атын, сүйікті жарын қиған ол, жерге келгенде бүгежектеп, қипақтамай төтеден кетті. «Жер дегеніміз - мемлекеттің негізі» деген Мөденің жалынды сөзі мемлекеттіктің мәнін ерекше терең түсінетінін аңғартса керек.
Хұндар мемлекеттігінің өзіндік ерекшеліктері мемлекеттің тетігінен де айқын байқалады. Мәселен, оларда тұрақты әскер болмаған, бірақ оны жаппай әскери міндеттілік (халық жасағы) алмастырды. Сол сияқты, олардың сайламыш шенеуініктері мен қазылары, полициясы мен түрмелері де болмаған. Ақсүйектер мен қарапайым көшпенділердің арасында өткел бермес мүліктік шыңырау болмай, қарапайым қоғамдық қатынастар өріс алған. Ал, мұндай мүліктік айырмашылық мол болған жағдайда Еуропа мемлекеттері сияқты қуатты жазалау және атқару органдарын ұстау қажет болар еді ғой . Дерек көздерінде хұндарда әділ қазылық жасап, төрелікті кім беріп келгені беймәлім. Бірақ, қылмыскер жазадан құтылмаған сияқты. Қытай деректеріне қарағанда хұндарда ұзақ мерзімге бас еркінен айыру жазасы болған жоқ. Сот он күннен артыққа созылмаған. Мемлекетті тұтас алғанда тұтқындар не бәрі оншақты ғана адам болған.
Антикалық авторлар Орта Азия және Қазақстан көшпелілері туралы
Біздің дәуірімізге дейінгі VІІІ-ІІІ ғасырларда, яғни «ертедегі темір ғасыры» дәуірінде Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен саураматтар үстемдік құрды. Олардың айрықша қару-жарақтары мен ат-әбзелдері, киім-кешектері және өнерде «хайуанаттар стилі» деп аталған өзіндік ерекше қолтаңба-мәнерлері болды. Қазақстанның бұл ерте дәуір (ежелгі дәуір) тарихы антикалық (грек, рим) авторлар еңбектері мен ежелгі Иран патшалары қалдырған Ахеменид жазбаларында жақсы сипатталған.
Солардың арасында, керемет көркемдігін былай қойғанда, мазмұны мен дәлдігі жағынан Геродоттың (б. д. д. 484-425 жж. ) «Тарихы» ең құрметті орын алады. Сол ерте заманның өзінде-ақ «тарих атасы» атанған Геродот бүгінде көп ілтипатына ие. Оның өміршеңдігі - шыншылдығында, әділдігінде, адалдығында. «Маған дейінгінің бәрін жеткізу менің парызым, алайда айтылғанның бәріне бірдей сенуге міндетті емеспін. Бұл қағиданы мен өзімнің тарих туралы барлық еңбектерімде ұстанатын боламын» деп жазды ол. Геродоттың көпті мойындатқан танымалдығы - рахымдылығында, нәсілшілдікке бой ұрмауында, астамшылдықтан адалдығында. Ол Батысты - Шығысқа , эллиндерді «варварларға» қарсы қойғанымен де, туралықтан айнымайды. Оның «Тарихында» эллиндердің (гректердің) нәсілдік артықшылығы, немесе грек еместерді - варварларды кемсітушілік жоқ. Б. д. д. ІV ғасырда дәрігер-тарихшы Ктесий Геродотты тарихшы тұрғысынан жазғырмақ болды. Әсіресе, жазушы және тарихшы Плутарх (45-127) «тарих атасын» өз отандастары - гректердің саяси өмірдегі орнын төмендетті деп, қатты кінәлады.
- Гректер өздерінен басқаларды «варварлар» деп атады, яғни грекше сөйлемейтін бөтен халықтарды сөйлегенде тамақтан жануарлардыкіне ұқсас «бар-бар-бар» деген дыбыстар шығаратын адамдар деп пайымдады. Бұдан нәсілшілдік көзқарас айқын сезіледі.
ІV ғасырда (б. д. д. ) варвар деген сөздің жаңа мазмұны пайда болды; ендігі жерде варвар бұрынғыдай мағынада емес, ол енді дөрекі, мәдениетсіз, арам, құлшылдыққа жаралған адам деп саналды. Бұндай нәсілшілдік көзқарас әсіресе Платонның еңбектерінде кездеседі. Оның ойынша, варварлар - гректердің табиғи жауы, сондықтан олармен соғысып, варварларды қырып-жою - гректердің міндеті. Аристотельдің ойы бойынша, варварлар табиғаты тұрғысынан - құлдар. Аристотель Ескендір Зұлқарнайынға жазған бір хатында оны гректерге әкесіндей қамқоршы болуға, ал варварлармен қарым-қатынаста оларға мал мен өсімдік сияқты қарауға шақырады.
Әрине, шовинистік пиғыл қандай залалды болса, сондай ұлтшылдықта пайдалы емес. Моноцентризм тәрізді этноцентризм де ғылым үшін тәрбиелік тұрғыда зиянды да шектеулі бағдар. Әділ, шыншыл тарих қана көкейге қонбақ, тек сол ғана әлемдік те, көрші елдік те қарым-катынастарда сыйластықка сеп болмақ.
Қазақстанның көне тарихы - күрделі, шешілуі қиын түйіндері көп, зерттелуі кенжелеп қалған сала. Шын мәнінде, Қазақстанның қазақ елінің тарихы мыңдаған жылдарға тартады. Ал, соған қарамастан қазақ тарихын бірнеше жүз жылдықтармен ғана шектеп келдік. Қандай қайшылық десеңізші! Бейне бір Қазакстан жеріне қазақтар тек XІV-XV ғасырларда ғана қоныстандырылғандай және олардың қайдан, қалай келгені де мәлімсіз тәрізді. Мұндай жағдайда қазақтың көне тарихы мүлде бұлдыр тартып, күдік туғызардай халге түсері белгілі. Сондай жағдай болып та келді.
Ал, шындығында, қазақ халқы тарихының соңғы 5-6 ғасырмен ғана шектелмейтіні ақиқат. Өйткені, ол осы жерде ерте заманнан бастап өмір сүрген тайпалар мен халықтардың тікелей мұрагері, тектік жалғасы, XІV-XV ғасырларда қазіргі атауымен түбегейлі дербес этнос болып қалыптасқан жұрт болып табылады. XV ғасырдың екінші жартысында Орталық Азияның саяси сахнасына Қазақ хандығының шығуы қазақ терминінің халықтың төл атауына біржолата айналдырды. Осыдан бастап қазақ халқының тек өзіне ғана тән тарихы басталады. Яғни, Қазақстан тарихы өзіне атын берген халықтың тарихын қамти келіп, оның бастауы мен жалғастығын ұштастыра отырып, кеңістік пен уақыттағы тарихи қозғалысының үзіліссіз дамуын құрайды. Сөйтіп, қазақ халкынынң тарихы Қазакстан жерін мекендеген, өз тегі болып табылатын этникалық топтар мен қауымдастықтардың тарихтары арқылы кәрі тарихпен ұштасады.
Қазақ халқының, Қазақстан тарихының бастауы тереңде, әріде жатыр. Ол уақыт ұзақтығында ғана емес, кеністікте де үлкен өңірді қамтиды. Тарихымызды зерделі зерттеу арқылы шындыққа, ақиқатқа жету - тарихшыларымыздың қарызы мен парызы. Оны орындау адалдықты, тазалыкты талап етеді. Қазақстанның көне тарихы күрделі, шешілуі қиын түйіндері көп, зерттелуі кенжелеп қалған сала дей отыра, мәселені шешетін өзіміз, Қазақстан жастары, болашақ зиялылары, тарихшылары дегім келеді.
Ал, скиф, сақ тарихына келер болсақ, мұның ғылыми тұрғыда жарыққа шығуында Геродоттың атқарған рөлі орасан. Ол скиф пен сақтың бір тектен екенін тұжырымдап, оларды скиф деп атаған гректер екенін дәл атап көрсеткен. Геродоттың айтуынша, скифтер массагеттермен соғыс кезінде ығысып барып, киммерліктердің жерін (Қара теңіздің солтүстік беткейін. - Б. Е. ) иеленген Азиядағы көшпелілер. Әсіресе, ертедегі темір ғасырында Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың орналасу жағдайын түсінуде Геродоттың мынадай мәлімдемесінің маңызы айрықша: «Гиперборейлерден басқа, аримасптерден бастап, барлық, сақтар ылғи да өз көршілеріне шабуылдаумен болған; исседондарды өз жерінен - аримасптер, скифтерді исседондар ығыстырса, ал Оңтүстік теңіздегі (Қара теңіз. - Б. Е. ) киммерліктер елін скифтердің қысымынан тастап кеттің.
Геродот бұл қозғалыстарды б. д. д. VІІ ғасырда өмір сүрген, исседондардың арасында болған грек ақыны, әрі саяхатшы Аристей заманымен байланыстырады. Геродоттың айтуынша, Аристей оның уақытынан 240 жыл бұрын өмір сүрген. Ал, әйгілі географ Страбонның жорамалы бойынша, Аристей атақты жыршы Гомердің ұстазы болған. Осы мағлұматтарды ескерсек, скифтердің Алдыңғы Азияға жорығы б. д. д. VІІ ғасырда болған деуге негіз бар. Шынында да, скифтер алғаш рет Ассирия патшасы Асархаддон (б. д. д. 680- 669 жж. ) жазбасында аталады, мұнда патшаның Сақ елінің адамдарын және оларды қорғай алмаған одактасы скиф Ишпакайдың әскерін жеңгендігі туралы айтылады. Ишпакай опат болғаннан кейін (673) скифтерді Прототии (Партатуа) бастайды. Оның ұлы Мадий Мидия патшасы Киаксарға (625-585) тойтарыс беріп, оның патшалығын иемденеді. Мадий Партатуаның Асархаддонның қызынан туған ұлы болуы мүмкін деген болжам бар.
Геродот бізге парсы патшасы ІІ Кирдің б. д. д. 530 жылы Каспий тенізі мен Әмудариядан шығысқа қарайғы аумақты алып жатқан массагеттерге қарсы жорығының шынайы тарихын қалдырған. Әмудариядан өтіп, Кир массагеттер патшайымы Томиристің ұлы Спаргапифтің әскери тобын алдап қолға түсіреді. Парсы жауынгерлерінің жұртында әдейі қалдырған шарапты ішкен массагетгер мас болып ұйықтап қалғанда, іріктелген парсы әскері оларды оңай олжалайды.
Болған оқиғаны және ұлының тұтқынға түскенін естіген Томирис: «Сен, массагеттер әскерінің Үштен біріне аяусыздық жасағаныңа қарамастан, менің ұлымды қайтар да, елімнен жазасыз кет. Егер сен мұны орындамасаң, сенің тойымсыздырыңа қарамастан, мен сені қанға құнықтыратыныма массагеттер тәңірі Күн атынан ант етемін», - деп, Кирге жаушы жібереді. Кир бұл сөзге құлақ аспайды. Геродоттың айтуы бойынша, варварлар соғыстарының ішіндегі ең бір жанкештісі болған ғаламат қантөгісте парсы әскерінің көпшілігі қырылып, Кирдің өзі де опат болады. Томирис парсы өліктері арасынан Кирдің денесін іздейді. Оны тауып алғаннан кейін, басын ішіне адам қаны толтырылған торсыққа салып: «Сен ашық соғыста, майданда емес, ұлымды айламен қолға түсіріп өлтірдің. Міне, енді мен сені жеңіп, өзіңді өлтірдім. Мен серт бергенімдей, енді сені қанға тойғызамын», - деген Томирис сөзі Геродот еңбегінде келтіріледі.
Ктесий Кир туралы басқаша баяндайды. Оның айтуынша, Кир сақтармен соғыста патшайым Сфаретраның күйеуі Аморгты тұтқындайды. Сфаретра 300 мың ер және 200 мың әйелден құралған әскерді бастап, Кирге қарсы шабуыл жасайды. Кирді жеңіп, оның анасы Амитиді, інісі Пармизді үш баласымен тұтқынға алады. Соларды құтқару үшін Кир Аморгты босатады. Ктесийдің мағлұматы бойынша, Кир массагеттер мекендеген жерден солтүстікке қарай орналасқан дербиктермен соғыста қаза табады.
Тарихшы Трог Помпей (б. д. д. І ғ. ) Кирдің өлімі туралы былай деп жазады: «Томирис Кирден қашқан болып, оның әскерін тау шатқалына айдап әкеледі. Сонда құрылған тосқауылымен 200 мың парсы әскерін патшасымен қоса өлтіреді».
Байқап отырғанымыздай, кейбір сәттерінің өзгешеліктеріне қарамастан, жалпы Кир жорығының ауқымы мен нәтижесі туралы деректер бір ізді. Алайда, солардың ішінде Геродоттың әңгімелері ерекше нанымды. Геродоттың массагеттер, исседондар жайындағы этнографиялық суреттемелері күні бүгінге дейін өзінің маңыздылығын жойған жоқ. «Киім киісі, өмір сүру салттарымен массагеттер скифтерге ұқсайды. Олар - атты және жаяу әскерлер, садақшы, найзагер, айбалта асынғандар. Олар барлық қажеттеріне алтын мен мыс тұтынады. Аттарының омырауларына мыстан қаптама жасап, ауыздық пен тізгіндерін алтынмен әшекелейді», - деп жазады Геродот. Ал, сақтардың киімі тығыз киізден тігілген шошақ, төбелі бөрік пен шалбар, қарулары садақ, қысқа қылыш пен өзгеше жасалған айбалта (сагарий) дейтін пікірлер сол замандардағы тарихшылар еңбектерінде жиі айтылады.
Қазақстан тарихын, әсіресе оның этникалық жайларын зерттеуде Қазақстан аумағына хұндардан көп бұрын моңғол тектестердің өтуіне байланысты Геродоттың аримасп, аргипейлер туралы мағлұматтарының маңызы зор. Моңғол тектестігі туралы Геродоттың шығысында Серикпен (Қытаймен), оңтүстікке қарай Ганга өзенінің сыртындағы Үндінің бір шетімен шектеседі. Бұл Скифияның солтүстік бөлігін аби-скифтер сонымен қатар гиппофактар («жылқы жегіштер») мекендейді. Одан әрі Авзакит өңірі созылып жатыр, оған жалғас - Касия, төменірек - хайт-скифтер қоныстанған. Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, Касия - қазіргі Қашқар.
Антика авторларынан жеткен деректер қазіргі заманғы археология жетістіктері, оның ішінде аса көрнекті археолог К. А. Ақышевтің ашқан жаңалықтарымен (сақ «пирамидалары», Есік қорғанынан табылған «Алтын адам») дәйектеле түсіп, Қазақстанның ертедегі темір ғасыр кезеңіндегі тарихын кестелеуге нақты мүмкіндік береді. Көне дәуірдегі сақтар мен саураматтар Қазақстанның тарихында айқын іздер қалдыра тұра, өзінің нәсілі жағынан европеоидтік, тілі жөнінен иран тектестігіне байланысты қазақ халқының дәл арғы тегі бола алмайды. Алайда, белгілі антрополог О. И. Смағұловтың орынды көрсеткеніндей, сақ және саураматтар, арий тайпалары сияқты, қазақ халқының алыстан қосылатын тектері болып саналады.
Парсы патшасы І Дарийдің Бехистундік жазуы
Скиф жеріне жорығы кезінде парсы патшасы І Дарий әрбір есте қалар елді мекендерде немесе оның қөзқарасынша есте қалдыру қажет болған оқиғалар өткен жерлерде өзінің болғандығын білдіретін "із" қалдырып отырған. Мысалы, Дарий әскерлері қалқымалы көпір салған Понт (Қара теңіз) арқылы өтетін қылтада парсылар патшасы жағалауда ақ тастан екі стела қоюға және Дарий патшаны, оның скифтерге жасаған ұлы жорықтарын және әскерлерін мадақтайтын біріне ассирииялық, екіншісіне грек жазуымен оюлауды бұйырады. .
Жазуларда ол жетекшілік еткен барлық тайпалардың аттары тізіледі: ал ол жеңген халықтарының бәрін жорыққа бастап отырған. Осы жазуларға сай парсылардың армиясында атты әскерімен, теңіз флотынсыз 700 мың адам болған, ал жиналған кемелері алты жүз. Осы стелаларды қалаға алып кетіп, кейінірек византиялықтар оларды Артемида Ортосийдің мехрап бөлмесінде пайдаланды, ал ассириялық жазумен (сына жазу) бір тас Византиядағы Дионистің храмының қасында қалдырылды.
Еуропа мен Азияны қосып тұрған қалқымалы көпірмен парсылардың әскерлері өте бастағанда, патшаның өзі - мақтан сүйгіш жаулап алушы жағалаудағы биік беткейге отырып алып, өткелді паңдана бақылады. "Боспор бойыша жүзу" деген жағырапиялық шығарманың авторы Диониси Византийский: "Тарихи ескерткіштердің арасында бұл орында жартастан шабылған орындық сақталған, өйткені онда өз әскерінің Азиядан Еуропаға өткенін бақылап, көрермен ретінде Дарий отырған деседі", -деп жазды. Көріп отырғанымыздай, шынтақтап отыратын орындық таққа ұқсаған болуы керек. Кейінірек ол табылмады.
Дарийдің скифтерге жорығына арналған үшінші ескерткіш Бехистун жазуы. Ол теңіз деңгейінен 152 м. биіктікте Керманшах қаласы төңірегіндегі Бехистун жартасына ойып жазылған. . Жазудың үстінде үлкен барельеф тұр. Онда Дарий патшаның алдында басқа халықтардың 9 көсемі мен патшалары тұрғаны бейнеленген, оныншысын патша аяғымен итеріп тұр. Басқа болжам бойынша, бұлар тайпалардың көсемдері емес, патшаға қарсы сәтсіз көтеріліске қатысушылар және әшкереленгеннен кейін оған қатысқандар жазаланады. Жазу бес бағандағы 414 жол. Ол үш тілде (элам, вавилон, ежелгі парсы) ойылып жазылған. .
"Дарий патша сөйлейді: содан кейін мен әскермен Сақтар еліне қарсы аттандым. Содан кейін үшкір тұмақ киетін сақтар шайқасуға шықты. Мен өзенге келіп, оның арғы бетіне бүкіл әскеріммен өттім. Содан кейін мен сақтардың бір бөлігінің быт-шытын шығардым, ал басқа бөлігін тұтқынға алдым . . . Олардың Скунха есімді көсемін тұтқындап, маған алып келді. Содан кейін мен олардың көсемі етіп басқаны тағайындадым, бұл менің тілегім еді. Содан кейін ел менікі болды". Жазудың мәтінінен скифтермен шайқастардың бірінде парсылар сәттілікке қол жеткізгені, атап айтқанда, олар тиграхауд сақтары тайпаларын, шошақ қалпақты сақтарды жеңгенін аңғаруға болады. Бұл тайпаның киіміндегі биік тұмақ сияқты өздеріне тән ерекшеліктерін атап көрсете отырып, оларды "тиграхаудтар" деп парсылардың өздері атаған. Бұл жеңіс Дарий мөрлерінің бірінде ойып жасалған болуы керек - жеңілген жау патшаның аяғында жатыр, ал шошақ қалпақты басқасын парсылардың басшысы оған қысқа семсермен соққы берейін деп, қолымен ұстап тұр.
Шын мәнінде І Дарий Орта Азия далаларына бір емес, бірнеше жорық жасаған. Ол жорықтар бірі сақтарға қарсы б. д. дейінгі 518-517, скифтерге қарсы 513-512 жылдары жасалды. Олардың бірі сәтті болды да, сонда Бехистун стелласында оқиғаға сәйкес жеңісті жазу қашалды. Биік тұмақты адам басының жоғарғы жағында sk-un-ha-s-ak (ск-ун-ха-с-ак) деген жазуының бар болғаны қызық. Бұл жазу туралы "Жазу тілі" кітабында О. Сүлейменовтың көзқарасын білдіреді. Бехистун тауларындағы барельефті бірінші ашқан және ондағы жазулардың сырын ашқан, "соңғы екі белгіні - s-ak (с-ах) анықтаған Роулингсон, деп жазады ол, алынған дыбыс үндестігін антропоним деп санауды ұсынып, қалғандарын қосып жазады: skunha-sak (скунка-сақ) . Сөйтіп, Скунка-сақ тарихқа енді.
Бір кезде әр есім түсінік-сөз болған. Әлемдік ономастикада және сондай-ақ сөздіктерде skunha (скунка) -ға сәйкес ештеңе табылмайды". (Сулейменов О. ) Одан әрі ол: "Егер біз буындарды басқаша бөлуге талпынсақ, жазуға нұқсан келмейді: СКУН ХАСАХ. Лауазым және этноним. "Көсем (әскер басы) хасах ". Бұрынғы пішіні skun kasak болуы мүмкін. Дәлме-дәл "Екінші касак", ал егер дауыстылар арасындағы үндесуді ескерсек, онда ол ауызша - "казак".
Этноним диалектілерде kosak деп те айтыла алады, бұл ертедегі гректің kosak (os) > osak(os) қай жіктелуіне әкелді.
Әзірге kasak (kasak, gasak, gsak, kozak) этнонимі б. д. дейінгі VI ғасырдағы Бехистун жазуындағы hasak дауыс үйлесімінде өз бастауын табуы мүмкін деп санайық. Skun hasak (СКУН ХАСАХ) - "Көсем (әскер басы) хасах. " (Сүлейменов О. )
Рим-Византия деректеріндегі ғұндар бейнесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz