ҚАЗАҚСТАН - ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫНДАҒЫ БІРТҰТАС МЕМЛЕКЕТ
ЖОСПАР
1. КІРІСПЕ 2
1.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ 3
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ 5
1.3 ҚАЗАҚСТАН –ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫНДАҒЫ БІРТҰТАС МЕМЛЕКЕТ 8
ҚОРЫТЫНДЫ 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 12
1. КІРІСПЕ
Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Жеке адамдар
тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық
тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-
мақсатты орындауға жұмсайды. Ерте заманнан бері адамдар дүние құбылыстарын
тану, соның ішінде мемлекет пен құқық туралы да зерттеулер жасап келеді.
“Мемлекет” сөзін қоғамның ересек мүшелері де, мектеп оқушылары да
түсініп, естіп жүреді. Бұл терминнің толығырақ мән-мағынасын анықтап, жете
түсіну үшін ол мәселеге қажетті көлемде көңіл бөлу керек.
Кеңес Одағы ыдырап, оның территориясында егеменді мемлекеттер пайда
болып, әр мемлекет, оның ішінде Қазақстан Республикасы да өзінің
мемлекеттік құрылысын, құқық жүйесін реформалауларды жүргізіп отыр. Осындай
қоғамдағы өзгерістерге сәйкес белгілі бір объектілерді зерттеудегі маркстік-
лениндік көзқарасты ғана қолдану қағидасынан да ауысып, басқа да
халықаралық қауымдастық қолданып жүрген зерттеулермен жете танысуға және
сол бағыттарда жұмыс жүргізуге жол ашылды.
1991 жылда Кеңестік Социалистік Республикалық Одағы ыдырады. КСР
Одағы құрамына кірген одақтас республикалар егеменді, тәуелсіз және дербес
мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды. Оның
аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
1.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа
мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық
актілер қабылданып, олар жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады.
Оларға жататындар: Қазақ ҚСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, 1993 жылғы
және 1995 жылғы Конституциялары. Аталған конституциялық актілер
Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық
мемлекет құру туралы ойларды алға қойды.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезінде қабылданған.
Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірді. Оның
негізгі ережелері мыналар:
Халықтың билік етуі жарияланды. Қазақстан Республикасының
Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі – халық.
Халыққа, негізінен, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы
берілген. Қазақстан халқы – тек қазақ ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен
тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Қазақстан халқы дауыс
беру арқылы (референдум), талқылау арқылы, сондай-ақ Парламент
депутаттарына сайлау арқылы тікелей және жанамалай мемлекеттік өмірдің
маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Халық тікелей мемлекеттік басшысын –
Президентті сайлайды.
Егемендікті және тәуелсіздікті жариялау. Қазақстан Репсубликасының
Конституциясында егемендік пен тәуелсіздіктің негізі белгілері аталған.
Оларға жататындар: өзінің аумағының болуы, оның тұтастығы, қол сұғылмау
және бөлінбеуінің жариялануы; өзінің дербес жоғары және жергілікті
мемлекеттік органдар жүйесінің болуы; өзіне тән азаматтығының болуы; Халық,
Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын өз заңдарының болуы; Қазақстан
Республикасының жер жүзі мемлекеттер жүйесінде барлығы бір-біріне белгілі
дәрежеде тәуелді, өзара қатынастарын анықтайтын принциптерді мойындайды,
бейбітшілік негізде өмір сүруге талпынады, қарым-қатынас жасасады,
құқықтарын құрметтейді, т.с.с. Осы тұрғыдан Қазақстан Конституциясы адамның
құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттар
талаптарынан сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқықтарының
ерекшелігін (өзгешелігін), басымдылығын баянды етеді. Оған дәлел -
Конституцияның адам мен азаматты алдыңғы қатарға қоюы. Конституция
баптарының үштен бірі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына
арналған.
Әрине, қоғамдағы демократизм және адамгершіліктің деңгейі
конституцияда құқықтармен бостандықтардың жариялануымен ғана анықталмайды.
Азаматтарға оларды пайдаланып, жүзеге асыра алатындай жағдай туғызу керек.
Ол үшін мемлекет органдары, лауазым иелері заң жүктеген өз міндеттерін
қалтқысыз, адал орындаулары қажет. Осы кітапта мемлекет органдарының
лауазым иелерінің міндетіне байланысты заңдардан үзінділер берілген.
Сонымен қатар әрбір адам өзінің көптеген құқықтар мен бостандықтарына ие
бола отырып, қоғам, мемлекет, басқа адамдар алдында да міндеттері бар
екенін түсінуі қажет. Егер барша адамдар өздерінің құқықтары мен
бостандықтарын пайдаланумен қатар, әдептік және құқықтық міндеттерін де
орындаса, сонда ғана, шын мәнінде құқықтық мемлекет қалыптасады.
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
Сондықтан, мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және заңды
жағдай. Қазақ тілі – бірден-бір мемлекеттік тіл. Басқа ұлттардың тілін
кемсітуге жол берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті
өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтына қарамастан барлық
азаматтарға тең құқық бере отырып, олардың тату тұруына заңдық негіз
құрады. Сондықтан Қазақстан – жалпы халықтық мемлекет. Бұл жағдай
Конституцияда жазылған мемлекеттің, оның органдары қызметінің
принциптерінде анық айтылған. Біріншіден, мемлекет, оның органдары қоғамдық
татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы қажет. Қоғамдық
татулық дегеніміз қайшылыққа, әлеуметтік топтар арасында қарсы тұрушылыққа
жол бермеу. Мұндай татулықты қамтамасыз ету қоғамның тұрақтылығының, әр
адамның тыныш өмір сүріп, оқуының, жұмыс істеуінің алғышарты. Екіншіден,
мемлекет, өзінің экономикалық саясатын қоғамның экономикасын дамытуға
бейімдеп, тек бір топ адамның емес, бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын
жақсартуға бағыттауы керек. Үшіншіден, мемлекет органдары мемлекет өмірінің
маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешуі керек. Бұл - халық ең
маңызды мемлекеттік мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер енгізуді
референдум арқылы шешеді деген сөз. Референдумды өткізу тәртібі ерекше
заңмен қарастырылады.
Қазақстан Республикасы – алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат
етіп қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негізгі шарты – барлық азаматтарды
ұлтына қарамастан тең құқықтық негізде біріктіру. Осы интернационалдық
идеяға сүйене отырып, Конституция “халық” деген ұғымды қолданады. Саяси-
құқықтық мағынада “халық” деген – мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге
қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының
жиынтығы. Мысалы, Конституцияға, Президенттің Қазақстан Республикасына
сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа қоғамдық
бірлестіктер Республика Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар
ұсынуға ерікті. Оларды жан-жақты талқылап, қолдап, немесе қарсы үгіт
жүргізге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқықты, олардың біреуіне
қандай да болсын жеңілдік немесе артықшылық берілмейді. Азаматтар өз
қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай алады немесе олар депутаттыққа
ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға ерікті. Мұның өзі халықтың
ой-пікірін айқындауға мүмкіндік береді.
Демократияның бір көрінісі – азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне
мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тыйым салу. Қоғамдық
бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен: өздерінің саяси, әлеуметтік,
рухани, мәдени, діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрады. Әрине,
қоғамдық бірлестіктер Конституцияны, заңдарды сақтауға міндетті. Олар
әлеуметтік, ұлттық, діни, нәсілдік, арандатушылықпен айналыспауы керек.
Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігіне, конституциялық құрылысты
өзгертуге, Қазақстан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz