Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті 3
1. Қазақстан аумағынан табылған ежелгі ескерткіштер және түркілердің руна
жазуы 3
2. Талас жазу ескерткіштері 7
3 Отырар өркениеті және араб әліпбиі 10
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер: 18
Кіріспе
"Ұлт" деген ұлағаты бойында, қандас, бауырмал, өзектес жандардың
шаруашылық тауқыметі ойында, болашағы отбасы мен Отанының жолында, өз
тағдыры өз қолында, тілі бір, ділі бір жандардың қауымдастығы болса керек.
Оларды ортақтастыратын тілі, тағдырластыратын тарихы, сырластыратын,
силастыратын, мұңдастыратын, жырластыратын, әдебиеті, ата мекенінің
тұтастығын, бүгіні мен ертеңін ойластыратын, Отанын қорғауды ұйымдастыратын
мемлекеті. Ендеше, тіл, жазу, тарих, әдебиет - ұлттың жаны мен қаны, рухани
болмысы. Тіл дамып, әдеби тілге айналған тұста, шығыстанушы академик
Н.И.Конрад айтқандай, жаңа этнос қалыптасып, биік тұғырға қонады. Тек тіл,
тарих, әдебиет бірігіп-кірігіп, тұтас бір рухани материк болып ұлттық
болмысты тудырады.
Ана тілі дамыған, ата тарихы танылған, барша болмысы көркем түрде
жазылған халық қана өркениеттің төл перзенті.
Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде. Ортағасырлық
Қазақстан аумағын аралаған әр түрлі елдер саяхатшылары түрік, қытай, араб,
парсы, грек тілдерінде тарихи және географиялық деректер жазып қалдырған.
Ортағасырлық Тараз, Талхиз, Отырар, Кедер, Құлан, Жамукент қалаларын,
Бөріжар, Бобров, Зевакин қорғандарын қазғанда көптеген бағалы археологиялық
олжалар табылды. Осынау жазба және заттай деректер орта ғасырлардағы
Қазақстан халқының экономикалық және мәдени тұрмыс-тіршілігіне шолу жасауға
мүмкіндік береді.
Қазір ХХI ғ. басында тұрып, тіл және жазу туралы туралы толғанарлық
проблемалар баршылық. Өйткені тіліміз жойылуға шақ қалды. Ал жазуымыз
орыстың кирилицасына көшіп түркі дәуіріндегі құндылықтардан қол үзіп
қалдық. Қазір біз қалам тартып отырған мәселе мүлде шешуі қиын болып тұр.
Өйткені латын әліпбиіне көшеміз бе, әлде сонау VI-XII ғасырлардағы түркі
руна жазуына көшеміз бе деп те айтысып жүрміз.
Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасыр басында "Әр ұлтқа төрт нәрсе керек. Олар;
тіл, діл, дін және жазу. Осылары болса ғана әр халық өзінше халық. Егер
бұлардан айырылса, ол ел халық болудан қалады" деген болатын. Сондықтан
бүгінгі қазақ халқының ұрпағы осы мәселелерді дереу қолға алуы тиіс.
Ал бұл мәселе сол ғасырларда қалай болды соны тілге тиек етпекпіз.

жазуы
Қазақ ұлтының өте ертедегі тарихи тілі мен мәдениеті жағынан хабарлы
ететін ауыз толтырып айтатын жазба мұралары негізінен алғанда жоқ деп
қарайтындар өте көп. Тек ауыз жүзінде сақталып жеткен мұралар саны аса мол
деп қарайтындар да аз емес. Тым арғы дәуірлерде қалыптасып сақталып отырған
тарихи еңбектен ғана басталады деп білеміз. Бұл да бір есептен орынды. Егер
қазақтың өз алдына ұлт болып қалыптасуы ХIV - ХV ғасырлар деңгейі деп
тұрақтандыратын болсақ ондай жағдайда Жами – ат таруих шындығында да Қазақ
халқының дербес ұлт болып қалыптасқан кезеңінің бірден бір ескерткіші болып
табылатындығы шүбәсіз. Осыған қарағанда немесе осы түсінік бойынша біршама
арғы кезеңдерді қамтитын көне дәуірде жарыққа шыққан тікелей Қазақ туралы
жазылып сақталған мұраларды жоқ болуынан туындайтын тарихи болмыстарды
дәлелдеудегі олқылықтар немесе осы саладағы тың ізденіс пен зерттеу
ісіндегі терең бойламаушылықтар қолда барды текке қойдырып, қолға іліккенге
мәз еттіретін сыңайларды белең алдырғаны себепті Қазақты ХV – ғасырдан ары
апармауға тырысатындардың санын мүлде басым орынға шығарып отырғаны екінің
бірін таңқалдырмаса керек.
Қазақстан жерінде VI-XIII ғ.ғ. өмір сүрген түрік тайпалары өздеріне
тән үлкен материалдық және рухани мәдениет қалдырған.
Желдей өскен зымыран заманның, тоқтаусыз өтіп жатқан адамзат көшінің
тарихында із қалдырып, ұлы даланы дүбірлетіп өткен алыстағы арғы тегімізді
құрайтын адамдардан қалған ондай мәдени мұраларды археологтарымыздың қазба
жұмыстарының барысында көп тауып бүгінгі ұрпаққа жеткізуде. VI-ХIII
ғасырдағы Қазақстан және Орта Азия жеріндегі арғы тегіміз, алыстағы
аталарымыздың қауымдастығы - түркі тайпаларының қағанаттары мен алғашқы
феодалдық мемлекеттердің мәдениетін айғақтайтын әдеби жазба ескерткіштерге
жататын орхон жазбалары туралы, олар арқылы әлемде аты әйгі болып,
төңірегіміз түгел танып жатқан ертегі ерлік, шешендік шеберлік, кемеңгер
келбетімен бүгінгі ұрпақты таңқалдырып отырған Күлтегін, Тоныкөк, Білге
қаған туралы, сол дәуірдің тамаша туындылары Оғызнаме, Қорқыт ата кітабы
туралы сөз еткенде олардың қазіргі заманға қалай жеткені жөнінде де айта
кетуіміз керек.
Осы ескерткіштерде кездесетін жазулардың қашан жазылғаны мұқият
тексерілді. Сөйтіп бұл Орхон жазуларының біздің заманымыздағы VIII ғасырда
жазылғаны даусыз дәлелденді. Мәселен, Күлтегін ескерткішіндегі жазулар 732
жылы, Білге қаған құлпытасындағы жазулар 735 жылы, ал жинақтап қорытып
айтатын болсақ, көптеген жазулардың VII ғасырдың алғашқы жартысында, яғни,
716-735 жылдарда жазылғаны расталды. Ол жазулардың көшпелі түркі
ұлыстарының бұрын-соңғы еш жерде кездеспеген әрпімен көне түрік тілдерінің
сөйлеу ерекшеліктеріне икемделген фонетикалық та, граматикалық заңдылығы
бар сол тұстағы халыққа тараған жұртқа белгілі әріптермен жазылғанын В.
Томпсен анықтап айқын дәлелдермен көрсетіп берді. Бұл түйінді тұжырымның
дұрыс екенін сонымен бірге аталмыш Орхон-Енисей, сондай-ақ, Талас
жазуларының біздің жыл санауымызға дейінгі бір мың жылдықтағы өздерінің
жазба мәдениеті болғанын, үйсін дәуіріндегі Орталық Азия, Орта Азия,
Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың жазуына ұқсастығын, тіпті, оның
көптеген әріптерін дәлме-дәл қайталайтындығын, демек, солардың табиғи
жалғасы екенін дәлелдеген көптеген пікірлер айтылды. Мұндай пікір
айтушылардың арасында Қазақстан мен Орта Азия елдерінен шыққан лингвист-
ғалымдар да аз болған жоқ.
Бұл жазулардың VI-Х ғасырлардағы түрік тайпаларының жоғары
мәдениетінің үлгілері болғандығы. Осы жазулардың сыры мәлім болғанға дейін
Шалқар кеңістікте шашырап жатқан түрік тайпаларының жазу, сызуы болмаған
деп есептелді. Ал бұл тастар олардың жоғарғы биік мәдениеті, жазу-сызуы,
көңілге қонымды дәстүр-салты болғандығын айғақтайды. Онда тарихи деректерде
аз емес және олардағы әдеби үлгіге жататын көркемдік талғамның биіктігіне
қайран қалмасқа болмайды. Әдебиеттің өмірді, тарихи шындықты бейнелейтін
көркемдік нұсқа екенін ескеретін болсақ, бұл жазуларда осы екеуінің қатысып
жатқанын байқау қиын емес.
Қазақстан аумағында құрылған Батыс Түрік қағанаты, одан кейінгі Түркеш
және Қарлұқ, Оғыз мемлекеттері, кейінгі Қарахандықтар иелігі әр түрлі
этностық салт-дәстүрлерімен ортақ мәдениетке өз үлесін қосты. Көшпелі және
отырықшы ел өмірін зерттеу мәдениетті өзара байланыста және бірін-бірі
байыта отырып дамыту дүниежүзілік прогрестің басты бағыты екенін көрсетті.
Жалпы көшпенділер әлемі әр түрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін
нәрсе мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы.
Олардың қалдықтары, әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген археологиялық
зерттеулердің нәтижесінде белгілі болып отыр, түркі дәуіріндегі материалдық
мәдениет қалдықтарының түрлері негізінен адамдардың шұғылданған
шаруашылықтарымен байланысты болған. Оған археологиялық қазба зерттеулері
нәтижесінде табылған заттар толық дәлел бола алады. Зерттеулердің айтуына
қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25
мыңға тарта ескерткіші белгілі. Олар негізінен Сырдария бойына, Отырар
алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына,
Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Мәселен, түркі дәуірі кезіндегі
обалардан көбірек кездесетін заттар: қол диірмендер, үккіштер, темір орақ
т.б. құрал-жабдықтар.
2. Талас жазу ескерткіштері
Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер Талас ескерткіштері деп
аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 13 ескерткіш
табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан
жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та
қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған
жазулар бар. Бұл асатаяқ шыршадан жасалған, оның құндылығы да осында.
Асатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы.
Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазулы, тастар, Талдықорған
өңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен, ежелгі түркі
елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, мәдениетін
дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі,
Талас өзендерінің бойы, Минусинск ойпаты, Алтай тауы, қазіргі Тува,
Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, Батысы –
Карпат тауларына, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскей – Ленаға
дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу
дәстүрінен қaлған барлық мұралар енеді. Ғылым әлемінде түрік жұрттарының
жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі.
Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне түpік жазуымен тас бетіне 240-тай,
қағаз бен тeрігe 310 беттей мәтін түсіпті. Манихей әрпімен 554 бетке жуық
мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар
жасалыпты. Араб әрпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік
халықтары ХVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған
кездерінде қыруар мұралар қалдырған.
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегiн, Тоныкөк, Бiлге, Бумын қағандар
әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейiпкерлерiне, сомды тұлғаларына
айналды. Ардақты есiмдердi ел жадында сақтау үшiн сол заманның данагөй
бiлiмдарлары өркениеттiң белгici болып табылатын түркiлiк сына жазумен тас
бетiне түсiрдi.
Tүpкi тайпаларынан қaлған бұл ескерткiштeр көне дәyiрдің қоғамдық-
мәдени, әpi әдеби тұрмыс-салт өмiрлерiнен хабар беретiн жәдiгерлер қазына
ретiнде бүгiнгi күнi барлық түркi тектес халықтарға ортақ мұpaғa айналды.
Tүpкi даласының iшкi сырын бойына сiңiрген таңбалы тастар қас батырдың
ерлiгiндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-қасiретiн,
амал-әрекетiн бейнелеп, еш өзгерместен күнi бүгiнге жетiп отыр.
Болашақ ұрпаққа мұра етiп қалдырылған көне түркiлiк жазба ескерткiштер
кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткiштер саны жыл
санап өсiп жатыр.
Tүркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткiштерiн географиялық,
мазмұндық әpi дәуiрлiк мәнiнe қарап Орхон, Енисей және Талас жазбалары
Қазақстанньң оңтүстiк аймақтарынан табылған ескерткiштeр қатарын құрайды
және де аталған жазба ескерткiштердің тiкелей жалғасы болып табылатын
ортағасырлық мұралар мен тарихи орындар осы таулы-қыратты, өзендi
аймақтарда орналасқан.
Сан жылдар бойы iздестiрудiң барысында Орталық Азия территориясынан
ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесi өзiнiң
құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленедi. Iле-
шала Epтic өзенi бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-шi жылдары Iле өзенi
бойынан (Eciк қорғанынан) күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи
мәні зор жазулардың бүгiнде Қазақстанның кез келген өңiрiнде өз сырын iшiне
бүгiп, жасырып жатқаны бiзге беймәлiм.
Қазiргi кезде ежелгi түркi тайпалық одақтары өмip сүрген аймақтардан
руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажеттi заттар, қой тастар
табылып жатыр.
Орталық Азия мен Қазақстан жерлерiнен табылып жатқан руникалық түркі
жазбалары Орхон таңбаларынан өзiндiк ерекшелiгiмен дараланады. Мұнда Орхон
немесе Енисей өзендерi аңғарларынан табылған жазулардағы барлық таңбалардан
бөлек, өзгеше жазылған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz